
- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия»
- •050202-Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Баға туралы ақпарат:
- •1.9 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •9 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •10 Тақырып. Дипломатиялық корпус: Латын Америка және араб елдеріндегі дипломатия
- •11 Тақырып. Дипломатиялық әңгімелер
- •12 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •13 Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің эволюциясы, оқиғаны болжау.
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпустың ерекшеліктері, дипломаттың қабілеті.
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, және итальяндық дипломатия
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •2.5 Оқытушының жеткшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференциялық дипломатия, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау.
- •3 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипкорпустардың арасындағы байланыстар, дипкорпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы.
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапондық, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: Латын Америка елдерінің және араб елдерінің дипломатиясы
- •10 Тапсырма. Дипломатиялық әңгімелер
- •11 Тапсырма. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •12 Тапсырма. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •2.8 Өзін-өзі тексеру үшін арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.9. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
- •050202 – Халықаралық қатынастар
6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, және итальяндық дипломатия
1. Француз дипломатия: тарихы және оның болашағы
2. Неміс дипломатиясының ерекшеліктері
3. Итальяндық дипломатия
Тапсырмалар:
1. Үш мемлекеттің дипломатиясының ерекшеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты салыстырмалы сараптама жасаңыздар.
2. Қазіргі кездегі дипломатияда еуропалық үш мемлекеттің алатын орнын анықтаңыздар.
3. Дипломатия тарихында үш мемлекеттің дипломатиялық корпусына байланысты қандай маңызды мәліметтер бар екенін анықтаңыздар және оны кесте түрінде көрсетіңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 9, 18, 32, 33, 35, 39.
Қосымша әдебиеттер: 53, 57, 67, 68
Әдістемелік нұсқау:
Семинарға дайындалу барысында Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттері болып саналатын Францияның, Германияның және Италияның тарихына байланысты материалдарға көбірек назар аударыңыздар. Кесте құру үшін үш мемлекеттің дипломатия тарихына байланысты құжаттарға анализ жасаңыздар және ең маңызды деген мәліметтерді сұрыптауға тырысыңыздар.
7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
1. Жапондық дипломатия: тарихы мен болашағы.
2. Қытай дипломатиясы: тарихы және оның ерекшелігі.
3. Үнді дипломатиясының даму тарихы.
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттермен тақырып сұрақтарына байланысты жұмыс жасаңыздар.
2. Үш мемлекеттің дипломатия тарихына және олардың дипломаттарының қызметіне байланысты презентация әзірлеңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39, 40.
Қосымша әдебиеттер: 53, 57, 67, 68
Әдістемелік нұсқау:
Семинарға дайындалу барысында ең алдымен Азия елдерінің дипломатия тарихымен таныс болыңыздар. Азия елдерінің дипломатиялық қызметінің еуропалық мемлекеттерден басты айырмашылықтары не екенін анықтаңыздар. Ол үшін Жапония, Қытай және Үндістан мемлекеттерінің даму тарихы, олардың сыртқы саясатының бағыттары, дипломатиялық байланыстары т.с.с. мәселелерге көбірек назар аударыңыздар.
8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
1. Қазіргі ресейлік дипломатияның қайнар көздері және оның болашағы.
2. Қазақстандық дипломатияның қалыптасуы және оның болашағы.
Тапсырмалар:
1. Ресейлік дипломатияның алдағы уақытына болжау жасаңыздар.
2. Қазақстандық дипломатиялық корпустың бір күнгі қызметін бейнелейтін іскерлік ойын сценариін әзірлеңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 10, 20, 32, 33, 39, 42.
Қосымша әдебиеттер: 53, 57, 64, 65, 66, 67, 68
Әдістемелік нұсқау:
Тапсырма сұрақтарын орындау үшін ұсынылған әдебиеттерден басқа, интернет сайттарындағы мәліметтермен таныс болыңыздар. Ресейлік дипломатияның болашағына арналған болжауды әзірлеу үшін, оның сыртқы саяси доктринасынан, мемлекеттің сыртқы саясатының басым бағыттарынан хабардар болған жөн.
Үшінші сұраққа байланысты іскерлік ойынды әзірлеу үшін қазақстандық дипломатиялық корпустың шетелдердегі қызметінің бір күнін көрсету керек. Ол үшін әрбір студент бір мемлекетті таңдап алады (мысалы, Франция, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан т.б.). Бір күн ол ағымдағы күннің немесе мерекелік күндердің бірі болуы мүмкін. Қай іскерлік ойын қызықты болса, оны семинар сабағының 2-ші сағатында ойнауға болады.