
- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Есте сақтаңыз!
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Біздің елтаңбамыз – шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан от басынан басталады» деген мақал бар. Шаңырақ – әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланылып отырған бейне. Шаңырағы бар елтаңба тарихта болған емес.
Елтаңба композициясында ай мүйізді алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен байланысты, ал ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.
Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес.
Тапсырмаларды орындаңыз:
1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
2) Тест тапсырмаларын орындаңыз:
1) Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады.
а) байрақ, жалау, жалауша
ә) таңба, белгі, мөр
б) ту, елтаңба, әнұран
2) Қазақ елі туының түсі ...
а) қызыл
ә) жасыл
б) көк
3) Зеңгір көк ... белгісі.
а) адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә) қуаныштың, жеңістің
б) жамандықтың, бейбітшіліктің
4) Күн бейнесі ... белгісі.
а) татулықтың, бірліктің
ә) байлық пен берекенің
б) достық пен жолдастықтың
5) Ұлттық өрнек қазақ елінің ... білдіреді.
а) өнерін, танымын, шеберлігін
ә) бақытын, татулығын
б) байлығын, берекесін
3) Өлеңді жаттап алыңыз:
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген.
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. (М. Мақатаев)
СӨЖ №3
1. «Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады» деген тақырып бойынша пікірталас дайындаңыз.
2. Тарихтан қандай отаншыл, өр тұлғаларды білесіздер? Олар Отаны үшін не істеді, қандай ерлік жасады? Бір тұлға жайлы реферат жазыңыз.
3. Отаншыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыз. Тезис құрыңыз.
4. Тақырып бойынша тұсаукесер жасаңыз.
5. Б.Момышұлының Отан туралы нақыл сөздерін тауып, жазып келіңіз.
4-тақырып
Грамматика: Септіктер. Тәуелді септеу.
Лексика: Жер-Ананы аяла.
Сабақтың мақсаты: Грамматикалық тақырыпты жаттығу жұмыстары арқылы меңгерту. Сауатты жазуға, өз ойын анық жеткізуге дағдыландыру. Студенттерге экологиялық тәрбие бере отырып, оларды Жер-Ананы қорғауға, Отанымызды сүюге шақыру.
Септіктер
Септік жалғаулары – зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік жалғаулары үндестік заңына бағынып жалғанады, сондықтан әрбір септік жалғаудың бірнеше дыбыстық варианттары бар.
Зат есім көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді. Көптік жалғаулы зат есімнің септелуінде жекеше түрде септелуден ешбір айырма жоқ. Ал тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар. Салыстырыңыз: бала-ға және балам-а.
Септік |
Сұрақтары |
Жалғаулары |
|
А.с. |
кім? не? (кто? что?) |
- |
тәуелдік жалғаулары |
І.с. |
кімнің? ненің? (чей? чье? чья?) |
дауысты және м, н, ң + -ның, -нің з, ж, р, й, у + -дың, -дің қатаң және б, в, г, д + -тың, -тің |
|
Б.с. |
кімге? неге? қайда? (кому? чему? куда?) |
дауысты, үнді және з, ж + -ға, -ге қатаң және б, в, г, д + -қа, -ке |
І, ІІ жақ: -а, -е І жақ көпше түрі ІІ сыпайы түрі: -ға,-ге ІІІ жақ: -на, -не |
Т.с. |
кімді? нені? (кого? что?) |
дауысты + -ны, -ні үнді және з, ж + -ды/-ді қатаң және б, в, г, д + -ты, -ті |
І және ІІ жақ: -ды, -ді ІІІ жақ: -н |
Ж.с. |
кімде? неде? қайда? (у кого? у чего? где?) |
дауысты, үнді және з, ж + -да/-де; қатаң және б, в, г, д + -та/-те |
І және ІІ жақ: -да, -де ІІІ жақ: -нда, -нде |
Ш.с. |
кімнен? неден? қайдан? (от кого? из чего? откуда?) |
м, н, ң + -нан, -нен дауысты және з, ж, р, й, у + -дан, -ден қатаң және б, в, г, д + -тан, -тен |
-нан, -нен І жақ көп.т. және ІІ жақ сыпайы т.: -дан, -ден |
К.с. |
кіммен? немен? (кем? чем?) |
дауысты, үнді + -мен, -менен з, ж + -бен, -бенен қатаң және б, в, г, д + -пен, -пенен |
1-тапсырма. Берілген сөздердің тиісті жалғауларын жалғап, олармен сөйлем құрастырыңыз.
Табиғат (-ты, -ті, -ды, -ді, -ны, -ні); дос (-пен, -бен, -мен); ел (-тың, -тің, -дың, -дің, -ның, -нің); отан (-тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен); мемлекет (-қа, -ке, -ға, -ге); құрдас (-та, -те, -да, -де); ұшқыш (-тың, -тің, -дың, -дің, -ның, -нің); ғарышкер (-пенен, -бенен, -менен).
