
XiXғ соңындағы xXғ бас кезіндегі орыс діни философиясының өкілі
A) А.И. Герцен;
B) Н.П. Огарев;
C) М.А. Бакунин;
D) П.А.Флоренский;
E) В.Г. Белинский;
Кеңес дәуірінде Ресей жерінде басым болған философиялық бағыт?
A) неопозитивизм
B) марксизм-ленинизм
C) неотомизм
D) космизм
E) эмпириокритицизм
Қазақстандағы диалектика саласының қалыптасуы мен дамуына ерекше әсерін тигізуші кеңестік дәуірдің ресейлік философы?
A) А.Ф.Лосев
B) В.П.Тугаринов
C) М.М.Бахтин.
D) Г.С.Батищев
E) Э.В.Ильенков
ХХ ғасырдағы «өмір сүру» философиясы:
A) феноменология
B) неопозитивизм
C) постпозитивизм
D) экзистенциализм
E) герменевтика
Экзистенциализм өкілдері:
A) Маркс, Энгельс, Ленин.
B) Кант, Фихте, Шеллинг.
C) Демокрит, Платон, Аристотель.
D) Поппер, Кун, Фейерабенд.
E) Сартр, Камю, Хайдеггер
Экзистенциалдық философияның өкілі, «Болмыс және Уақыт» еңбегінің авторы?
A) М.Фуко
B) А.Камю
C) М.Хайдеггер
D) Э.Гуссерль
E) Т.Кун
Адам және қоғам өмірінің абсурдтылығы кімнің шығармашылығындағы басты идея болып табылады?
A) К.Ясперс
B) К.Маркс
C) О.Конт
D) М.Хайдеггер
E) А.Камю
«Белдеулік уақыт» қағидасының авторы?
A) Ф.Ницше
B) А.Шопенгауэр
C) М.Хайдеггер
D) С.Кьеркегор
E) К.Ясперс
А.Бергсонның пікірінше шығармашылыққа қабілет немен анықталады?
A) Интуициямен
B) Материямен
C) Инстинктпен
D) Интеллектімен
E) Психикалық аурулармен
Қазіргі заманғы діни-философиялық ағым:
A) экзистенциализм.
B) феноменология.
C) структурализм.
D) герменевтика.
E) неотомизм.
Әлемдегі құдай болмысының дәлелдігі, адам болмысының мәселелері, білім мен сенім, ғылым мен дін үйлесімділігі қай бағыттың басты тақырыбы?
A) постструктурализм
B) феноменология
C) неопозитивизм
D) постмодернизм
E) неотомизм
Герменевтиканы ХХ ғ. философиясының негізгі ағымының бірі ретінде сипаттайтын анықтама:
A) жекелік -адам болмысының философиясы
B) мәтіндерді түсіндіру, талқылау философиясы
C) мәдениеттің құрылымдық негіздерінің философиясы
D) бейсаналық философиясы
E) тілдік философиясы
ХХ ғ. философиялық герменевтиканың дамуына елеулі үлес қосқан:
A) О.Конт, Г.Спенсер
B) Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский
C) А.Шопенгауэр, Ф.Ницше
D) Х.-Г.Гадамер, П.Рикер
E) Э.Трельч, П.Тейяр де Шарден
З.Фрейд қай ілімнің негізін қалаушы:
A) психоанализ
B) экзистенциализм
C) позитивизм
D) неотомизм
E) герменевтика
Психоанализдің өкілдері:
A) А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, В.Дильтей
B) К.Г.Юнг, Э.Фромм, В.Франкл
C) Г.Коген, П.Наторп, Э.Кассирер
D) У.Джемс, Ч.Пирс, Д.Дьюи
E) М.Хайдеггер, К.Ясперс, А.Камю
Білімді, оның пайдалылық қызметінде қарастыратын философия:
A) персонализм.
B) экзистенциализм.
C) неотомизм.
D) прагматизм.
E) позитивизм.
Позитивизмнің үшінші тарихи түрі саналатын ХХ ғасырдың философиялық ағымы:
A) феноменология.
B) неопозитивизм.
C) постпозитивизм.
D) структурализм.
E) эмпириокритицизм.
