Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық негіздері-лекциялар.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
431.62 Кб
Скачать

1. Құқықтық қатынастың түсінігі мен құрамы

2 Заңдық факт. Заңдық зауапкершілік

«Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүрістұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінің түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттеррді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері: а) бұл әлеуметтік субъектілер арысндағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас; ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілермен нақты жағдайлаға қатысты жеке дараланады; б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс; в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет; г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамьамасыз етілетін қатынастар.

Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастары түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1. салалық белгісі бойынша – құқықтық қатынастар конституәиялық құқықтық, әкімшілік-құқықтық , азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;

2. сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;

3. құқықтың функциялар бойынша – реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынасиар; реттеуші құқықтық қатынастар – құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар – мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жәзеге асыруымен байланысты боладады;

4. қатысушыларының құрамына қарай – жай және күрделі құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сатусатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);

5. субъектілерінің анықталау дәрежесіне қарай – абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқық қатынастарда тек бір жақ қана субъективтік құқықты иеленеуші анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықтылған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленеуші болып табылады; жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқытық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің, әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің нәтижесінде пайда болады.

2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары.

Алғышарт – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүлделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынасиарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік – экономикалық, мәдени және т.б. жағдайладың жүйесі.

2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастаң туындауы мүмкін емес.

Құқық нормалары мен құқытық қатынастардың өзара байланысы. Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс – тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас – құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас. Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:

а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқыұтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;

ә) құқық нормасы – бұл құқық қатынастың пайда болуының негізі;

б) құқық нормасы құқытық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;

в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқытық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;

г) құқық нормасы өз диспозициясында құқытық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқытыары мен заңді міндеттерін анықтайды;

д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);

е) құқықтық норма мен құқытық қатынас себеп пен салретінде байланысқа түседі, яғни құқықтық қатынас – бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқытық қатынастың объектісі; субъективтік құқық және заңды міндет (заңды мазмұн). Құқықтық қатынастардың субъектілері. Бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқытыр мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі – бұл өзінің құқықәрекетқабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі.

Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:

1. Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қосаазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік бар тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азматтар Қазақстанның аумағында Қазақсатанның азаматтары сияқты құқытарды иеленіп, құқытық қатынастарғатүсе алады, алайда, лоарға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарындасайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатаранда қызметін өтемейді, мемлекеттік апаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.

2. Ұжымдық субьектілер; бұларға мыалар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық – құқытық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар (жеке фирмалар, комерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).

Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекет қабілеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.

Құқыққабілеттік – бұл тұлғанаң құқықтар мен міндетерді иеленеу қабілеті. Әрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқытар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады.

Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституәиялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдін қорғанысы мен мемлекеттің қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.

Құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматтық құқықтағы құқықабілеттік пен әрекетқабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндүруге болады:

А) мүліктік қатынастар, лардың жасына, еркінің жағдайыена қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;

Ә) мүліктік құқытық қатынастар саласында құқық қабілеттігі бар, алайда, әрекетке қабілетсіз тұлғанаң орнына, оның заңды өкілі қатыса алады.

Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субьектісі ретінде сипаттайтын құқық қабілеттеік пен әрекетқабілеттік.

Құқықтық қатынастардың объектілері. Бұл құқытық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастірады: олардың біріншісіне сәйкес, құқытық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әреккеттері табалады; -екінші көзқарасты көптеген ғылымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:

1) материалдық емес игіліктер (заттар, құндылықттар, мүлік және т.б.);

2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);

3) рухани шығармашылық өнімдерді (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);

4) құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқытық қатынастар);

5) бағалы қағаздар мен құжат (ақша, акциялар, диплом, жәнет т.б.)

Егер қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субьективтік құқытар мен міндеттер субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.

Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Заңды міндет – бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет – бұл субьективтік құқытық жүзеге асырылумен кепелі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттерін арасындағы айырмашылықтар: егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған; егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.

Заңды фактілер. Бұл белгілері бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.

Заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады: туындайтын салдардың

*құқықтудырышы (мысалы, жоғару оқу орнына түсу);

*құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөліміненсыртқы бөлімге ауысу);

*құқықтоқтаушы (мысалы , жоғары оқу орнын аяқтау).

2.Құқықтық қатынастар субъектілерінің ерімен байланысына қарай:

- оқиғаалр – бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б.;

-әрекет – бұл құқықтық қатынастар субьектілерінің еркімен байланысты жағдайлар . Әрекеттер, өз кезгінде , құқыққа сай және құқыққа қайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір зңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайты. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетафқыны тағайындау туралы шешішімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә)ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).

Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің , лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың , жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге , оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процессінде нормативтік ереженің мәні, оның негізгі мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығы түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқытық реттеу жүйесіндегі орны және т.б. анықталады.

Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенің емес, оның қалыптастырған ережесінің мәнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толуқтырулар еңгізбейді және еңгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге және нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады: норманың мәні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);

-норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер ұшін);

анықтауға бағытталған тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тәсілдерінің мынадай түрлері бар:

1)грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ережелерінің , орфографияның және т.б. көмегімен түсіндіру;

2)логикалық – логика заңдарының және ережлерінің көмегімен түсіндіру;

3)жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын , нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;

4)тарихи-саяси – құқықтық норманы қабылдаудың нақты-тарихи және саяси жағдйлрының көмегімен түсіндіру;

5)телеологиялық (мақсаты) – нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

6)арнайы-заңды – заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру;

Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады: ресми; мұндай түсініруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады және заңды салдарды туыдатады; бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мәні болмайды және биліктік күші жоқ. Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) және қазуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді . Нормативтік түсіндіру , өз кезегінде аутентикалық (нормативтік актіні қабылдаған органмен беріледі) және легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.

Түсіндірудің нәтижелері заң нормаларының шын мәніндегі мазмұны мен мәтінінің ақатынасына қарай әр түлі болуымүмкін. Осындай арықатынастаң негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру) :

1) дәлме-дәл түсіндіру – құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы мен оның мәтіндік көрінісі сәйкес келген жағдайда мүмкін;

2) шектелген түсіндіру – құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы, оның мәтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолданылады.

5-дәріс. Әкімшілік құқық негіздері