
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Етістіктің түрлері
Етістік – заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөз табы. Етістік не қылды? қайтті? (что сделал?), не істеді? не істейді? (что делает?), не істемек? не қылмақ (что будет делать?) деген сұрақтарға жауап береді.
Негізгі түбір етістіктер (непроизводные глаголы) – құрамы бөлшектеуге келмейтін біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: айт (скажи), күл (смейся), шап (руби), кет (уходи), қал (останься), жат (ложись), кес (режь).
Күрделі етістіктер (составные глаголы). Мысалы: айтып кет (скажи перед уходом), барып қайт (съезди), көріп шық (пройдись, посмотри), оқып бер (прочитай), орындап жатыр (выполняет), жақсы көру (любить).
Біріккен етістіктер (сложные глаголы). Мысалы: әпер (алып бер) – подай, әкел (алып кел) – принеси, әкет (алып кет) – забери.
Туынды түбір етістіктер (производные глаголы). Туынды етістіктер – сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын сөздер.
Жұрнақтары |
Мысалдары |
-ла, -ле -да, -де -та, -те |
Ой (мысль) – ойлау (думать), таза (чистый) – тазалау (чистить), із (след) – іздеу (искать, идти по следу), құшақ (объятие) – құшақтау (обнять), іс (дело) – істеу (делать). |
-лас, -лес -дас, -дес -тас, -тес |
Қате (ошибка) – қателесу (ошибиться), ақыл (совет) – ақылдасу (советоваться), қош (прощай) – қоштасу (прощаться), көмек (помощь) – көмектесу (помочь). |
-а, -е -ай, -ей |
Бос (свободно) – босау (освободиться), сан (число) – санау (считать), түн (ночь) – түнеу (ночевать), аз (мало) – азаю (уменьшаться), қарт (старик) – қартаю (стареть). |
-ар, -ер, -р -қар, -кер -ғар, -гер |
Жақсы (хорошо) – жақсару (хорошеть), көк (зелень) – көгеру (цвести), ұзын (длинный) – ұзару (удлиниться), бас (голова, глава) – басқару (возглавлять, руководить). |
Туынды етістіктердің жұрнақтары етістіктен етістік тудыратын және басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар болып екіге бөлінеді:
Етістіктен етістік тудыратын |
Шық (выйди) – шығару (выпустить), жет (дойди) – жеткізу (довести), бүк (сгибай) – бүктеу (свернуть), күл (смейся) – күлдіру (рассмешить). |
Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын |
Жоғары (высоко) – жоғарылау (подниматься), би (танец) – билеу (танцевать), арық (худой) – арықтау (худеть), ұсақ – ұсақтау (измельчить), майда (мелкий) – майдалау (разменять), |
Болымсыз етістік – қимылдың, іс-әрекеттің болмауын білдіретін етістік. Болымсыз етістік -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, кел-ме, жаз-ба, тіз-бе, айт-па, кет-пе. Болымсыз етістік болымсыз мән беретін емес, жоқ сөздері арқылы да жасалады: барған жоқ, барған емес, келген жоқ, келген емес.
Болымды етістік қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді: кел, айт, жаз.
Тұйық етістік (неопределенная форма глагола) етістіктің түбіріне -у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: ходить – жүру, производить – өндіру, стоять – тұру, развивать – дамыту, участвовать – қатысу. Егер етістіктің түбірі «й» дыбысына аяқталса, -ю жұрнағы жалғанады: қой – қою – ставить.
1-тапсырма. Туынды етістіктерді тауып, құрамын түсіндіріңіз.
Мен туралы ойла. Сен қиярды тұздадың ба? Ол үйді әктеді. Сіз бізбен бірлесіңіз. Жаттығуды орындадың ба? Міндетті түрде онымен ақылдас. Бүгін қонақ үйде түне. Сен ән баста, ал біз жұмыспен айналысайық. Менің айтқанымды ескер. Осы істі өзің басқар.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, туынды етістіктерді аударыңыз.
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те |
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес |
-а, -е, -ай, -ей |
-қар, -кер, -ғар, -гер, -ар, -ер, -р |
баға... көз... дайын... аяқ... тіс... белгі... |
хабар... аман... әңгіме... сәлем... қош... іс... |
сан... ат... жас... тең... көп... кең... |
жас... ақ... оң... су... қысқа... таза... |
3-тапсырма. Етістіктерді оқып, орысша баламасын табыңыз. Мағыналарының айырмашылығын айтыңыз.
алу – бет алу, дем алу, рұқсат алу, тіл алу, қарсы алу, қол алу, тамақ алу;
аудару – көңіл аудару, мәтін аудару, табан аудару, ет аудару, жер аудару;
ашу – жол ашу, көз ашу, ми ашу, ораза ашу, жүрек ашу, жан ашу;
беру – көмек беру, ант беру, ақыл беру, қол беру, дауыс беру;
жету – бой жету, қол жету, хабар жету, ақыл жету, көз жету;
көру – азап көру, күн көру, қызық көру, пайда көру, жарық көру;
қою – ат қою, бас қою, сұрақ қою, құлақ қою, көңіл қою, қол қою;
салу – ән салу, көз салу, күш салу, айғай салу, құлақ салу.
