Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Ырықсыз етісті көрсетіңіз:

А) оқыды;

В) киінді;

С) ішкізді;

Д) алынды;

Е) қарасты.

2. Негізгі етісті көрсетіңіз:

А) жазды;

В) көрінді;

С) іздесті;

Д) алғызды;

Е) шешінді.

3. Өздік етісті көрсетіңіз:

А) шөлдеді;

В) таранды;

С) бітірді;

Д) айттырды;

Е) құйылды.

4. Өзгелік етісті көрсетіңіз:

А) жақтасты;

В) кешікті;

С) сыланды;

Д) қойылды;

Е) сөйлетті.

5. Ортақ етісті көрсетіңіз:

А) өсірді;

В) күлгізді;

С) таңдасты;

Д) байлады;

Е) зерікті.

СОӨЖ №8

Тақырып: Елімнің кешегісі мен бүгінгісі.

Мақсаты: ұсынылған тілдік ақпарат туралы өз пікірін айта алу, қолдау, ұсыныс жасау сияқты тілдік қатысымның компоненттерін жүзеге асыра отырып, білім алушылардың лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Бағзы заманнан бері адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болған. Қазақстан тарихында бұндай саясатты жақтап, көрші елдермен сауда-саттық байланыстарды орнатқан билер мен хандар жеткілікті болған. Оған мысал: «Абылайдың сауда жолы», «Жібек жолын» айтуға болады.

Қазақ халқының шет елдермен экономикалық қатынастарының тарихында «Ұлы Жібек жолының» кең қанат жаюы – жібек өндірумен, оның сауда тауары ретінде Азия мен Жерорта теңізінің төңірегіне кеңінен тарауымен байланысты. Сонымен қатар жібектің тауар ретіндегі екінші қасиеті – құны және айырбас құны қызметі.

Ұлы Жібек жолының бойында ақша айналымында тек жібек қана валюта қызметін атқарып қоймаған. Сонымен қатар, Қытайдың жеті «У-шу» теңгесі, Юстиан І-нің византиялық алтын теңгесі және күміс теңгелері де ұшырасады. Осылардың қатарына қазақ теңгелерін де жатқызуға болады. Арыстан бейнеленген теңгелер Суяб, Тараз қалаларында жасалған. Онда мыс, қола, күміс теңгелер шығаратын арнайы теңге сарайлары болған.

Егеменді Қазақстанның бүгінгі әлемдік экономикалық қарым-қатынасқа шығуы – жоғарыдағы байланыстардың заңды жалғасы, оның шеңберінің кеңейіп, жаңа сатыға көтерілуі. Қазірдің өзінде республикада шет елдердің 2000-дай бірлескен кәсіпорындары бар. Әсіресе, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия елдерімен жаңа технологияға сүйенген, бірлескен кәсіпорындар көп.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыртқы экономикалық қатынастың мына бағыттарда жүретінін көрсетті. Атап айтқанда: «Азия-Тынық мұхит аймағы», Пекин-Сеул-Токио арқылы Онтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттардың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестиция мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін қатыстыру нарығы ретінде үлкен мәні бар. Сонымен қатар, бұрынғы «Жібек жолын» қалпына келтіруді ұмытпау керек. Экономикаға инвестиция тарту үшін, Шығыс пен алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық қажет.

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

2) Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

3) Мәтіннен етістерді табыңыз, олардың түрін ажыратып, талдаңыз.

4) Мәтіндегі айтылған ақпарат жайлы өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

5) Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.

СӨЖ №8

1. «Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі» тақырыбына ақпарат жинаңыз.

2. Жинаған ақпараттарды сұрыптап, тұсаукесер жасаңыздар.

3. ҚР Орталық мұражайына барып, тақырып бойынша буклет дайындаңыз.

4. Мұражайдан алған әсеріңізді эссе түрінде жазыңыз.

5. Тақырып бойынша даналардың сөзін жазып келіңіз.

9-тақырып

Граммматика: Етістіктің райлары

Лексика: Мамандық әлемі.

Сабақтың мақсаты: Етістіктің райларын қайталай отырып, оның түрлерін дұрыс ажырата алуды меңгерту. Студенттердің сөздік қорларын молайту, қазақша сөйлеу тілін дамыту, өз мамандығына деген қызығушылықтарын ояту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]