Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Студент – болашақ басшы

Мені басшылардың ішінде Абылайханның тұлғасы қызықтырады. Абылайханда көшбасшыға қажет қасиеттердің бәрі бар. Ең бастысы: ол – отаншыл, көреген, дипломат, батыл, батыр. Батылдығымен, батырлығымен, отаншылдығымен бізге үлгі. Тағы да ең басты ерекшелігі – жауапкершілігі өте жоғары. Ол өз ісінде жауапкершілік танытқан, өз халқының мүддесін өзінікіндей қорғаған, халқына жақын болған. Ол тек қана хан болған жоқ, ол сонымен қатар қолбасшы, көсем, кеңесші, дипломат та болды.

Тарихи тұрғыдан қарасақ, адамзат пайда болған күннен бері көшбасшылар болған. Өйткені адам – әлеуметтік тұлға. Қоғам пайда болғанда міндетті түрде сол топтың ортақ мәселелерін шешуге басшылық жасайтын кісі болады.

Көшбасшы – өзі басқаратын тобы болғанда ғана көшбасшы. Көшбасшылық – кез-келгеннің қолынан келмейтін, батылы да жетпейтін ауыр міндет. Жақсы көшбасшы тақтың соңына түскен топтың басшысы емес, көптеген рөлдерді бірден атқарушы. Өйткені тақ адамды емес, адам тақты көтереді. Кез келген басшы өзіне жақсы ізбасар тәрбиелеуге міндетті.

Сондықтан, менің пікірімше, студент болашақта басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері болғысы келсе, осының бәрін ескере отырып, Абылайхан сияқты тұлғаларды үлгі тұтып, оның бойындағы көшбасшыға қажет қасиеттерді өз басында дарытуға тырысуы қажет.

*

- Мәтіннің бірінші бөлігінен етістіктерді тауып, оларды келер шақтың үш түрінде жіктеңіз.

- Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

- Өзара қарапайым сұхбат құрыңыз.

**

- Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

- Мәтіннің соңғы бөлігінен етістіктерді тауып, келер шақтың үш түрінде жіктеңіз. Олардың мақсатты, болжалды түрлерімен 10 сөйлем құраңыз.

- «Көшбасшы – өзі басқаратын тобы болғанда ғана лидер» дегенді қалай түсінесіз? Пікіріңізді жазыңыз.

***

- Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.

- «Егер сіз еліміздің көшбасшысы болсаңыз, не істер едіңіз?» сұрағына келер шақтың үш түрінде 12 жауап жазыңыз.

- «Көшбасшылық – кез келгеннің қолынан келмейтін, батылы да жетпейтін ауыр міндет» дегенді дәлелдеңіз, мысал келтіріңіз.

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз:

А) оқыдым;

В) тұрған;

С) айтасың;

Д) істемек;

Е) барар.

2. Мақсатты келер шақтағы етістікті көрсетіңіз:

А) ақымақ;

В) жасайды;

С) келетін;

Д) қатыспақ;

Е) жарар.

3. Болжалды келер шақтағы етістікті көрсетіңіз:

А) шақыр;

В) түсінер;

С) бекер;

Д) тексер;

Е) жазбақ.

4. Келер шақтағы етістікті көрсетіңіз:

А) барады;

В) салатын;

С) жазып отыр;

Д) тыңдады;

Е) қуанышты.

5. Қай етістік келер шақта тұрған жоқ:

А) үйренеді;

В) келмеді;

С) айтпайды;

Д) бармақ;

Е) меңгерер.

СОӨЖ №6

Тақырып: Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы.

Мақсаты: қабылданған тілдік ақпарат туралы өз пікірін айта алу, қолдау, ұсыныс жасау сияқты тілдік қатысымның компоненттерін жүзеге асыра отырып, білім алушылардың мәдени-әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы

Атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары өкімет жүйесінен тұрады. Ал бұл жүйеге үкімет, министрліктер, мемлекеттік коммитеттер мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелердің әкімшіліктері жатады.

Үкімет мемлекеттің жоғары атқарушы өкімет органы болып табылады.

Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің үлгісі президенттік басқару нысанына үйлестірім құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарға дейінгі атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешуші рөлін білдіреді.

Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституциясының 53 бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.

Үкімет құзыретті ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]