2lemdik_nesie
.rtfӘлемдік несие нарығы
Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тендециясы
Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешелікгердің немесе бөгеулердің жедел жойылуы – сонғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденциясының маңыздысының бірі. Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және “банк төңірегінде” қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200 шамасында) жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылық капитал талаптарында мейлінше толық сай келеді.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардын, кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсетудің бұрын тіпті қатыспаған немесе өте сирек қатысқан сферасында -қозғалмайтын мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсетуге, лизингтік істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да топтарымен тікелей конфронтацияға баруда.
Екіншісі – банктік нарықтарда банктік емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) енуі арқылы. Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте, ақпараттық-кенестік қызмет көрсетуде, сонымен қатар, таза банктік сфера – депозиттік-қарыз операцияларымен барынша бәсекеге түсуде.
Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиеленіскен сипатқа ие болды.
Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚІІІ-та қабылданған депозиттік мекемелерді бейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.
Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбебаптану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жайылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.
Өзгерген экономика жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінің, дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді бәсекелестік құралдарының кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылды. Банктік қызметті бейреттеу активтік те, пассивтік те опе-рацияларға -ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден (кепілге беру және вексельдерді есепке алу) фирмалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік мекемелер тәуекелдерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тенденция банктердің өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда. Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақтылы бағалау -банктер сенімділігінің кепілі.
Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге, несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушының несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады.
Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1933 жылы енгізілген салымдардың әр түрлері бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80-жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесінен көруге болады. Бұл банктердің депозттік базасының нығайтылуына мүмкіндік берді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады. Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70%-дан артық болып, мерзімді және жинақ салымдары тек 24-26%-ын құраса, 80 жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады. Банктердің пассивтік операцияларының инновациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттарын тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақша нарығында еркін айналыста болатын депозиттік сертификаттар (өзінше бір бағалы қағаз) шығара бастады.
Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпарат пен коммуникацияның қазіргі техникалық құралдары атқарады. Банк ісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі мен мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметі тиісінше модернизациялау мүмкін емес.
Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің «көтерме» операциялардан «бөлшек» операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, «ерекше сенімді» клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсенді түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентураға, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.
Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастары дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия,Канада, АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд АҚШ долларынан көп соманы құрайды. Біз тек дамыған нарықты экономикалы елдердегі қазіргі несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға ғана тоқталып өттік. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастауында тұр, ал Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда бұл тәжірибеден өтпелі кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет.
әлемдік нарықта тақырыбы туралы қарыз капиталы
Бұл есепте біз көрсету түрлі қарай, несие астанасы табыс ретінде өзгеруі мүмкін экономикалық болмысы.
Қарыз
табыс капитал кредиттеу қарқыны, оның ақша табиғаты, ол бар белгілі бір деңгейдегі немесе стандарт. Сыйақы мөлшерлемесі өте кең шегінде өзгеруі мүмкін диапазоны. Қандай кез келген уақытта пайыздық ставканы анықтайды? Нормасы қарыз нарығында бәсекелестікті механизмі белгіленген пайыз капитал мен ұсыныс арасындағы өзара қарым-қатынас туралы кез келген берілген сәтте байланысты қарыз капиталы және оларға деген сұраныс.
капитализмнің дамуымен байланысты қызығушылық орташа бағамы төмендеу үрдісі байқалады, Біріншіден, пайда орташа бағамы үрдісі құлап. Пайызбен орташа пайданың бір бөлігі, және мүдделер бағамының қозғалысы пайда ставкасын қозғалысы туралы тікелей тәуелді болып табылады. Күзде Егер орташа пайда ставкасы төмендеуі орын жоқ, және сыйақы мөлшерлемесінің өсуі, капиталистов болар еді пайда соңды көп бөлігіне сіңеді пайыздық Несие пайдалану мүмкін емес.
сыйақы ставкасын үрдісі капитализмнің дамуымен айқындалатын азайту үшін, алайда, ғана емес, құлап пайда орташа бағамы үрдісі, сонымен қатар, бұл дамуымен факт капитализм, қарыз капиталының жеткізу айтарлықтай өсуі күшіне бар Жоғарыда себептері - қабат рантье өсуі және капиталистік даму несие жүйесі.
A жақсы көрсеткіш құлап үшін қызығушылық бағамының мынадай мәліметтерді қамтуы. Қызығушылық бухгалтерлік заң Англия Банкінің алынатын тарифтер орта есеппен 1857-65gg үшін.- 4,53, 1890-99gg.- 2,98, 1933-38gg.- Сол төмен 2. дисконттау ставкасы Англия Банкі деңгейі 1939 жылдың қараша қалды. қарашаға дейін 1951. Нью-Йорк Федералды резервтік Банктің есептік бағамы болды 1919-29gg шаққандағы орташа.- 4,6% 1930-39gg.- 1.8. 1940-52gg.-. 1,2%