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Мұхтар Әуезов... – жазушы. Сәуле Алматы... тұрады. Майра бізге Түркістан... келді. Мынау – Мерей... машинасы. Әсем Астана... барды. Мен Қарлығаш... көрдім. Бақыт Астана... ұшақ... келді. Баяндамам... тақырыбы – Абай Құнанбаев... қарасөздері... философиялық мәні.
3-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркестерін аударыңыз.
Үлгі: (Нашему гостю) қаланы көрсет. – Біздің қонағымызға қаланы көрсет.
(Вашему отцу) телефон соғыңыз. (Моему другу) айт. (Его сестре) апар. (Ее товарищу) тамақ пісірейін. (Их учителю) кірсін. (В нашем доме) қонақ болыңыздар. (Его стул) отырайық. (Нашей бабушке) көмек беріңіз. (Моей маме) кел. (Вашей соседке) сәлем айтыңыз. (Нашим детям) суреттеріңді көрсет.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жазып, сөздің қай сұраққа жауап беретінін, қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
Мен олар... кино... бардым. Әсем дүкен... шығып, базар... барды. Мына кітап... алып, үстел... қой. Сен Гүлнәз... бірге үйі... қайт. Кезекші кабинет... жанынан ешкім... өткізбеді. Айсұлу сіңлісі... бақша... алды. Ораз әжесі... автобус... кірді. Сен сабақ... шыққан соң, оның үйін... бар. Ол әкесі... қонақ... келді. Нан... ұн... пісіреді. Сәния құрбысы... кітап дүкені...ертіп апарды.
5-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.
Отаны, елі, халқым, кітабың, қонақ.
6-тапсырма. Мәтіндерді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.
Жер – Ананы аяла
«Жер» деген сөздің көп мағынасы бар. Жер дегеніміз – ел, Отан, халық. Адамдар үшін жерде жұмыс істеуден, өз жерін қорғаудан маңызды ештеңе болмаған.
Көпке дейін адамдар табиғатты, жерді өзіне бағындырғысы, табындырғысы келді. Жауды бағындырады, ал адамзаттың тіршілік көзі болған Жер-Ананы бағындыра алмайды! Шындыққа тура қарайтын уақыт келді, Жер-Ана қазір жаралы.
Ядролық жарылыстар – жер үшін ең қорқынышты қауіп-қатер. Семейде алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Оған қоса 175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы қаншама зардап шеккен. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да – сынақ алаңы. Бұларға Аралдың қасіретін қосыңыз.
Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Емдейтін, қорғайтын, аялайтын уақыт келді. Осы тығырықтан шығуға бола ма? Бүгінгі ұрпақ, бұл сіздердің азаматтық көзқарастарыңызға байланысты.
Жер мен Тіл
Ертеде Тіл бір Бастан қара малдың терісіндей жер сұрапты. Бас ойланып: «Тәйірі, малдың терісіндей жер дегенің не тұрады» деп бере салған екен.
Жерді алған Тіл «қулық – ақылдылықтың белгісі» екенін терең меңгерсе керек, бір малдың терісі қанша көлемде жер болатынын алдын-ала есептеп қойыпты. Малдың терісі қылдай тілініп, жіптей өлшегенде, бір елдің жеріндей жер көлемін алыпты. «Басқа пәле тілден» деген сөз осыдан қалса керек. Ал жері жоқ, отаны жоқ тіл үнемі қудалауда, өзгеге тәуелді болатыны белгілі.
Жер мен Тіл – кіндіктес. Оны тәуелсіздікке ұмтылған тілдің жер сұрауынан аңғаруға болады. Тәуелсіз Қазақстанның жерін сақтайтын қазіргі көрші мемлекеттердің тілі емес, Ата заңымыздың 7-бабы, 7-тармағында бекітілген өзіміздің мемлекеттік тіліміз.
*
- «Жер мен Тіл» мәтінінен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, олардың сұрағын, септігін анықтаңыз.
- «Жер – Ананы аяла» мәтіні бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.
- «Жер – Ананы аяла» мәтіні бойынша сұхбат құрыңыз.
**
- «Жер – Ананы аяла» мәтіні бойынша жоспар құрып, мазмұнын айтыңыз.
- «Жер – Ананы аяла» мәтіні бойынша септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, олардың сұрағын, септігін анықтаңыз.
- «Жер мен Тіл» мәтіні бойынша жағдаят құрыңыз.
***
- Мәтіндерден тәуелдене септелген сөздерді теріп жазып, олардың сұрағын, септігін анықтаңыз.
- Мәтіндерді мазмұндаңыз.
- Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқалармен толықтырып жазыңыз.
Туған жердей жер болмас, ... Елі азғанның ері азады.
Жері азғанның елі азады, ... Өз еліңде ұлтан бол.
Өзге елде сұлтан болғанша, ... Өз жеріңдей қайда бар.
Ер туған жеріне, ... Туған елдей ел болмас.
Туған жердің қадірін, ... Ит тойған жеріне.
Пәлен жерде пайда бар, ... Шетте жүргенде білерсің.