На сортировку / 210217 / 210217 / polit_srs
.docxҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциалық емес акционерлік қоғамы «Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
№1 семестрлік жұмыс
«Саяси жаңару»
Пәні: «Саясаттану»
Мамандығы: 5В071800-Электроэнергетика
Орындаған: Қанатбаев А. Тобы: Эк-15-01
Қабылдаған: аға оқытушы Әбдіқалық А. Ә.
« » 2017 жыл
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2017
Жоспар:
І. Кіріспе.Саяси жаңару ұғымы, мазмұны
ІІ. Негізгі бөлім.
-
Саяси жаңарудың негізгі теориясы
-
Саяси жаңарудың тәжірибесі: әлемдік және отандық тәжірибе
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Саяси жаңару (демократияға өту)
Саяси жаңару – бұл қоғамдық ойдың маңызды бағыты, оған дәстүрлі мәдени және әлеуметтік-экономикалық формаларды терістеу, саяси өзгеріс және жаңа қағидаттарды іздеу тән. Сонымен, бұл саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтуі үдерісіндегі өзгерісі. Осыған байланысты саяси жаңаруды ғалымдардың әлі де жеткілікті зерттемегендігін атап көрсеткен жөн. Саяси жаңару саяси жүйені, саяси қызметтің түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін, технологияларын, сондай-ақ, саяси бағдарламаларды, доктриналарды, тұжырымдамаларды, мақсаттарды, стратегияларды жетілдірудің, жаңарту мен өзгертудің тетігі болып табылады. ХХ ғасырдың ортасында саяси ғылымда жаңа категория: «саяси жаңару» «тіркелгендігін» айта кеткен жөн. Ол ғылыми және әдеттегі сөз қорына нық кірді. Социалистік жүйе мен Кеңес Одағының ыдырауынан кейінгі Еуразия, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді талқылау мен бағалау барысында бүгінде белсенді түрде пайдаланылады. «Саяси жаңару» ұғымы «саяси даму» терминімен органикалық байланыста, бірақ онымен барабар емес. «Саяси жаңарудың» мәнін түсіну үшін «саяси даму» категориясы маңызды болғандықтан, осы категориялардағы олардың ортақ және ерекше жақтарын көрсету мақсатында біз оның мазмұнын қысқаша қарастырамыз.
Саяси даму ұғымы ғылыми әдебиетке ХХ ғасырда енді және ол саяси жүйелердің өзгеруі үдерісінің мазмұнын сипаттау үшін қолданылады. Аталмыш ұғым мен жай ғана саяси қатынастар жүйесіндегі өзгеріс фактісі емес, қоғамның саяси жүйесіндегі сапалық өзгерістер – саяси жүйенің күрделене түскен экономикалық және әлеуметтік жағдайларға үнемі бейімделу, жаңа қоғамдық мүдделер мен талаптардың пайда болуына шапшаң әрі тиімді түрде әсер ету, жаңа саяси институттар құру және қалыптасқан жағдайларға барабар олардың қызмет түрлерін жасау қабілетінің арта түсу үдерісі де белгіленеді. Демек, саяси даму – бұл саяси жүйенің қоғамдық ортаға икемді бейімделуі, оның сапалы жетілуі және өзінің қызметін жүзеге асыруда жаңа деңгейге өтуі, әлеуметтік мүдделердің қанағаттануы. Осыған байланысты саяси даму саяси жүйенің оң динамикасын – оның жаңа сапалық жағдайға қарай тұрақты қозғалысын білдіретіндігін атап көрсеткен жөн. Сондықтан да саяси дамудың өлшемдері жөніндегі мәселе аса маңызды, өте өзекті болып табылады. Саясаттанушылар саяси жүйенің қабілетін көрсеткен саяси дамудың негізгі үш өлшемін бөліп көрсетеді:
-
қоғам мен билік құрылымдарының (институттардың, нормалардың, коммуникациялардың) өзгерісіне деген;
-
жаңалыққа (жаңашылдыққа) – жаңа әлеуметтік проблемаларға, қоғамдық пікірге, азаматтардың талаптары мен мүдделеріне икемді түрде жауап беруге деген;
-
азаматтардың қоғамның саяси өміріне тең құқықты қатысуын қамтамасыз етуге деген (олардың саяси жүйенің институттарына деген жағымсыз немесе жағымды қатынастарынан тәуелсіз).
