Бюджет- мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету ушин арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджеттік жүйе- мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларымен орталықтандырылған қаржы қорын, яғни бюджеттері құру мен пайдаланутәсілдері бойынша аймақтармен жасалатын қаржылық қатынастар жиынтығы.
Қалыптасу кезеңдері
1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді.
Қалыптасу кезеңдері
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себеп болды.
Қалыптасу кезеңдері
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы»
үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық
өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және
бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың
механизмі белгіленді.
Қалыптасу кезеңдері
2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін,
Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта
ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформалауда
маңызды кадам болды.
Қалыптасу кезеңдері
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің
жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді.Оның негізінде бюджеттік үдерістегі
стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі,
нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге
сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру,
нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды.
Бюджеттің құрылымы
Бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдер: кірістер,
алынған ресми трансферттер, кредиттерді қайтару;
2)шығыстар:
шығындар,
кредиттер;
3)бюджет тапшылығы (профициті);
4)бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру.