Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Финансы,Менеджмент,УиА казакша.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.08.2019
Размер:
741.89 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

Проректор-директор м.а. т.ғ.к., доцент Л.К. Мукатаева

_____________________________

«___» _________________ 2011 ж.

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

5В050900 - Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5в050800 - Есеп және аудит

мамандықтарының студенттеріне арналған

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы

Астана - 2011ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Алиева а.Я. Дайындады. Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» ____________________________ ___________ж.

Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д.

______________ «_____» ___________________________ ___________ ж.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің Кеңесімен келісілген.

Хаттама № ____ «_____» ____________________________ ___________ж.

Төраға т.ғ.к., доцент Л.К. Мукатаева

__________________ «_____» _______________________ ___________ж.

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

Проректор-директор м.а.

т.ғ.к., доцент Л.К. Мукатаева

_____________________________

«___» _________________ 2011 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Экология және тұрақты даму»

5В050900 - Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5в050800 - Есеп және аудит

Оқу нысаны: күндізгі бөлім

Барлығы - 2 кредит

Курс - 1 Семестр — 1,2

Дәрістер - 20 сағат

Практикалық, семинар - 6 сағат

Лабораториялық практикум- 4 сағат

СӨЖ - 30 сағат

СОӨЖ - 30 сағат

Емтихан - 1,2 семестр

Жалпы көлемі – 90 сағат

А С Т А Н А – 2011 ж.

Пәндердің оқу- әдістемелік кешеннің

мазмұны

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән таңдау компоненті бойынша болса, онда пәннің оқу бағдарламасы)………......………………………......

2. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы (syllabus) ..…………...........

Пәннің сипаттамасы, автор туралы мәлімет, пәннің постреквизиттері, пререквизиттері......................................... .....................................................

Пәнді оқытудағы дәрістердің тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен...............................................................................................

Пәнді оқытудағы семинар (семинар (практикалық) сабақтардың жоспары) тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........…………………………………………………….…….…

Пәнді оқытудағы СОӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен....................... ……………………………

Пәнді оқытудағы СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен ……………………………......................

Әдебиеттер тізімі ………………………………………………….…......

Глоссарий...............................................................................................

Білімдер бағалау жалпы шкаласы……….................................................

3. Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі.........…………...........

4. Дәріс комплексі (дәріс тезистері, әдебиеттер тізімі)………….............................................................................

5. Пән бойынша сабақ түрлерін өткізудегі әдістемелік нұсқаулар............................…………………………………………………….......

6. Студенттердің өзіндік жұмыс үшін материалдар: үй тапсырмасының тескттерін теру, өзін өзі бақылау материалдары, рефераттар және т.б. ......................................................................................................................

7. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша, тест сұрақтары, өздік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.)…………….................................................……….......

8. Оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық материалдардың тізімі (плакатар, слайдтар және т.б., бағдарламалық и және мультимедиялық қамтылуы ........................................

КІРІСПЕ

Курс оқытушысы: Алиева Айман Яхияевна аға оқытушы, Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасының аға окытушысы. 413 каб.

Ғылыми қызығушылығы: экология, өсімдіктердің экологиясы.

Оқу пәнiнiң деректемелерi: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға және өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.

Пререквизиттер

Қазіргі экологиялық білім: ботаника, зоология, генетика, география, геология, физика, химия, математика сияқты ғылымдармен бірге оқылады.

Постреквизиттер

“Экология және тұрақты даму” пәні студенттердің келешекте «экологиялық құқұқ», «халықаралық экологиялық құқұқ», пәндерін жақсы игеруге алдынала дайындайды. Бұл - оның вуздың көптеген пәндермен тығыз байланысты екенін көрсетеді.

Пәннің оқытудағы міндеттер:

  • тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып білу;

  • биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

  • әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы түсініктерді қалыптастыру;

  • студенттердің экологияның, қоршаған ортаның қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиелініскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптатыру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студеттер білуі тиіс:

  • тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;

  • тірі ағзалардың кеңестікке таралуын және сандинамикасын, қауымдастықтардың құрылымымен динамикасын;

  • энегияның тірі жүйелер арқылы ағап өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердіңжәне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

  • табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін.