Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек_15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
125.95 Кб
Скачать

1 Сағаттан соң 80 рет сағатына, ал бірнеше уақыттан соң 10 сағат 5 ретке өзгереді.

В- аймағында жарықтан сақтану ішкі шекарада радиацияның дозасының көрсеткіші.

Д = 1200 құрайды, радиацияның көлемі жарылыс өтіп бір сағаттан өткен соң 240рет сағатына, .ал 10 сағаттан 15 рет сағатына болады. Сақтану үшін бірінші түнде барлық жағдайда есте сақталу керек радиацияның дозасы 5 % құрайды. Осыдан барып түнде тығылатын немесе түнейтін жер қарау керек. Электромагнитті импульс электрлі магнит шекарасын көрсетеді, гамма сәулесінің әсер ету кезінде атомдар электрондар иондарын, оның жалғасуына оншақты миллисекунд құрайды. Электромагниттік импульс кезінде алшақталған көлемде электрлік приборлар заладануды көрсетеді. Электромагнит импульс кезінде радиоэлектрлік аппаратура бөлішектеріне көп зиянын келтіретін білмеудің нәтижесін де қосылған тізбектер, әсіресе электромагниттік импульстің әсер ету газдың вакумдық приборлардың конденсаторларының жұмысын істен шығарады. Бұзылмаған аппаратуралар электро магнитті импульста арнайы автоматтық түрде жұмысын тоқтатады.

Чернобль АЭН-нін апаты радиоактивті заттардың лақтырылу әсерінен, көп шаруашылыққа әсер етті. Адамзат тарихында мынадай үлкен апат әлі болған жоқ . Адамзатқа тиген ядролық апатың әсерінің жойылуын бір адамның өміріне жұмсаған уақытымен салыстыруға болады.

Чернобль апаты өзінің ядро ұшағынан пайда болған зардабы әлі де бірнеше адамның өмірімен жалғасады. Кушті болған аппатты экономикалық шығын тура жұмсалған шығынды Чернобль апат аймағы және басқа айналасында болып жатыр. Міндетті түрде ауа тазалығы қоршаған ортаның ластануын есте шығармау қажет..

Радиоактивті зақымданудан кейін құрылыс аймағын қирауларын, энергоблок шығынын анықтайды.

Тура шығындар 130 млр доллар болып саналады, оның ішінде тікелей тура шығыны 65 млр доллар.

Апрель айының 26-27 күндері 1986 жылы Чернобльдің АЭС-нің төрт блогы тоқталды.

Бұлардың үш блогы 1986 жылдың аяғында іске қосылады. 4 блок жұмысын тоқтатты. 1986 жылдың август айында 6 жылдан кейін іске қосылды. 1986 жылы август айында МАГАТЭ конференциясында Вена қаласында совет үкіметі айыпты болған аппатты ашық түрде жариалады. Басты жазба жаңалықтары, екі реактордың жарыласы, үлкен реактордың залдануы 100р деген нормасын көрсетеді. Екінші жарылыстың көрсетілуі куәгерлердің айтуынша 3-5 секундтан кейін болғанын анықтап берді. Апаттың бірінші күні радиациялық заттардың ауаға тарауы 10-мың метр төменгі атмосфералық қабатқа дейін көтеріледі. Осы уақытта ақырындап ауа Батысқа жылжиды. Орташа жылдамдықпен Солтүстік –Шығысқа, Скандинавияға елдеріне жылжды, оның үстіңгі жағы шығыс жаққа Қытай, Жапон, АҚШ елдеріне де барады. Ең көп радиациялық улы заттар атмосфераның орталық қабатында болады. Екінші күні ақырындап Солтүстік-Батысқа жылжып келе жатқан ауа массасы Оңтүстік батысқа ауысты.

Радиоактивті заттар Голландия, Великобритания, Бельгияға, ФРГ-ға, Чехияға, Англия мемлекеттеріне ауыса түсті.

Ауыспалы жел Турциямен, Грецияға әсер етті.

Чернобль апаты себептері 5-түрге бөлінеді.

  1. Қайталанбас қателік қызметшілердің қаупсіздігін техника сақтандыруынан қателік жіберілген.

  2. Жеткілікті мемлекет қызыметкерлерінен бақылау болмаған, пайдалану зерттеу әдістері осы станцияда талапқа сәйкес жүргізілмеген.