Осы өлшемдерге сүйене отырып, саяси жүйенің оң динамикасының негізгі шарттарын жасауға болады: біріншіден, қоғамның жаңа проблемалары мен мұқтаждықтарына деген жүйенің «бейімділігін» көтеру (бірен-саран жаңалықтардың жәрдемімен, мысалы, заңды, басқару органдарын жетілдіру, билеуші элитаның хабардарлығын көтеру); екіншіден, ұзақ тарихи перспективаға бағытталған кешенді реформалар жүргізу, саяси жүйенің барлық бөлімдерін демократиялық тұрғыдан қайта құру (жаңару); үшіншіден, қоғамның демократиялық саяси мәдениетін мақсатты түрде қалыптастыру. Осылайша, саяси даму ұғымы саяси жаңару ұғымымен және қоғамдық дамудың неғұрлым кең ұғымымен өзара тығыз байланыста болады. Осыған байланысты жаңару теориясы ХХ ғасырдың 50-60-жылдарында отаршылдық тәуелділіктен азаттық алған және өзінің одан арғы өзгеру жолдары жөніндегі мәселені тәжірибелік тұрғыдан қоюшы елдердің саяси тағдырын бейнелеу үдерісінде қалыптасқандығын айта кету керек. Жалпы қолданыстағы мағынада жаңару деп (француз сөзі modern – қазіргі жаңа) қазіргі заманның талаптарына сай нәрсенің өзгерісі түсініледі. Алайда саяси жаңару ұғымы өзіне қайсыбір қоғамның саяси жүйесіне жай ғана қазіргі заманғы түр бергеннен де кең мағынаны қосып алады. Ол іс жүзінде қоғамды жаңару ұғымының синонимі болып табылады, ол арқылы ғылыми әдебиеттерде дәстүрлі қоғамнан, яғни сословиелік әлеуметтік құрылымы бар және қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі дәстүрлі этикалық нормалары бар аграрлық шаруашылыққа негізделген қоғамнан өндірістің машиналы технологиясына және адамдардың өмір-тіршілігінің әр түрлі салаларын ұйымдастырудың ұтымды принциптеріне негізделген индустриялық қоғамға өту үрдісін түсіну қабылданған. Көрсетілген мағынадағы жаңғыртылған қоғам өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу, әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынастарды, әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың барлық жүйесін жаңадан бастап қайта құру саясатының нәтижесі ретінде алға шығады. Саяси дамудың тұжырымдамасына сәйкес батыс елдерінің, ең алдымен Батыс Еуропаның, АҚШ пен Канаданың жаңғыру үдерісі XVIII ғасырда басталды және бірінші өнеркәсіптік революция дәуірін қамтыды. Мұнда бұл үдеріс қоғамның табиғи эволюция сипатында болды және келесі жүйелілікте іске асырылды деп есептелді. Өзгерістер алдымен рухани салада болды (Жаңару, Реформация және, әсіресе, ағарту). Сосын қоғамның экономикалық саласы өзгерді, яғни жаңа мүдделер пісіп-жетілді және капиталға негізделген жаңа экономикалық құрылыс қалыптасты. Осы өзгерістердің нәтижесінде мемлекетпен тікелей байланысты емес адамдардың қызмет саласы кеңейе түсті, яғни азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Тек осыдан кейін ғана саяси жүйенің, әлеуметтік мүдделердің өзгерісі және бұқаралық жаппай қатысу болып өтті. Егер XIX ғасырдың басында батысеуропалық елдер әлі де ауыл шаруашылығы жағдайында қалған болса, ХХ ғасырдың басына қарай мұнда егіншіліктің орнына іс жүзінде өнеркәсіптік өркениет келді.