Философияны метафизикалық проблемалардан босатуға ұмтылу тән:
A) марксизмге
B) өмір философиясына
C) неопозитивизмге
D) неотомизмге
E) экзистенциализмге
Постпозитивизм философиясының мақсаты:
A) бейсаналықты зерттеу
B) адамзат тарихындағы позитивтік үделерді айқындау
C) билік феноменін оқыту
D) адам болмысын тану
E) ғылыми білімнің дамуын зерттеу
Постпозитивизм және «ғылым философиясының» өкілдері?
A) К.Поппер, Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабенд
B) С.Кьеркегор, Ф.М.Достоевский, Н.А.Бердяев
C) А.Камю, Ж.-П.Сартр
D) Э.Мах, Р.Авенариус
E) В.Дильтей, О.Шпенглер, А.Бергсон
«Ғылыми революция құрылымы» кітабының авторы?
A) Ф Франк.
B) О. Конт.
C) К. Поппер.
D) Р.Карнап.
E) Т. Кун.
Құрымдылық философиясын сипаттайтын әлеуметтік-гуманитарлық әдіс:
A) экстраполяция әдісі
B) гипотетико-дедуктивтік
C) құрылымдылық-қызметтік
D) диалектикалық
E) статистикалық
«Білім археологиясын» жасауға ұмтылған, «Сөздермен заттар» кітабының авторы, француз философы, тарихшысы?
A) К.Леви-Строс
B) Ж.-П. Сартр
C) М.Фуко
D) Ж.Делез
E) Ж.Деррида
Постмодернизм философиясының өкілдері:
A) Б. Рассел, Р. Карнап, Л. Витгенштейн.
B) М. Хайдеггер, Ж.П. Сартур, К. Ясперс.
C) Ж. Деррида, Ж. Лиотар, М. Фуко.
D) К. Поппер, Т. Кун, П. Фейерабенд.
E) Ч. Пирс, У. Джеймс, Дж. Дьюи.
«Логоцентризм», «деконструкция», «ажырату», «архехат» - кімнің философиясының негізгі ұғымдары:
A) Ж.Дерриданың
B) А.Камюдің
C) К.Г.Юнгтың
D) М.Хайдеггердің
E) З.Фрейдтің
«Диуани хикмет» философиялық-теологиялық поэмасының авторы?
A) Әль-Газали.
B) Әль-Араби.
C) Ахмет Яссауи.
D) Х. Дулати.
E) Ж. Баласағұн.
XV ғасырдағы ақын-жыраулар өкілі, ұлы қазақ ойшылы?
A) Бухар Жырау.
B) Асан Қайғы.
C) Шортанбай.
D) Шалкииз.
E) Актамберді.
XIX ғ. қазақ ағартушысы:
A) Абай Құнанбаев.
B) Дулат Бабатаев.
C) Мустафа Шорманов.
D) Ы. Алтынсарин.
E) Ч. Валиханов.
Ы.Алтынсариннің негізгі үлес қосқан философиялық іздену саласы:
A) тарих философиясы
B) білім философиясы
C) табиғат философиясы
D) дін философиясы
E) әдістеме философиясы
XIX соңы -XX ғ. басындағы ұлы қазақ ақыны және философ-ағартушы, «Қара сөздердің» авторы:
A) Абай.
B) Шәкәрім.
C) С. Торайғыров.
D) М. Дулатов.
E) М. Жұмабаев.
Абай философиясынындағы басты мәселе:
A) таным мәселесі
B) табиғат мәселесі
C) әсемділік мәселесі
D) адам мәселесі
E) экология мәселесі
Абай философиясындағы негізгі этикалық принцип:
A) жекелік
B) ұжымдық
C) гумантстік (Адам бол!)
D) гедонистік
E) альтруистік
«Үш анық» философиялық шығармасының авторы кім?
A) Ш. Құдайбердиев.
B) Ы. Алтынсарин.
C) А. Құнанбаев.
D) А. Байтұрсынов.
E) С. Торайғыров.
«Мұсылмандық тұтқасы» шығармасының авторы, ұлы ақын, философ:
A) М. Жұмабаев.
B) М. Дулатов.
C) С. Торайғыров.
D) А. Байтұрсынов.
E) Ш. Құдайбердиев.
