Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазіргі кездегі дипломатия_050202-Халықаралық қ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
455.68 Кб
Скачать

6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар

АҚШ-ғы дипломатиялық институттардың құрылу тарихы. АҚШ-тың дипломатиялық және консулдық қызметтері. Мемлекеттік департамент пен шетелдік қызметке арналған мамандарды әзірлеу. Ондағы өзгерістер. АҚШ-тың Конгресі қабылдаған «АҚШ-тың шетелдік қызметі туралы» заңы.

Американдық дипломатиядағы «ашық дипломатия» саясаты. Оның мәні мен мазмұны. Оның кең тараған кезі.

Американдықтардың «көпшілік дипломатия» терминін енгізуі. Оның мәні. Көпшілік дипломатиядағы ақпараттық бағыттың кең таралуы.

Американдық дипломатияға тән негізгі белгілер:

- АҚШ-тың кәсіби дипломатиясындағы мамандар – сыртқы саясаттың инструменттерінің бірі ретінде;

- дипломатиядағы президенттің үлкен рөлі;

- сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың жетекшілері немесе оларға жақын жүргендердің дипломатияға ықпалы;

- сыртқы саяси шешімді қабылдаудағы американдық стильдің ерекшеліктері (конгрестегі талқылауларға қатысу, іскер топтың өкілдерін, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін кеңірек тарту т.с.с.).

АҚШ-тың дипломатиясындағы реформалар. Американдық дипломатиялық мектептер.

Ағылшын дипломатиясының қалыптасу тарихы. Қазіргі заманғы ағылшын дипломатиясы. Онда жүрген реформалар және олардың нәтижелері. Ағылшын дипломатиясындағы ерекшеліктер.

Ағылшын дипломатиясындағы қауіпсіздік мәселесі. «Ағылшын дипломатиясы – бұл сауда».

Ағылшындық дипломатиядағы британдық қызығушылықтар және оларды сақтап қалудың жолдары.

Ағылшын дипломаттары. Олардың басқа дипломаттардан айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

Негізгі әдебиеттер: 6, 18, 32, 33, 37, 38, 39.

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68

7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы

Классикалық дипломатияның үлгілерінің бірі – француз дипломатиясы. Француз дипломатиясы – қазіргі әлемдік дипломатияның негізін қалаушылардың бірі ретінде.

Француз дипломатиясының ұлттық ерекшеліктері. Олардың стильдерінің ерекшеліктері.

Француз дипломаттарының ерекшеліктері. Келіссөздер жүргізу мен байланыстар орнатудағы француз дипломаттары мен шенеуніктерінің қызметі. Олардың басқалардан айырмашылығы.

Неміс дипломатиясының қалыптасу тарихы. Неміс дипломатиясындағы басты ұстаным. Ұлттық қағида.

ХХ ғ.аяғы - ХХІ ғ. басындағы неміс дипломатиясындағы өзгерістер.

Неміс дипломаттары. Олардың басқа еуропалық дипломатиялық корпустардан айырмашылықтары мен ерекшеліктері.

Итальяндық дипломатияның қалыптасу тарихы. Итальяндық дипломатияның тәжірибесі мен дәстүрі.

Негізгі әдебиеттер: 9, 18, 32, 33, 35, 39

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68

8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы

Шығыс дипломатиясы. Оның Батыс елдері дипломатиясынан ерекшеліктері. Жапон дипломатиясы. Жапониядағы дипломатиялық қызметтің қазіргі құрылымы. Дипломатия тарихының дәстүрлерін сақтау, оны құрметтеу. Жапондық дипломаттарға қойылатын талаптар. Жапондық дипломаттардың сипаты. Қазіргі дипломатиядағы жапондық дипломаттардың стильдері.

Қытай дипломатиясының тарихына шолу. Қытай дипломатиясындағы оң өзгерістер. Артта қалған мемлекеттен ядролық державаға айналуы. Қытай дипломаттарына тән белгілер. Қазіргі қытай дипломатиясының дамуы. Оны сипаттайтын басты белгілер – тәуелсіздік пен мемлекеттің қауіпсіздігі; ішкі саясатына ешкімді араластырмау; экономикалық дамудың артықшылықтарын пайдалана отырып, әлемдік экономиканы «қытайландыруға» ұмтылу т.с.с.

Үнді дипломатиясының тарихына экскурс. Қазіргі кездегі үнді дипломатиясы. Үнділік дипломаттарға тән ерекшеліктер – жоғары кәсіби шеберлік; жан-жақты байланыс; өз елінің мүддесін қорғау.

Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39, 40.

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68