  3. Станцияда істейтін қызметкерлердің біліктілігі өте төмен.

  4. Егерде реакцияның концентрациясы табиғат ерекшелігі бойынша тоқталу әдістерінен істелетін болса, онда радиациялы заттардың ауаға бұндай үлкен күшпен тарамайтын еді.

  5. Нақты түрде реакциялардың құралуы басқа түрде істелінбеген.

Химиялық қару атомдық және биологиялық қарулармен қатар, көпшілік шығынға ұшырайтын қарулар қатарына жатады. Алғашқы рет бұл қару 1-ші Дүниежүзілік соғыста қолданылды.

Зақымдаушы факторы жаппай улағыш заттарға негізделген, соғыс құралын химиялық қару деп атаймыз. Улағыш заттар дегеніміз өзіне тән белгілі қасиеттері бар, қолдану кезінде барлық тіршілік иелерімен жан-жануарларды және қоршаған ортаны ұзақ уақыттар бойы уландыруға әсер ететін химиялық заттар қосындысы. Зарасыздау күшін жоғарлату үшін улы заттарды: бу, аэрозоль және тамшы күйлеріне айналдырады.

Улы заттар қолдану әдісіне байланысты адам организіміне тыныс жолдары, тері қабаттары және ас қорыту жолдары арқылы өтеді.

Соғыс жағдайында улы заттар организмге негізделген жоғары тыныс жолдары арқылы өтеді, сонымен бірге зақымданған теріқабаттары арқылы да типті улану ошағында ұзақ уақыт жекелей қорғаныс заттарынсыз болған жағдайда бүтін тері қабаттары арқылы да өте алады.

Химиялық қарудың құрамды бөлігі, улы заттардың адам организімін улану мүмкіндігін, уландыру мөлшері деп атайды.

  1. Уытты химиялық заттардың классификациясы мен ерекшеліктері:

Зақымдану қабілетіне байланысты уытты химиялық заттар 6-топқа бөлінеді:

  1. Нерв жүйесін салдандыра әсер ететін (зарин, заман, V-газы).

  2. Тері қабаттарын іріндете әсер ететін (иприт, азотты иприт).

  3. Жалпы организмге уытты әсер ететін (хлорициан).

  4. Тұншықтыра әсер ететін (фосген, дифозген).

  5. Психомитетикалық әсер ететін уытты заттар (Би-Зет).

  6. Тітіркендіре әсер ететін уытты заттар (хлорацетофенон, адамсит т.б. жатады).

Тактикалық қолдану әдістеріне, зақымдау қасиетіне байланысты уытты заттар келесі топтарға бөлінеді: өлімге әкеп соғатын мөлшеріне, қарсыластардың адам күшін уақытша саптан шығаратын, тітіркендіре әсер ететін және оқып-жаттығу мақсатында қолданылатын улы заттар.

Негізгі химиялық қару құралдарының арсеналы болып өлімге әкеп соғатын түрі жатады. Зақымдау және қолданылған аймақтарда сақталу қабілеттеріне байланысты: тұрақты және тұрақсыз уландыру аймақтары болып екіге бөлінеді. Тұрақты уландыру ошақтарындағы химиялық улы заттар өз әсерлерін бірнеше тәуліктен бір аптаға дейін сақтайды, бұларға: Ви-Экс, иприт және заман жатады.

Тұрақсыз улы химиялық заттарға, ашық алаңқайларда қолданған жағдайда тез арада, зақымдау қасиетін жоятын улы заттар көгерткіш қышқылы, хлорциан және фосген жатады. Сонымен бірге ағзаға әсер ету мерзіміне байланысты, тезарада және баяу әсер ететін уытты заттар болып бөлінеді.

Тез, санаулы уақыт ішінде әсер ететін улы заттармен зақымдану кезінде жасырын кезең болмай, бірнеше минуттардан кейін-ақ ағзада улану белгілері байқалады, оларға зарин, заман, көгерткіш қышқылы, хлорциан, Си-Ар жатады.

Баяу әсер ететін уытты химиялық улардан зардап шегу кезінде, ағзадағы болатын улану белгілері біршама уақыт өткеннен кейін ғана байқалады.

