Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық негіздері-лекциялар.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
431.62 Кб
Скачать

Әкімшіліқ құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және оның негізгі белгілері

Заңды жауапкршілік – бұл екі аспектіде ғалымдармен қарастырылатын күрделі әлеуметтік-құқықтық құбылыс:

1) оң (перспективті) болашақтағы әрекет үшін. Берілген аспектіде адам өз міндеттерін орындауға кіріскен жағдайда, жауапкершілік туындайды;

2) өткенді шолатын орындалынған әрекет үшін . Заңдық міндетін орындаумаудан құқық нормаларын бұзу нәтижесінде туады. «Заңды жауапкершілік» терминінде субъектінің белгілі бір мінез-құлық, әрекетті іске асырудағы : мүліктік сипатынан айыруды алып жүру деген міндеті қамтылады.

Заңды жауапкершілік – бұл жасаған құқық бұзғаны үшін мемлекеттік-биліктік сипатынан белгілі бір айыру.

Ол келесі белгілерімен сипатталады:

  • мемлекеттік мәжбүрлеумен тығыз байланысты;

  • оның нақты негізі болып құқық бұзушылық саналады;

  • құқық бұзушыны мемлекеттік соттаумен байланыстырады;

  • құқық бұзушы белгілі бір болымсыз зардапқа жауапты.

Заңды жауапкершіліктің барлық түрлеріне тән сипаттамалы ерекшеліктері: қылмыстық, әкімшілік, материалдық, азаматтық-құқықтық және тәртіптік.

Әкімшілк жауапкершілік әр түрлі әкімшілік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілік ретінде рөл атқарады (выступает).

Әкімшілік жауапкершілік- бұл заңды жауапкершілік түрі, ол жасаған әкіммшілік құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік-биліктік сипатынан белгілі бір айыру претерпевать тұлғаның міндетін анықтайды.

Әкімшілік жауапкершілік туралы қазіргі заң жартылай кодификацияланған. Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінде көптеген өзгертулер мен толықтырулар қолданылады.

Кодекстің жалпы бөлімінде әкімшілік құқық субъектісі (тек жеке тұлғалар) анықталып, әкімшілік жауапқа тарту шарттары, әкімшілік жаза түрлері және оны салу ережелері қарастырылған. Кодекстің ерекше бөлімі мемлекет қызметі аумағында және қол сұғу объектілеріне қолданылатынәкімшілік құқық бұзудың нақты құрамынан тұрады. Ерекше бөлімі баптарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді реттеу, әрбір құқық бұзушылық құрамынан санкиялар анықталады.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы жаңа Кодексте жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартудың жүйелендіретін нормаларын қабылдау сатысында тұр.

Заңды жауапқа тартудың жалпы белгілерімен қатар әкімшілік жауапкершілік келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

- әкімшілік жауапкершілік негізі болып әкімшілік бұзушылық табылады, белгілі бір жағдайда қылмыс жасау, қылмыстық іс қозғау не оны тоқтатудан бас тартқан жағдайда шығарылған (исключением) болып табылады, бірақ бұзушының әрекетінде әкімшілік құқық бұзудың белгілері болса, соңғысы әкімшілік жазаға ұшырайды;

- әкімшілік жауапкершілік субъектісі болып жеке тұлға және ұжымдық білім (кол. образование) болуы мүмкін;

- әкімшілік жаза әкімшілік жазаға тарту шаралары болып табылады және әкімшілік құқық бұзғаны үшін қолданады;

- әкімшілік жаза лауазымды тұлғалар мен өкілетті органдардың кең шеңберінде қолданылады;

- әкімшілік жаза өкілетті субъектімен бағынбайтын құқық бұзушылар жазаға татылады;

- әкімшілік жаза қолдану жұмыстан шығарылып, сотқа тартылмайды;

- әкімшілік жауапқа тарту шараларын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданылады.

