Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
343.04 Кб
Скачать

Негізгі бөлім

Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.

Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты – коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.

Сонымен құндылық дегеніміз не ? Құндылық – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде айқындалған.

ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме береді?

Монографиялық зерттеулерде, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «құндылық», «адамгершілік құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық» ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар берілген. Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар, пікірлер де әртүрлі болған.

Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда аксиология жауап беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен «ахіс» - құндылық және «logos» - «ілім» деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.

Аксиология философиялық зерттеу мен және оны талдауы бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты – болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсетіп ұғымдарын қалыптастырады.

И.Кант және Г.Гегель – немістің ұлы философтардың танымдары бойынша құндылықтар ұғымына зейін қойып, талдаулар жүргізген. Мысалы, И.Кант аксиологиялық түсініктерді қалыптастыру үшін қоршаған әлемді ойша нақты және идеалды деп екіге бөлген. Адам алдына қойған мақсатына жету үшін ол факторлардың ықпалына, мәнділігіне қатысты деген ойларда болған.

Олай болса, құндылықтар теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы құрылым туындап, философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың зерттеулерімен танысу барысында құндылықтар теориясын өмірге алып келгендігі және оларды типтерге бөлуге арналған философиялық әлеуметтік тұжырымдары айқындалады.

Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз заманның алдыңғы буыны екендігі туралы ойға келеді. Оның маңызды құрамдас бөлігі – адамның қиындықты шешуі, рухани-тәжірибені игеру негізі және реттеушісі сипатындағы құндылықтары теориялық тұрғыдан талдануы, философиялық, педагогикалық ой-пікірлер жиынтығы мен қалыптасу тарихындағы түрлі бағыттармен түсіндіріледі. Сол бағыттардың ішіндегі түрлеріне: натуралисті психологизм, трансцендализм, мәдени тарихи-релетивизм және социологизм жатады.

Шынайы дүниедегі кез-келген құбылыстың, заттың өзіндік қайталанбас құндылығы болуымен қатар, құндылықты феномен есебінде қарастыратын алғашқы типті – натуралистік психологизм дейміз. Натуралистік психологизм өкілдері құндылықтарды адамдардың биологиялық және жантану тұрғысынан байланыстырып, қайнар көзі есебінде түсінеді.

Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлермен түсіндіруге ұмтылғандар, екінші тип – аксилогиялық трансцендентализм, тәжірибеден тыс, ақыл-ой санасын түсініп білуге болмайды деген идеалистік философия еді. Трансцендентализмнің өкілдері В.Виндельбант, Г.Риккерт сананың қатпарларындағы туындаған қалыптардың әртүрлі формасы болатындығын айтқан.

Келесі, үшінші тип - әрбір құбылыстың көпжақтылы құндылығы болуы, оның салдары, жалғасы сияқты бағдары болатындығын мойындауда. Оны тарихи релятивизм әрбір тарихи кезеңде мәні артуы мүмкін деген бағыттың өкілдері А.Тойнби, П.А.Соркиндер болатын.

Әлеуметтік тип құндылықтардың әлеуметтік қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған қалып деп еспетейді. Бұл бағытқа М.Вебер еңбек сіңірген, ол төртінші тип деп айтылуда. Сонымен аксиологияның ілім есебінде қалыптасуына үлес қосқан Ф.Ницще өзінің «мораль генеологиясы» атты шығармасы адамдарды «жақсы және жаман», «игілік пен зұлымдық» тәрізді түсініктерді, қарама-қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты бірімен-бірін қатар қарастырып салыстыру философтардың үлесі деген ойды білдіреді. Философ Ф.Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субъектінің әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды.

Синергетикалық, герменетиканың жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар, мәтіндер мағынасын өткен және қазіргі біртұтас дүние деп есептеу арқылы жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х.Гадамер герменевтиканы қазіргі кезеңнің әмбебап философиясы деп ойласа, Х.Гадамердің пайымы бойынша құндылықтарды түсіну үшін жеке адамды, халықты, мемлекетті түсіну жеткіліксіз, олардың даму, қалыптасу, өзгерулер себептері, жалпы тарихына терең зер салу қажеттілігін айтып, «ақиқат» деп сонда айта аламыз, сырын түсініп жолын, әдісін табамыз.

Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүрді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамда даму, жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал. Құндылық өте сирек кездесетін құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік белестеріне деткен адамдардың қасиеті.

Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір. Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.

В.Франкл айтқандай өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мәнін түсіну әр түрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс, әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады.