  1. Нерв жүйесін салдандыра әсер ететін уытты химиялық қосылыстарға фосфор, органиқалық зарин, заман, Ви-ЭКС улы заттары жатады. Бұлардың барлығыда түссіз, иіссіз, бір-бірінен булану, улау сонымен бірге химиялық құрылымы, физикалық қасиеттерінде ғана өзгешеліктері бар сұйықтықтар. Ең бастысы бұлардың барлығыда биомеханикалық қасиеттеріне байланысты орталық нерв жүйесіне әсер етіп бұлшық еттерді тартылдырып, салдандырып және көп жағдайда өлімге әкеп соғады.

Зарин тұрақсыз уытты уландырғыш затқа жатады, тез буланады, меншікті салмағы 1,1, қайнау температурасы 158°С, қату температурасы- 56°С, суда ериді, майлармен еріткіштерде өте жақсы ериді.

Химиялық құрылымы жағынан өте жандандырылған, су және қышқылдар ерітінділерімен қосылысқа түседі. Зарин өте күшті уытты, жасырын әсер ету кезеңі жок, орта өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 0,10 мг/л, бу күйінде қолданылады.

Ви-ЭКС булану қабілеті төмен, суда нашар еритін уытты химиялық зат. Меншікті салмағы 1,1м қайнау температурасы 300°С, қатуы-50°С. Қолданылған аймақтарда тұрақтылығы жаз айларында бір апта, ал қыста бір айдан астам. Аэрозоль күйінде қолданылады және противогаз, сырт киімдер және бүтін тері қабаттарынан өтіп кете алады. Ви-ЭКС, заринмен салыстырғанда бірнеше есе уытты, уақыт кезеңінің өтуіне байланысты ағзаға өткен улардың қоры пайда болып біршама ұзақтықтан кейін бірден өлімге әкеп соғады. Ауа арқылы организмге өткен жағдайда, орташа өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 0,01 мг/л, ал тері қабаттары арқылы өтіп организмге әсер еткен жағдайда бір адамға 7 мг. келеді.

Теріні-іріңдете әсер ететін уытты заттар, бұлар негізінен тері қабаттарына әсер етеді, сонымен бірге бу және аэрозоль күйіндегі түрінде де ағзаны уландырады. Негізгі өкіліне түссіз, май тәріздес, суда баяу еритін иприт сұйықтықтары жатады. Бұлар қоршаған орта заттарына тез сіңіп, газсыздандыру жұмыстары үлкен қиыншылықтармен жүргізіледі. Қайнау температурасы 217°С, тұрақты жаз айларында 7 ден 14 күн, ал қыста бір айдан астам уақыт сақталады. Соғыста негізгі қолдану түрі болып бу және тамшылық күйі жатады. Сұйық-тамшылық түрінде тері қабаттары мен көзді зақымдаса, бу тәріздес күйінде-көз, тері қабаттары, тыныс алу жолдары мен өкпені зақымдайды, сонымен бірге тамақ су арқылы ас қорыту жолдарына өтіп улайды. Орта есеппен өлімге әкеп соғатын мөлшері: бу күйінде 1 мин.-1,30мғ/л сүйық-тамшылық күйінде бір адамға 5г. зақымдау белгілеріне: зарасыздану аймағында 2-6 сағат болған жағдайда тері қабаттарының қызарып, 24 сағаттан кейін көпіршіктер пайда болып, ал 2-3 тәуліктен кейін қотырланып жараға айналуы жатады.

  1. Жалпы ағзаны улайтын уытты химиялық заттар тыныс алу мүшелерін зақымдап ткандердін оттегімен қанығу қабілетін бұзады. Негізгі өкіліне көгерткіш қышқылы жатады, ал жағымсыз иісті түссіз сұйықтық меншікті салмағы 0,7, қайнау температура 26°С, қату температурасы-14°С бу күйінде қолданылады. Уытты қасиеті жүйкені салдандыра әсер ететін улы заттардан төмен. Ауа арқылы бу күйіндегі газдың ағзаға өтуі кезінде орта өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 2 мг/л.зақымдау белгілері: тамақ ашып, ауыздың темір татуы, жүрек айнып, бас ауырып, ентігіп және сіңір тартылу. Өлім жүрек еттерінін қызметінің тоқтауынан болады.

