Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
51.96 Кб
Скачать

Шығындық тәсілі.

Бұл тәсілдің негізі орын ауыстыру қағидасы болып табылады, яғни инвестор жылжымайтын мүлік объектісіне үлкен соманы төлемейді.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлік құны былай есептеледі:

НҚ=Қжержақсы—ЖТ+Тсалушы

мұндағы,

НҚ-шығын әдісін қолдану негізінде есептелген бағалау объектісінің нарықтық құны

Қжер-жер телімінің құны

Қжақсы-жақсарту құны

ЖТ-бағалау объектісінің жиынтық тозуы

Тсалушы-салушының табысы

Жер телімінің құнын есептеу

Талданылатын жер телімі бағаланатын мүліктік жиынының иесімен жеке меншік құқығының негізінде емес, ұзақ мерзімді жалға беру құқығының негізінде қолданылатындығын ескере отырып, бағалаушымен есептелген бағалау объектісін алдағы құндық талдауында бұл жердің нормативтік құны ескерілмейтіндігін айта кету керек.

Жақсарту құнын есептеу

Жақсарту құнын есептеу қайта өндіру немесе ауыстыру құны бойынша жүргізіледі. Бағаланатын ғимараттар-салыстырмалы түрде жақында салынған; бұл жағдайда оларды қайта өндірудің мақсатты бағасын анықтау мүмкін.

Бағалау объектісін қайта өндіру құны - бағалауды жүргізу мерзімінде жүзеге асатын, бағалау объектісіне ұқсас объектіні құруды ұқсас материалды және технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозуын есепке алғандағы нарықтық бағадағы шығындардың сомасы.

Есептеу үшін қалпына келтіру құнының үлкейту көрсеткіштерінің негізінде үлестік шығындары бойынша бағалау әдісі.

Негізгі есептеу формуласы:

Қжақсы=ҚКҚ х ҚКҚед х Құр.көлемі х К69-84 х К84-20.11.2005 х Икқс

мұндағы,

ҚКҚ-бағалау объектісінің қалпына келтіру құны, ҚКҚ=∑КҚС эл.

ҚКҚед=ҚКҚҮК жиынына сәйкес қолданылатын объект-аналогтық құрылыс мөлшерінің қалпына келтіру құнының бірлігі.

К69-84-құнды қайта есептеу индексі

К84-20.11.2005-бағалау мерзімінде құнды қайта есептеу индексі

Икқс-1,2-ге тең қосымша құн салығын ескеретін коэффициент

Ғимаратты қалпына келтіру құнына есептеуге көшпес бұрын, бағаланатын ғимараттардың екі типті болады: кірпіштік қабырғалар және темір бетонды жабулар, олар тек материалды ішкі колонналармен ерекшеленеді, ал материалды сарайдың ғимараты – темірден жасалынған. Бұл ерекшеліктер К84-20.11.2005 -қайта есептеу индексінің әр түрлі мәнін қолдануды шарттайды.