Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Тұйық етістікті табыңыз.

А) ару;

В) қою;

С) аю;

Д) су;

Е) бау.

2. Біріккен етістікті көрсетіңіз.

А) әкет;

В) жаса;

С) үйрен;

Д) келді;

Е) бара жатыр.

3. Күрделі нақ осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А) үйге барды;

В) ән айтады;

С) сөйлей берді;

Д) бара жатыр;

Е) сабақ басталды.

4. Болымсыз етістікті белгілеңіз.

А) асаба;

В) сыйла;

С) қайтпа;

Д) тырма;

Е) барды.

5. Жалаң нақ осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А) батыр;

В) қатыр;

С) жатыр;

Д) қазір;

Е) сатыр.

СОӨЖ №5

Тақырып: Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?

Мақсаты: берілген ақпарат туралы өз пікірін айта алу, қолдау, наразылық білдіре алу, ұсыныс жасау сияқты тілдік қатысымның компоненттерін жүзеге асыра отырып, білім алушылардың лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?

Адамдар өздерінің тұрмыс-тіршілігін жақсартамыз деп жаңа өндірістерді дамытудың салдары айналаны, қоршаған ортаны ластауға әкеп соқты. Әлемдегі ауаның, судың және құрлықтардың көпшілік бөлігі әр түрлі дәрежеде уланған. Сол ластанудың арқасында адамдарға түрлі ауруға шалдығу қаупі төніп тұр. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері құрып бітудің аз алдында, немесе құрып біткен. Осы құбылыстарға орай өкімет, қоршаған ортаны ластауды тоқтатуды қарастырып, заңдар қабылдап жатыр. Біз қазір ауаның ластану проблемасын бөлек қарап көрейік.

Заводтар мен көліктердің жұмысы тұтастай алғанда үлкен көлемдегі жанармайға байланысты, бүкіл әлемде жыл бойына миллиард тонна тас көмір, мұнай сатып алынады. Жаққан кезде бұл жанармайлар атмосфераға түтін мен көрер көзге әзер байқалатын заттар шығарады. Түтінді жел мен жауын айдап әкеткенмен, өндірістік заводтар мен көліктердің салдарынан пайда болатын аккумулятивтік әсер адам үшін өте қауіпті.

Ашық алаңдарда жатқан қоқыстардың өртенуі де ауаны ластайды. Ауаны ластаудың тағы бір көзі – жоғарғы құрамдағы күкірт және мазутпен араластырылған көмірмен жұмыс істейтін жылу электростанциялар бөлетін қос тотық күкірт және басқа да азот құрамдас газдар. Заводтардағы өндірістік пештер де сол секілді ауаға көп көлемде түтін шығарады.

Осылардың нәтижесінде біздің “смок “деп жүрген бұлттың тығыз қабаты пайда болады. “Смок” қоңыр түсті болуы мүмкін, яғни оның құрамында жоғарғы концентрацияда азоттың қос тотығы бар деген сөз, немесе оның түсі көгілдір сұр болып та келеді, яғни құрамында үлкен көлемде озон бар. Осы екі жағдай адам өкпесіне ұзақ уақыт әсер етсе, оның талшықтарын бүлдіріп тынады.

Ауаның ластануының тағы бір қауіпті формасы – ол хлорофторкарбондар деп аталатын әр түрлі химикаттардан тарап отыр. Бұл химикаттар, компьютерлерді тазалаудан бастап ауа кондиционерлері мен мұздатқыш камераларда қолдалынатын ертінділерден бастап көптеген өндірістік мақсаттарда қолданылады. Жердегі озон біздің өкпемізге өте қауіпті, бірақ атмосфераның жоғарғы қабатында озон күннің ультрокүлгін радиациясынан қалқан секілді қызмет атқарады. Егер де озонды қалқан өте жіңішке болып немесе мүлде жоғалып кетсе, онда ультрокүлгін радиацияның әсерінен егін шықпай қалуы мүмкін және эпидемиялық аурулар, тері аурулары және басқа аурулар тарайды.

Эпидемиялық аурулардың алдын алу үшін күл-қоқыстарды көшеге тастамай, тазалықты сақтайық. Елімізді таза ұстау және көгалдандыру – әр азаматтың борышы. Тазалық – денсаулық кепілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]