Қазіргі уақытта қоғамды жаңару ұғымы ең алдымен, дәстүрлі қоғамнан қазіргі заманғы индустриялық қоғамға өтуді іске асырмаған елдерге сәйкес қолданылады. Іс жүзінде бұл елдердің бәрі әлемнің батыс бөлігі емес. ХХ ғ-ң 50-60-жылдарында жаңарудың тұжырымдамаларының ішінде кейбір авторлардың қоғамдық дамудың бір бағыттылығы жөніндегі идеясы үстемдік етті. Бір елдер өзінің дамуында басқалардан кейін қалып келеді, бірақ олардың бәрі өзінің мазмұны жағынан бірдей жаңарудың бір ғана жолынан өтеді деп есептелді. Сонымен, дәл осы батыс елдері өздерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуында алға кеткендігіне және батыстық мәдениет бүкіл әлемнің мәдениеті болуы тиіс екендігіне күмән болмады. Сондықтан да батыстық емес елдердің жаңғыруының мәнісі алғашқыда олардың вестернизациясы (ағылшынша west – батыс), яғни дамушы елдерде өмірдің әр түрлі салаларын батыстық бастауларға көшіру үдерісі ретінде түсінілді. Саяси жүйені жаңару бұл елдерде саяси институттарды және саяси өмірдің формаларын батыстық үлгіде бекіту, яғни демократияландыру үдерісі ретінде қарастырылды.
XX ғасырдың 70-90-жылдарында жаңаруды түсіну енді соншама болмады. Бұл уақытта ғалымдар көбіне батыстық өркениет бірегей десе де, бәрібір әмбебап емес деген пікірге келе бастады. Осыған байланысты мақсатқа сәйкестілік жөніндегі, ең бастысы – басқа елдердің батыстық әлеуметтік институттарды, құндылықтар мен нормаларды көшіріп алу мүмкіндігі жөніндегі әңгіме өзекті бола бастады. Мәселе басқа тұрғыдан да қойылды: батыстық емес қоғамдар өздерінің ұлттық мәдениетінен бас тартуы және батыстық мәдениеттің негізгі құндылықтарын қабылдауға тиіс пе? Өздерінің елдерін батыстық әлеуметтік құндылықтар негізінде жаңаруға деген батыстық емес мемлекеттердің көшбасшыларының (Түркия, Жапония, Сингапур, Тайвань, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Иран) талап еткен әрекеттері бұл елдердің қазіргі заман елдеріне, бірақ батыстық емес елдерге айналғанына көз жеткізіп отыр. Соңғы он жылдықта қытай қоғамы да жаңғыруда, бірақ вестернизацияланып жатқан жоқ. Көріп тұрғанымыздай, жаңару мен әлеуметтік-экономикалық даму мәдени вестернизацияны талап етпейді және жасамайды. Сонымен қатар, олар ұлттық мәдениеттің қайта туындауы мен жаңаруына мүмкіндік береді. Мәселен, Батыс елдерінде білім алған батыстық емес елдердің көптеген элита өкілдері өздерінің әлеуметтік жүйелерінің шаруашылық механизмдерін жетілдіру барысында индустриялық технологияны дәстүрлі ұлттық құндылықтарға қызмет етуге қоюға ұмтылды. Қазіргі уақытта ғалымдар мен саясаткерлердің ойында жаңарудың басымдық мақсаты – өзгеруші қоғамдардың өркениетті ұқсастығын сақтау барысындағы экономикалық және технологиялық жаңалықтар болып табылатындығы көбірек пайымдалады.
Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дгенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елдімекендерді қалаландырудан және т.с.с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, Х.Линдз) бұған керісінше қарайды. Олардың ойынша, дмократиялық үрдісте тәрбиеленбеген, биік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі.
Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр.
Әлеуметтік салада сословиелік – касталық бөліністерді жойып, бір жіктеп екінші жікке кедергісіз өтуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті алуан түрлілік тұрғыда ұйымдастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, саяси қатынастарды кеңейту және ардайым жетілдіріп отыру, саяси шешімдерді қабылдағанда, кикілжіңдерді шешкенде мәмілеге келе білу және т.с.с.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас қамал сияқты болып көрінетін. Дегнмен, 70 жылдары жағдай өзгере бастады. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Греция, Португалия, Испания) өздерінің бұрынғы бұрынғы жолдарынан бас тартты. 80 жылдардың басында Аргентинада әскерилер билікті өз қолдарынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті 1964 жылы бастап алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп демократиялық жолға шығарды. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де бола бастады.
Варшава университетінің (Польша) көрнекті профессоры, саясаттанушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жатқан да зорлықты тудырады. Сондықтан оған тк бйбіт жолмен жетуге болады. Оның үш түрі бар.