4-тапсырма. Бірінші қатардағы сөйздердің сыңарын екінші қатардан тауып, күрделі етістік жасаңыз. Олармен сөйлем құраңыз.
1) Күліп, жарық, көңіл, ер, көшіріп, өмір, жәрдем, кешіге, шөлдеп, жаба.
2) Жіберу, көтеру, алу, кету, ету, жету, салу, сүру, жаздау, көру.
5-тапсырма. Берілген етістіктерден екі түрлі жолмен ІІІ жақтағы болымсыз етістік жасаңыз.
Үлгі: көру – көрмеді, көрген жоқ (көрген емес).
Көру, қою, басу, қазу, сүрту, сүзу, сөйлеу, ішу, сезу, қайту, тұру, сызу, тою, ренжу, созу, үзу, айтысу, көмектесу.
6-тапсырма. Берілген сөздерден тұйық етістік жасаңыз.
Қойыпты, жойған, берді, сызамыз, сойдық, қарастырыңдар, көмектессеңші, баииды, сөйлесін, мазаладың, тастаңыз, ақылдаспақ.
Осы шақ
Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлап тұрған кезімен сәйкес болуын білдіреді. Қазақ тілінде осы шақтың екі түрі бар:
1) Нақ осы шақ (собственно-настоящее время) қимылдың тура сөйлеушінің хабарлап тұрған кезінде болуын білдіреді. Нақ осы шақтың екі түрі бар:
а) жалаң нақ осы шақ (простая форма) отыр, тұр, жатыр, жүр деген төрт етістік арқылы жасалады да, бұл етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғанады.
І ІІ
ІІІ |
Мен отырмын. Сен отырсың. Сіз отырсыз. Ол отыр. |
Біз отырмыз. Сендер отырсыңдар. Сіздер отырсыздар. Олар отыр. |
ә) күрделі нақ осы шақ (сложная форма) негізгі етістік пен отыр, жатыр, тұр, жүр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Негізгі етістік көсемшенің -п, -ып, -іп, -а, -е, -й тұлғасында тұрып, ал көмекші етістіктер жіктік жалғауында тұрып байланысады. Мысалы:
І ІІ
ІІІ |
Мен бар-а жатыр-мын. Сен бар-а жатыр-сың. Сіз бар-а жатыр-сыз. Ол бар-а жатыр. |
Біз бар-а жатыр-мыз. Сендер бар-а жатыр-сыңдар. Сіздер бар-а жатыр-сыздар. Олар бар-а жатыр. |
2) Ауыспалы осы шақ (настоящее переходное время) үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіріп, етістіктің түбіріне дауыссыздардан кейін көсемшенің -а, -е жұрнақтары, дауыстылардан кейін -й жұрнағы мен жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.
Мен университетте оқимын. Сен университетте оқисың. Сіз университетте оқисыз. Ол университетте оқиды. |
Біз университетте оқимыз. Сендер университетте оқисыңдар. Сіздер университетте оқисыздар. Олар университетте оқиды. |
1-тапсырма. Берілген етістіктерден жалаң нақ осы шақ формасын жасап, сөйлем құраңыз.
Мен жатыр..., тұр..., жүр... Сен жатыр..., тұр..., жүр... Сіз жатыр..., тұр..., жүр... Ол жатыр..., тұр..., жүр... |
Біз жатыр..., тұр..., жүр... Сендер жатыр..., тұр..., жүр... Сіздер жатыр..., тұр..., жүр... Олар жатыр..., тұр..., жүр... |
2-тапсырма. Кел, апар, әкел етістіктерінен нақ осы шақтың күрделі түрін жасап, сөйлем құраңыз.
3-тапсырма. Осы шақта тұрған етістіктерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыз.
Қыс мезгілі келді. Қыста күн суытады. Суық жел соғады. Кеше қатты боран болды. Бүгін жерде қалың қар жатыр. Аулада балалар қармен ойнап жүр. Бір бала аққала соғып жатыр. Екіншісі шана теуіп жүр. Үшіншісі шаңғымен сырғанап жүр. Олар көңілді. Тек қана Рүстем үйде жатыр. Ол тұмауратып қалыпты. Анасы дәріханаға бара жатыр. Ол дәрі сатып алады. Үйіне келіп, баласын емдейді.
4-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Танцор танцует. Ученики пишут предложение. Мальчик идет в магазин. Дедушка идет из поликлиники. Депутаты принимают новый закон. Я помогаю маме. Мы живем в Казахстане. Я узнала Вас. Дома на стене висит картина. Издательство сегодня работает.
5-тапсырма. Берілген етістіктерді жалаң, күрделі және ауыспалы осы шақтарда жіктеңіз: оқу, көрі, әкелу, апару.
6-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.