Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Сын есімге жатпайтын сөзді көрсетіңіз:

А) сырға;

В) сұрғылт;

С) суық;

Д) сабырсыз;

Е) сөзшең.

2. Туынды сын есімді табыңыз:

А) аласа;

В) таза;

С) сыпайы;

Д) момын;

Е) мәдени.

3. Салыстырмалы шырайлы сын есімді табыңыз:

А) өте әдемі;

В) әдемірек;

С) әп-әдемі;

Д) әдемі;

Е) ең әдемі.

4. Асырмалы шырайлы сын есімді табыңыз:

А) беделді;

В) жақсырақ

С) кешкі

Д) аппақ;

Е) қызығырақ.

5. Қатыстық сын есімді табыңыз:

А) қызғылт;

В) жалқау;

С) түнгі;

Д) қалың;

Е) биік.

СОӨЖ №10

Тақырып: Басшы келбеті.

Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Басшы келбеті

Басшы – белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші.

Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін, адам бойынан қандай ерекшеліктер табылуы тиіс?

Біріншіден, басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлық жатады. Екіншіден, басшының бойынан іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылық сияқты жеке қасиеттер табылуы қажет. Үшіншіден, басшы тез тіл табыса кетумен бірге жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтай алуы керек.

Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері тиіс. Кез келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті маңызды рөл ойнайды, яғни көшбасшылық қажет.

Көшбасшылар өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс. Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет.

Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты. Басшы үшін оқу аса қажет: кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу…

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

2) Сұрақтаға жауап беріңіз:

Басшы неге бейім болуға тиіс?

Басшының бойынан қандай ерекшеліктер табылуы тиіс?

Басшы жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен қандай қарым-қатынасты болуы керек?

Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар неге назар аударғаны жөн?

Басшы үшін ауадай қажет не? Неліктен?

3) Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

4) Мәтіннен сын есімдерді тауып, талдаңыз.

5) Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.

СӨЖ №10

1. Әр елдің көшбасшылары туралы ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрыңыз.

4. Тұсаукесер жасаңыз.

5. Нағыз басшы қандай болу керек? Тезиз құраңыз

11-тақырып

Грамматика: Сан есім. Сан есімнің түрлері

Лексика: Ұлттық байлық.

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы алған білімдерін тереңдету, өз бетінше жұмыс істеуге, ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Сан есімнің түрлері

Сан есім – сөздің санын, ретін, есебін білдіретін сөз табы. Сан есім мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді. Сан есімдер құрамына қарай дара (бес, жүз, бір т.б) және күрделі (он бес, екі жүз үш, бір мың тоғыз жүз сексен екі, екі мың сегіз т.б.) болып бөлінеді.

Сан есім түрлері

Сұрақтары

Жұрнақтары

Мысалдары

Есептік сан есім

қанша? неше?

-

бір, он, жүз жиырма, отыз

Реттік сан есім

нешінші? қаншасыншы?

-ыншы/-інші,

-ншы/-нші

оныншы, елуінші, екі мың алтыншы, жиырмасыншы

Жинақтық сан есім

қаншау? нешеу?

-ау/-еу

Біреу, үшеу, алтау, жетеу

Болжалдық сан есім

қанша? қаншадан?

-даған/-деген,

-таған/-теген,

-лаған/-леген;

-дап/-деп,

-тап/-теп,-лап/-леп;

-дай/-дей,-тай/-тей;

мыңдаған, жүздеген, ондап, елулеп, алпыстай, ондарда, бес-алты, он шақты, отызға жуық, қырыққа тарта, алпысқа таман, жүз шамалы

Топтау сан есімдері

қаншадан? нешеден?

-нан/-нен,

-дан/-ден, -тан/-тен

Бес-бестен, алтыдан, он-оннан, бір-бірден

Бөлшектік сан есімдер

қанша?

-

Оннан бір, бестен екі, алты жарым

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Аптада неше күн бар? Отбасыңызда неше адам бар? Сіздің пәтеріңіз нешінші қабатта? Сіздер нешеусіздер? Қалам нешеу? Сіз нешінші курста оқисыз? Дәрісханада қанша студент бар? Сіз нешінші автобусқа отырасыз? Сіздің әкеңіз неше жаста? Өміріңіздің қаншама бөлігін ұйқыға арнаймыз?

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Девять книг, четыре мальчика, пять стулев. Положи шесть ложек. В школе пятьдесят восемь классов. В году двенадцать месяцев. В тетради тридцать шесть листов. В Алматы много улиц. Двадцать пятая аудитория на третьем этаже. Семьдесят третья квартира на седьмом этаже. Шестой трамвай. Сабит на втором курсе. Двадцать первая страница.

3-тапсырма. Сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

Мен бірінші курста оқимын. Біздің тобымызда – он екі адам. Бүгін аптаның екінші күні: бізде алты сабақ болады. Қазір дәрісханада елуге жуық студент бар. Олар төрт қатарда екі-екіден отыр. Студенттердің оннан бір бөлігі сабақта жоқ. Үшеуі конференцияда, ал екеуі ауырып жатыр. Қазір біз тоғызыншы қабатта математика сабағында отырмыз. Студенттердің жартысы жиырма шақты есеп шығарып үлгерді. Келесі сабақта бес-бестен бөлініп, зертханаға барамыз. Бірге таман асханада кездесіп, тамақтанамыз. Сағат екілерде жетеуміз ағылшын тіліне, ал бесеуіміз неміс тіліне кетеміз. Шет тілінің кабинеттері жетінші қабатта орналасқан. Сағат бесте үйге қайтамыз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

Наш университет основан в 1957 году. В этом году исполнится 50 лет. За эти годы университет выпустил более 40 тысяч специалистов. Количество факультетов – четверо. Есть три учебных корпуса. Две трети студентов обучаются в 1-ом корпусе. Так как здесь 12 этажей и около 60 кабинетов. В группах обучаются по 20-30 студентов. В этом году семеро, прошедшие по программе «Болашақ», едут учиться в Европу. Половина студентов обучаются бесплатно. Одна третья часть живет в общежитии.

5-тапсырма. Халқымызда «жеті» санымен байланысты айтылатын сөздердің мәнін түсініп алыңыз.

Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік ит.

Жеті ата: 1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]