- •Атырау мұнай және газ институты Механика факультеті
- •Атырау мұнай және газ институты Келісім бетшесі
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий Негізгі терминдер
- •Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.
- •Курстың мақсаты мен міндеті
- •2. Дәріс сабағынының конспектісі
- •Тақырып. Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. Ежелгі Шығыс және Антикалық философия.
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. Орта ғасыр философиясы
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары
- •Тақырып. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. 16-18 ғасырлардағы ағартушылық философия
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары.
- •Тақырып. Классикалық неміс философиясы
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. Маркстік философия
- •Тақырып. Қазақ философиясы.
- •Тақырып. Орыс философиясы
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары;
- •Тақырып. XX – ғасыр философиясы.
- •Тақырып. Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік.
- •Тақырып. Диалектика және оның алтернативасы.
- •Тақырып. Сана проблемасының философияда қойылуы.
- •Тақырып. Таным. Ғылыми таным.
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары.
- •Тақырып. Қоғам және оның жүйесі
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. Прогресс
- •Тақырып. Мәдениет және өркениет
- •Тақырып. Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндеге рөлі.
- •Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- •Тақырып. Қазіргі тандағы глобалдық проблемалар және әлеуметтік болжамдар.
- •3.Семинар сұрақтарының жоспары Семинар 1. Философия: пән және функциялары.
- •Семинар 2. Ежелгі Шығыс философиясы.
- •Семинар 6. Жаңа дәуір философиясы.
- •Семинар 13. Гносеология: жалпы мәселелер.
- •Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •4.Оқытушының басқаруымен студенттік жұмыс (срсп)
- •5.Студенттің өзіндік жұмысы. (срс) Студенттік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •Емтихан сұрақтары:
- •Философия ғылымының алғышарттары.
- •7. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
- •7. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып. Қоғам және оның жүйесі
Негізгі мақсаты: Қоғамның адамдар үшін, әлем үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық сананы тағы да нақтылау.
Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық аспект.
58
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен. Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі.
Қоғам туралы әр – түрлі көз қарастар, тұжырымдар.
Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.
Қоғамның жүйесі туралы түсінік.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми – философиялық дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық – экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан – жатқы терең талап дәлелдеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең танып – білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап,
59
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен. Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын – материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді.
Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр – бір жеке – экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.
Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысына пайымдау, талдау әдісін – біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады ал қоғамның формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады.
60
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен. Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Қоғам дамуының объективті қозғаушы кұштері өздерін терең түсінуді, білуді қажет етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалыптастырады.
Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Марериалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге мәдениетке, оқуға үмтылуы.
Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Саондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.
Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.