
- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия»
- •050202-Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Баға туралы ақпарат:
- •1.9 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •9 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •10 Тақырып. Дипломатиялық корпус: Латын Америка және араб елдеріндегі дипломатия
- •11 Тақырып. Дипломатиялық әңгімелер
- •12 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •13 Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің эволюциясы, оқиғаны болжау.
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпустың ерекшеліктері, дипломаттың қабілеті.
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, және итальяндық дипломатия
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •2.5 Оқытушының жеткшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференциялық дипломатия, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау.
- •3 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипкорпустардың арасындағы байланыстар, дипкорпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы.
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапондық, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: Латын Америка елдерінің және араб елдерінің дипломатиясы
- •10 Тапсырма. Дипломатиялық әңгімелер
- •11 Тапсырма. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •12 Тапсырма. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •2.8 Өзін-өзі тексеру үшін арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.9. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
- •050202 – Халықаралық қатынастар
2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы
«Ескі дипломатия» ұғымы. Оның құрамдас бөлімдері. «Құпия дипломатия». Оның таралу жолдары мен кездері.
ХХ ғасырдағы дипломатиядағы өзгерістер мен енген жаңалықтар. «Жаңа дипломатия» ұғымы. Оның құрамдас бөлімдері. «Көпжақты дипломатияның» пайда болуы. Оның дипломатия тарихы мен халықаралық қатынастардағы маңызы мен мәні.
«Жаңа дипломатиядағы» сараптамалық ақпараттардың маңызды орынға ие болуы. Оның ғылыми сипат алуы.
«Жаңа дипломатиядағы» консенсус. Оның қолдану аясы.
Консенсус дипломатиясындағы «тең құқылық дипломатия» («паритетная дипломатия») ұғымы және оның мәні.
«Жаңа дипломатиядағы» әдістер мен тәсілдер.
«Ескі дипломатия» мен «жаңа дипломатияның» ара-қатынасы. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Қосымша әдебиеттер: 1 , 2 , 5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33,
36, 39
Қосымша әдебиеттер: 4, 11, 12, 17, 24, 25, 34,68
3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
Халықаралық қатынастардың тәжірибесінде көпжақты дипломатия институтының жаңа түрі – конференцияның пайда болуы. Конференцияның пайда болуы тарихына экскурс жасау. «Көпжақты дипломатияға» енген жаңа термин «конгресс». «Конгрестің» «халықтық дипломатияға» айналуы.
ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған конференция дипломатиясы. Оның таралуындағы әмбебап халықаралық ұйым БҰҰ-ның рөлі мен қызметі.
ХХ ғ.екінші жартысындағы дипломатиядағы жаңалықтардың бірі – арнайы миссиялардың пайда болуы. Елшілермен қатар мемлекеттің немесе үкіметтің, ал қазіргі кездегі дипломатияда жиі орын алатын сыртқы істер министрі атынан келіссөздер жүргізу үшін қызмет көрсететін арнайы өкілдердің пайда болуы.
Қазіргі дипломатиядағы басты сұрақтардың бірі экономикалық мәселелер болғандықтан сауда дипломатиясының пайда болуы. Өткен замандардағы сауда дипломатиясының тарихына қысқаша шолу. Мысалы, Италиядағы (Венеция, Рим, Флоренция, Генуя т.б.), Франция (Париж, Лион т.б.), Қытай (Шәуешек, Пекин, Гуанчжоу, Үрімжі т.б.), Жапониядағы т.б. мемлекеттердегі сауда дипломатиясының ерекшеліктері.
Жекелеген мемлекеттердің сыртқы саясатындағы «сауда дипломатиясының» алатын орны. «Сауда дипломатиясының» «экономикалық дипломатияға» ұласуы. Халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың пайда болуы. Қазіргі кезде олардың әлемдік экономикалық интеграцияға жол ашуы. Өзара тәуелділіктің туындауы.
Дипломатия тарихындағы құпия ақпарат алулар мен барлау. Оның қазіргі кездегі түрлері. Барлау институты. Оның орталықтары. АҚШ-ғы Орталық барлау басқармасы, Мемлекеттік департаменттің бөлімдері; КСРО-ғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлау топтары т.б.
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39.
Қосымша әдебиеттер: 4, 11, 12, 17, 24, 25, 34,68
4 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
«Дипломатиялық байланыстар» ұғымы. Оған әсер етуші факторлар.
Бірінші фактор – сенімділік таныту. Егер тараптардың бірі екіншісіне күдіктеніп, сенімсіздік танытса, онда дипломаттар ешқандай ортақ мәмілеге келе алмайды. Сондықтан тек қана сенімділік танытқан жерде ғана қарым-қатынас нығая түседі, серіктестер бір бірін жақын танитын болады.
Екінші фактор – пайда әкелу. Бұл фактор дипломатиялық байланыстар үшін маңызды талаптардың бірі. Кейде кездесу немесе әңгімелесу үстінде оған қатысушылардың арасынан өзіндік пікір айта алмайтын, білімі терең емес немесе бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтермен ғана шектеліп қалатындар кездеседі. Мұндай келеңсіз оқиғалар болмас үшін, дипломатиялық байланыс орнату кезінде тараптарға бірдей пайда әкелетін фактор керек.
Үшінші фактор – орнықты, тұрақты сипатқа ие байланыстардың болуы. Нақты дипломатиялық байланыстар жүру үшін, дипломаттар актер сияқты өз рөлдерін жақсы ойнай білулері керек әрі үнемі тұрақты байланыс жасап отырулары керек. Сонда ғана екі және көпжақты қарым-қатынастар сәтті болады.
Дипломатиялық байланыстарды орнату үшін оларға қажетті факторлардан басқа дипломатқа тән қасиеттер керек. Ол үшін дипломат өз мемлекетін, оның ерекшеліктерін жақсы біліп қана қоймай, келген елдің тарихын, саясатын, экономикасын және мәдениетін жақсы білуі шарт. Сонымен бірге тығыз сенімді байланыс орнату үшін дипломат келген елдің тілін де жақсы меңгеруі керек.
Қазіргі дипломатияда халықаралық жағдайдың күрделуіне байланысты мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізетін ақылды, талантты дипломаттарды қажет етеді. Өткен ғасырлардағы дипломаттарға қойылатын талаптардың бүгінгі күні анағұрлым өзгергені белгілі және ол жаһандану үрдістеріне сәйкес жаңашылдықпен толықтырыла түсуде. Мысалы, ақпараттарды жинау мен оларды өңдеу үшін компьютерлік сауаттылықты меңгеру, күрделі әскери және халықаралық қаржы мәселелерін талдай білу, халықаралық ұйымдардың қызметін, олардың жарғыларын, құқықтары мен міндеттерін жақсы білу т.с.с.
Дипломатиялық байланыстарды дамытуда дипломаттар мен саясаткерлердің әйелдерінің рөлі.
Негізгі әдебиеттер: 18, 29, 32, 33, 39, 44.
Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 9, 14, 15, 22, 23, 46, 47, 57, 68