  2. Тұншықтыра әсер ететін уытты химиялық улы заттар өкпе қызметін бұзып, тыныс алуды уақытша немесе біржола тоқтатады, негізгі өкілі: фосген. Бұл шіріген шөб иісті, ауадан 3,5 есе ауыр газ, орта есеппен өлімге әкеп соғатын мөлшері минутына 3,2 мг/л.

Зақымдау белгілері қөзді әлсіз тітіркендіріп, жас ағызып, бас айналдырып және жалпы әлсіздік байқалады, улану ошағынан шықсымен бұл белгілер жоғалып жасырын кезең басталып, 4-5 сағат аралығында өкпенің қабынуына әкеп соғады. Зардап шегуінің жағдайы күрт нашарлап, дымқыл жөтел пайда болып, ерін көгеріп, бас ауырып, ентігіп тұншығады және дене қызуы көтеріледі. Өлім бірінші екі тәулікте өкпе тканінің қабынуынан болады.

  1. Психомиметикалық улы заттар қарсыластардың адам күшін уақытша қатардан шығару мақсатында қолданылады да, бірінші кезекте нерв жүйесіне әсер етеді. Негізгі өкілі- Ви Зет – ақ қиыршықтәріздес ұнтақ, меншікті салмағы-1,8, қайнау температурасы-412°С, балқуы-190°С, негізгі химиялық қаруда аэрозоль күйінде қолданылады. Адамдарды тыныс алу мүшелерімен ас қорыту жолдары арқылы зақымдайды, жасырын әсер ету мерзімі 50 мин. 3 сағат.

Зақымдау белгілері: есту және сөйлеу қызметінің тежелуі мен жүрек айнып құсудың пайда болуы, одан кейінгі уақыттарда зардап шегуші қозып, галлюцинациялардың пайда болуы Би-Зетті қолданудағы басты мақсат, жау қарулы күштерінің тәртібін бұзып,экстремалды жағдайда дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін жою.

  1. Тітіркендіре әсер ететін улы заттар көздің шырынды қабықтарының және жоғарғы тыныс жолдарының сезімталдық қасиетін жоя әсер етеді. Улану ошағынан шыққаннан кейін, барлық жағымсыз белгілер жойылып, бірақ қайта улану қорқынышы қалыптасады. Негізгі өкілі болып – С/игры-ЭС есептелуі, бұл ақ түсті ұнтақ, суда баяу ериді.

Бологиялық қару-бұған жататындар: биологиялық заттармен жабдықталған приборлар. Олар адамдар мен хайуандарға жүқпалы ауру тарату үшін өсімдік және азық-түлік қорларын бұзуға қолданылады. Биологиялық қарудың негізгі түрі-ауру туғызушы микроорганизмдер. Сонымен бірге жұқпалы дертпен ауырып жүрген кеміргіштер: тышқан,суыр, қосаяқ пен құрт-құмырсқалар пайдаланады. Биологиялық қарудың зақымдау күші мынадай факторларға: ауру туғызушы микроорганизмдердің қасиеті мен халықтың тұрмыс жағдайына, санитарлық тұрмыс дәрежесіне сондай-ақ алдын-ала жасалған қорғау, егуге және жыл маусымы жер бедерінің түріне, емдеу, профилактикалық шараларға, эпидемияға қарсы күресуші орындар мен олардың қолданған әдістеріне байланысты болады. Биологиялық қару жаппай дерлік зақымдағыш қару. Оны қолданудың нәтижесінде адамдар мен хайуандар арасында үлкен апат тудыратын көптеген жұқпалы аурулар тарайды. Сондықтан бұл қарудың ауыр зардабынан сақтану шараларын күні бұрын белгілеп толық жүзеге асыра білу қажет. Аурудың көп тарауына жол бермеудің кепілі – жұқпалы ауру микробтарының түрін уақытында анықтап, карантин жасау.

Биологиялық қарудың қолданылғаны туралы сигнал алысымен жаппай тығыз бекітілген ғимараттарға тез жасырыну керек. Таяу жарде арнайы паналау ғимараттары болмаған жағдайда тыныс жолдарын қорғаудың жекелей құралдарын (противогазды) пайдалану керек.

Әр түрлі жұқпалы ауруды микробтардың тек қана белгілі түрі қоздырады.

