Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық негіздері-лекциялар.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
431.62 Кб
Скачать
  1. Экологиялық мәселерер: түрлері, шешу жолдары

Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканын дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінщі жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозі қаупі төніп тұр. Соның салдырынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық және жергілікті экомәселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек ғана қазақстандықтар ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

Экологиялық мәселелер. Жаһандық экологиялық мәселелер. 1. климаттың өзгеруі; 2. озон қабатының бұзылуы; 3. биоәртүрлікті сақтау ( өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлігін); 4. жердің шөлейттенуі және озуы.

Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей,Арал; 2. Каспий теңізі қайранының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар; 5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.

Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. әуе бассейннің ластануы; 2. радиоактивті ластану; 3. бактериологиялық және химиялық ластану; 4. химиялық ластану; 5. өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

1. Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне ықтимал қатер төндіреді. Жыл сайые атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам улы, иісті газ (СО2) азот тотығы (NO), күкірт (S) шығарылады. Солардың 10 пайызын ғана өсімдіктер сіңіреді. Қос тотықты күкірттің азот тотығында шоғырлануы қышқыл жауын тудырады. Мысалы көмір қышқыл газын (О2) пайда болған уақыттан бастап осы күнге дейін 20 пайызға, ал жыл сайын оның көбеюі 0,2 пайызға өсуде. Көмір қышқыл газы жанудың нәтижесінде пайдп болады. Оның көздері, таратушысы – жылу станциялары, металлургия заводтары, көлік құралдары. Осындай крделі физико-химялық қоспалар «қызу әсерін тудырады». «Қызу әсері» ауа ыстығының көтерілуіне, ол ауа-райының климаттың өзгеруіне әкеледі. әлемдік мұхит суының көтерілуіне, соңғы 100 жылда 10-12см көтерілсе, «қызу әсері» оны 10 есе күшейтуі мүмкін.

Аталған экологиялық мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданып жатыр? Қызған газдардың шығарындыларын қысқарту мақсатында Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияның Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, I қосымшаның Тарабы болады.

Экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор роліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

1.1. Озон қабатының бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалындығы 5-7 пайызға азайғанын көрсетті. Адамдардың барынша шоғырланған аумақтарында озон қабаты 3 пайызға жұқарған. Озон (О3) қабатының 1 пайызға жұқаруы тері ісік ауруымен ауырушылардың санын 6 пайызға ұлғайтады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда озон бұзғыш заттардың (ОБЗ) мөлшері 10 есеге азайды. Озон бұзғыш заттарға негізінен (ОБЗ) флерон, фреон, хлор, көміртек, автокөліктер бөліп шығаратын улы химиялық заттар жатады.

Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ-ды пайдаланудан жедел бса тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ ОБЗ-ды пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ-ды пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөніндегі іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ-ды пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ-ды шығарындысы қысқарып, ол жердің озон қабатын сақтауға сетігін тигізетін болды.

1.2. Биоәртүрлілікті сақтау. Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континенте биологиялықәртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерін жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.

Биоәртүрліліктіті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдандарының лсатануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады.

Биоәртүрліліктіті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5млн гектарды немесе барлық аумақтың 4,9пайызын құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10 пайызды құрайтын әлемдік стандарттардан төмен. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4 пайызын құрайды. Республика аумағының небәрі 4,2 пайызын алатын Қазақстанның барлық ормандарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру. Орман – оттегін бөліп шығарудың негізгі көздерінің бірі. Реактивті ұшақ АҚШ-тан Еуропаға дейін 50-ден 100 тоннаға дейін оттегін құртады, оны 10 мың гектар орман қалпына келтіре алады. Дүние жүзінде жыл сайын 11 млн.га, минут сайын 20 га, өркениет тарихында орманның 2/3 жойылған.

Биоәртүрліліктіті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1999 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгерелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.

1.3. Жердің шөлейттенуі және тозуы. Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналаскан және оиың аумағының шамамен 66 пайызы түрлі деңгейде шөлейттену үрдістеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозия-сынан, қайталама тұзданудан жәнс басқа да себептсн алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені кұрайды. БҰҰ мәліметі бойыпша қазіргі танда жылына 23 млн. гектар жер шөлейттенеді екен.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатсрді білдіретін жсрдің шөлейттенуі мен тозу мәселесі шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық мәселеге айналуы мүмкін.

