Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_barlygy_bar (1).doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
    1. Жүрек-тамыр аурулары

Сіз, әрине, кеудеңізде жүректің соғып тұрғандығын білесіз. Алайда қан айдайтындығы туралы бір сәтке ойланып көрдіңіз бе? Адам шаршаса жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек үздіксіз жұмыс істейді, адамның ми клеткалары басқа органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді.

Жүректің әрбір қысқарған уақытында ол ірі тамырларға елу, жүз текше сантиметр қан жөнелтеді. Ширек стақан, бір қарағанда аз сияқты, алайда осы санды бір минуттағы 60-80 қысқартуға көбейтіңіз, сонда 4-8 литр, ал тәулігіне 10 мың литрға жуық қан айдайды! Жүректің осы бір алып жұмысы ол өзінің жұмысын ақаулы атқарғанша күн сайын қайталанады. Алайда жүректің құрылымы қандай болса да, табиғат оған қандайда бір күшпен төзімділікті сыйласа да ауруға шалдығуы мүмкін.

Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.

Жастардың арасында өз денсаулығына немқұрайды қарау орын алып отыр. Олар кейде ауырған кезде бірақ емделеміз деп даңдайсиды. Ең бастысы ауруға шалдыққанша оның алдын алған жөн. 19 ғасырдың белгілі терапевті М.Я. Мудров былай деген еді: «Дені сау адамдарды өз қолына алу, оларды аурудан сақтау, оларға лайықты өмір салтын көрсету-дәрігер үшін емдеуден гөрі оңай міндет».

    1. Газбен улану

Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыз! Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

  • жалғастырушы түтіктердің ақаулары;

  • түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;

  • бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;

  • майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;

  • оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;

  • оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.

Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.

Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғады. Газ баллоны толтырылған әрі ақаусыз газ баллондарын тек арнайы мамандандырылған газ қызметтерінен ғана сатып алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз!

Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай – ақ жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауы тиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылы жер де (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады! 27 литрлік баллонды ауыстырғанда немесе оған газ толтырғанда қақпақтың саңылаусыз жабылғанын тексеруді талап етіңіз. Нығыздаушы шығыршықтың жай – күйін үнемі тексеріп отырыңыз. Дұрыс шығыршықта кесілген жарық, кедір – бұдыр сияқты ақаулар болмауы тиіс. Газ құрал – жабдықтарын орнату мен жөндеу кезінде тек тиісті құжаты бар мамандарға ғана рұқсат беріңіз. Газды пайдаланып болғанда газ құрал жабдық-тарындағы және олардың алдындағы шүмектерді жабу керек. Ал ас үйдің ішіне баллондарды орнату кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор жалғаушысын жабу қажет. Дұрыс жанғанда жалын бір қалыпты, көгілдір – жасыл түсте болады. Түтіндіктің жыл сайын тексерілуін қадағалаңыз. Тарту күшінің болмауы газдың толық жанбай, иісті газдың бөлінуіне себеп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]