Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / 1240_LEUMETTANU_2222.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
49.49 Кб
Скачать

Кіріспе

Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымының әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.

Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арнаулы теорилардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері туралы сөз болмақ. Құқықтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымымен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болды.

Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.

Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. 

1.Құқықы әлеуметтік объектісі, пәні, әдісі, құрылымы, атқаратын қызметі (функциясы)

Қандайда бір ғылымның пәні зерттелетін нақты объектіні жан-жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы болып саналады. Осыған сәйкес зерттеуші бір құбылысты, үдерісті немесе затты арнайы зертегенде нақтылық объектіден (яғни, оны сезінуден, түйсінуден, елестетуден) бастап, ол объекті туралы ой-пікір ұғым туғызады. Бұл нақты объектіні жан-жақты, терең бейнелеу болады. Осы ой-пікір, ұғымдардың негізінде объектінің даму зағңдылықтары аныталады. Қандай да бір заңдылық объектіге тән тұрақты, негізгі, мәндә, қайталанатын қасиеттерді, байланыстарды, қатынастарды терең бейнелеп көрсетеді, сөйтіп объектінің заңды дамуын, объектінің өзгеру және қозғалып өмір сүруін анықтайды.

Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты. Жалпы алғанда, құқықтық және құқықтық емес әлеуметтік ғылымдардың объектісі болып есептеледі. Бұлардың ішінде: құқық теорисы, салалық құқықтық ғылымдар, құқық философиясы, құқықтық әлеуметтану, т.б. бар.

Нақтылы (яғни, тар) мағынада әрбір ғылымның құқықты зерттеуде өз ерекшелігі болады. Құқық саласының барлық өмір салаларымен байланысын құқықтық философия зерттейді, әлеуметтік өмірмен, қоғаммен құқықтың тығыз қарым-қатынасын, байланысын құқықтық әлеуметтану зерттейді. Құқық теориясы- бұл қорытындыланған теориялық ғылым. Құқықтық әлеуметтанудың саласы В.Н.Кудравцев пен В.П.Казимерчуктің “Современная социология права” атты кітабында дұрыс тұжырымын тапқан. Бұл авторлар құқықтық әлеуметтану саласы – құқықтың әлеуметтік құбылыс ретінде қоғаммен байланысын, құқытың атқаратын қызметін құқықтық ережелердің қоғамның әлеуметтік ұйымының барлық деңгейінде: қоғамда, әлеуметтік топтарда, мекемелерде, жеке адамдарда жалпы әлеуметтік тәртіпке айналу процестерін зерттейді деп атап көрсетеді. Мұнда, ең бастысы, құқықтық әлеуметтану құқық пен әлеуметтілікті жеке-жеке зерттемейді, ол тек қана осылардың, яғни, құқық пен әлеуметтіліктің бір-бірімен байланысын, бір-біріне қатынасын, әсерін зерттейді.

Сонымен, жалпы кең мағынада алғанда құқықтық әлеуметтанудық объектісі- ол құқық (құқықтыұ болмыс); ал, тар мағынасындаалғанда құқықтың объектісі – бұл құқықтағы әлеуметтілік, құқықтың қоғаммен (социумен) өзара іс-әрекеті, қызметі, байланысы.

Жалпы құқықтық әлеуметтанудың екі объектісі болады:құқық әлеуметтік институт ретінде және индивидтердің (адамдардың) маңызды құқықтық жағдайларындағы әлеуметтік іс-әрекеті. Құқықтық әлеуметтанудың пәні құқықтың әлеуметтік іс-әрекетінің, қимылыныңөзгеруі, заңдылықтары арқылы дамиды.

Егер құқықтық ереже қоғаммен және салаларымен органикалық (бөлінбес) байланыста, қатынаста болмаса, онда құқықтық әлеуметтану болмас еді.

Сонымен бірге әлеуметтік құбылыстар мен процестер құқықтық ережелермен біршге қаралмаса, ондай кезде деқұқықтық әлеуметтану болмас еді. Құқықтық ережелердің үш түрлі сипаты болады. олар: 1) құқықтық 2)әлеуметтік және 3)психологиялық сипаттар.

Жалпы алғанда құқықтық теория ғылымындаосы уақытқа дейін құқықтық ережелер арқылы қоғамдағы алуан түрліқұбылыстардың реттеудің, тәртіпке келтірудің құқықтық негізгі туралы толық анықтама жоқ. Бұл жөнінде құқық мамандарының(юристердің) арасында ой-пікір таластары әліжүріп жатыр.