Ұлттықэкологиялық мәселелер: 1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал). Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мсн фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі кауіпсіздігінс нақтылы қатср болып табылады.

Казіргі уақытта бүрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың жәнс адамдар өлімінің, қан айналымы жүйссі ауруларының, жаңа туған собилер арасындағы кеселдсрдіц және ерте қартаю көрінісінің жоғары дсңгсйі байқалуда. Арал өңірі экологиялык апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мексн) әсіресе әйслдер және балалар арасында асказан-ішек аурулары мсн қан аздығы, балалардың шетінеуі мсн туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда. 1960 жылдаы бастап Арал теңізі деңгейі 17 метргс, көлемі 75 пайызга кеміген. Теңіз өзінің бұрынғы жағасынан 100-150 шақырым кетіп, 33 мың шаршы шақырым жағалау жалаңаштанған. Кейбір мәліметтерге қарағанда жыл сайын Аралдан желдің күшімен 100 тоннаға дейін тұз ұшып, Еуропаға, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін жеткен.

Елдің ішкі қауіпсіздігіне катерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруыныц әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу жене аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халыктың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейін халықтың ішкі көші-қоны және экологиялык апат аймақтарының аумактарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.

1.1. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер. Ғалымдардың есебі бойынша балық уылдырығының жойылуына 1 кубометр суға жайылған 10 грамм мұнай жетіп жатыр. Мүнайдың әрбір тамшысы судың бетінде көлемі 30 диаметрлік лай, қабыршық-қарашыкқа айналады. Осындай әрбір тамшының салмағы 0,5-0,8 грамм. Оттегінің үлкен екі көзі бар — өсімдіктер (40 пайыз) және әлемдік мухиттар (60 пайыз). Сондықтан, осындай мунайдың қабыршықтары дүние жүзілік мүхиттағы тіршіліктің жойылуына, әсіресе оттегін улкен мөлшерде бөліп шыгаратын балдырлардың жойылуына, нәтижссінде оттегін жұтып, көмір кышқыл газын бөліп шығаратын бір жасауынды (клеткалы) алтын түсті зиянды балдырлардың кебеюіне әкеледі. Бұл балдырлар өте тез дамып көбейеді. Әдетте олардың ұзындығы 10 шақырымға, қалыңдығы 35 м, күндік қозғалыс жылдамдығы 25 шақырым. Өзінің жолыңдағы тіршілік атаулының барлығын жояды. Бұндай балдырлар Скадинавияның оңтүстігінде, Солтүстік теңізінде байкалуда.

Казақстан үшін Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты туындайтын экологиялық мәселелер алаңдатады. Кейбір деректерге сүйенсек теңіздің мұнаймен ластануына байланысты 2000 жылы 50 мындай итбалық (тюлень) өлген. Профессор М. Дайыровтың пікіріншс жыл сайын өндірілетін 300 млн. тонна мүнайдың біз үшін қүны 45 млрд. доллар болуы мүмкін. Оның 15 млрд. доллары мүнайды өндірген шығынды жабуға кетсе, биологиялык шығындар да сондай мөлшерде, нәтижесінде мүнайдан түскен 15 млрд. таза пайда Каспийдің қүрып ксткен балык қорына барабар екен. Бұл мұнай өңдірудің салдарынан жойылған жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда. 200 мың гектар топырақты қабат зиян шеккен. Мүнай кәсіпшілігінің нәтижесінде топырақтың зиян шегу тереңдігі 5-10 метрге жеткен. АҚШ ғалымы X. Беннеттің айтуынша тереңдігі 2-3 см. жетксн топырақтың бүзылуын қайта қалпына келтіру үшін 200 ден 1000 жылға дейін уакыт керек екен.

Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекетгің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын керсетеді. Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық «лас» өндірістің үлесін азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекетгік экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлык әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалык бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.