
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Тапсырмаларды орындаңыз:
1) Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.
2) Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
3) Мәтіннен 10 етістікті теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз.
4) Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
5) Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.
СӨЖ №9
1. «Алматы технологиялық университеті» тақырыбына ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптап, жоспар құрыңыз.
3. Тақырып бойынша тұсаукесер жасаңыз.
4. Өз факультетіңіз жайлы реферат жазыңыз.
5. «Мамандықтар жәрмеңкесін» ұйымдастырыңыздар.
10-тақырып
Грамматика:Сын есім, оның түрлері.
Лексика: Кім көшбасшы болғысы келеді?
Сабақтың мақсаты: Сын есім бойынша алған білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана алуға үйрету. Студенттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, бір-бірін тыңдай алу, сыйлау, әділ бағалай білуге тәрбиелеу.
Сын есім
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін, пішінін, т.б. қасиетін, сындық белгісін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары
|
Сын есімнің түрлері |
||
мағынасына қарай |
құрамына қарай |
тұлғасына қарай |
|
Қандай? Қай? |
Сапалақ сын есім Қатыстық сын есім |
Дара сын есім Күрделі сын есім |
Негізгі сын есім Туынды сын есім |
Негізгі сын есім – құрамы бөлшектеуге келмейтін сөздер: ақ, жай, таза;
Туынды сын есім сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады:
-лы/-лі,-ды/ді, -ты/ті: белгілі, мейірімді, қайратты, маңызды;
-лық/-лік, -дық/дік, -тық/тік: мемлекеттік, танымдық;
-сыз/-сіз: мейірімсіз, бұлтсыз, сусыз;
-дай/-дей, -тай/-тей: арыстандай, қардай;
-ғы/-гі, -қы/-кі: кешегі, соңғы, күзгі.
Дара сын есім бір ғана сөзден тұрады: сары, бұлтсыз, мемлекеттік.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден құралып, бір ұғымды білдіреді: жалаңаяқ, ержүрек, қара торы, көп балалы; ала-құла, жауын-шашынды.
Сапалық сын есім негізгі сын есімнен болады: сұр, терең, таза, кең, үлкен.
Қатыстық сын есім басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалады: қар-лы, тау-лы, ызғар-лы, су-лы, қала-лық, көшпелі, бой-шаң, күз-гі, мемлекет-тік.
1-тапсырма. 1-ші қатардағы сын есімдердің қарсы мағыналық сыңарларын 2-ші қатардан табыңыз.
І. Кәрі, жеңіл, жаңа, үлкен, жақсы, ыстық, қымбат, ұзақ, семіз, қара, тар, биік, қатты, жуас, еңбекқор, толық, ащы, тұзды, қисық, жақын.
ІІ. Тұщы, жүдеу, қысқа, тәтті, арық, түзу, ауыр, жалқау, тентек, аласа, жұмсақ, кішкентай, алыс, суық, арзан, жас, ескі, кең, жаман, ақ.
2-тапсырма. Берілген сөздерден -лы/-лі, -ды/ді, -ты/ті; -сыз/-сіз жұрнақтары арқылы қарама-қарсы мағыналы сын есімдер жасап, оларды орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: аяу (беречь, жалеть) – аяу-лы (любимый, лелеямый) – аяу-сыз (безжалостный, беспощадный)
Әдеп (вежливость), білім (знание), гүл (цветок), дау (спор), әділет (справедливость), дарын (талант), мәдениет (культура), күдік (подозрение), дәм (вкус), ақыл (ум), сабыр (спокойствие).
3-тапсырма. Сұрақтарға сын есімдерді қолдана отырып жауап беріңіз.
Марат қандай адам? Дәрінің дәмі қандай? Алманың дәмі қандай? Алматының көшелері қандай? Мына үстел қандай? Қар қай түсті? Шөп қай түсті? Қазақстанның жері қандай?
4-тапсырма. Сын есімдерді қатыстыра өзіңізді сипаттап беріңіз.
5-тапсырма. Сын есімдердің түрін ажыратып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
Желсіз, жазғы, күзгі, бұлтты, бұлтсыз, аязды, айлы, жауын-шашынды, қарлы, түнгі, айсыз.