Біріншіден, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді
Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту.
Үшіншіден, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.
Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған Батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.
Республикамыз өркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады.
Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конституцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы- халық еркіндігі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.
Елде экономикалық, саяси құқықтық реформалар тынымсыз болып жатады. Ол- өмір талабы. Бірақ солардың бәрі әбден ойланып, терең толғанып қабылданып, іс жүзіне асып жатса, мемлекеттік емес қатынастар бекітіліп, өмірдің барлық саласында өркениетті қарым- қатынастар қалыптасып жатса, демократиялық тәртіпке жылдам жетуге болады.
Сайып келгенде, либералды демократиялық жолға түсу- бүгінгі таңда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттық құндылыққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлуметтік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құрылады. Біздің мақсатымыз- ата- бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіре отырып, нағыз демократиялық жолға тезірек түсу.
Қандай да бір елдердің жаңаруының стратегиясы мен нақты жолдары жөніндегі мәселе қазірде де барынша өткір пікірталастың тақырыбы болып қалып отыр. «Жаңару үрдісінің табыстылығы, Елбасымыз айтқандай, көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады». Қазақстанның және басқа да ТМД елдерінің тәжірибесі айғақтағанындай, саяси жаңару өзіне мынандай сатыларды қосып алады:
-
қоғамның өзінің дәстүрлі саяси құндылықтарын сыни бағалауы;
-
қоғамдағы дағдарысты үрдістерді, дау-жанжалдарды және шиеленісті жеңудің жолдарын, тәсілдері мен әдістерін анықтау;
-
азаматтардың бағалы бағдарларының өзгеруі, олардың демократиялық саяси мәдениетке араласуы;
-
ескі саяси жүйенің бөлшектенуі, оның жойылуы қоғам мен уақыттың талаптарына сәйкес келмеуі;
-
саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани салалардағы кешенді реформалардың жүргізілуі.
Қазақстан қоғамы өмір құрылысының кеңестік саяси үлгісінен демократияға өтудің қажеттілігін ұғынды, бұл ұлттық, ұлтаралық, дінаралық және әлеуметтік келісімге жетуге мүмкіндік береді. Заңнамада демократиялық принциптер мен нормалар бекітілуде. Экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани-идеологиялық салаларда өзгерістер біртіндеп іске асырылды және іске асырылуда. Билік органдарының конституциялық-құқықтық жауапкершілігі арта түсуде. Мемлекеттік-құқықтық механизм жетілдірілуде. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласында былай атап көрсетті: «Жаңару үрдістерінің алгоритмі кейін қалған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму көрсеткіштеріне «тартуға» арқаулануы тиіс». Жаңарудың мазмұнына келетін болсақ, дәстүрлі қоғамнан индустриялық қоғамға өту үдерісі ретіндегі оны түсіну әр түрлі елдердегі оның объективті нәтижесі адамдардың өмір-тіршілігінің негізгі салаларындағы азды-көпті ұқсас әлеуметтік институттардың нығаюы деп топшылауға мүмкіндік береді. Бұл пікір тікелей индустрияландыру үдерісінің мәнісінен шығады. Даниел Белл өзінің «Грядущее постиндустриальное общество. Опыт социального прогнозирования» («Келешек постиндустриялық қоғам. Әлеуметтік болжамдау тәжірибесі») атты кітабында барлық индустриялық қоғамдардың бірнеше ортақ белгілері бар екендігі жөнінде біржақты қорытынды жасайды. Олар: барлық жерде бірдей технология таралған; технологиялық және инженерлік білімдердің (сондай-ақ, оларды ұсынатын оқу орындарының да) сапасы да бірдей; мамандықтар мен еңбек түрлерінің шамамен бірдей жиынтығы. Бірдей техникалық-экономикалық инфрақұрылым индустриялық қоғамдардың барлық салаларындағы ұқсас элементтердің болмай қалмайтын пайда болуына әкелетіндігі шүбәсіз. Президент Н.Ә.