Біздің пікірімізше, әлеуметтану тұрғысынан алғанда құқық ережелерінің іс-қимылының,әрекетінің құқықтық тетігі өзінің көлемі жағынан ол “құқықтық жүйе”, “құқықтық қондырма” ұғымдарымен тең. Бұл ұғымдар құқықтық құбылыстар мен іс-әрекеттердің, барлық жүйесін қамтиды.

Құқық әлеуметтануының маңыздыкомпоненттері әлеуметтікзерттеу болып табылады, ол құқықтанудың фактологиялық базасын қамтамасыз етеді, оның практикамен байланысын күшейтеді.

Құқық саласындағы әлеуметтік зерттеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтың әлеуметтік функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам деңгейінде, әр түрлі әлеуметтік таптар деңгейінде, ұжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез-құлыққа трансформациялауын анықтау болып табылады,

Құқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы:

құқықтың әлеуметтануы негіздері және құқық шығарушылықтың тиімділігі;

құқықтың әлеуметтік функциясы және құқық нормалары қызметінің тиімділігі:

әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай-күйі, қоғамдық пікір мен құқық, құқықты білу және заңның мәртебесі (құрметі);

моральдық және заңдық нормалардың өзара қатынасы, құқық субмәдениет;

құқық саясатының мәселелері, заң органдары қызметінің әлеуметтануы;

құқық тәртібінің жай-күйіжәне құқық бұзушылықтың әлеуметтік себептері, олардың алдын алу, жазалау мен қоғамдақ ықпал жасау шараларының тиімділігі.

Бұдан біз кез-келген құқықтық іс-әрекеттің, мінез-құлықтың әлеуметтік астары бар екенін көріп отырмыз. Құқық ережелері мен заңдарын қоғам мүшелері өздерінің күнделікті өмірлерінде, қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Басқаша айтсақ, құқық-әлеуметтік бақылыаудың түрі, құралы. Құқық қоғам өмірінің бар саласына белсенді түрде араласады, олай болса құқық қоғам өмірінің экономикалық,саяси, рухани, моральдық, т.б. салаларымен тығыз байланыста болады. бұл құқықтықіс-әректтің әлеуметтік ортасын құрайды. Сондықтан құқық әлеуметтануының басты міндеті- осы ортаны жан-жақт, терең зерттеу, оның құрылымының әрбір элеметін, іс-әректінің себептерін, олардың құқықпен алуан түрлі байланыс, қатынастарын анықтау болып табылады.

Құқықтық іс-қимылдың, әрекеттің психологиялық астары бар. Бұл адамдардың, алуан түрлі топтардың мінез –құлқына ықпал ететін себеп, дәлелдер арқылы түсндіріледі.

Ал, себеп, дәлелдерге адамдардың,топтардыңіс-әрекеттерін қоздыру, өршіту, желіктіру, т.б. жатады. Бұларға қосымша назар, көңіл аудару, ынта-ықылас, мұқтаждық, қажеттік, талп-тілек, әуестік, құштарлық, асқақ арман, мұраттар, мақсат, т.б. жатады.

Құқық ғылымы құқықтық әлеуметтанудың жалпы теориялық және методологиялық заңдылықтармен, қағимдаларымен, әдістерімен қарулануын қажет етеді. Өзінің нақтылы социологиялық зерттеулерінде құқықтық әлеуметтанудың әдістерін кеңінен қолданып отырады.

Мұнда әр түрлі абстрактылы, логикалық тәсілдерді және әлеуметтанудың өзіне тән әдістерін (бақылау, сауалнама, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тест, т.б. ) қолдану арқылы зерттеулер жүргізіледі. Әлеуметтанудағы жалпы теориялық білімді түрлі теорияларға, ой-пікірлерге жан-жақты талдау жасау арқылы меңгеруге болады, нақтылы ғылыми мағлұматтар, ой-пікірлер, фактілер, хабарлар, т.б. нақтылы зерттеулер арқылы алынады. Құқықтық әлеуметтануда нақтылы зерттеулер арқылы алынған жаңаой-пікірлер, мағлұматтар, фактілер қайта қорытылып мемлекеттік басқару органдарына қажетті ұсыныстар, кеңестер беріп отырады. Сөйтіп басқару мекемелірінің жұмыс стилін, ұйымдастыру, реттеу, басқару мәселелерін біршама жақсартуға, қайта құруға әсерін тигізіп отырады.

