Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
235.52 Кб
Скачать

55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері

Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.

56.Қоғамдық сана және формалары

Сананың түрлері көп.Ол жеке адамныың санасы және қоғамдық,қарапайым және теориялық,ғылыми және ғылымға қарсы,прогресшіл және кері тартпа сана болып бөлінеді.Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана,мәселен,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын,мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін болуы керек.Ондай сананы қоғамдық сана дейді.

Ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне өз әсерін тигізеді,өздері де олардың әсерін қабылдай отырып дамиды.Өйткені қоғамдық сана тқрлерінің бір-біріне әсер етуі – заңды құбылыс.Ғылым қоғамдық сананың барлық түрлеріне әсер етеді.Осыған орай қоғамдық сананың мынадай формалары бар:саяси сана,құқылық сана,моральдік сана, эстетикалық сана,дін және атеистік сана.

57.Ақын – жыраулар фил.Дағы “өмір” мәселесі.

Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы,философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Көптеген ақын – жыраулар өмір туралы өз ойларын айтып кеткен.Соның ішінде Шалкиіз жырау өмір туралы былай деген:Дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау.Өмір қысқа екен,бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтедіекен,демек,осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп,жырау өмір мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.Жырау өмірдің бар қызығы,бақыты, қуанышы о дүниеде емес,адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.

58.Экзистенциализм философиясы

Экзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧғасырдың 20жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс,Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады.Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне,шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды.

Адамның ғұмыр кешуі(экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады , оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады.

Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады.

Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі—қорқыныш.

Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады.Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек.

Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады.

Соседние файлы в папке Философия