
- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия»
- •050202-Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Баға туралы ақпарат:
- •1.9 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •9 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •10 Тақырып. Дипломатиялық корпус: Латын Америка және араб елдеріндегі дипломатия
- •11 Тақырып. Дипломатиялық әңгімелер
- •12 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •13 Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің эволюциясы, оқиғаны болжау.
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпустың ерекшеліктері, дипломаттың қабілеті.
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, және итальяндық дипломатия
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •2.5 Оқытушының жеткшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференциялық дипломатия, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау.
- •3 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипкорпустардың арасындағы байланыстар, дипкорпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы.
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапондық, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: Латын Америка елдерінің және араб елдерінің дипломатиясы
- •10 Тапсырма. Дипломатиялық әңгімелер
- •11 Тапсырма. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •12 Тапсырма. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •2.8 Өзін-өзі тексеру үшін арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.9. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
- •050202 – Халықаралық қатынастар
2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің эволюциясы, оқиғаны болжау.
1. Дипломаиялық әдістердің эволюциясы.
2. Оқиғаны болжау немесе көре білу.
3. Дәстүрлі дипломатия: жақтау және қарсы болу.
4. Ақпарат – дипломатияның маңызды функциясы.
5. «Құрия» дипломатия.
Тапсырмалар:
1. «Ескі» және «жаңа» дипломатияның ара қатынасын анықтаңыздар.
2. Дәстүрлі дипломатияның артықшылық жақтарын айқындаңыздар.
3. Оқиғаны болжау туралы ақпарат әзірлеңіздер (нақты бір мысал түрінде).
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39
Қосымша әдебиеттер: 55, 66, 67, 68
Әдістемелік нұсқау:
Берілген тапсырманы орындау үшін ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелерге ерекше көңіл бөліңіздер. Ондағы адамдардың тағдырына әсер ететін экономикалық, экологиялық, азық-түлік қоры, энергетика, ақпараттық, демографиялық сияқты проблемаларға мән беріңіздер. Осы ақпараттардың басым көпшілігінің дипломатиялық қызметтің көмегімен алынатынына көз жеткізіңіздер.
3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
1.Конференция дипломатиясы: тарихы және болашағы.
2. Арнайы миссиялар.
3. Экономикалық дипломатия.
4. Дипломатия және барлау.
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттермен танысыңыздар.
2. Тапсырма сұрақтары бойынша ауызша жауап беруге дайындалыңыздар..
3. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италия, Қытай, Жапония, КСРО және басқа да мемлекеттер бойынша барлау жұмыстарына арналған презентация әзірлеңіздер (студенттің мемлекеттің бірін таңдауы арқылы).
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39.
Қосымша әдебиеттер: 55, 66, 68, 69, 70
Әдістемелік нұсқау:
Семинар сабағына әзірлену барысында дипломатияның түрлі түрлерінің пайда болуының алғы шарттарын анықтаңыздар; экономика мен құқық нормаларына арналған тақырыптарға мән беріңіздер.
Презентация әзірлеу барысында таңдаған мемлекеттің тарихына, географиясына және саясатына мән бере отырып, олардың барлау жұмыстарының ерекшеліктерін анықтаңыздар.
4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпустың ерекшеліктері, дипломаттың қабілеті.
1. Дипломаттардың өміріндегі дипломатиялық корпустың рөлі.
2. Дипломаттардың қабілеттері.
3. Дуайен.
Тапсырмалар:
1. Еуропалық және азиаттық дипломаттардың дайындығын салыстырыңыдар (ұқсастықтары мен алшақтықтарына мән бере отырып)
2. Бір дипломатиялық корпустың қысқаша тарихын баяндаңыздар.
3. Дипломаттың қабілетін анықтау үшін бір дипломаттың өмірінен мысал келтіріңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39.
Қосымша әдебиеттер: 48, 55, 57, 66, 68
Әдістемелік нұсқау:
Ұсынылған әдебиеттермен таныса отырып, кітапханада бір дипломаттың өмірінің мысалындағы аналитикалық талдау жасаңыздар. Мысалы, дипломаттың білімі, өскен ортасы, қызмет аясы, өзін-өзі ұстау т.с.с. қырларын ашып көрсетіңіздер.
5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
1. Халықаралық қатынастар тарихындағы ағылшын дипломаттарының рөлі.
2. Дипломатия тарихына американдық дипломаттардың қосқан үлесі.
3. Қазіргі кездегі ағылшын және американдық дипломаттардың халықаралық қатынастарға тигізетін ықпалы.
Тапсырмалар:
Ұсынылған әдебиеттер бойынша ағылшын және американдық дипломатиялық корпустың қызметтерінің ерекшеліктерін анықтаңыздар.
2. Қазіргі дипломатиядағы танымал американдық және ағылшын дипломаттарының қызметтерінің бір қырын көрсететін хабарлама әзірлеңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 6, 18, 32, 33, 37, 38, 39
Қосымша әдебиеттер: 53, 57, 67, 68
Әдістемелік нұсқау:
Семинар сұрақтарына әзірлену үшін Англия мен АҚШ-тың дипломатия тарихына байланысты материалдармен жұмыс істеп үйреніңіздер. Қазіргі дипломатиядағы танымал американдық және ағылшын дипломаттарының қызметтерінің бір қырын анықтау үшін интернет сайттарындағы материалдарды да қолдануға болады.