- •16 (Ias) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •6. Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәнінде қолданылады:
- •Тану__________________________________________________________________________
- •7. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуы тиіс, егер:
- •Тану кезінде бағалау______________________________________________________
- •15. Актив ретінде танылуы тиіс жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануы тиіс.
- •Танудан кейінгі бағалау________________________________________________
- •36. Егер жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың жеке объектісі қайта бағаланса, онда осы актив жатқызылған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың барлық тобы да қайта бағалануы тиіс.
- •Амортизация
- •43. Объектінің жинақталған өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны елеулі жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің әрбір компоненті міндетті түрде бөлек амортизациялануы тиіс.
- •48. Әрбір кезең үшін амортизациялық есептеулер, егер олар басқа активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылмаса ғана, пайдада немесе шығында танылуы тиіс.
- •50. Активті амортизациялау құны міндетті түрде жүйелі негізде оның пайдалы қызмет мерзіміне бөлінуі тиіс.
- •Амортизацияны есептеу әдісі
- •60. Амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі ұйымның болашақ экономикалық пайдасын болжамды тұтыну сұлбасын көрсетуі тиіс.
- •Қаржылық жағдай туралы есептан есептен шығару ______________________________________________
- •67. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуы тиіс:
- •Ақпаратты ашу____________________________________________________________
- •73. Қаржы есептілігінде жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың әрбір түрі үшін мынадай ақпарат ашып көрсетілуі тиіс:
- •74. Қаржы есептілігі сондай-ақ мыналарды міндетті түрде ашып көрсетуі тиіс:
- •77. Егер жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі қайта бағаланған құнымен көрсетілсе, мынадай ақпарат ашып көрсетілуі тиіс:
77. Егер жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі қайта бағаланған құнымен көрсетілсе, мынадай ақпарат ашып көрсетілуі тиіс:
(а) қайта бағалау жүргізілген нақты күн;
(b) тәуелсіз бағалаушының қатысуы;
(с) объектілердің әділ құнының мәнін есептеген кезде қолданылған әдістер мен елеулі жол берушіліктер;
(d) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілері негізгі құнының маңызы белсенді нарықтың қолданыстағы бағалары мен тәуелсіз тараптардың арасындағы таяудағы нарықтық мәмілелер негізінде анықталған немесе бағалаудың өзге әдістері пайдаланылып алынған деңгей;
(е) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың әрбір қайта бағаланған тобына қатысты, егер активтер бастапқы құн бойынша есепте көрсетілетін болса, қаржылық жағдай туралы есептік құны танылуы тиіс; және
(f) кезең ішіндегі өзгерісті көрсететін бағалаудан болған өсім және акционерлердің арасындағы қалдықты бөлуге кез келген шектеулер.
78. 36 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес ұйым 73(е)(іv)-(vі)-тармақта талап етілетін ақпаратқа қосымша құнсызданған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға қатысты ақпаратты ашып көрсетеді.
79. Мұнымен қатар қаржы есептілігін пайдаланушылар қажеттеріне мынадай ақпарат та сай келуі мүмкін:
(а) уақытша тоқтап тұрған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың қаржылық жағдай туралы есептік құны;
толық амортизацияланған, бірақ әлі пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың жалпы қаржылық жағдай туралы есептік құнын;
(с) белсенді пайдалану тоқтатылған және 5 (IFRS) сәйкес сатуға арналған деп жіктелмеген жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын; және
(d) есеп үлгісін бастапқы құн бойынша қолданған кезде, егер ол қаржылық жағдай туралы есептік құннан елеулі түрде өзгеше болса, жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың әділ құнын.
Сондықтан, ұйымдарға ондай сомаларды ашып көрсету ұсынылады.
ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ШАРТТАРЫ____________ _______________________________________
80. 24-26-тармақтардың активтерді айырбастау операциясының барысында сатып алынған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін бастапқы бағалауға қатысты талаптары перспективалы негізде болашақ операцияларға ғана қолданылуы тиіс.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ________________ _________________________________________ _
81. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануы тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданатын болса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.
81A. Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 3-тармақтағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Минералдық ресурстарды барлау және бағалау 6 (IFRS) неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуы тиіс.
81В. 1 (IAS) Қаржылық есептіліктерді ұсыну (2007 жылғы редакция) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 39, 40 және 73(е)(іv) тармақтарына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 (IAS) (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
81С. 3 (IFRS) Бизнес бірлестіктері (2008 жылғы редакция) ХҚЕС бойынша 44 тармаққа түзету енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 3 (IFRS) (2008 жылғы редакция) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
81D. 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша 6 және 69 тармақтарына түзетулер енгізілді және 68А тармағы қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және 7 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (IAS) ХҚЕС ілеспелі түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.
81Е. 5 тармағына 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер ұйым бір уақытта 40 ХҚЕС-тың 8, 9, 22, 48, 53, 53А, 53В, 54, 57 және 85В тармақтарына енгізілген түзетулерді қолданса, бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді бұдан ертерек қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
БАСҚА ҚҰЖАТТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ_________________________________________
82. Осы Стандарт 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) (1998 жылғы редакцияда) ХҚЕС ауыстырады.
83. Осы Стандарт мынадай түсіндірулерді ауыстырады:
(а) 6 (SIC) Қолда бар бағдарламалық қамтамасыз етуді түрлендіруге арналған
шығындар;
(b) 14 (SIC) Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар – объектілердің құнсыздануын немесе жоғалуын өтеу; және
(с) 23 (SIC) Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар – елеулі техникалық тексеруге немесе күрделі жөндеуге арналған шығындар.
_________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.