Сонымен адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін түзеді:

1.Тәжірибеден (трансдентальдық) ақыл-санадан тыс құндылық. Оған жаратушы ием туралы әлем дүниесіндегі абсолютті ұстанымдар, моральді абсолют жүйесі енеді. Бұл құндылықтар адамды өлім туралы ойлауға, оған мән беруге әкеледі. Олар идеологиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар.

2.Әлеуметтік – мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет мәдениеті, мемлекет тарихы, мемлекеттік шекара; дәстүрлер, аймақ, т.б. қасиеттері бар адамды тапқандай боады.

Сонымен, құндылық дегеніміз – «идеал» және «мәнділік», олардың ерекшеліктері субъектілер арасындағы қатынастарда жүзеге асырылып, көрініс табады. Құндылық болса субъектілер арасындағы жеке тұлға немесе тұтас қоғам деңгейіндегі қатынастардың жалпы кезеңдерін білдіреді. Зерттеу барысында төмендегідей жоғары құндылықтар иерархиясы анықтала түсті, яғни олар: Адам, Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер, Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық, Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-қатынас, Ойын.

Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт, Бейбітшілік, Жер, Отан, Мәдениет деген құндылықтарға, ерекше назарымызды аудардық.

Айтылған пікірлерге, өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі кезеңдегі басты тұлға, басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік бағыттағы жан, ең маңызды құндылық иесі – Адам екендігі даусыз. Жер бетіндегі барлық заттар, бүкіл адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгілері – құндылықтар адам қолдарымен, ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған.

Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеуші профессор Р.К.Төлеубекова жеке адамның адамгершілік құндылықтарын жоғары сынып оқушыларына тәрбиелеу тұжырымдамасын жасағандықтан, оны ғылыми-зерттеу жұмысымызда, біздер негізге алдық және оны дамытуға ұмтылдық.

Айтылған жүйелер (А.Н.Леонтьев, Б.Г.Кузнецов, В.Супредин, А.Тоинби, Н.Д.Хмель, Р.К.Төлеубекова, Л.А.Байсерке, А.А.Калюжный, В.А.Ким, Э.А.Орынбасарова т.б.) бір-біріне ұқсастығы болғанымен жалпы, адамзаттық құндылықтарға авторлардың ортақ көзқарастарын көреміз, оларды біріктіріп тұрған ізгілігті бағыт: үш жүйеде де «Адам» ең негізгі құндылық. Әлеуметтанушылар құндылықтар жүйесін зерттеу нысандарына алып, мысалы, көпшілікке белгілі «Әлеуметтанушының жұмысшы кітабы» деген шығармада: «Кез-келген нысан (материалдық немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның мақсат-ниеті, тілек-ықыласының негізін құрап, өмір сүруінің маңызды шарты болып табылса, онда ол әлеуметтік құндылық бола алады» делінген.

Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, қорытындыласақ: құндылық зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз – ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды. Келесі бір авторлар, мінез-құлық құндылықтар мәдениетінің түрлері мен байланыстарына ерекше назар аударып зерделеуде.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында сыныптан тыс жұмыстар арқылы ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты.:

  • оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілетер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс;

  • олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;

  • оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.

Алайда, оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру – аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үдеріс. Сондықтан, олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі бағытта енеді. Ұжымдық қатынастар жүйесіне жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысты болғандықтан, достарының тарапынан болатын қарым-қатнас түрліше жағдайда әрқалай болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.

Ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін оқушының қабылдаған құндылықтары құрайды, яғни оқушының өмірі мен қызметіне оның жеке басы мен мінез-құлқына аса маңызды және мәнді болып саналатын қасиеттер енеді. Сондықтан бұл ұжымдағы адамдардың көпшілігі оқушының жеке бас сапасы мен қылықтарын жоғары бағалайтындығын, маман-педагогтардың тұжырымдамаларында айтылған.

Сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:

  1. Ұжымшылдық – жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық);

  2. Ұжымшылдық – топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық (өтірік айтпау, ұрлық жасамау, уәдеде тұру);

  3. Ұжымшылдық – ынтымақтастық, өзара түсіністік, басқаларға қамқорлық (көмектесу, ақыл-кеңес беру және т.б.). Демек, адамгершілік күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн.

Ал, бүгінгі күндегі оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұнына келсек:

  • оқушы жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына тән құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған, ғалымның қол жеткен ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу дербісінде қолдануға, жаңашыл, қайырымды, туған елін, жерін отбасын, Отанын, мектебін сүйетін және олардың алдында парызын түсініп, бар құндылықтарды толықтыра түсетін, табиғатты, өсімдіктер мен жан-жануарларға қамқор болуы керек;

  • бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер, өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін түсінетін, өзін-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын, қоғам – адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген, жауапсыздықты, еріншектікті, табиғат байлықтарын рәсуә етушілерді жаны сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде білім мен ғылым негіздерін сапалы игеріп, болашақ кәсіпкерлікті шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек,

  • оқушы – дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты, талғампаз, батыл, өжет, салауатты, жүйкесі мықты, Отанын қорғауға даяр, жеке бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын, зиянды әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жеткіншек болып өсуіне қол жеткізу.

Жоғарыдағы осы айтылған жеткіншектердегі адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұны жүйелі түзілген педагогикалық шарттар және оның моделі арқылы жүзеге асатындықтан бұл мәселеге де көңіл бөлінді.

Жүйенің қалыптасуына ең алдымен мақсаттың болуы шарт, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатқа сай жасалынған мазмұнда өткізілсе, мүмкін болғанынша ең тиімді, өміршеңді болуы, ұйымдастыру жұмыстарына да байланысты жетілдіріліп отырылады.

Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар балаға түрліше әсер етіп, бір-бірімен байланысып, жалғасын табуында да қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан, жеке дара ерекшеліктері мен әрбір тұлғаның эмоциясын, жігер-қайратын, көңіл-күйін ескеріп, білім беретін мектептердің оқу тәрбие жұмыстарында қазіргі экономика, әлеуметтік, нарық замандарына сай жаңаша, өмір талаптарына сай өзгерістердің болып, қарым-қатынастарында бейім-қабілеттерін дамытуға үлгі аларлықтай бағыттар болатындығына күмән жоқ.

Қазіргі нарық заманында ХХІ ғасырдағы қала мектептерінің көпшілігінде тәрбие үдерісі негізінен 8 бағытта, атап айтқанда: адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, саяси, тәрбие бағыттары бойынша жүргізіледі. Әсіресе, бүгінгі таңда халықтық педагогика "Атаның сөзі, ақылдың көзі" дегендей этнопедагогикалық тәрбиелеу элементтері өмірімізге еркін орынды түрде енуде. Зерттеу нәтижелерін жүйелесек “Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Мың бала” сияқты бағдарламалар баршылық. Педагогикалық практика кезіндегі мәліметтерге талдау жүргізетін болсақ, аталған бағдарламалар және тәрбие бағыттары мемлекеттік тіл, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін тәрбие жүйесіне жеткілікті дәрежеде енгізе алмау мысалдары кездеседі. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге көңіл бөлу, адамгершілік тәрбиесі жұмыстарына жеткілікті дәрежеге ұйымдастыру басты шарт болып саналады.

Оқу-тәрбие жұмыстарында адамгершілік бағытындағы тәрбие жұмыстарына назар аударсақ мәнді адамгершілік құндылықтары қалыптастырылады. Ол дегеніміз оқушыларда әдепті, мәдениетті, білімді, мейірманды, қайырымды болып өсуі арқылы адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі. Бұл бағытта алдымен жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру нобайын жасау қажеттігі туды.

Оқушы жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру нобайы келтірілген (Сурет 1).

Шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру басты педагогикалық еңбектің нәтижесі, оның нобайы ынтымақтаса еңбек етуді міндеттейді. Көрсетілген нобайы білім беру, тәрбиелеу үдерісінің ұлттық нобайының қазіргі таңда орынды екендігін байқауға болады.

Бұл арада шәкірттерге динамикалық тұлға, дамушы, болашақ азамат, жеткіншек, ұрпақ өсіруші, жетілуші, ертеңгі маман, қоғамның тіректері ретінде мәндік сипат беріледі.

Нобайдың мақсаты әрбір шәкіртті тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды тірек ететін тұлға ретінде “Мені” бар талапты жеткіншек, еңбекшіл ұрпақ дәрежесіне жеткізу. Себебі, зерттеу нысанамыздағы 5-8 сынып оқушыларын, яғни жеткіншектердің дара және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру керек.

Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады. Бұдан келіп, оқушы өз бойындағы өзін-өзі айқындаудың адамгершілік құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарын және адамгершілік құндылық бағдарлары негізінде іс-әрекеттері мен қарым-қатынасы ұйымдастыруын салыстырады, әрекеттер мен мінез-құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін-өзі айқындап жүзеге асады.