Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_barlygy_bar (1).doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

  • әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

  • халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

  • халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;

  • төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

  • зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

  • апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

  • зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

  • төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

  • өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;

  • адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

  • территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

  • республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;

  • облыстық, қалалық, аудандық штабтар;

  • министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;

  • АҚ штабтары немесе қызметкерлері;

  • азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:

  • азаматтық қорғаныс әскерлері;

  • ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;

  • арнайы жасақшылар.

Басқару органдары:

  • Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;

  • республикалық азаматтық қорғаныс штабы;

  • төтенше жағдай жөніндегі комиссия;

  • облыс әкімі;

  • қала әкімі;

  • аудан әкімі;

  • әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет).

Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.

Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.

2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]