Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
343.04 Кб
Скачать

ӘОЖ 37.034 Қолжазба құқығында

Сыдықов мұхтар ерсінбекұлы Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

А в т о р е ф е р а т ы

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2008

Жұмыс Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Сманов Л.С.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Байсерке Л.А.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ибраева К.Ж.

Жетекші ұйым: Евразиялық Гуманитарлық институт

Қорғау 2008 жылы « » сағат Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңес мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы

Автореферат 2008 жылы « » таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Беркімбаев К.М.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” бағдарламасы қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілікті, талапты туындатады.

Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтерілуі білім берудің сапасын арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.

Айтылғандардан туындайтын мәселе жеткіншектерді жан-жақты үйлесімді дамыту оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама, өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып, жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстарын озық, уақыт сынынан сараланып өткен, тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел талап-тілектеріне сай жүргізу қажеттілігі байқалады.

Жас ұрпақ – мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған. Әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақытта өзектілігі сезіледі, әрине педагогика ғылымының зерттеу нысаны тәрбие жұмыстарындағы озық-тәжірибе өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпалын ескеріп, қажеттілігін біліп жетілдіру, жүйелеу тиімділігін арттыру мақсатында зерделеу, ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындап, оларды орынды пайдаланып, болашаққа меңзеген зерттеме жасауға талаптандырады.

Ұрпақ тәрбиесін Аристотель, Сократ, Платон, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, И.Ф.Харламов, Н.Е.Шуркова, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Қ.Б.Жарықбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ә.Нысанбаев, Ж.Намазбаева, т.б. ерекше зерттеулер жүргізіп, ғылыми-теориялық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дамытып, іс-тәжірибелік мәнін арттырды.

Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сияқты қазақ даласының даналары, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин тәрізді ұлы ойшылдар, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов секілді ұлтымыздың ұлы перзенттері, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Т.Есім, Т.Ғабитов, Ә.Қалмырзаев және т.б. философтар адамгершілік құндылықтарды терең тануға ұмтылыстар жасады.

Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев сынды ғалымдар, қазақ этнопедагогикасын, тарихын, этнопедагогика мәселелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүйеледі. В.А.Ким, Л.А.Байсерке, Қ.Бөлеев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Назарбаева, Ж.Б.Сәдірмекова, К.К.Жанпейсова, К.Ж.Қожахметова, Л.К.Керімов, А.А.Калюжный, Б.Ы.Мұқанова, Н.Н.Хан, А.Н.Ильясова, А.Б.Нұрлыбекова, В.В.Трифонов, Р.К.Толеубекова, Э.А.Орынбасарова Ж.Ембергенова, К.Ж.Ибраева, А.Қ.Каплиева және т.б. қазіргі кезеңдегі ғалым-педагогтар адамгершілік тәрбиесін қазіргі адамзаттың дамуына қатысты бағытта қарастырып, өзін-өзі танудың мәнін көрсетіп, адамгершілік құндылықтардың маңызын педагогикалық-психологиялық негізде зерттеуде.

Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыдан қоғам талаптарына сай қарастырылмауын шешу және қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыларға адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыру өз дәрежесінде болмауы себептері, олардың осы қарама-қайшылықтарды зерттеу барысында анықталды. Осы аталған қарама-қайшылықтарды ұтымды шешу мақсатымен зерттеудің өзекті мәселелерін анықтап “Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары” деп таңдау жасап, тақырыпқа қатысты зерттеуді нақтыладық.

Зерттеудің мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарда қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздеп, педагогикалық шарттарын сұрыптап, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс жұмыстары.

Зерттеу пәні: сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, сонымен бірге ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау бойынша тәрбие жұмыстарының жүйесін және оның нобайын жасап оңтайлы педагогикалық технологиясы бойынша сынып жетекшісінің оқушыларға адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жетілдіріп, тәрбие үдерісінде қолайлы және қоғамға лайықты қазіргі кезеңнің үлкен динамикалық сұранысы тұрғысынан орындалса, әлеуметтік, экономикалық және саяси жедел жаңарулар талаптарына сәйкес жеке тұлғаларда, адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл қазіргі қоғам тіршілігіне оң ықпал жасайды.

Зерттеу міндеттері:

- “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “адамзаттың жалпы құндылығы”, «қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы» ұғымдарының педагогикалық мәніне, әлеуметтік-педагогикалық маңызына сипаттама беру;

- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау.

- жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын жобалап, оның өлщемдері, көрсеткіштерімен деңгейлерін анықтау.

- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, ұсынылатын педагогикалық технологияның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру, жүйелеу, тиімділігін арттыру арқылы олардың дара ерекшеліктерін, бейім-қабілеттерін, белсенділіктерін дамытуға жағдай туады. Өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық негіздегі таным теориясы, психология және педагогика ғылымдарының жеке тұлға және оның дамуындағы іс-әрекеттер теориясы, құндылықтар теориясын, іс-әрекет теориясы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру теориясы.

Зерттеу әдістері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәденитанулық, құндылықтанулық әдебиеттерді талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім беретін мектептің оқу құжаттарын зерделеп, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жан-жақты талдап, қорытындылау, өткізілетін іс-шараларға талдау жүргізіп, саралау, сауалнама әзірлеп, тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға қатысты мүмкіндіктерін анықтау, мақсатқа сай тәжірибелік-экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы, Білім және ғылым министрлігінің оқу-тәрбиеге байланысты тұжырымдамалары (1999 ж.), “Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы” (1995 ж.), “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” (2003 ж.) бағдарламасы, оқушылардың ізгі қасиеттері тәрбиесіне қатысты жалпы білім беретін оқу орындарын қалыпты құжаттары, оқу орындарының мұғалімдері, тәрбиешілер, ағартушылар және сынып жетекшілерінің озық тәжірибелері, автордың педагогикалық іс-тәжірибесінен жинақталып, саралаған еңбектері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) зерттеу жұмысының өзекті мәселелері бойынша материалдар жинақталып, сараланып, жүйелендірілді. Ғылыми зерттеу аппараты айқындалып, проблеманың негізгілері нақтыланды, талданды, қорытыланды. Нәтижеде шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдары іздестірілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бағдарламасы түзілді.

Екінші кезеңде (2002-2003 жж.) сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды. Бағдарламадағы адамгершілік мәселелері нақтыланып, нобайға сай педагогикалық технология ойластырылып, олар тәжірибелік-эксперимент арқылы бірнеше нұсқада жобаланды. Бағдарлама бойынша жүргізіліп, салыстырылды.

Үшінші кезеңде (2003-2005 жж.) зерттеу жұмыстары ойластырылып, жүйеленіп, мәліметтері арнайы математикалық өңдеулерден өткізілді. Жұмыс барысында пайдаланған әрекеттер реттеліп, тексерілді.

Зерттеудің базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Шымкент қаласындағы № 51 Төле би атындағы орта мектепте, № 52 М.Өтемісұлы атындағы мектепте және Сайрам ауданындағы № 84 Төлеген Тәжібаев атындағы, №95 орта мектепте өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- зерттеу жұмысы бойынша “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “адамзаттың жалпы құндылығы”, “қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы” ұғымдарының жаңа негіздегі мәні анықталып, оларға сипаттама жасалды;

- сыныптан тыс жұмыстардағы жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды.

- жеткіншек оқушылардың адамгершілік құндылығын қалыптастырудың өлшемдері мазмұндық-құрылымдық нобайы жасалып, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері нақтыланды;

- сыныптан тыс жұмыстарда адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталып, жеткіншектерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық технологиясы ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеудің практикалық мәні:

- жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталды, жасалды;

- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншіктерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың нобайы ұсынылды;

- “адамгершілік құндылықтар әлемі” атты сынып жетекшілеріне арналған тәрбие жұмыстары технологиясының үлгі мазмұны құрылып, тексерістен өткізіліп, мектеп тәжірибесіне ендірілді;

- зерттеулер қортындысы арқылы сыныптан тыс жұмыстардың іс-тәжірибелеріне арналған әдістемелік нұсқаулар жасалып, қолданылуда.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- жеткіншектерге жалпы адамгершілік және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық мәнін қарастырып,

“Жалпы құндылық”, “Адамгершілік құндылық”, “Адамзаттың жалпы құндылығы” ұғымдарына сипаттама жасалды;

- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталды;

- педагогикалық технология арқылы жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың біртұтастығына қол жеткізіп жеткіншектердің өзін-өзі тануын, оны дамытуды, жан-жақты жетілдіру, қазіргі кезеңге лайықты тәрбиелеу, ел азаматы болуы арқылы отбасына, қоғамға, еліне пайдасын тигізу басты мұраты екендігі эксперимент барысында дәлелденді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі теориялық қағидалар мен әдіснамалық талапқа, зерттеу мәніне сәйкес әдістеме қолдану арқылы тәжірибелік-эксперимент бағдарламаға және мақсатымызға сай, сонымен бірге бастапқы эксперимент және ақтық көрсеткіштер нәтижелерімен қорытыланды, жалпы білім беретін оқу орындарының жеткіншектерімен жасалынған тәжірибелік-эксперимент қорытындылары зерттеу жұмыстарының тиімділігін байқатты.

Зерттеу нәтижелері дәлелді және негізділігі мен жұмыстың сапалылығын көрсетті.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (Түркістан қ.), Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Шымкент университетінде (Шымкент қ.), С.Сейфулин атындағы Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінде (Астана) өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды. Зерттеу еңбектерінің нәтижелері мерзімді басылымдарда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауда жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің нәтижелілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамдары, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, жетекші идея зерттеу жұмыстарының бірінші, келесі, ақтық кезеңдері, ғылыми жаңалығы, мәні қорғауға іріктеліп, ұсынылған қағидалар ретімен баяндалған.

“Адамгершілік құндылыққа оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері” атты бірінші бөлімде “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылықтары”, “Адамзаттың жалпы құндылығы”, “қазіргі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы” ұғымдарының мәніне талдау жасалып, түсінік беріліп, олардың байланыстары қарастырылып, теориялық тұрғыдан жан-жақты талданып, құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалып, педагогика ғылымы тұрғысынан өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейі анықталып, ықпалдары сараланып айқындалды.

“Сыныптан тыс жұмыстар арқылы жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың технологиясы” атты екінші бөлімде жеткіншек шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары баяндалған. Жұмыс еліміздегі тәрбие жүйесі құрылымдары, тақырыптары, нәтижелерімен салыстыру амалдарымен анықталды. Тәрбие жұмыстары адамгершілік құндылықтарымен сипатталынатын мәнділігі, маңыздылығы арта түсетін педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері және жеткіншектердің болашақтағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бағыттарын айқындайтын ұсыныстар беріледі.

Қосымшада шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында сынып жетекшілеріне арналған ғылыми-әдістемелік, педагогикалық нұсқаулар жасалып, ұсыныстар берілген.