Ауру туғызушы бактериялар-бұлар өте үсақ тірі организмдер, көпшілігі бір клеткадан тұрады, оларды тек қана микроскоп арқылы көруге болады. Бактериялар жай түрде бөліну арқылы тез көбейеді.

Күн сәулелері, дезинфекциялаушы ертінділер әсері мен жоғары температурада бүлар тез жойылады да, төменгі температурада тіршілік қабілетін толық сақтайды. Бактериялар қоздыратын аурулар: тырысқақ, оба, түйнеме (күйдіргі) т.б.

Бактериялардың токсиндері-кейбір ауру қоздыратын бактериялар (ботулизм, сіреспе, дифтерия) күшті улы заттар шығарады. Бактериялы улардың ішінде ең күштісі ботулизм улы. Бактерияның токсиндері адамның денесіне тисе, өте қауіпті аурулар туғызады. Әрбір бактерия токсиннің зардабынан болатын аурулардың өзіне тән белгілері бар. Мәселен, ботулизм токсинінің әсрінен пайда болған аурудан ботулизым токсинінің белгісі байқалады. Сондықтан бактериялы токсиндер әсерімен болған жұқпалы ауруларға қарсы күресу үшін алдын-ала олардың қандай бактерия токсинінен жұққанын анықтау қажет. Содан кейін тиісті профилактикалық және емдеу шаралары жүргізіледі.

Ауру туғызушы вирустер- бұлар да өте ұсақ тірі организмдер, олардың көлемі бактериялардан жүз, тіпті мың есе кіші деуге болады. Вирустарды электронды микроскоп арқылы көруге болады. Бұлар тек қана тірі денеде өседі, қолдан жасалған азықтық заттар ішінде өмір сүре алмайды. Вирустар тоңазыған жағдайда өте төзімді келеді, әрі кеуіп қалған күйде ұзақ уақыт (айлап) сақталады. Вирустар ішек ауруын, сары безгек т.б. таратады.

Ауру тудырушы саңырауқұлақтар-олардың бактерияларға қарағанда көбею жолы мен құрылымы өте күрделі. Сонымен қатар бұлар күн сәулесінің әсеріне төзімді. Саңырауқұлақтардың көлемі 2-3 микрон. Көпшілігі спора арқылы тарайды. Саңырауқұлақтардан тарайтын аурулар: актиномикөз, таз ауруы (қотыр), трихофития.

Ауру туғызушы риккетсиялар-ұсақ организмдердің ерекше тобына жатады, бұлардың қасиеттері бактериялар мен вирустар тектес. Риккетсиялардың сыртқы көрінісі, көлемі бактерияларға ұқсайды, ал көбею жолы және тірішілік жасау жағдайы вирустардай, тек тірі денелерде тіршілік етеді. Риккетсиялардан туған ауруларды риккетсиөз деп атайды. Риккетсиялардан мынадай аурулар пайда болады: безгек, эпидемиялық бөртпе-сүзек, шын безгегі т.б.

Кейбір өсімдіктердің ауру қоздырғыштары да қауіпті болады. Бактериологиялық қарудың ерекшелігіне жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының эпидемия туғызатын қасиеті жатады, яғни аз уақыттың ішінде бірталай территорияда адамдарды жаппай осы ауруға үшырату. Бактериялық құралдардың өзгермелігне мынадай қасиеттер жатады: организмге қоздырғыштың болмашы мөлшері тисе де ауру пайда болуы, инкубациялық біліну кезеңі болуы, анықтауының қиыншылықтары және күшті психикалық әсері.

О Б А (Чума)

Оба өте қауіпті, өткір инфекциялы ауру. Эпидемиялық таратылу мен ауыр интоксикациямен анықталады.

Оба қоздырғышы қысқаша, қозғалмайтын, жұмыртқа пішініндей таяқша. Бұл аурудың микроорганизмдері практикада қолданылатын дезинфекциялық шараларға өте сезімтал. Олар 55°С температурасында тез жойылады. Көп жағдайда оба ауруы малдарда болады (300 ден астам), әсіресе кемірушілер оның ішінде қөртышқан, суыр және т.б. кемірушілер арасында инфекция-кене (клещ) арқылы таратылады. Адамдарға, әсіресе кене мен жануарлардан жұғады. Адамның оба ауруын қабылдауы өте жоғары және жұқпалы, инфекция ауруды тудырмайтын иммунитет қалдырады. Ауру көбіне қайталанбайды. Ауруға байланысты адамдарда әр түрлі аурудың клиникалық формалары пайда болады; тыныс алу, ішек, қан-тамыр жүйесін, дене сыртындағы, септикалық факторлар.