Осыларға сәйкес құқықтық әлеуметтанудың құрылымы шығады. Құрылым теориялық және нақтылы зерттеу арқылы алынған әлеуметтік-білім және ғылыми мағлұматтардың реттелген жиынтығынан құралады. Құрылым таным объектісінің алуан түрллігіне де байланысты болады. Мысалы, құқықтың құрылымына қарай ол азаматтық құқық әлеуметтануы, қылмыстық құқық, конституциялық құқық, т.б.болып бөлінеді. Алуан түрлі таным объектісіне байланысты заң шығару әлеуметтануы құқықтық саны, құқықтық тәртіп, қылмыстық сот және тәртіп сақтау органдары әлеуметтанулары болып келеді.

Құқықтық зерттеулерге зерттелетін құбылыстарды көлемі жағынан макро және микро деңгейлерге; зерттеудің сипатына қарай- теориялық және эмперикалық әлеуметтануға; мақсатына және атқаратын міндетіне қарай негізгі және қолданбалы түрге бөледі.

Осыларға орай құқықтық әлеуметтанудың атқаратын қызметін қарастырамыз.

Құқықтық әлеуметтану негізінен танымдық және практикалық қызметтерді атқарады.

Құқықтың танымдық қызметіне зерттелетін объекті туралы жаңа білім алу жатады. Ал, жаңа білім өткен теорияларды онан әрі дамытады және жаңа теориялар жифнтығын құрайды. Бұл жерде құқықтық әлеуметтану бұрынғы ескі теориялар жиынтығына сын көзбен қарайды. Мұны француз ғалымы Ж.Карбанье құқықтық әлеуметтанудың сын және сынау қызметі деп атады.

Жалпы әлеуметтану сияқты құқытық әлеуметтану да практикалық қызмет атқарады. Егер ол мұндай қызмет атқармаса, онда оның тұжырымдары нақтылы өмірден қол үзеді де, догмаға айналып, дағдарысқа ұшырайды. Практикалық қызмектінде, әсіресе, құқықтық әлеуметтанудың мүмкіншіліктерін заң шығару үдерісінде кеңінен қолданады. Ол қоғамдағы кейбір қатынастарды заң арқылы реттеуге, жөндеуге көмектеседі, заң шығару процестерін қалыптастыруға, құқықтық заңдардың іс-әрекеттерінің тиімділігін зерттейді. Ол сот жұмысындағы ашық жарияланған және жасырын түрдегі адамдардың мүдде, талап-тілектерін, сот үдерісіндегі сыртқы қысым күштерін және олардың әлеуметтік слдарын зерттейді. Одан әрі сотқа қатынасушылардың соттың қаулы-қарараларын қалай қабылдайтынын, жалпы сот шешкен көкейкесті мәселелерге қоғам қалай қарайтынын, мұндағы маман заңгерлердің және сотқа қатынасушылардың әр түрлі жағдайларға байланысты мінез-құлықтарын, істі жүргізу, дұрыс шешім қабылдауларын, т.б. зерттейді.

Қоғамдық ой-пікір әлеумет зерттешілердің басты назарын аударады. Құқықтық әлеуметтануда қоғамдағы адамадар тобының құқықтық сансаының дәрежесі мен деңгейі, бұрынғы қолданыстағы немесе жаңадан қабылданған құқықтық заңдарға, актілерге, заң жолымен реттелетін көкейкесті мәселелерге қатынаса, сот және құқықтық органдарының ой-пікірі, көз қарасы, жүмыс әдісі, т.б зерттеледі.

Құқықтық әлеуметтанудың танымдық, прктикалық қызметтерінің басқа да функциялары бар, олар: реттеу, басқару, болжау, т.б.

Сонымен, қазіргі нарықтық жағдайда құқықтық ереже мен заңға, көкейкесті мәселелерге әлеуметтану тұрғысынан қарау және құқықтық құбылыстарға, процестерге кешенді, жүйелі әдістерді қолдану қажет.

Бұл үшін өмір мен тәжірибеде әлеуметтанушулыр мен заңгерлер өздерінің іс қызметтерінде қоғам мүшелерәмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек.