Заңды жауапкершілік бұзушы өзіне қолайсыз зардаптарды претерпевает, демек мемлекет тарапынан оның мінез-құлқы сынға ұшырайтынын болжамдайды (долбарлайды). Бұл әкімшілік жауапкершілікке жатқызылады, оның ерен ерекшелеріне келесілер жатқызылады:

  • әкімшілік құқық бұзушылық негіздері;

  • әкімшілік жаза шаралары. 

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауакершілік негізі болып табылады, басқа сөзбен айтқанда, әкімшілік теріс қылық жасаған тұлғаға әкімшілік жаза салынады.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келесілер қажет:

1) құқықтық (заңды) негіздің бар болуы , демек құқықтық мінез-құлықты белгілейтін құқықтық номалар;

2) нақты негіздің бар болуы: тұлға көрсетілген норманы бұзуы тиіс, ал , оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар(теріс қылық) деп мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіп, меншік, азаматтардың бостандығы мен құқығы, құқыққа қайшы басқарудың белгіленген тәртіптері , айыпты (қасақана немесе абайсыз) әрекеттілік немесе әрекетсіздіктер танылып, осылардың бәріне заң тұрғысынан әкімшілік жазаға тарту қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР Кодексінің баптарын талдауында әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін келесідей бөлуге мүмкіндік береді:

- қоғамға қарсылық. Оны әкімшілік құқық бұзушылық қорғалатын қоғамдық қатынасқа зиян келтіру қауіпсіздігін туғызып, зиян келтіреді деп түсіндіреді.

Қолданылатын заңда ереже бойынша заңды тұлғаның бар мәртебесін ұйымдастыру әкімшілік жауапкершілік субъектісімен мойындалынады.

Әкімшілік жауапкершілікті ұйымдастыру мәселелері заңнамада ғана емес, сонымен бірге теорияда да қажетті шешімін тапқан емес. Көбіне ұйымдастыру жер, салық заңнамасында, қоршаған ортаны қорғау туралы заңында, құрылыс саласында, кедендік заңнамасында және т.б. құқық бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке субъектілер тартылады. Заңды тұлғаға қолданылатын жауапкершіліктің негзгі шарасы – ол айыппұл.

Осынай жолмен, егер тұлғаның іс-әректінде төрт заңды элементтің жиынтығы қарастырылатын болса, онда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көрсетілген элементтерінің біреуінің ғана болмауы бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз бола алмайды.

Әкімшілік құқық бұзудың заңдық құрамының сұрақтарын білудің тәжірибелік маңызы бар, бір жағынан, ол әкімшілік теріс қылықты дұрыс айыруға және саралай білуге, жазадан құтылмауды іске асыруға, екінші жағынан, тұлғанын әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

8-дәріс Еңбек құқығының негіздері

  1. Еңбек құқығы: пәні , әдістері, қағидаттары, жүйесі, қайнар көздері

  2. Еңбетік құқытық қатынастар

  3. Жеке еңбек шартының ұғымы, мазмұны, түрлері. Еңбекті қорғау

  4. Еңбек даулары.Әлеуметтік қамсыздандыру

Еңбек құқығы: пәні , әдістері, қағидаттары, жүйесі, қайнар көздер. Құқықтық әрбір саласы қоғамдық қатынастардың ,өзінің мазмұны мен ерекшеліріктермен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі бір тобын ретейді . Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет .

Сондықтан , еңбек құқығы ету процесінің технологиясын реттемейді , еңбекті ұймдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді , яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес , еңбектің әлеуметтік құрылымы , немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады . Басқаша айтқанда , еңбек құқығының пәні-еңбекке қабалеттілікті іске асыру , еңбекті үйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке үйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптастын жеке дара да , сондай-ақ үжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.

Сонымен , жалпылама алғанда еңбек құқық дегеніміздің өзі – меншгі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы .

Ал еңбек құқығының пәні еңбек құқығы қандай қоғымдық қатынастарды реттейді деген сауалған жауп берсе , еңбек құқығының әдістері сол қатынастарды қалай , қандай жолдармен реттейді деген сұраққа жауап береді .

Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеудің торт негізгі әдісі пайдаланылады

1 еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу мен жергілікті жерде , яғни сол кәспорын , мекеме , ұйымның ішіндегі ережелрмен реттеуді үйлестіру әдісі .

2 еңбектік-құқықтық қатынастырдың шарттық түрде ғана пайда болуы , өзгеруі және жойылуы .

3 еңбек қатынастарын реттеуде еңбек ұжымдарын және кәсіподақ ұйымдарын қатыстару .

4 өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тәртібі

Бұлардан басқа еңбек құқығында тағы да мынадай әдістер қолданалып жүр сыйақының ұжымдық және жеке – дара еңбек нәтижелеріне байланыстылығы санкцияларды қолдануадың соттан тыс тәртібі және т.б.

Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары

Еңбек құқығы қағидалары дегеніміз-қазіргі заңдылықта бекітілген , еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар .

Еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар өзге құқық салаларына тән екі топқа бөлінеді біріншісі –салааралық, яғни басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар , екіншісі –салалық, яғни нақты еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар .

Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай қағидалары баяндалған еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін тандау мүмкіндігі мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау 24-бап ; денсаулықты қорғау құқығы - 29-бап ; бірлестікер бостандығына құқығы - 23 – бап ; құқықтар мен бостандықтарды заңмен тиым салынбаған барлық әдістерімен қорғау құқығы 13 – бап еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы 24, 28- баптар ; демалуға құқығы 24 бап ;. Бұл конституциялық қағидалар еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық қағидаларына жатады .

Ал еңбек құқығының салалық қағидалары сол құқық саласының ғана нормаларының ерекшелігін көрсетеді . Қазіргі кезендегі еңбек құқығы саласының қағидалары мынадай үш топқа болінеді

  1. Еңбек нарығын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар .бұларға еңбек ету бостандығы мен еңбек шартына кіру бостандығы жатады .

  2. Жұмысшылардың .қызметкерлердің. еңбек жағдайларын бекітуде басшылыққа алынатын қағидалар . бұларға еңбек жағдайларының барлық жұмысшыларға ортақтығы қағидасы , яғни еңбек жағдайлары азаматтардың әлеуметтік топтарына байланыссыз барлығына бірдей болуы керек дегенді білдіреді , сонымен , қатар еңбек құқығында еңбек жағдайларын салыстыра бекіту .дифференцияциялау. деген де қағида бар , бұл – еңібек жағдайларының ондірістің түрі мен ерекшеліктеріне қарай (салалық дифференцияция) немесе косіпорын, мекеме , үйымның тұрған жеріне қарай (аумақтық дифференцияция және т.б. жатады .)

  3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануды құқықтық реттейтін қағидалар .. (бұларға еңбек міндеттерінің анықтылығы , мысалы, мамандығына, қызметіне қарай еңбек қатынастарының тұрақтылығы қалыпты еңбек тәртібін қамтамасыз ету еңбек үшін мемлекет бекіткен жалақының ең аз молшерінен кем емес сыйақы алу қағидалары жатады

Еңбек құқығының қайнар көздері.

Еңбек қатынастары саласындағы күзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелеген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық әктілері еңбек құқығының көздері болып табылды . Әдебиетте бұл көздер еңбек тұралы нормативтік актілерің , еңбек туралы заң актілері және т.б. деп аталады .

Еңбек туралы нормативтік – құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет . Олар мыналардан тұрады:

  1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан

  3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан

  4. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады

Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заң жатады , осы заң қабылданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған Ұжымдық шарт туралы ; 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған Еңбекті қорғау туралы ; 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған Кәсіптік одақтар туралы ; 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған Ұжымдық еңбек даулар мен ереулдер туралы 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған Халықтық жұмыспен қамтылуы туралы заңдар .