Инкубациялық кезең 1-5 күн. Оба ауруы басталғанда адам қалтырайды, температура 39°С және одан да жоғары болады. Жалпы интоксикациясы жылдам көтеріледі, қан айналымы бүзылады, тахикардия пайда болады (тамыр соғу 120-160 минутына), қан қысымы төмендейді. Катты науқастанғанда (ционоз) адамның беті өзгереді, қорқынышты күйге түседі. Денесінде пустула немесе жаралар пайда болады. Бұл жағдайда дененің бездері үлкейеді.

Септикалық пішінде адам дірілдейді адинамия пайда болады, қанның теріге жайылуы және сілекей қабыршағына жабысуы, қан қүсуы байқалады.

Бубон пішінінде шек бездері үлкейіп, ауырады. Бубон пішінінде өкпе ауруы туу мүмктіндігі болып, жалпы ағзаның интоксикациясы байқалады.

Ішек пішінінде адам көп қүсады, іш ауруы пайда болады. Клиникалық диагнозды бекіту үшін және кемірушілер мен кенелердің оба ауруын табу үшін- лабораториялық зерттеулер өткізуі керек. Ол зерттеуді арнаулы лабораторияда барлық ережелерге сүйене жасау керек және ауру адамнан анализ (сілекей, қан) алып оны лабораторияға жеткізеді. Оба ауруымен ауырғын адамның емдеуі комплексті болу керек. Спецификалық емдеу үшін стрептомицин, тетрациклин дәрілерін қолдану қажет. Интоксикацияны азайту үшін ауру адамға глюкоза, хлорид натрия ертінділерін, гемодез, пелиглюкин және т.б. дәрілермен емдейді.

Нағыз шешек (Натуральная оспа)

Нағыз шешек-өте қауіпті ауру, ол өте жоғары жұқпалылығымен және барлық адамдарға тез таратылуымен, денеге және сілекей қабыршығына жара шығуымен, жылдам интоксикациямен және өліммен анықталады. Нағыз шешек қоздырғышы-ол ДНК вирусы, ол сыртқы оттада тұрақты болып келеді. Ол кеуіп қалған шешек пустулаларында, ірің шығатын жерде және басқа да нәрселерде бірнеше күннен бастап бірнеше жұмаға дейін сақталып қалады. Кепкен шешек қабыршақтары көп жылдарға дейін жұқпалы болады. Шешек вирусы дезинфекцияда жойылмай қалады, оны 6% лизол, 3% хлорамин және үлкен концентрациялық, дезинфекциялық шараларын қолданады. Инфекцияның қоздырғышы болып – ауру адам саналады. Ол аурудың басталуына қабыршақтары түскенге дейін ауру жұқтырады. Қоздырғыш кепкеп жағдайда тұрақты болған соң, ол адамға шаң арқылы жұғуы мүмкін.

Инкубациялық кезеңі 5-15 күн, ауру өте өткір болады, температурасы 40°С дейін көтеріледі, бұлшық еттері және белі қатты ауруға шалдығады. Екінші үшінші күндері аурудың кеудесіне, жамбасына жаралар шығады, бірнеше тәуліктен соң жаралар кетеді. 4-ші күні температурасы түседі, жағдайы жақсарады. Осындан кейінгі 3-4 күнде аурудың денесінде шешек қотырлары шығады, алдымен папулалар содан соң олар везикулаға айналады, везикулдар іріндеп, пустулаларға айналады да, аурудың денсаулығы нашарлап, температурасы көтеріледі, жүрек соғуы нашарлайды. 14-16 күндері пустулалар кеуіп, қышытады да (2-3 жұмада кепкен терілері түсе бастайды). Жалпы ауру 30-40 күн болады.

Барлық ауруларды госпитальға жатқызады, қатаң түрде бақылау болу керек. Емдеу әдістері комплекстіқ, симптомдық, аурудың емдеуіне қарай, витаминдер, анальгетиктер, ұйықтататын дәрілер береді, ауруға арналған сақтандыру шараларын қатаң және жүйелі түрде қадағалауға тура келеді. Пустулаларды 2 % КМНО 4

ертіндісімен күйдіреді, көзге альбуцид тамызыды және тетрациклин мазін қолданады. Ауыздың, сілекей қабыршағының, тілді 3% боронглициринмен сүртеді. Қышынуды азайту үшін цинк немесе ментол маздерін жағу керек. Науқасты 40 күннен кейін шығарады. Қалалар, елді пункттер немесе халық шаруашылығы объектілерінен шекарасы зақымдау ауқымының шекарасы болып табылады. Бактериялық зақымдау ауқымы дегенді, бактериялық құралдар әрекетіне шалдыққан қалалар, елді пункттер немесе халық шарушылығы объектілері деп түсінуіміз қажет. Инфекциялы науқасты күткен кезде жұқтырып алмау үшін міндетті түрде арнаулы киім (халат, шәркей, қалпақ, шұлық, бірнеше қабаттан тұратын дәкеден жасалған маска немессе респиратор) кию керек. Кейде көзге сақтандырғыш көзілдірік киіп, резина қолғап және етікпен жұмыс істеуге тура келеді немесе обадан сақтану костюмінің толық жиынтығын кию қажет.

Тырысқақ (Холера)

Тырысқақ -өткір инфекциялық ауру. Лоқсып іші ауруымен, үлкен дәреттің тоқтамауынан, су қышқылы баланысын, қанның қамтамасыз етуін және бұйрек функциясын бұзады. Бұл ауру тырысқақ вибрионымен шақырылады, ол аздап бүгілген, ерекше бір жгуты бар, өзгеше келген таяқша, сол жгуты арқылы қозғалады. Тырысқақ вибрионының екі түрі бар, классификациялық және Эль-Тор. Тырысқақ вибриондары дезинфекциялық жойғыштармен тез жойлады, әсіресе онда хлор болса, олар жоғары температураға және қышқылдарға өте сезімтал. Вибриондар көпке дейін суда сақталады, кейде көбейеді. Инфекцияның қайнар көзі болып, реконваленцент және таратушы арқылы болады. Вибриондардың сыртқы шығуы науқастан кеін 1,5-2 ай болады. Тырысқақ ауруы тазартылмаған судан, адам кірлегенде, залалданған тамақ ішкенде пайда болады. Жұғу факторларына байланысты сулы күнделікті және тамақ індеттері байқалады. Баста факторы ол ашық суаттардағы сулардан жұғу болады. Сулы эпидемиялар қызуы көтеріліп ауырғанда анықталады.

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бес күнге дейін болады. Тырысқақ формалары ауыр, орташа, жеңіл болады және осы формалармен ажыратады. Науқас өте өткір басталады. Үлкен дәрет жиі келеді, бірінші күндері 10 рет, ал ауыр формасында 30 және одан да көпке барады. Осыдан кейін адамның лоқсуы қайталанады. Адамның денсаулығы нашарлайды, ол төсекке жатып қалады, бұлшық еттері тырысады. Ол аурудың бірінші кезеңі-тырысқақ гастроэнтерит сорғылу және организмнің шығыны келесі кезеңге әкеледі-тырысқақ алгиды. Бұл кезенде адамның температурасы 35,5-35°С дейін түседі, адам тоңа бастайды, жабысқақ тері пайда болады, ерні, мүрны бозарып көгереді, көз алмасы орбитасына кіріп кетеді. Барлық бұлшық еттері, қалшылдап дірілдейді. Қан қысымы көтеіріледі, жүрек соғу бұзылады. Бұл кезенде адам өліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар құрғақ тырысқақ болады, ол жылдам интоксикациямен анықталады, бірақ адам лоқсымайды, үлкен дәреті де түзу болады. Өлім жүректің әлсіздігінен болады. Эпидемия және клиникалық симптомдарда диагноз қою қиын емес, бірақ аурудың бірінші кезеңінде диагноз анықтау әсіресе, жеңіл формасында қиынға түседі. Сондықтан бұл ауруды білу үшін барлық қөріністерді тауып оның ішінде эпидемиялық анамнез, клиникалық және лабораториялық ауруларды тез түрде госпитальға жатқызады.