Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

2) Сұрақтарға жауап беріңіз:

Бүгін Қазақстан қандай ел?

Қазақстан БҰҰ-дың мүшелігіне қай жылы қабылданды?

Қазақстан қандай елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты орнатты?

«Азаматтық» деген ұғым нені білдіреді?

Еліміздің көркеюі үшін не істеу керек?

3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.

4) Даналар сөзін жаттап алыңыз.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Халық мақалы

Ақын бол, болма – өз еркің,

Ал азамат болу міндетің.

Н.А.Некрасов

Адамгершілік дегеніміз – шындық.

В.М.Шукшин

Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ.

Сенека

СӨЖ №7

1. Басқа елдердің азаматтығын алу туралы ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрыңыз.

4. Тақырып бойынша тұсаукесер жасаңыз.

5. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер жазып келіңіз. Олардың мағынасын ашып, жатқа айтып беріңіз.

8-тақырып

Грамматика: Етіс категориясы.

Лексика: Уақыт.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету, етіс туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын дамыту.

Етіс

Етіс – іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Етістер төрт түрге бөлінеді: өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ.

Өздік етіс – негізгі етістіктен -ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалып, қимыл субъектінің өзіне жұмсалатынын білдіретін етістің түрі.

Ырықсыз етіс – негізгі етістіктен -ыл, іл, -л; -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың жасаушысы белгісіз, қимыл өзінен өзі жасалғандай болып көрінуін білдіретін етістің түрі.

Өзгелік етіс – негізгі етістіктен -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; -тыр, -тір, -дыр, -дір; -т жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіретін етістің түрі.

Ортақ етіс – негізгі етістіктен -ыс, іс, -с жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіретін етістің түрі.

Түрі

Жұрнақтары

Мысалдары

Өздік

(возвратный)

-ын, -ін, -н

Омар жуынды.

Омар киінді.

Ырықсыз

(страдательный)

-ын, -ін, -н (если в корне есть л, ла, ле)

-ыл, іл, -л (в др. случаях)

Шешім қабылданды.

Тапсырма орындалды.

Сабақ аяқталды

Өзгелік

(понудительный)

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз

-тыр, -тір, -дыр, -дір, - т

Ол терезені Аянға жуғызды.

Ол терезені Аянға жудырды.

Ортақ

(взаимный)

-ыс, іс, -с

Ол Әсемге терезе жуысты.

Ол інісіне есеп шығарысты.

1-тапсырма. Берілген етістіктерді өздік етіс тұлғасына қойыңыз.

1. Алмас бүгін ерте (жуу). 2. Арай сабақтан (сұрау). 3. Әсел жарты сағат бойы (тарау). 4. Анар асықпай (ойлау). 5. Балалар тез арада (кию). 6. Аспирант ұзақ (ізде).

2-тапсырма. Берілген етістіктерді ырықсыз етіс тұлғасына қойыңыз.

1. Университетте жаңа би үйірмесі (құру). 2. Тиісті шаралар тез (қолдану). 3. Нью-Йорк тұрғындары шылым шегуге қарсы (көтеру). 4. Жеңілдіктер (хабарлау). 5. Бір күнде 20 диплом жұмысы (тыңдау). 6. Емтихан күндері (белгілеу).

3-тапсырма. Берілген етістіктерді өзгелік етіс тұлғасына қойыңыз.

1. Әкем терезені маған (ашу). 2. Біз мерекені мектепте (өту).

3. Оркестр өнерімен дүние жүзін (таңғалу). 4. Ол баланы (ойнау).

5. Мен сапарды әрі қарай (жалғасу). 6. Бала анасына айтқанын (істеу).

4-тапсырма. Берілген етістіктерді ортақ етіс тұлғасына қойыңыз.

1. Айдос анасына дастархан (дайындау). 2. Анар маған киім (таңдау). 3. Ағасы ақшасын інісімен (бөлу). 4. Олар көп жылдан соң (көру). 5. Самат досымен (сөйлеу). 6. Ол қыздарға заттарын (әкелу).

5-тапсырма. Төмендегі етістердің түрлерін анықтап, олармен сөйлем құраңыз: сөйле, ойнат, бөліс, тазартылды, көрін, әкеліс, келтір, алынды, сұран, арала, шешілді, қойғыз, келіс, ойлан, жазысты, алғыздырт, ән салғыз.

6-тапсырма. Көшіріп жазыңыз. Етістерді тауып, олардың жұрнақтарының астын сызыңыз.

І. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

ІІ. Мұны жаздым ойланып, ойда барды толғанып..

ІІІ. Ағашқа қонып қаранып,

Қанатын, жүнін таранып,

Болмақшы еді мәз-мейрам.

ІV. Ісіндің, кебіндің,

Сонда да не пайда?

Түрі жат егіздің,

Сен қайда, ол қайда? (Абай)

7-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Мама попросила дочь вытереть пыль. Мы попросили ребенка спеть песню. Они заставили Санию выпить лекарство. Быстро умойся и садись за уроки. Концерт закончился поздно. Берегитесь огня. Он спрятался в лесу. Помоги ему отнести эти вещи в кабинет. Поделись своей идеей.

8-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Уақыт

Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгере алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де жұмысын өз уақытында тамаша орындап тастайды.

Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Ал қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Тіпті кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр, өйткені уақытын дұрыс жоспарлай білмейді. Олар түсініксіз мақсаттар, тыңдай білмеу, дер кезінде «жоқ» деп айта алмау, телефонмен ұзақ сөйлесу, асығыс шешімдер, ұмытшақтық, жұмыс уақытында кофе, шай ішуге кететін үзілістер уақытымыздың жаулары екенін естерінен шығарып алған тәрізді.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады, өзіне-өзі бағыт белгілейді. Тек сонда ғана дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді, өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Сондықтан уақытты қадірлей алу үшін мынадай кеңес береміз:

- белгіленген уақытта қоңыраулы сағатсыз-ақ оянып үйрен;

- өзіңнің заттарыңды белгіленген орында тұратындай тәртіпте жинақтап ұста;

- жұмысқа үйіңнен әрқашанда ертерек шық, кешіккеннен де ерте келген дұрыс;

- орындай алмайтын нәрсе туралы уәде берме, ал уәде берсең, уақытында орында;

- кездесулерге кешікпе, кешігетін болсаң, басқалардың алтын уақытын аласың.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

*

- Мәтіннен өзіңізге таныс емес сөздерді жазып, сөздік құрастырыңыз.

- Осы сөздермен тақырып бойынша сұраулы сөйлем құраңыз.

- Өзара қарапайым сұхбат құрастырыңыз.

**

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын жазыңыз.

- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

- Мәтіннің 1-ші бөлігінен етістіктерді тауып, олардан етіс категориясының әр түрлі тұлғасын жасаңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

***

- Мәтінді оқып, берілген кеңестер жайлы өз ойыңызды ортаға салыңыз.

- Мәтінді толықтырып, мазмұнын айтып беріңіз.

- Мәтіннің 2-ші бөлігінен етістіктерді тауып, олардан етіс категориясының әр түрлі тұлғасын жасаңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

Уақытты меңгеру үшін мына кеңестерге назар аударыңыз!

  • Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл – табыс кепілі.

  • Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл – күш-жігер бастауы.

  • Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл – жастықтың құпиясы.

  • Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл – білім негізі.

  • Достық үшін уақыт табыңыз, бұл – бақыттың шарты.

  • Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл – жұлдыздарға барар жол.

  • Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл – өмірдің шынайы қуанышы.

  • Көңіл көтеру үшін уақыт табыңыз, бұл – жанның әуені.

  • Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз, маңызды жұмыстарға уақыт табыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]