Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_Respublikasyny_1187_khaly_1179_araly_1179__1179_arzhyly_1179_instituttaryny_1187__1179_yzmeti(1).pptx
Скачиваний:
30
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
931.07 Кб
Скачать

Құбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет

Факультет: Экономика Кафедра: Қаржы және есеп Мамандық: Қаржы Курс: 2

Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық институттарының қызметі

Қаржы институттары - қызметінің басты мақсаты қоғамдағы қаржы қатынастарын жүзеге асыру болып табылатын түрлі меншік нысанындағы ұйымдардын жиынтығы. Қаржы институттары кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінін және әлемдік қаржы жүйесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Қаржы институттарының қызметі әрбір жеке мемлекеттің заңдарымен, сондан-ақ ұйым мәртебесіне байланысты болғанда мемлекет аралык көп жақты шарттармен реттеледі.

Қаржы институттарының жиынтығы екі топқа бөлінеді:

Қаржы саясатын іске асырушы институттар - мемлекеттік халықаралық мекемелер. Олардың құрамы мен міндеттерді бөлісуі қаржы заңдарымен және мемлекет аралық шарттармен айқындалады. Оларға орталық (ұлттық) банк, қаржы министрлігі немесе қазынашылық сияқты мемлекеттік мекемелер, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру қызметтерін көрсету нарығын реттеуші ұйымдар, т.б. жатады. Кеңінен танымал халықаралық қаржы институттары: Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк (сондай-ақ қ. Әлемдік қаржы институтгары, ұлттық даму банкілері).

Қаржы делдалдары банкілер, қаржы компаниялары,

сақтандыру компаниялары, беймемлекеттік зейнетақы қорлары, т. б.

Халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мынадай халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:

Халықаралық валюталық қор

Халықаралық қайта құру және даму банкі

Халықаралық қаржы корпорациясы

Еуропалық қайта құру және даму банкі

Азиялық даму банкі

Ислам даму банкі

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, ХВҚ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансына деген тапшылық болған кезде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесінің мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вудте (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлерін 110 елден келген шамамен 2600 адам құрайды. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқару кеңесі басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем балансының мәселелері бар мүше елдерге берген кредиттер мен қарыздар кіреді.

Қазақстан Республикасы мен ХВҚ арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:

1.Қазақстан Республикасына макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелік қайта құру үшін ресурстар беру бағдарламасы (STF).

2.Резервтік кредит туралы келісім (Stand-by 1).

3.Кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасы туралы келісім (EFF), оған сәйкес Қазақстан өзіне EFF бағдарламасы қолданылу кезеңі ішінде Үкімет пен ҚРҰБ-ның қандай да бір валюталық шектеулерді енгізбеуі немесе күшейтпеуі, көптеген валюта бағамдарын қолдану практикасын енгізбеуі немесе түрлендірмеуі, Келісім Баптарының VIII бабына қайшы келетін кез келген екі жақты төлем келісімдерін жасамауы немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізбеуі және күшейтпеуі жөніндегі міндеттемелерді қабылдайды.

4.EFF-2 келісімі, оның мақсаты мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту және халықаралық резервтерді жинақтау болып табылады.

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі

Дүниежүзілік банктің тобы 1944 жылы құрылған және оған бес қаржы институтты кіреді: Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (ХҚДБ); Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК);

Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА); Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық (ИДРХО).

1992 жылғы шілдеде Қазақстан ХҚДБ-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ИДРХО-ның мүшесі және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-тың мүшесі болды.

Дүниежүзілік банктің тобы Қазақстанда сыртқы ірі қаржыландыру көздерінің бірі болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкі(ҰБ) Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі активтерінің депозитарийі болып табылады және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің «А» Шоттарына қызмет көрсетуге қатысады. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің ережелерінде көзделген операцияларды және мәмілелерді жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы төлеуге тиіс немесе Қазақстан Республикасына төленуге тиіс сомаларды аудару ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырылады.

2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының мүшелік жарналарын толықтыру мақсатында Халықаралық Даму Қауымдастығының банк шоты ҚРҰБ-та ұлттық валютамен ашылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы Әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік Банк ҚРҰБ-қа «Қазақстанның қаржы секторының тұрақтылығын арттыру бойынша техникалық көмек» көрсетеді.

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) 1991 жылы құрылды. КҚДБ 26 елге құрылымдық және экономикалық реформаларды жүргізуге бағытталған қаржылық көмек көрсетеді. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 1999 жылы Банктің ұйымдық құрылымындағы өзгерістер туралы шешім қабылдады. Бұл шешімдер жұмыс істеп тұрған нарықтардың және өңірлердің даму серпінін мұқият зерттегеннен кейін, сондай-ақ Банктің жұмыс істеу тәжірибесін назарға ала отырып, қабылданды. Банктің жаңа ұйымдық құрылымы оған болашақта болжанатын проблемаларды жеңуге мүмкіндік береді, себебі Банк бекіткен орташа мерзімдік негіздегі қолданыстағы басымдықтар күмән туғызған болатын. Ұйымдық өзгерістерді Банк директорларының көпшілігі бірауыздан қолдады. Алайда, жақын арада Банктің жоғары басшылығы деңгейінде өзгерістер көзделмейді. Негізгі өзгерістер Банк Департаментінің құрылымына қатысты.

Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) ҚРҰБ-пен шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған 122, 64 млн. АҚШ доллары мөлшерінде (үш траншпен А, Б, және С) қарыз туралы келісім жасады. 1997 жылы ҚРҰБ міндеттемелері қарыздың бір бөлігінің алынып тасталуына байланысты 122,64 млн. АҚШ долларынан 45,11 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді.

2014 жылы ЕҚДБ және ҚРҰБ «Жұмыс істемейтін кредиттермен байланысты мәселелерді шешуге көмек көрсету. Консультациялық платформаға арналған сараптамалық қызметтер (І фаза)» техникалық көмегіне қол қойды, ол 2014-2015 жылдары іске асырылды.

2014 жылғы 30 мамырда Ұлттық банк пен ЕҚДБ арасында жергілікті валютамен қаржыландыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Азия Даму Банкі

Азия Даму Банкі (АДБ) көпжақты қаржылық даму институты болып табылады, оған 63 мүше ел кіреді, оның 45-і Азия-Тынық мұхиты өңірінде және 18-і – одан тыс жерде орналасқан. АДБ-ның ауқымды мақсаты кедейлікті төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдерге халықтың кедей жіктері мүдделерінде тұрақты экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қол жеткізуде жәрдем көрсетеді. Өзінің 2001-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасын басшылыққа алып, АДБ өзара байланысты үш бағытта жұмыс істейді – жеке секторды дамыту, өңірлік ынтымақтастықты дамыту және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу. АДБ-ның негізгі құралдары қарыздар, кепілдіктер және техникалық көмек болып табылады, олар мүше елдердің үкіметтеріне нақты жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін беріледі.

АДБ 1966 жылы құрылды. Қазақстан 1994 жылы АДБ-ға мүше болды. АДБ-ның штаб-пәтері Манилада орналасқан. АДБ-ның 26 офисі бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді. АДБ штаты 50-ден астам елден 2 000 адамнан асады.

2004 жылы ҚРҰБ пен Азия Даму Банкінің арасында Өзара түсіністік туралы 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум Азия Даму Банкінің ҚРҰБ-қа «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегін беру туралы келісім болып табылады.

2006 жылғы 8 ақпанда Азия Даму Банкі, ҚРҰБ және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегін көрсету туралы келісімхатқа қол қойылды (Жапония Үкіметінің 800 000 доллар мөлшеріндегі гранты).

Осы бағдарлама шеңберінде Азия Даму Банкінің ҚРҰБ-қа АДБ ТК 4431-ҚАЗ: «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегі мынадай құрамдас бөліктер бойынша берді:

-«ҚРҰБ алтын-валюта активтерін және Ұлттық Қорды басқару жүйесін жетілдіру»

-«Ақпараттық технологиялар»

-«Инфляцияны таргеттеу режимін әзірлеу».

2014 жылы АДБ және ҚРҰБ «Қазақстанның сақтандыру нарығының тиімділігін арттыру және кеңейту» техникалық көмегіне қол қойды. Бұл техникалық көмек 2014-2017 жылдары іске асырылады.

Ислам Даму Банкі

Ислам Даму Банкі (ИДБ) халықаралық дамытуды қаржыландыратын және 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) өткен Ислам Мемлекеттері Министрлерінің Бірінші Конференциясында мәлімделген Ниет Декларациясына сәйкес құрылған және Ислам Конференциясы Ұйымының (қазіргі кезде Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы) мүше мемлекеттерінің 23 өкілі қол қойған өңірлік қаржы ұйымы болып табылады. ИДБ 1975 жылы қызметіне кірісті.

ИДБ-ның мақсаты Шариғат қағидаларына сәйкес ИДБ-ға мүше мемлекеттердің және мұсылман қауымдастықтарының экономикалық дамуына және әлеуметтік өрлеуіне жәрдем көрсету болып табылады. Мүшелер құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің арасында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан ИДБ-ның мүшелері болып табылады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда Джидда қаласында 1974 жылғы 12 тамызда қол қойылған ИДБ құрылтай шартын ратификациялады. 1997 жылғы тамызда Алматы қаласында ТМД-дағы, Моңғолиядағы, ҚХР-дағы Шығыс Еуропадағы ИДБ мүше мемлекеттері мен мұсылман қауымдастықтары үшін өңірлік офис ашылды.

Бүгінгі таңда ИДБ исламдық қаржы мен банкинг индустриясын дамытуда Қазақстанның негізгі және стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. 2012 жылы ҚР Үкіметі және ИДБ Тобы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған елдік әріптестік стратегиясына қол қойды. ИДБ Тобы көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы секторларын, сондай-ақ ауыл аймақтарын және шикізат емес салаларының өнеркәсібін, ғылым мен технологияларды, әртараптандыру, қаржы секторын, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

2014 жылғы 1 маусымда ҚРҰБ ИДБ Тобымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР исламдық қаржыландыру жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша техникалық жәрдем (грант) көрсету туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасындағы ең маңызды қаржы институттарының бірі – ҚР Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.

Оның негізгі функциялары:

- өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым- қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

-өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

-Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда

оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

- өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

- сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.