На сортировку / 210217 / 210217 / Srs1
.docxКіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Бұл нормативтік актіде бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцяның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен ерекешеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажетігінен туындайтын мәнінен сипатталады. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады.
Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «конституциялық құқық» орнына қолданылады. «Конституциялық құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «мемлекеттік құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.
ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары.
Конституция түсінігі мен мәні
Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие. Ең алғаш өздерінің конституциясын қабылдаған ел болып АҚШ саналады. 1897 жылы қабылданған конституция қазіргі күнге дейін қолданып келеді. АҚШ бүгінгі таңда нағыз демократияның көрсеткіші ретінде танымал.
Конституция материалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады. Конституция нысандық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік – құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылы алғашқы Конституциясын қабылдаған болатын. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды. Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі.
Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды. Конституцияның алғы сөзінде «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізгі ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек. Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.
Қазақстанның конституциясының даму сатылары
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жылдың толғаны міне, бірақ та бұл біздің ата заңымыздың тарихының көрсеткіші бола алмайды. Біздің ата заңымыздың қалыптасуының өзінің кезеңін беске бөлуге болады:
-
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Конституциясына Қазақ КСР-ының «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» заңы
-
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы
-
1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақтың Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» заңы
-
1993 жылғы қаңтарда Конституцияның қабылдануы
-
1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституцияның қабылдануы.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін, Қазақстанның барлық азаматтары жаңа мемлекетті таныды. Сөйтіп, олар өткен кезеңдегі тағдырларының тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей отырып, бірауыздан жаңа мемлекетті бірлесе құруға әзір екендіктерін білдірді. Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін және нормаларын саяси, құқықтық жағынан талдау еліміздің экономикалық-әлеуметтік, рухани тұрғыда өсуіне серпіліс пен қуат беретінін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл-ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің, құқық тәртібі мен заңдылықты орнықтырудың сөзсіз шарты болып табылады. Қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған болатын. 1991 ж. желтоқсанның 16-да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж.4 маусымда Қазақстан елтаңбасы,11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді.
Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Бұл Коституцияның Адам және азамат бөліміндегі 12 бапта жазылған мына сөздерінен түсінуге болады: «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар обсалютті деп танылады...». Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеолологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
Жоғары да көрсетілген кезеңдерден басқа ежелгі кездерді де еске түсіріп кетуіміз керек. Қазақ жерінде сонау Шаңғыс ханның кезінде де барлығы «Жасақ» заңына бағынған. Осы заңның негізінде одан кейінгі Шыңғыс ханның ұрпақтары бүкіл Азияны билеген болатын. Қазақ хандығының құрылғанынан кейінгі бізге белгілісі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және де Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Осы заңдарға тоқталатын болса, Қасым ханның қасқа жолы:
-
Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері);
-
Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық және т.б. қолданылатын жазалар);
-
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны және т.б.);
-
Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері);
-
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар және т.б.) ережелері жатады.
Ал Есім ханның ескі жолына:
-
Жерге қатысты заңдар;
-
Малға байланысты ережелер;
-
Мүліктік қатынастар;
-
Қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру, қасақана жара келтіру);
-
Әйелдердің қоғамдағы жағдай туралы;
-
Әскери міндеттілік туралы;
-
Дәстірлі шаралар мен кедейлерге көмектесу туралы мәселелер жатады.
Тәуке ханның «Жеті жарғысына» келетін болсақ:
-
Жер дауы заңы;
-
Отбасы-неке заңы;
-
Әскери заң;
-
Сот заңы;
-
Қылмыстық істер заңы;
-
Құн заңы;
-
Жесір дауы заңы жатады.
Бұл заңдар жинағы өз заманына, халықтың жағдайына сәйкес өзгеріп отырған.
Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері
ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi. ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: ―Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген.
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеололгиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ). Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет, Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. ―Жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады.
ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экономикалық негiздерден, әлеуметтік саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚР Конституциясыныңның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26- 12 баптарында тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында ―Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, — деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, ―Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемлекет билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмшілік-аумақтық бөлiнiстерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етедi. Президенттiк басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал ―Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi (2-бап, 2-тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс демократиялық болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемлекеттік билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық екендiгi былай баяндалған: ―Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар (3-бап, 2, 3-тармақтар). Сонымен қатар ҚР-нда идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік 13 институттардың бiрiгiп кетуiне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. ―Адам және азамат деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады. ―Президент деп аталатын III бөлiм мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң жаңа мәртебесiн толық бейнелейдi. Басқа мемлекеттік органдардың құрылуы мен қызметi IV — VIII бөлiмдерде көрсетiлген. ҚР Конституциясының құрылымында әр бөлiм өз қисынымен реттi орналасқан әрi баршаға түсiнiктi. ―Қорытынды және өтпелi ережелер деп аталатын IХ бөлiмде жаңа Ата Заңды күшiне енгiзу нормалары бекiтiлген, бұрынғы Конституцияның қолданылу күшi қай кезден бастап жойылғаны нақтыланған. 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қолданылып келген заңдардың одан әрi қолданыста болу тәртiбi көрсетiлген. Ата Заңның мемлекеттік және қоғамдық органдардың өзге актiлерiне де, соның iшiнде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күшi бар. Мемлекеттік органдардың өзге актiлерi, барлық заңдар ҚРК негiзiнде және соған сәйкес, сол белгiлеген рәсiм бойынша қабылданады. Мемлекет жасасатын халықаралық келiсiмдер мен шарттар да ҚРК-на сәйкес болуға тиiс. Қолданыстағы нормалар конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткенi басқа нормалар осыған сай келтiрiлуге тиiс.
Конституцияның қағидаларына қайшы келетiн заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды. Яғни кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттiң ағымдағы заңдары құқықтың базалық көзi болып табылатын Конституцияға негiзделедi және оның рухына сай келуге тиiс. Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкiн. Алайда, ағымдағы заңдар Конституцияның шеңберiнен шығып кетпеуге тиiс және конституциялық нұсқаулар мазмұнын өзгертпеуге тиiс. Кез келген құқықтық актiнiң Конституцияға сай келмеуi немесе оған қайшы келуi бұл 14 құқықтық актiнi заңды күшiнен айырып, жарамсыз етедi. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты. ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК- на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды. ҚРК тұрақтылық нышанымен ерекшеленедi. Негiзгi заң ретiнде оған өзгерiстер енгiзу тәртiбi де ерекше сипатта болады, бұл тәртiп Конституцияның өзiнде белгiленген. Мәселен, 91-баптың 1-тармағына сәйкес ҚРК-на өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Республика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiм бойынша өткiзiлетiн республикалық референдумда жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер Президент өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Парламенттiң қарауына беруге ұйғарса, онда өзгерiстер мен толықтырулардың жобасы республикаық референдумға шығарылмайды. Бұл ретте Парламенттiң шешiмi Конституцияда белгiленген тәртiппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/4 дауысымен қабылданады (62-бап, 3-тармақ). Егер Президент Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерiн респ. референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда қос Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға 15 шығарады. Егер референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлдi деп есептеледi, егер олардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп саналады. Нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай, Қазақстан Республикасы Конституциясы жоғары заң күшi бар сатыда тұрады. Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.
Конституцияда адамның жеке бас бостандығы, жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы рөлі айқын тұжырымдалған. Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында, басқа мемлекеттік органдармен қатар Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының қосатын үлесі зор. Атап айтқанда, 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» заңына сәйкес, әділет органдары жергілікті өкілді және атқарушы және басқа да органдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және олардың заңды мүдделеріне қатысты ұсынған нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын жүргізіп мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, зияткерлік меншік құқықтары жөнінде, яғни авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында қызмет атқарады, діни бірлестіктермен байланыс жасайды, оларды тіркеуден өткізеді, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын жүзеге асырады сонымен қатар азаматтарды төл құжат және жеке куәлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге алып тіркеуден шығарады, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүргізеді. Қазақстан мемлекетінде адам құқығы және бостандығының жоғары құндылығы құқықтық мемлекетінің негізгі қағидасын реттеп отырады. Қазақстан мемлекеттік–құқықтық даму бағдарламасын халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы, мемлекеттің жоғары билік орандарынына қадағалау жүргізіп ,бақылау жүргізіп отырады. Адам құқығы туралы жалпы декларацияның мазмұнына сәйкес адам құқығын қорғау, біздің конституциямызда дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетіндігі бәрімізге мәлім. Конституция барлық азаматтардың теңдігіне кепілдік беріп қана қоймай, сондай-ақ барлық билік тармақтарының қызметіне бағыт беріп отырады. Елбасының белгілегеніндей конституция қоғамның дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның дамуына болашақта тұрақты қадағаланып отырады. Конституцялық нормаларды қадағалау біздің республика заңының мемлекеттің дамуына бағыталады. Қоғамның дамуы елімізге пенитенциярлық гуманизациялық жүйенің кіруі ықпалын тигізді. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасында сайлау заңдылығының енуі 17
Конституцияның дүние жүзілік қауымдастыққа кіруінің негізі ретінде танылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейн мемлекетіміздің саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қайта реттелді. Конституция халықтың еркіндігін жоғары қойып, жаңа мыңжылдықта құқықтық нигилизім бағытында тоторитарлық жүйені артта қалдырды. Еліміздің жаңа тарихында құқықтық ой-өріс пен құқықтық мәдениетіне құқықтық мемлекетіміздің жаңа қырларынан ашылып отыру керек. Бұл мәселе Президентің қазақстан халқына жолдаған 2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың бағыттары туралы жолдауында айрықша атап көрсетілген. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткендігімізді байқаймыз. Елбасымыздың да ең басты заңымыз Конституцияның жарыққа шығуына зор улесін қосқанын айта кеткеніміз жөн. Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және эканомикалық дамуымыздың құқықтың қайнар көзі ретінде танылады. 2007 жылғы 21 мамырда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының № 254-III Заңы қабылданды. Осы заңмен Конституциямызға елеулі оң өзгерістер енгізілді. Атап айтатын болсам, 2- бапқа сәйкес «Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады» деп айқын көрсетілген. Астана, Республиканың әкімшілік-саяси орталығы болып табылады. «Астананың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі» деген, осыған сәйкес айтылған болса керек деп ойлаймын. Сонымен қатар басқа да көкейтесті өзгерістер енгізілді. Ал соңғы енгізілген өзгерістер 2 ақпан 2011 жылда орын алған болатын.