Еңбектік құқықтық қатынастар және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар. Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән мынадабелгілері болады

Біріншіден , бұл қатынастар сол кәсіпорын , мекеме , ұйымның ішкі еңбек тәртібінің шегінде жүреді.

Екіншіден , бұл қатынастар тек қана жұмысшы ..қызметкер.. белгілі бір еңбек ұжымына кірген кезде ғана пайда болады.

Үшіншіден , жұмысшының ..қызметкердің.. еңбек ұжымына кіру нақты заңды деректермен белгіленеді ..жеке еңбек шартына тұрады, қызметке тұруы .(. жөнінде бұйрық шығарылады .).

Төртіншіден , еңбек қатынастары сол жұмысшының .. қызметкердің.. белгілі бір мамандық , біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратынын , ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді .

Сонымен , еңбектік құқықтық қатынастар дегеніміз – азамат бекітілген ішкі еңбек тәртібіне сәйкес бағына отырып , белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжымына кірген кезде пайда болатын ондірістік қатынастардың бір түрі.

Жеке еңбек шартының ұғымы , оның мазмұны мен түрлері. Жеке еңбек шарты дегеніміз – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім , ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс брерушінің актісін атқара отырып , белгілі бір мамандық , біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді , ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытын және толық колемінде толеуге , еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайлармен қамтамасыз етуге міндеттенеді .

Азаматтардың еңбек ету құқығының жүзеге асырудың ең негізгі формасына жеке еңбек шартын жасасу жатада, ойткені тек жеке еңбек шартын жасасу арқылы ғана жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына кіре алады . Еңбек шартын жасасқан күннен бастап жұмысшыға барлық еңбек заңдары және сол ұйымда қабылданған локальдық нормалар колданылады

Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де , жойылуына да себеп кер болуында . Мысалы , басқа жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының өзгеруін , ал еңбек шартының тоқтатылуы еңбек қатынастарының жойылуын корсетеді .

Жеке еңбек шартының мазмұны – еңбек нарығында оның тараптарының жұмысшы мен жұмыс берішүнің екіжақты келісіміне байланыста құылады . Жеке еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жағдайларын екі топқа бөлуге болады міндетті және қосымша ( факультативті) еңбек жағдайлары

Қазақстанда Республикасындағы Еңбек туралы Заңның 10 – бабына сәйкес жеке еңбек шартының мерзімі белгісіз мерзімге белгілі мерзімге және белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін

Барлық жағдайларда жеке еңбек шартында және жұмыс берушінің бұйрығында жеке еңбек шартының жасалған мерзімі көрсетілуі тиіс , егер көрсетілмесе ол белгісіз мерзімге жасалға еңбекшарты болып табылады .

Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек кітапшасын , жеке басының куәлігін , білімі немесе кәсіби даярлығы туралы кұжаттарын талап етуге құқылы .

Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері еңбек туралы Заңны 25 бабында көрсетілген

Жеке еңбек шартын тоқтуды мерзімі бітуіне қарай және мерзімінен бұрын тоқтату деп бөлген жөн . Жеке еңбек шарты жасасылған мерзімнің бітуіне қарай ол әлде бір қосымша дәлелдемесіз тоқтатылады .. Еңбек туралы Заңның 25 – бабы , 1 – тармағының , 1 – тармақшасы ..

Жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланасты емес мынадай мән – жайлар бойынша. қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде; қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай – ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар – ошарсыз кетті деп таныған жағдайда сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі , соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуы тиіс .. Еңбек туралы Заңның 30- бабы ..

Еңбек туралы Заңның 26 – бабы бойынша жасалған жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша мына жағдайларда бұзылуы мүмкін

1 үйым .. заңды тұлға.. таратылғанда , жұмыс берушінің ..жеке адамның .. қызметі тоқтағанда

2 қызметкердің саны немесе штаты қысқартылғанда

3 жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде қызметкердің жеткілекті біліктілігінің болмауы не белгілі бар жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкессіздегі аңғарылғанда

4 жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде , еңбекке уақытша жарамсыздығы саладарынан сондай – ақ заңдарда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе , жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін . Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкімет бекітеді . Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны .. қызмет.. еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін сақталады .

Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері.

Жұмыс уақыты дегеніміз – қызметкер немесе жұмысшы жұмыс берүшінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес міндеттерін орындайтын уақыты .

Жұмыс уақытын Еңбек туралы Заңның I –V тарауларына сәйкес негізгі үш түрге бөліп қарастыруға болады

1 Қалыпты жұмыс уақыты . Еңбек туралы Заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс .

2 Қысқартылған жұмыс уақыты . Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 14 жастан 16 жасқа дейінге қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан ; 16 – дан 18 – ге дейінгі жұмысшыларға – аптасына 36 сағаттан аспайтын ; ауыр дене жұмыстарына .. бұл жұмыстардың тізімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді .. және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді . .. Еңбек туралы Заңның 46 – бабы ..

3 Мерзімінен тыс жұмыс уақыты . Жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзімінен тыс , жұмыстар деп есептеледі . Мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға қызметкердің келісіміімен ғана жол беріледі ал 18 жасқа толмаған қызметкерлер ондай жұмыстарға жіберілмейді ...Еңбек туралы Заңның 49 - бабы..

Әрбір қызметкер үшін мерзімінен тыс жұмыстар бір күнтізбелік күн ішінде екі сағаттан ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды , кауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс .

Еңбек жағдайлары және өте қауіпті кезде мерзімінен тыс жұмыстарға тартуға тиым салынады ..( Еңбек туралы Заңның 50 – бабы ..)

Еңбекті қорғау – еңбек құқығының маңызды институттарының бірі болып табылады . Еңбекті қорғау дегеніміз – еңбек процессі кезінде қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі . Бұл жүйе құқықтық , әлеуметтік – экономикалық , ұйымдық – техникалық , санитарлық – гигиеналық , емдеу – профилактикалық шаралардан тұрады .

Еңбекті қорғау туралы заңында еңбекті қорғау саласында қызметкерлерге мынадай құқықтар береді

  • қызметкерлер жұмыс берушілерден , мемлекеттік және қоғамдық органдардан жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары , денсаулыққа келетін зиянның болуы және денсаулықты қорғау үшін колданылған шаралар жөнінде ақпарат алуға құқылы

  • тікелей өміріне және денсаулығына зиян келтіретін қауіп пайда болғанда осы қауіп жойылмайынша жұмыстан бас тартуға және еңбек шартында қарастырылмаған ауыр , қауіпті және зиянды жұмыстан бас тартуға құқылы .

Еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан кәспорын жұмысы тоқтатыла тұрған жағдайда қызметкелерге тоқтап тұрған бүкіл кезең үшін орташа жалақысы сақталады

Еңбекті қорғау туралың Заң еңбекті қорғау саласында қызметкелердің міндеттерін де қарастырады

  • қызметкерлер еңбекті қорғау жөніндегі инструкциялар мен ережелерді сақтауға .. мысалы , кәспорынның ішінде , құрылыс орындарында .. және ұжымдық немесе жеке қорғану құралдарымен .. киім , бас киім , көзілдірік .. дұрыс пайдалануға міндетті.

  • егер еңбекті қорғау жөніндегі ережелер белгілі бір жұмысты атқару үшін арнайы оқу және техника қауіпсіздігі жөнінен емтихан тапсыру жүктелсе жұмысшы бұл оқуды жұмыс уақыты кезінде оқуға міндетті . Бұлардан бас тарту еңбек тәртібін бұзу деп есептеледі .

  • қызметкерлер өз басшыларына кез – келеген өндірісте болған жазатайым жағдайлар жөнінде хабарлап отыруға , кәсіби сырқаттың бастапқы белгілері байқалған жағдайда ол жөнінде хабарлап отыруға міндетті.

