XX ғ. Тарих философиясын жасақтауға ең үлкен үлес қосқан философтар:
A) В.И. Ленин, И.В. Сталин, Н.И. Бухарин.
B) Ф.Франк, Р.Карнап, А.Айер.
C) К.Поппер, Т.Кун, И.Лакатос.
D) М.Хайдеггер, Ж.-П.Сартр, А.Камю.
E) К.Ясперс, А.Тойнби, М.Фуко.
Саясаттың мәні:
A) қоғамды басқару бойынша іс-әрекет, оның тұтастығын қамтамасыз етудің және әлеуметтік қақтығыстарды реттеудің құралы
B) адам құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша ғалымдардың айтыс-тартысын шешу тәсілі
C) қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін талқылаушы ақылгөйлердің ісі
D) биліктік уәкілеттілікті иеленген адамдардың мінез-құлық мәнері
E) дүниежүзілік сауда-саттық саласында мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын реттеудің тәсілі
Мемлекеттің мәні неде?
A) мәдениет саласындағы адамдар қарым-қатынасын реттеуде
B) қоғамдағы экономикалық қатынастарды реттеуде
C) өндіріс пен сауда дамуындағы басымдылықтарды анықтауда
D) қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың айрықша формасы болуында
E) халықаралық қатынастарды реттеу бойынша аса көрнекті тұлғалар іс-әрекетінің формасы
Қоғамды басқарудың басты субъектісі:
A) кәсіп-одақтық ұйым
B) шаруашылық адамдарының кооперативі
C) ақсақалдар кеңесі
D) спортттық фанаттардың клубы
E) мемлекет, мемлекеттік билік
Халық биліктің көзі болып табылатын қоғам құрылысы:
A) тирания.
B) пролетариат диктатурасы.
C) демократия.
D) олигархия.
E) аристократия.
XIX ғ. Философы, «Құқық философиясы» кітабының авторы?
A) Л.Фейербах
B) Г.В.Ф.Гегель
C) Ф.Ницще.
D) С.Кьеркегор.
E) Ф. Энгельс
Құқықтың мәні:
A) мемлекеттегі адамдардың әділ мінез-құлқының шекараларын анықтайтын және мәжбүрлілік сипатына ие болатын әлеуметтік нормалар
B) мораль және адамдардың қоғамдағы моральдық мінез-құлқының нормалары
C) адамдардың экономика саласындағы қатынастарын реттейтін мінез-құлықтың әлеуметтік нормалары
D) адамның қоғамдық өміріндегі тілектері мен ұмтылыстарының өрнектеу формасы
E) адамдардың отбасылық-некелік қатынастарын реттеудің тәсілі
Қоғамдық сананың формасы ретінде құқық:
A) қоғамдағы адамгершіліктік қатынастарды бейнелейді
B) адамдардың діни сезімдерін өрнектейді
C) саяси қатынастарды бейнелейді
D) мемлекет қорғайтын әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесін білдіреді
E) дүние мен адамның өзара қатынастарындағы жалпы заңдардың өрнектелу формасы болып табылады
Адамдардың мәңгілік, айрылмас құқықтары
A) азаматтық құқықтар
B) отбасылық құқықтар
C) табиғи құқықтар
D) мүліктік құқықтар
E) тұрғын үйге деген құқықтар
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі:
A) адамдардың мүліктік теңдігі
B) заңның жоғарғылығы
C) теңгермешілік
D) бассыздықтың баса-көктеуі
E) құқықсыз еркіндік
Оқу-білім саласының басты принципі
A) детерминизм принципі.
B) қатынастылық принципі
C) гуманизм принципі.
D) «у-вэй» («ештеңе істемеу») принципі.
E) симметрия принципі.
«Тәрбие және оқу-білім философиясы» терминін ғылыми айналымға кіргізген кім?
A) Д. Дидро.
B) Л. Фейербах.
C) Ы. Алтынсарин.
D) В.В. Розанов.
E) Л.Н. Толстой.
Оқу-білім философиясының пәні:
A) оқу-білім үдерісінің қызметтенуі мен дамуының ең жалпы негіздемелері
B) педагогикалық іс-әрекеттің ерекше принциптері
C) оқып-үйрету мен тәрбиенің діни негіздемелері
D) оқу-білімнің ілкі практикалық міндеттерін шешуге ықпал ететін принциптер мен қағидалар
E) оқушылар мінез-құлқының этикалық нормалары
Қазіргі оқу-білім құрылымындағы ең жалпы жүйеше:
A) педагогикалық
B) экономикалық
C) философиялық-методологиялық
D) технологиялық
E) ұйымдық
Қазақстан Республикасы университеттерінің ең жасы үлкені:
A) Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
B) Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық университет
C) Қазақ ұлттық агроуниверситеті
D) Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
E) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Адамзаттың глобалдық мәселелері:
A) ғылымның ең өзекті мәселелері
B) ғылыми-техникалық дамудың ең өткір мәселелері
C) ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері
D) бүкіл адамзаттың, адамзат өркениетінің аман қалуы мәселесі
E) өндірістік-азаматтық құрылыс пен сәулеттің алдыңғы кезекті мәселелері
Адамзаттың глобалдық мәселелерінің қатарына жататын мәселе:
A) экологиялық
B) элементарлық бөлшектер физикасының мәселелері
C) орнықтылықтың математикалық теориясының мәселелері
D) Әлем құрылысы мәселелері
E) Алматы қаласының ауа бассейнін тазарту мәселелері
«Неосфера» термині нені сипаттайды?
A) еңбек саласын
B) зерде саласын
C) космостық өркениет саласын
D) микробөлшектердің өзара әсері саласын
E) геосфераны
Ноосфера туралы ілімнің авторларының бірі:
A) К. Ясперс.
B) Л.Н. Гумилев.
C) А. Камю.
D) К.Э. Циолковский.
E) В.И. Вернадский.
Адамзат глобалдық мәселелері пайда болуының негізгі себебі:
A) Ғылыми-техникалық прогресс
B) тұлғааралық қатынастар мәдениетінің төмен деңгейі
C) өркениеттің шектен тыс өсуі
D) адамдардың руханилық дағдарыс жағдайларындағы зердесіздік іс-әрекеті
E) космикалық шығу тегі бар себеп
Болашақты болжау туралы ілім:
A) космология.
B) футурология.
C) психология.
D) монадология.
E) гносеология.
Адамзат болашағын болжаудағы «Өсудің шектері» тұғырнамасының авторлығы кімге жатады?
A) Жасылдар қозғалысының өкілдеріне;
B) «Римдік клуб» ғалымдарына;
C) В.И. Вернадскийге;
D) Нострадамусқа;
E) Ресей Ғылым академиясының ғалымдарына.
Жақын онжылдықтардағы Қазақстан дамуының стратегиясы баяндалған Н.А. Назарбаевтың кітабы:
A) Тарих ағымында;
B) ХХ ғасыр табалдырығында;
C) Дүниенің эпицентрі;
D) Қазақстан-2030;
E) Қазақстан халқына жыл сайынғы үндеулерінде.
Болашақты болжау үшін ең жарамды әдіс:
A) гипотетикалық – дедуктивтік;
B) Эксперимент;
C) Өлшеу;
D) Аксиоматикалық;
E) Экстрополяциялау.
