Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Етістіктің райлары

Етістіктің райлары – сөйлеушінің сөзі арқылы қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіретін етістіктің категориясы. Етістіктің төрт түрлі райы бар: ашық рай, шартты рай, бұйрық рай, қалау рай.

Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуін ашық рай деп атайды. Мысалы: жазамын, жазып отырсың, келерсің, боларсыз, оқуға бармақ, айтады, жазды.

Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігін білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Шартты рай көбінесе -са, -се жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік.

І

ІІ

ІІІ

Мен біл-се-м, оқы-са-м

Сен біл-се-ң, оқы-са-ң

Сіз біл-се-ңіз, оқы-са-ңыз

Ол біл-се, оқы-са

Біз біл-се-к, оқы-са-қ

Сендер біл-се-ңдер, оқы-са-ңдар

Сіздер біл-се-ңіздер, оқы-са-ңыздар

Олар біл-се, оқы-са

Істің бұйрық мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

І

ІІ

ІІІ

Мен бар-айын, біл-ейін

Сен бар, біл

Сіз бар-ыңыз, біл-іңіз

Ол бар-сын, біл-сін

Біз барайық, біл-ейік

Сендер барыңдар, біл-іңдер

Сіздер барыңыздар, біл-іңіздер

Олар барсын, біл-сін

Іс-әрекетті орындаушы адам талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды. Қалау рай көбінесе етістіктің түбіріне -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді.

І

ІІ

ІІІ

Менің барғым келеді

Сенің барғың келеді

Сіздің барғыңыз келеді

Оның барғысы келеді

Біздің барғымыз келеді

Сендердің барғыларың келеді

Сіздердің барғыларыңыз келеді

Олардың барғылары келеді

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

І) 1. Мен келсем, ... . 2. Киноға барсаң, ... . 3. Сіз телефон соқсаңыз, ... . 4. Ол дайындалса, ... . 5. Біз айтсақ, ... . 6. Сендер шаршасаңдар, ... . 7. Сіздер біраз күтсеңіздер, ... . 8. Олар ән айтса, ... .

ІІ) 1. ..., көзім ауырады. 2. ..., олар да қатыссын. 3. ..., сәлем айтыңыз. 4. ..., көктем ерте шығады. 5. ..., нан ала сал. 6. ..., театрға барайық. 7. ..., сабақ болмайды. 8. ..., сізді күтіп аламын.

2-тапсырма. Сөйлемдердіқазақ тіліне аударыңыз.

1. Давайте я выучу это стихотворение. 2. Ты подожди меня здесь. 3. Вы (сіз) позвоните мне вечером домой. 4. Пусть он представит себя. 5. Давайте в эти выходные сходим в театр. 6. Вы (сендер) сейчас идите в актовый зал. 7. Пусть они подготовятся к собранию. 8. Вы (сіздер) будете участвовать на конференции.

3-тапсырма. Қалау райды пайдаланып, «Болашағымды қалай елестетемін» деген шағын әңгіме жазыңыз.

4-тапсырма. Етістіктің райларын қатыстыра отырып, «Емханада» тақырыбына сөйлесу құрастырыңыз.

5-тапсырма. Етістіктің райларын ажыратып, жағын, түрін анықтаңыз.

Мен АТУ-да оқимын. Болашақта жақсы маман болғым келеді. Сондықтан алдыма мақсат қойдым. Жақсы студент болғың келсе, сабаққа кешікпе, көп оқы. Ата-анаң да саған көмектессін. Бәріміз сессияны сәтті тапсырғымыз келеді. Емтиханға бірге дайындалайық. Тапсырманы түсінбесең, менен сұра. Ол жауабын білсе, айтады. Мен демалысқа шықсам, Астанаға барамын.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]