
- •Тіршілік қауіпсіздік негіздері
- •«Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру
- •Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп – қатері
- •1.3. Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі
- •Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар
- •Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары
- •2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі
- •2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
- •2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы
- •2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы
- •Сурет-3 Азаматтық қорғаныс штабының құрылымы
- •2.5. Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
- •2.6. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
- •2.7. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
- •Әсері күшті улы заттар (әкуз)
- •2.9. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •2.10. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары
- •2.12. Медициналық қорғаныс құралдары
- •2.13. Жеке аптечка
- •2.14. Жеке химиялық пакет
- •2.15. Жеке таңба пакеті
- •2.16. Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары
- •2.17. Радиациялық және химиялық барлау құралдары
- •2.18. Эвакуация
- •2.19. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары
- •Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
- •Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету
- •Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •3.4. Естен тануға қарсы шаралар
- •4.1. Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі
- •5.1. Жаралар инфекциясы
- •5.2. Жаралардың жіктелуі
- •5.3. Жарақаттар кезінде асқынушылық
- •6.1. Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
- •Шефер әдісі
- •6.2. Электр жарақаты
- •6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек
- •Жүрек-тамыр аурулары
- •Газбен улану
- •Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз!
- •7.1.Төтенше жағдайды топтау
- •7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
- •7.3.Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •7.4.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
- •7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
- •7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
- •7.7. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі апаттар
- •7.8. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
- •7.9. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
- •7.10. Көлiк апаттары
- •7.11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы
- •Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
- •7.14. Вулкан атқылауы
- •7.15. Опырмалар
- •7.18. Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •7.19. Циклондар мен антициклондар
- •7.20. Дауыл
- •7.21. Боран
- •7.22.Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •7.24. Су басу
- •7.25. Биологиялық төтенше жағдай
- •7.26. Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру
- •7.27. Эпизоотия мен эпифитотия
- •7.28. Табиғи өрт
- •7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті
- •7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру
- •VIII.-тарау. Қр «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы
- •Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы. (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды)
- •Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсету
- •Саңырауқұлақпен улануды емдеу
- •Саңырауқұлақпен уланудан сақтандыру
- •Жыланның шағуы
- •Алғашқы медициналық көмек
- •Қарақұрттың шағуы
- •Кененің шағуы
- •9.1. Қоршаған ортада радионуклиттердің миграциялауы
- •9.2. Экспериметтік бөлім Зерттеу міндеті мен мақсатының тәсілі
- •9.3. Ауыл шаруашылығын радионуклиттермен ластанған жерлерде жүргізу
- •9.4. Радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаларға әсері
- •Ядролық қарудың жарылыс ошағы
- •Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
- •Қорғану жолдары
- •Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •18 Үй, «Қасиет» баспасы.
- •050053 Алматы қаласы, Красногорск көшесі, 71
2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:
республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;
облыстық, қалалық, аудандық штабтар;
министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;
АҚ штабтары немесе қызметкерлері;
азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.
Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:
азаматтық қорғаныс әскерлері;
ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;
арнайы жасақшылар.
Басқару органдары:
Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;
республикалық азаматтық қорғаныс штабы;
төтенше жағдай жөніндегі комиссия;
облыс әкімі;
қала әкімі;
аудан әкімі;
әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет).
Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.
Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.
Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.
Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.
2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.