Еңбек даулары көп жағдацларда еңбек жағдайында қатысты туындайды . Еңбек жағдайлары дегеніміз – қызметкер өзінің еңбек міндеттерін жүзге асыру үшін қажетті әлеуметтік – құқықтық және өндірістік факторлар . Әлеуметтік – құқықтық факторларға еңбек ақысын , жұмыс уақытының ұзақтыған , жылдық демалыс уақыты және өзге де заңмен бекітілген жағдайларды жатқызуға болады . Ал , өндірістік факторларға техикалық санитарлық , гигиеналық және өнірістік – тұрмыстық жағдайлар жатады .

Еңбек дауларын сотта қарау тәртібімен қарағанда қызметкерлер мемлекеттік баж салығын төлеуі мен істі қарауға байланысты өзге де шығындарды төлеуге міндетті емес .

Еңбек даулары пайда болған құқықтық қатынастарының түрлері бойынша екі негізгі түрлерге бөлінеді 1 қызметкерлер мен ұйым экімшілігінің арасында туындайтын жеке еңбек даулары . 2 ұйым қызметкерлері мен жұмыс береушілердің арасында туындайтын еңбек даулары .

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы және қамсыздандыру түрлері.

Барлық , өзін әлеуметтік мемлекет деп танитын мемлекеттер әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қатынастарын реттеуде белгілі бір қағидаларға сүйенетіні белгілі . Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларына мыналарды жатқызуға болады

  1. Қамсыздандыру барлық азаматтарға тегіне , жынысына , ұлтына қарамастан бірдей жүргізіледі

  2. Әлеуметтік қамсыздандыру деп тек қана зейнетқы және жәрдемақы толеуді емес , алуан түрлі комектердің түрлерін тануға болады

  3. Азаматтарға тек әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде құқықтар берліп қана қоймай олар қорғалып отырады

  4. Қамсыздандыру мемлекеттік бюджет есебінен және өзге де түсімдер есебінен жүргізіледі

5. Әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен деңгейі еңбек үлесінің мөлшерінен , қамсыздандыруды қажет ету себептеріне және өзге де әлеуметтік деректерге қатысты болады .

8--дәріс. Экологиялық құқық негіздері

  1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі

  2. Экологиялық мәселерер: түрлері, шешу жолдары

  3. Экологиялық заңдар

  4. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық

  5. Жер құқығы неніздері

  1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі.

Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелік салаларының негізгі тіректерінің бірі болып ұғымдар ен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ғылым. Қоршаған орта - табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғандағы жиынтығы. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтуруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластануы – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай – ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің , магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондқтан адамзаттан табиғтатты барынша тиімді, сапалы, унемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресрутарды пайдалану. Табиғат ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері.

Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке,заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен, мүдделерін қорғау барысында туындайтын қатынастарды оқытады.

Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және тоериялық жағынан игенрудің амал-айларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшыі адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік – құқықтық және азаматтық-құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.

Экологиялық құқықтықтың қағидаттары. Қағидат - құқықтық нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын,мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологялық заңнамалардың мәндерін, сипатын, экологиялық қаынастардың дамуының объективті заңдылықтарын көрсетеді.

Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады: 1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегң мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; 2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі болашақ болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу; 3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру; 4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезенімен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу; 5) биологиялық алуан түрлікті және экологиялық , ғылыми және мәдени жағынан маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету; 6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзған үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; 7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау; 8) халықтың,қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы; 9) халықаралық құқық негізіндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығын қалыптастыру тарихы, экоқұқықтың пәні, әдістері, қағидалары, экоқұықтың деректерінің көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қоршаған ортаны мемлекеттік басқару мен реттеу, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық – бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және экологиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи-қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырды.

Ерекше бөлім жерді,суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтың экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады.