Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / 1240_LEUMETTANU_2222.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
49.49 Кб
Скачать

3.Құқық әлеуметтануындағы әлеуметтанулық зерттеулер

Әлеуметтанулық талдаудың екі деңгейін (теориялык әдістемелік және эмпирикалық) құқық әлеуметтануы кеңінен қолданады. Қазіргі жағдайда заң ғылымының теориялық зерттеулерінің даму бағытына тән ерекшеліктерін көрсеткіміз келсе, бұл ең алдымен олардың аясының кеңеюі, мемлекеттік құқықтық кұрылыстың тәжірибесі ұсынатын жаңа ғылыми мәселелердің пайда болуы, сонымен бірге ғылыми зерттеулердің тиімді ұйымдастырылуы өзекті міндет болып қалып отыр. Өйткені әр түрлі ғылымдардың өзара араласуы мен байытылуының себебінен болатын интеграциялық үдерістер ғылымның тәжірибеге ұсынатын кеңестерінің қызметін өте жоғары дәрежеде күшейтуге мүмкіндік беретін әмбебап зерттеу әдістерін кеңінен қолдануға негізделген кешенді амалды алғашқы орынға шығарады. Құкық саласындағы эмпирикалық зерттеулер құқық пен әлеуметтанудың шекарасында жүргізіледі және сондықтан мемлекеттік пен құқықтық құрылыстың өзекті мәселелерін шешуге кешенді амалды қолданудың айқын мысалы болып табылады. Құқық әлеуметтануы саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ескеріп және кешенді дерексіз-логикалық және эмпирикалық әдістерді қолданып қана жетілген ғылыми зерттеулерді өткізе алады. Егер ғылым нақты өзінің әдістемесімен эмипирикалық жадығатты өңдеп пайдалану амалын жасамаса, кез келген әлеуметтік мәселе жан-жақты және бүтін зерттелуі мүмкін емес. Заң ғылымының міндеті - өмірдегі құқықты, оның қолануын зерттеу, бұл бүгінгі күні де басты мәселе болып қала береді. Бұның шешімін кұқықтык институттардың, мекемелердің, ұйымдардың, зандардың олардың аясындағы, өмірдегі әлеуметтік әрекетін және әлеуметгік себептелуін зерттейтін әлеуметтік-құқықтық әдістердің көмегімен табуға болады. Құқықтағы әлеуметтанулық зерттеулердің мақсаты әлеуметтік ерекше құбылысты, құқықтың әлеуметтік міндетті қызметтерін және кұқықтық мөлшерлердің, қоғамның әр түрлі әлеуметтік жіктердің, ұжымдардың, топтар мен тұлғаның барлық деңгейде әлеуметтік мінез-құлыққа айналуының кешенді үдерістерін талдап шығу болып табылады. Бұл амал бойынша кұқықтың қалыптасуы мен әрекет етуін, оның институттары мен қызмет атқаруы мен даму барысын ресми де және бейресми де сәттерінің бірлігінде қаралуы тиісті болады. Ал бұдан тұлғаның қоғамдық әрекеттерін, яғни әлеуметтік қозғаушы күштерді зерттеп анықтау кажеттігі туындайды. Құқық әлеуметтануы құқық субъектілерінің шын жүріс-тұрысында көрініс табатын, мысалы, құқық туралы хабардар болу деңгейі, кәсіби мәртебесі, білімі, біліктілігі, жынысы, жасы, әлеуметтік-кұқықтық ұстанымдары (құндылық бағыттары) және басқа сол сияқты бейресми сипаттағы әлеуметтік қозғаушы күштердің маңыздылығын зерттеумен шұғылданады. Құқық әлеуметтануы, сондай-ақ құқықтың міндетті қызметтерін қабылданған және қоғамдық өмірге енгізілген құқықтық актілерімен байланысты салдарларын зерттеуді. Бұл құқықтық реттеудің әлеуметтік салдарын және әлеуметтік тиімділігін айқындау - байсалды, әрі қиын мәселе. Құқық әлеуметтануы құқықтың қалыптасуының алғашқы буындарын, атап айтқанда, оның әлеуметтік бастауларын, қайнар көздерін, құқықтық қатынастардың әлеуметтік алғышартгарын, құқықтық нормалардың  әлеуметтік шарттылығын естен шығармау қажет. Ал құқықтың әлеуметтік шарттылығы оның әлеуметтік әрекетін талдауға тікелей қатысты. Бұл екі құбылыстың араларында екі жақты тығыз байланыс бар. Егер белгілі бір құқық нормасының пайда болуы өмір талаптарына сай келмесе, оның қолданылуы жағымды нәтиже береді деп үміт артуға еш негіз жоқ. Екінші жағынан, өмірдегі жұмыс істеп тұрған заңдардың тиімділігін зертгеу негізінде ғана оның одан әрі жетілдіруіне қажетті пайдалы ұсыныстар енгізуге болады. Әлеуметтанулық зерттеулерде осы екі бағыттағы әлеуметтік мәселелердің бір жұмыс шеңберінде қарастырылуы оңтайлы және ұтымды. Айтылғандарды жинақтай отырып, кұқық әлеуметтануының зерттеу пәні құқықтық жүйенің, оның институттары мен нормаларының қызмет атқаруы және құрылуы саласындағы қоғамдық қатынастар екенін атап өту керек. Олар құқықтың әлеуметтік шарттылығын және әлеуметтік тиімділігін зерттеуге бағытталған және құқықтық мөлшерлер, құқықтық қатынастар мен адамдардың нақты қоғамдық катынастар арасындағы өзара байланысына талдау жасайды. Құқықтық құбылыстармен бірге әрекет жасайтын әлеуметтік қозғаушы себептер және осы өзара әрекеттестіктің тетіктері мен заңдылықтары құқық әлеуметтануының пәнін құрайды. Бұл тұрғыдан әлеуметтанулық зерттеулердің мақсаты құқыққа ықпал ететін немесе оның ықпалымен санасатын жаңа, құқықтық емес бағыттарды және ең соңында қоғамдық өмірдің тиісті аясындағы заңдылықтарды анықтау болып табылады.

Соседние файлы в папке 2102172