Жауапкершілігі мол осы қызметте жүргендер не тындырды, қандай мәселелер шешілді немесе шешілмей отыр, оның себеп, салдары, шешу жолы неде екенін анықтау, орын алып отырған кемшіліктерді болдырмау немесе оларды біршама жұмсарту, тиімді шешу жолдары мен бағыттарын қарастыруқажет. Бұл тұрғыда көптеген ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер заң шығаруды белсенді әпрі жауапты қызмет істеп жүр: олар заң жобаларын әзірлейді; жеке заң шығарушылар құқық органдарына барып кәсіби кеңес береді, әдістемеләк лекция және әңгіме өткізеді. Заң шығару жөнінде жаңатиімді ұсыныс, кеңестер, талап-ілектер, т.б айтады. Заң шығару үдерісінің негізгі мәселесі – қазіргі және болашақта шығарылатын заң актілерінің теориялық тұжырымдамасын жасау болып табылады.

2.Құқық әлеуметтік институт ретінде .  Жалпы әлеуметтанудың негізгі айналысатыны қоғамдық жүйенің әлеуметтік қырларын, қоғамдық құбылыстың әлеуметтік әлпетін, байланыстарын және қарым-қатынастарын талдау, зерттеу болып табылады. Құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың бір саласы (қала, ауыл, еңбек, жастар, саясат, дін сияқты ондаған салалардың бірі) және ерекше әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін жеке әлеуметтанулық теория болып табылады. Құқық әлеуметтануының объектісі - әлеуметтік құбылыстардың бір түрі болатын заңдық құбылыстар. Құқық қоғамның жаратылысы, әлеуметтік институт болғандықтан, заңдық құбылыстың бәрі де белгілі бір дәрежеде әлеуметтік сипатта болады. Кейбір құқықтық емес әлеуметтік құбылыстарға әдет-ғұрыптар жатады (шошқа етін жемеу, жақындардан жеті атаға дейін қыз алыспау, шығыс әйелдерінің еркектердің жолын кеспеу, әңгімесіне араласпау сияқты мысалдар). Сөзсіз айқын кұқықтық сипатқа ие болатындарға заң, соттық және әкімшілік шешімдерді келтіруге болады. Алғашқы кезде құқық әлеуметтануының тақырыптары заңның атқаратын қызметін, оның мәртебесін, беделін, заңды білу қажеттігі, көпшіліктің сот жүрізуші туралы түсініктері, олардың әлеуметтік тегі туралы, әділ соттың болуы т.т. айналасындағы зерттеулермен шектелетін. Кейінірек зерттеулердің ауқымы кеңейді, енді құқық әлеуметтануы барлық құқықтык бөлшегі бар әлеуметтік құбылыстармен айналысады. Сөйтіп, құқық әлеуметтануы бастапқы құқықтық құбылыстарды және сонымен қатар екінші, туынды болатын отбасы, меншік, шарт, жауапкершілік сияқты құбылыстарды да зерттейді. Мысалы, отбасылық некелік қатынастардағы құқық пен құқықтық емес бөлшектерді, олардың ара салмағын алайық. Заң қызметкері оны ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын, балалары мен ата-аналардың құқы мен міндеттерін анықтау тұрғысынан қарайды. Олар заңда бекітілген, ал олардың орындалуы мен орындалмауы өмірдің ерекше жағдайларында ғана көрініс табады. Осы сияқты шектен тыс жағдайда құқық субъектілерінің өз құқы мен міндеттерін қандай дәрежеде орындап отырғаны айқын болды. Жалпы әлеуметтану сияқты құқық әлеуметтануы да өз пәні, өз ғылымының мақсаттарына сүйеніп отырып, құбылыстарды тұтас алып қана зерттеуі тиіс. Ойтұжырымның мақсаты әлдебір құбылыстардың шығуының себептерін көрсетіп беру болса, онда құқық әлеуметтануы жеке әлеуметтанулық теория ретінде құқықтың қалыптасуға ықпал ететін әлеуметтік құбылыстарды, яғни оның әлеуметтік көздерін, құқықтық қатынастардың әлеуметтік алғы шарттарын түсіндіріп беруі тиіс. Бірақ теория онымен шектелмейді, ол өзгерген әлеуметтік жағдайлардың шығуын да, салдарын да алдын ала  болжауы мүмкін. 2.Жоғарыда көрсетілгендей, әлеуметтану мен құқық әлеуметтануының таным объектісі біреу - әлеуметтік құбылыстарды зерттеу, олардың ішкі қозғаушы тетігін, тіршілік ету заңдылықтарын ашу.   Құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастарға, әлеуметтік субъектілердің өзара әрекеттестігіне, әлеуметтік жүйенің қалыптасуы мен атқаратын қызметіне ықпал жасауын қарастырады. Ол қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастырып, осы бүтіндікте, қоғамдық қатынастарда құқықтық кұбылыстардың алатын орнын, оны әлеуметтік жүйенің бірігуіне немесе ыдырауына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ретінде талдау жасайды. Демек, кұқық әлеуметтануының мақсаты дайындалатын құқықтық мөлшердің, институттардың және тұтас алғанда құқықтың әлеуметтік шарттылықтарын ашып және дәлелдейтін шын, ақиқатта бар қоғамдық қатынастардың терең талдауын талап етеді. Бірақ қоғамдық қатынастардың дамылсыз жетілу үдерісіне, тұрақты өзгеретіндігін ескеріп, дамудың да бағыттарын анықтау керек. Ал мұндай талдау құқықтың тиісті саласының дамуын болжайтын, негізін қалауға және қоғамның дамуының белгілі кезеңіне сәйкес нормалар мен институттарды құруды дайындауға мүмкіндік береді. Бұл - құқық пен қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстардың бірінші бағыты. Екінші бағытқа құқық пен әлеуметтік құбылыстардың араларындағы өзара байланысына жататын талдау - ол әлеуметтік әрекет пен құқықтың әлеуметтік тиімділігін, оның институттары мен нормаларын зерттеуді жатқызамыз. Бұдан әлеуметтік жүйенің дамуындағы және жеке адам мен институттардың әлеуметтік әрекеттестігіндегі кұқықтың пайдалы, не теріс әсер коэффиценті қандай екені анықталады. Құқықтық ұйғарымдардың тиімділігі мәселесі олардың әлеуметтік шарттылығы мәселесінен маңыздылығы ешбір кем емес. Құқықтың тиімділігін анықтау дегеніміз ол бұзылған мүдделерді қалпына келтіруде, құқық бұзушыны жазалау мен оны түзеуде, ұнамсыз қылықтардың алдын алуда, бүкіл халықтың құқықтық санасын қалыптастыруда т.т. оның өз мақсаттарына жетудегі қабілеттілігін дәлелдеу. Яғни, ең ақырында құқықтық емес құбылыстарға, шын қатынастарға құқықтық мөлшердің қаншалықты тиімді ықпалы болатынын анықтау қажет. Құқықтық әлеуметтану әлеуметтік-құқықтық құбылыстардың эмпирикалық зерттеулеріне сүйеніп, осымен айналысуы тиіс. Әлеуметтанудың зерттеу пәні қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік қозғаушы күштердің өзара әрекет ететін жүйесі мен тетігі болып табылады. Ал құқық әлеуметтануы өз аясындағы құқықтық құбылыстарға әсер ететін әлеуметтік құбылыстардың бәрін қамтиды. Яғни құқық әлеуметтануы бүкіл қоғамдық шындықты, ұжымдық іс-қимылдарда айқын және көзге түсетін көріністерден бастап, одан әрі материалдық болмыста бейнеленетін құбылыстардың бәрін зерттейді. Осы аталғанның біріншісіне жаңа қоғамдық ұйымдар, күнделікті тәжірибе және дәстүрлер немесе мінез-құлықтың жаңа әлпеттері жатады. Екіншісіне кеңістіктегі құкықтык институттардың кұрылымы кіреді. Заңгердің жұмысының өтімділігі құқықтық нормаларды түсіндіру мен жүйелендіруге ғана тәуелді емес. Егер заңгер жанды, үнемі қозғалыста болатын құқықтың талаптарын ескермесе, құқықтық тәжірибемен, тіпті құқықпен байланысты нанымдармен санаспаса, онда осы қоғамдық ортада нақты әрекет ететін құқықтан оның толық қол үзуінің қауіптілігі пайда болады. Бұл сияқты жағдайда тек қана құқық әлеуметтануының құқықтық мәселелерді қанағаттанарлықтай шешуге бейімді ерекше пәні бар. Өйткені құқық әлеуметтануы құқықтықнормалардың әлеуметтік себептілігін, ал сондай-ақ құқықтық мөлшерлердің әлеуметтік нәтижесін ашып береді. Сөйтіп, құқық әлеуметтануының пәні құқықтың әлеуметтік себептерін, әлеуметтік әрекетін, оның  тиімділігін зерттейді, құқықтың қоғамдык қатынастарға ықпалын және әлеуметгік қозғаушы күштердің кұқыққа кері әсер ететін тәжірибесін ашып береді.

Соседние файлы в папке 2102172