Назарбаев аталған мақаласында: «Жаңару егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдамамен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялық-инноваиялық дамуымен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген жағдайда ғана табысты болады. Индустриялық-инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңару мүлдем мүмкін емес», – деп атап көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік құрылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен «жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін бұған самарқау қарап келді. Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды. Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды. Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ,Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы билік туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жергілікті билік өкілдеріне белгілі бір дәрежеде құқықтық мәртебе беріп, өкімет орындары мен жоғарғы атқарушы билік пен жергілікті атқарушы биліктің аражігін ашып береді. Осы кезеңде төменгі атқарушы билік – ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаумен сипатталады. Атап айтатын болсақ, 2001 жылы бірнеше ауыл әкімдері тәжірибе ретінде сайланды. Сондай- ақ, осы кезеңдердегі құқықтық реформалардың маңызды бөлігі ретінде 2002 жылғы Елбасының халыққа Жолдауынан көрініс тапты. Мұнда әсіресе, қылмыстық жазаларды ізгілендіру мәселесі мен түзету мекемелеріндегі азаматтардың хал- жағдайына баса назар аударады. Соңғы жылдардағы бұл үрдістердің қарқынын теңестіру үшін саяси реформалар жасау қолға алына бастады. Демократиялық жаңғырудың Қазақстандағы төртінші ерекшелігі Әкімшілік жүйе өзгерісінің мемлекеттің қоғам дамуындағы кейбір қажетті шараларға әсері байқала бастады. Әсіресе, мемлекеттің қоғамның, оның ішіндегі жеке салаларға белгілі бір салаларға белгілі бір деңгейде билік бере бастағаны байқалады. Бұл құқықтық мемлекет құруға талпынған игі әрекетіміз екендігі деп түсіндіреміз. Бесінші ерекшелік – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік даму алғышарттарының кезең- кезеңімен жүзеге асырылуы. Еліміздегі саяси тұрақтылық нәтижесінде бұл жаңарулар кезең- кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Бұрынңы тоталитарлық жүйе мен демократиялық қайта жаңғыру процесі арасындағы бұрын мұндай қиыншылықтарды бастан кешірмеген Қазақстандық саяси жүйе осындай кезеңдерден өтуге мәжбүр болады. Бұл кезеңге тән игі қадам ізгілендіруді жаңаруда бұқаралық ақпарат құралдары қызметін жетілдіру болып табылады. Мемлекет басшысы жанынан Ұлттық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдары кеңесі орталығы құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Елбасы жолдауындағы мына мәселелер Қазақстанды демократиялық жаңарудың нақты көрінісі болып отыр:
1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен бюджетаралық жүйелер аражігін ажыратып, міндеттері мен құзыреттілігін айқындау.
2. Елдегі сайлау жүйесін жетілдіру, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.
3. Азаматтық қоғам институттарын құрып, бекіту.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы демократиялық жолмен дамытудағы рөлін күшейту.
5. Құқық қорғау органдары мен сот жүйелерінің азаматтардың бостандығы жолындағы бағытын жетілдіру.
Қазақстан үшін өз мемлекетті атрибуттарын қалыптастыруда Кеңес Одағынан қорланып қалған мәселелерді шешуге, оның бодандық элементтерін жойып,тәуелсіз ел ретінде XXI ғасыр өркениетіне қадам басу оңай болған жоқ. Еліміз тәуелсіздік алған соң, мына мәселелерді мемлекеттік және халықаралық деңгейде шешуге тура келді:
1. Егеменді елдің негізгі рәміздерін қалыптастырып, бекіту;
2. Демократиялық үрдістерді жетілдіру;
3. Этникалық топтар арасында бірлікті сақтау, жеткізу, демократиялық жаңаруларды бастау;
4. Елдің тиімді сыртқы саясатын айқындау;
5. Экономикалық- әлеуметтік дамудың қазақстандық үлгісінің заңдылықтарын қалыптастыру;
6. Бүкіл әлемде және ТМД мемлекеттерінде жүргізіліп жатқан интеграциялық үрдістерді қалыптастырып, дамыту.
