
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
1. Атау септіктегі сөзді көрсетіңіз.
А) әкесі;
В) әкесін;
С) әкеден;
Д) әкемен;
Е) әкеме.
2. Барыс септікте тұрған сөзді табыңыз.
А) атамда;
В) ойынның;
С) жорға;
Д) баласына;
Е) қаламмен.
3. Жатыс септіктің сұрағын белгілеңіз.
А) қалай;
В) қашан;
С) қайдан;
Д) қайтіп;
Е) қанша.
4. Табыс септікте тұрған сөзді белгілеңіз.
А) халыққа;
В) халықпен;
С) халықтар;
Д) халықтан;
Е) халқын.
5. Шығыс септікте тұрған сөзді белгілеңіз.
А) үйге;
В) үйден;
С) үймен;
Д) үйдің;
Е) үйлен.
СОӨЖ №4
Тақырып: Су – тіршіліктің нәрі.
Мақсаты: берілген ақпарат туралы өз пікірін айта алу, қолдау, наразылық білдіре алу, ұсыныс жасау сияқты тілдік қатысымның компоненттерін жүзеге асыра отырып, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.
Су – тіршіліктің нәрі
Су туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы – аса өзекті мәселелердің бірі.
Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр. БҰҰ-дың зерттеулеріне қарағанда 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.
Жер шарындағы судың жалпы көлемі орасан көп – 1,5 миллиард текше километрдей, бірақ мұның 97 пайызы мұхиттарға шоғырланған не ішуге жарамсыз тұзды теңіз суынан тұрады. Демек, су ресурстары көп емес. Планета халықтарының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап, таза су тауарға айналып отыр.
Ішкі су қоймаларының ластануы туралы шексіз айта беруге, жаза беруге болады, бірақ дүниежүзілік мұхиттардың ластануы бұдан да қатерлі болып табылады. Мұнай танкерлерінің апатқа ұшырауы ерекше қауіпті. Жауапкершілікпен қарамаудың салдарынан талай теңіз, өзен, көл сулары уланып жатыр. Ал улану, ластану – теңіз, көл құстарының, балықтарының тіршілігіне қауіп төндіріп тұр.
Табиғат-тәңірдің сыйы суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-дың алдындағы ең маңызды мәселе.
Табиғат-Ананың сыйы – судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық. Әр адамның парызы: ұрпақ өсіру, ағаш егу, үй салу. «Бір тал кессең, он тал ек» дейді халық өсиетінде. Ата-бабамыз табиғатты құрметтеген. Қазір біздің елімізде «Жасыл ел» қозғалысы бар. Табиғат – тал бесігің. Сондықтан әрқайсымыз Табиғат-Ананы қорғауға тиіспіз.
Тапсырмаларды орындаңыз:
1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- Қазақстанда қанша өзен-көл бар?
- Қазақстанның өзен, көл, теңіздерінің атауларын білесіз бе?
- Қазақстанда су тапшылығынан зардап шегетін аймақтар бар ма?
- Қазақстанның қай облыстары сулы өлке?
- Қазір Арал теңізінің жағдайы қалай?
- «Судың да сұрауы бар» деген мақалды қалай түсінесіз?
2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
СӨЖ № 4
1. Қазақстанның өзен-көлдері туралы аңыздар жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрыңыз.
4. Тұсаукесер жасаңыз.
5. Табиғат туралы 10-15 мақал-мәтел жазып, оларды жатқа айтып беріңіз.
5-тақырып
Грамматика: Етістіктің түрлері. Болымды, болымсыз етістік. Тұйық етістік. Осы шақ.
Лексика: Ғалам және ғасыр.
Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлерін лексика-грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы пысықтау. Ғаламды дүр сілкіндірген таңғажайып оқиғалар, ғасыр жаңалықтары туралы мәліметтер бере отырып, студенттердің сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту.