- •1. Көзқарас және оның формалары.
- •2.Антикалық фил.Ның космоцентристік сипаты.
- •3. А.Шопенгауер «бақыт» туралы
- •4. Миф және дін.
- •5. Платон,Аристотель фил.Дағы әлеумет мәселе
- •6.Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы.
- •8. Ортағасырлық фил.Ның теоцентрлік сипаты.
- •9.Қазақ философиясының ерекшелігі
- •10.Философияның негізгі функциялары.
- •11.Фома Аквинскийдің фил/сы.
- •12.Шәкәрім «үш анық» туралы.
- •13.Фил-ның негізгі мәселелері.
- •14. Мұсылмандық философия және перипатетизм
- •15) Әл-Фараби «бақыт» туралы
- •16.Эмпиризм және рационализм
- •17 Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі
- •19 Жаңа дәуір филос.Ның ғылымицентр
- •20. И.Канттың Трансцендентальды философиясыы
- •21.Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі
- •22.Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты.
- •23.Фихтенің субъективті идеализмі
- •26.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
- •27 Хайдегер ф-ясы туралы
- •28. Л.Фейербархтың антропологиялық мәселесі.
- •29 Таным деңгейлері және формалары
- •30 Абайдың дінге көзқарасы
- •31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі
- •35 Ақиқат,тәжірибе теориясы
- •36 Дін және ғылым
- •37 Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы
- •38 Сцентизм және антисцентизм
- •39.Философия және саясат
- •40 Ф Ницше фил.Ның ирроционолистік сипаты.
- •41.Абайдың “Қара сөздері” еңбегінің мәні.
- •42.Философия және дін.
- •43.Шәкәрім философиясы.
- •44.Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.
- •45. Экзистенциализм фил.Сы адам туралы.
- •46) Позитивизм философиясы.
- •47) Ибн-Сина фил.Дағы құдай эманациясы идеясы.
- •49) «Өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы
- •51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы
- •52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
- •54.Ф.Ницше фил.Дағы әлеуметтік мәселелер
- •55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері
- •56.Қоғамдық сана және формалары
- •57.Ақын – жыраулар фил.Дағы “өмір” мәселесі.
- •58.Экзистенциализм философиясы
- •59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары
- •60.Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
- •61.Қазақ философиясының қалыптасу және даму ерекшеліктері.
- •62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам" концепциялары.
- •63. Табиғат және қоғам.
- •65.Болмыс және материя ұғымдары
- •72.Марксизм фил адамның мәні туралы
- •73.Көне үнді фил.Ның даму ерекшеліктері
- •74.Қр. Дамуындағы стратегиялық бағыттар
- •75.Фил-ның негізгі функциялары.
- •76 Неотомизм философиясы
- •77 Диалектикалық категориялар жүйесі
- •78 Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы
- •79 Абайдың дінге көзқарасы
- •80 Философия тарихындағы адам, тұлға және мемлекет туралы идеялар
- •82 XX ғ қазақ фил.Ның даму кезеңдері.
- •84.Неотомизм философиядағы адам мәселесі.
- •85.Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы.
- •86.Ұлттық сана және мәдениет
- •87.Фрейд фил.Дағы “сублимация” ұғымы.
- •88. А.Иассауидің сопылық философиясы
- •89.Номинализм және реализм
- •90.Қазақ фил.Дағы өмір мен өлім мәселесі
51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы
Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.
52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек.
54.Ф.Ницше фил.Дағы әлеуметтік мәселелер
Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих(1844-1900) ары қарай дамытып,өзінің ,,Билікке ұмтылған жігер,, деген концепциясын құрды.Негізгі еңбектері:,,Музыка рухынан трагедияның туындауы,, Зара-туштра осылай деген,, Билікке ұмтылған жігер,, т.б.
Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің ,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.