Президент Н.Ә.Назарбаев халыққа өз жолдауында демократияландыру және құқық қорғау жүйесіндегі кемшіліктерді атап көрсете келіп,былай деді: «Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарламыздың табыстарын дәйекті саяси жаңару арқылы бкемдеп,саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады. Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет. Менің тапсырмам бойынша,тиісті құжат жобасы дайындалды». Осыған байланысты президент алдағы уақытта біздің заңдарымызды сапасын арттыру қажеттігін атап көрсетті. Қазақстандағы демократиялық процесті дамытуға ЕҚЫҰ-ның ықпалы үлкен.Себебі Қазақстанда кейбір салаларда демократияландыруды жетілдіру қажеттігі түгелдей шешілген деу ертерек. Атап айтатын болсақ, БАҚ-ты демократиялық принципке көшіру өте баяу. Қазақстанда қазақ демократиялық көпшілік болса да,телеарналар, баспасөз қазақ ұлтының демократиялық құндылықтарын көтеріп, көркейту дәрежесіне жете алмай келеді. Қазақстанда 3 мың газет болса,соның 30-40-ы ғана қазақ тілінде,800 журнал болса – соның бар болғаны 20-30-ы ғана қазақша. Өкінішке орай,қаншалықты БАҚ құралдары демократиялық сөз еркіндігін жүзеге асыруға тырысқанымен,оның кейбір қызметкерлеріне шабуыл жасау,қорқыту және редакцияларға өрт қою әлі де орын алуда.Билік тарапынан,істеу жағы жеткіліксіз.Тіпті 2009 жылғы шілде айында демократиялық күштердің наразылығына тудырған «Ақпараттық – коммунмкациялық желілер туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар туралы заң» қабылданды. Енді Қазақстанда барлық интернет ресурстар, форумдар, сияқты жайттар қарамастан республикада сөз бостандығының жансебілділігі күшейе түсуде. Бұл да болса демократияландыру процесінің тоқтап қолмағандығын білдіреді. Сондай-ақ қазіргі кезде ауылда тұратындардың қалаға үдере көшуі қаншалықты демократиялық урбанизация заңына сәйкес келеді деген сұрауға да дұрыс жауап беру қажет. Бұл мәселе соңғы кезде баспасөз бетінде пікір талас тудыруда. Мәжіліс депутаты К.Бурханов: «Нарықтық экономикадағы көші-қон үрдісі – мәнгілік процесс» дейді. Ал «Жаңа Сарыарқа» журналының бас редакторы Нұрғожа Ораз бұған қарсы уәж айтып, «біздің қазіргі жағдайымызда урбанизация жоқ» дейді.Соңғы пікір жөн сияқты. Ауылдықтардың қалаға амалсыздан күн көру үшін шұбыруын, біздіңше, заңды демократиялық урбанизация деуге келмейді. Ол турасында айтқанда нарықтық экономикада жіберілген қиғаштықтардың мен қателіктердің салдары екені жасырып емес. Шетте жүрген қазақтарды Қазақстанға әкелуге жағдай жасау мемлекеттік демократиялық саясатты соған бағыттау болуы тиіс. Ол үшін: өз еліне оралам деуші барлық азаматтарға Қазақстанның есігі ашық болуы керек. Енді біз оларды категорияға бөліп, «ана елдің қазағы керек, мына елдікі керек емес» деу арқылы сырттағы қазақтарды бөлшектеуіміз керек; квотамен келген оралман ба,жоқ одан тыс келген бе,бәрібір оралман куәлігіне ие болған адам Қазақстан территориясында Қазақстан азаматы ие болатын жеңілдіктердің барлығына ие бола алатын болуы тиіс.Міне,бұл саладағы демократиялық мәселе осында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы демократияландыру процесінің өзіндік ерекшеліктерін белгілеп берді. Дегенмен,өз ерекшеліктерімізбен ғана қалмауымыз керек.Сонымен қатар «Еуропаға жол» бағдарламасы белгілі дәрежеде біздегі демократияны дамытуға жәрдемі болады. Айта кететін бір жайт,демократияны тек батыстан ғана еш өзгеріссіз үйренеміз деу қате. Себебі біздің жас шенеуніктеріміз қазақ тілін жете игеріп,тарих қазынасына үңіле аларлық дәстүрлер жеткілікті. Бұрынғы билік жүргізген хандар мен сұлтандар,бектер мен мырзалар далалық демократия атрибуттарын орындап отырған. Мысалы, қарапайым халықтың ішінен біреу «дат тақсыр» деп келіп арызын айтса,сол басшылар «уақытым жоқ, кейін келіңіз» демей қабылдаған. Қазіргі кейбіреулер сияқты ештеңе дәметпеген.Бұндай тәртіп иолардың халықпен байланысын нығайтып,қол үзіп, оқшауланып қалмауына септігін тигізген. Демократиялық мемлекет құрудың отаны болып АҚШ демократиясының дамуының үрдістерін талдаған Р.Даль еңбектерінде («Демократияға өту жолдары») демократия табиғатына классикалық талдау жасалынады. Ол демократияның барлық елдерге тән идеалды моделінің болмайтындығын ескертеді. Осы негізде Р.Даль полиархия концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша саяси шындық демократия идеалына сәйкес жағдай тудырады. Демократия билік институттарының өз биліктерін өздерінің мүдделері үшін ғана пайдалануын шектеп отырады. Демократия табиғатын зерттеушілердің басым көпшілігі демократияны бірден, жылдам мерзімде қалыптаса қалатын үрдіс деп есептейді. Демократия революциялық түбегейлі жаңа құбылыстар жасау үрдісі емес. Ол керісінше эволюциялық үрдіс болып табылады. Сол себепті демократия бірде кең таралып, бір де кері кетіп толқын тәріздес қозғалыста болады. Әлемдік демократияландыру процесінің осындай ерекшеліктерін көрсеткен, белгілі американдық саясаттанушы Самуэль Хантингтон демократия өзінің дамуы барысында үш толқынмен өзгертіп көрсетеді. Бірінші толқын 1820-1942 жылдар, екінші толқын 1942-1975жылдар, үшінші толқын 1975 жылдан бүгінігі күнге дейін. Бірінші кезеңде 29 мемлекет демократиялық саяси құрылысты таңдап, екінші толқындар 36 мемлекет, ал үшінші толқындар 40 мемлекеттен астамы. Осы толқындарда бірінші кезеңде 12 ел демократиядан авторитаризмге қайта оралса, екінші кезеңде 6 ел қайта авторитарлықты таңдаған. Ал, үшінші кезеңде 4 ел демократиялық таңдаудан бас тартып авторитаризмге қайтқан. Демократиялық мемлекетпін деп есептеген елдер 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» мойындайды және текелей жүзеге асырады. Демократиялық мемлекеттегі саяси бостандықтарды жасайтын Декларация мақсаттары Қазақстан Республикасы Конститутциясындағы ІІ бөлімді «Адам және азамат» деген атаумен қамтиды. Ата Заңға сәйкес мемлекет өзінің азаматтарын қамқорлыққа алуға және қорғауға міндеттенеді. Қазақстандық демократияның өтпелі, транзиттік сипатына байланысты өзіндік төл ерекшеліктері болды. Біріншіден, Қазақстанда басқару жүйесінің жаңа моделін жасаудың кешенді шаралары елдегі түбегейлі экономикалық өзгерістерге әкелген реформалардан кейін іле- шала басталды. Екіншіден, Қазақстандағы демократияландыру үрдісі әлемдік «қуып жетуші модернизация» теориясына жақын болды. Себебі, Кеңес Одағы күйрегеннен кейін Қазақстан Республикасы қоғамдық саяси өмірді демократияландыру саясатын пәрменді дамытты. Қазақстанның басқарушы элитасы С.Хантингтон айтқан экономика дамуы мен демократия арасындағы өзара байланысты түсіне алды. АҚШ сарапшысы «дамушы елдердегі демократиялық режимінің тұрақтылығы осы қоғамда нарықтық экономиканың қаншалықты тамыр жайғанына байланысты», — деп көрсеткен еді. Үшіншіден демократияның Қазақстандық моделінің қалыптасуына Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсыныстары мен қызметі шешуші ықпал етті. Тәуелсіз мемлекет құрылар сәтте сөйлеген сөзінде Президент Қазақстанның дамуының негізгі векторын анықтай келе «Қазақстан халықтары қзінің батыл таңдауын жасады ол — өркениетті, демократиялық қоғам»,- деген сөз айтты. Президент өзінің «Қазақстан 2030» аталған 1997 жылғы Қазақстан халқына тұнғыш Жолдауында «Алдымызда екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз екеуін де, іс-жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз», — жазды.