Шәкәрім Құдайбердиевтің ілімі бойынша адамның ең басты қасиеті:
A) мақсатшылдық
B) еңбекқорлық
C) батылдық
D) ақкөңілдік
E) ар-ождан
«Қамар сұлу» поэмасының авторы, ХХ ғ. басындағы демократиялық интеллигенция өкілі, ұлы қазақ ойшылы:
A) А. Байтұрсынов.
B) А. Бүкейханов.
C) С. Торайғыров.
D) М. Көпеев.
E) Ж. Аймауытов.
Ұлы ойшыл, қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, ақын, жазушы, лингвист-ғалым:
A) А. Бөкейханов
B) А. Байтұрсынов
C) М. Дулатов
D) М. Көпеев
E) С. Сейфуллин
Қазақ философиясының тарихында тіл философиясының негізін қалаушы:
A) Ы. Алтынсарин
B) А. Байтұрсынов
C) М. Дулатов
D) Ә. Бөкейханов
E) С.Торайғыров
Психологиядан қазақ тілінде алғашқы оқулықтың авторы, ақын, жазушы, философ-ағартушы:
A) М. Дулатов
B) М. Жумабаев
C) М. Сералин
D) М. Көпеев
E) Ж. Аймауытов
Кеңес үкіметі уақытында Қазақстан философтары зерттеген танымал сала:
A) әлеуметтік философия
B) ғылыми атеизм
C) тарих философиясы
D) диалектикалық логика
E) формалдық логика
Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарих және халық дәстүрін сақтау мәселелерін толыққанды зерттеген кітабы:
A) Қазақстан ХХІ ғасыр қарсаңында
B) Қазақстан - 2030
C) Тарих ағысында
D) Халыққа жолдауында
E) ҚР Ата заңында
Болмыс туралы философиялық ілім:
A) гносеология
B) онтология
C) антропология
D) социология
E) аксиология
Философиялық оантологияның негізгі ұғымы:
A) энергия.
B) синергия.
C) субстракт.
D) вакуум.
E) болмыс.
Басты онтологиялық категориялар:
A) жалпылық пен жекелік
B) заң және заңдылық
C) болмыс және бейболмыс
D) құтылыс және мән
E) біртұтас және бөлік
Бардың жалпы негізі мен ішкі бірлігін айқындайтын категория:
A) объект
B) субстанция
C) субъект
D) мән
E) құрылым
«Материя» категориясының анықтамасы.
A) объективтік нақтылық
B) атом және қарапайым бөліктер
C) субъективтік нақтылық
D) қоғамдық қатынастар жиынтығы
E) адамның идеялары мен идеалдары
Материя болмысының негізгі формалары:
A) орын ауыстыру мен тыныштық
B) энергия және инерция
C) симметрия және ассиметрия
D) кеңістік пен уақыт
E) идеалдық пен нақтылық
«Қозғалыс» ұғымының жалпы философиялық анықтамасы:
A) қозғалыс - ол кез-келген өзгеріс, жалпы өзгеру
B) қозғалыс – ол сана ағымы
C) қозғалыс – ол кеңістіктегі заттардың ауысуы
D) қозғалыс – ол адам сезімінің жиынтығы
E) қозғалыс – ол физико-химиялық процестер
Материя қозғалысының ең жоғарғы формасы:
A) биологиялық
B) механикалық
C) әлеуметтік
D) химиялық
E) физикалық
Қозғалыстың әлеуметтік формасы дегеніміз:
A) қоғамдық байланыстар мен қатынастар
B) белоктық заттардың өзара әрекеті
C) кеңістіктегі заттардың ауысуы
D) атомдар мен молекулалардың өзара әрекеті
E) оптикалық құбылыстар
Жоғарғыдан төменгіге, күрделіден қарапайымға апару принципі:
A) волюнтаризм.
B) редукционизм.
C) архаизм.
D) инструментализм.
E) мистицизм.
Объектілердің өмір сүруі ұзақтылығы мен жағдайларының өзгеру қатарын айқындайтын материяның формасы:
A) кеңістік
B) уақыт
C) қозғалыс
D) құрылымдық
E) жүйелілік
Кеңістіктің жалпы белгілері:
A) шексіздік, жойылмайтындық, өзіндік көзқарас
B) өзін-өзі жаңарту, өзін-өзі бақылау
C) қашықтық, үш өлшемділік, бір тектілік, изотроптылық
D) құрылымдық, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру
E) ұзақтылық, бір өлшемділік, бір тектілік
Уақыттың жалпы қасиеттері:
A) ұзақтығы, бірқалыптылығы, кері қайтпайтындығы, біртектілігі
B) қозғалыссыздық, бөлінбейтіндік
C) өзіндік ұйымдастыру, өзіндік қозғалыс, өзін-өзі қалыптастыру
D) созылмалылық, үшөлшемділік, бір тектілік, изотроптылық
E) таусылмайтындығы, жоғалмайтындығы, құрылымдылығы
Материя мен қозғалыс, кеңістік пен уақыт арасындағы байланысты толыққанды айқындайтын физикалық теория:
A) Ньютон механикасы
B) А. Эйнштейннің қатыстылық теориясы
C) термодинамика
D) Максвелдің электродинамикасы
E) М. Планктың кванттар теориясы
Марксизм философиясында әлемнің біртұтастығы қалай анықталады:
A) әлемнің бірлігі оның жаратылысында
B) әлемнің бірлігі оның біртұтастығында
C) әлемнің бірлігі оның материалдығында
D) әлемнің бірлігі оның құдаи жаратылысында
E) әлемнің бірлігі оның абсолюттік рухында
Сана – бұл:
A) сезімталдық саласы
B) жалпы психикалық
C) ойлау саласы
D) өзің мен айналыны саналау ушін құдайдан берілген дарын
E) субъективтілік нақтылық, мақсатты бейнелеу
Сананың ерекше бейматериалдық мәнін айқындайтын философиялық уғым:
A) трансценденталдық
B) құдайшылдық
C) түйсіктілік
D) идеалдылық
E) изотроптылық
Бейнелеу теориясы тұрғысынан сана дегеніміз:
A) ойлау субстанциясы
B) космостық түйсік бөлігі
C) «Құдайдың айнасы»
D) жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті
E) ой туындататын ми қызметі
Ақпаратты алу, сақтау, тасымалдауға қызмет ететін белгілер жүйесі:
A) ғылым
B) ес (зерде)
C) тіл
D) практика
E) өнер
Адамның өзін ойлаушы, сезуші және әрекеттенуші субъект ретінде бағалауы:
A) көзқарас
B) бейнелеу
C) психика
D) ойлау
E) өзіндік сана
Сезімталдықтың ең жоғарғы формасы:
A) тітіркену
B) елестету
C) сезіну
D) шабыттану
E) қабылдау
Заттың негізгі қасиеттері, қатынастары мен байланыстарының жиынтығы айқындалатын ойлау формасы:
A) ұғым
B) талдау
C) индукция
D) теория
E) қорытындылау
Бейсаналылықты алғаш рет ғылыми анализдің объекті жасаған:
A) Платон;
B) Ф. Бэкон;
C) З. Фрейд;
D) Г.Ф.В. Гегель;
E) К.Г. Юнг.
З.Фрейд бейсаналылықты қай терминмен белгіледі:
A) «Мен»
B) «Жоғарғы мен»
C) «Либидо»
D) «Ол»
E) «Эрос»
Адамның қабылдау, еске түсіру қабілетін сақтайтын:
A) ес (зерде)
B) ми
C) сезімдер
D) интуиция
E) еске түсіру
Таным теориясы нені зерттейді:
A) адамның қабылдау қабілетінің тізбегін
B) материалдық әлем құбылыстарын
C) таным әрекетінің заңы мен заңдылықтарын
D) адам миындағы процестерді
E) Адам мен табиғат туралы ғылымдардың тарихын
Адамның таным әрекетінің заңдылықтарын зертейтін философияның саласы:
A) логика
B) антология
C) психология
D) антропология
E) гносеология
Гносеологиялық оптимизм (гностицизм) дегеніміз:
A) дүниені танып білу міндеттілігін мойындау
B) нақтылықты дәлелді таным мүмкіншілігіне күмәндану
C) объективті нақтылықты жоққа шығару
D) адамның танып білу қабілетін шектеу
E) объектілер мәнін танып білуді жоққа шығару
«Дүниені тану мүмкін бе» деген сұраққа скептицизмнің жауабы:
A) негізінде, танып білуге болмайды
B) күмәнді, яғни түпкілікті тану күмән туғызады
C) тануға болады, бірақ таным өте күрделі, қайшылықты процесс
D) әлемді тануға болады
E) жартылай танымды
Агностицизмнің анықтамасы:
A) әлемді тануға болады
B) әлемді тану күмәнді
C) әлемді тануға болмайды
D) адамның танымы салыстармалы
E) білімнің ақиқаттығының критерийі, практикалық пайдалылығы туралы ілім
Таным дегеніміз...
A) практикалық мәні жоқ интеллектуалдық әрекет
B) бірнәрсенің мәнділігін анықтау әдісі
C) жаңаны жасау процесі
D) нақтылыктың адам санасында белсенді бейнелену процесі
E) адамның сезімдік-эмпирикалық әрекетінің бірлігі
Сезімдік таным формалары:
A) сезіну, қабылдау, еске түсіру
B) темперамент, мінез-құлық, қабілет
C) эмоциялар, сезімдер, ерік
D) ұғым, талдау, қорытындылау
E) проблема, гипотеза, теория
Сезімдік танымның өзіндік тән белгілері:
A) абстрактілік
B) жалпыламалық
C) еріксіздік
D) байланыстылық
E) теориялық
Сенсуализм бойынша таным процессіндегі шешуші рольді атқаратын не:
A) логикалық ойлау
B) сезімдік таным
C) интуиция
D) сенім
E) сезімдік пен рационалдыктың диалектикалық бірлігі
Сенсуализм танымның қайнар көзі неде деп түсіндіреді:
A) ес, түйсік, рух
B) ұғым, талдау, қорытындылау
C) интуиция, ес, болжау
D) сезіну, қабылдау, еске түсіру
E) гипотеза, идея, теория
Эмпиризмнің негізгі ұстанымы:
A) түйсік-әлемді танудын басты көзі
B) әлемді танып білуге болмайды
C) танымның жоғарғы түрі - интуиция
D) танымның көзі – құдай жаңалығы
E) адамның білімі тәжірибеге негізделген
Танымның негізі зерде деп санайтын гносеологиялық концепция қалай аталады?
A) сенсуализм;
B) рационализм;
C) эмпиризм;
D) скептицизм;
E) агностицизм.
Рационализмнің негізгі ұйғарымы:
A) әлемді тану күмәнді
B) танымда басты рөльді тәжірибе алады
C) әлемді жалпы тануға болады
D) адамның танымдық әрекетінде басты рөльді түйсік атқарады
E) танымның көзі – бейсаналылық
Логикалық танымның (ойлау) формалары:
A) елестету, фантазия, интуиция
B) ұғым, талдау, ой қорытыныдылау
C) салыстыру, анализ, синтез, абстаркциялау
D) сезіну, қабылдау, еске алу
E) проблема, гипотеза, теория
Бейрационалдық (иррационалдық) таным формаларына жататындар:
A) ой қорытындылау
B) қасиетті мәтіндерді талқылау
C) қабылдау
D) ойлау
E) интуиция
Таным субъектінің белсенділігі идеясы бастау алатын философиялық дәстүр:
A) XVIII ғ. француз материализмі
B) XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы орыстың діни философиясы
C) неміс классикалық философиясы
D) марксизм философиясы
E) позитивизм
Жаңалықты жасауға бағытталған адамның іс-әрекет процессі қалай аталады:
A) таным
B) ойлау
C) практика
D) тәжірибе
E) шығармашылық
Ақиқат дегеніміз:
A) заттар мен құбылыстардың объективтік түрі
B) пайдалы, үнемді білім
C) білімнің нақтылықтың өзімен сай келуі
D) ғалымдардың шатты келісімінің нәтижесі
E) беделді пікір
«Ақиқат» қай саланың негізгі категориясы:
A) онтология
B) этика
C) психология
D) гносеология
E) әлеуметтану
Нақтылықты бұрмалап бейнелейтін білімнің белгісі:
A) қателесу
B) жалғандық
C) жалған ақпарат
D) қате
E) салыстырмалы ақиқат
Ақиқаттың прагматикалық концепциясын білдіретін жағдайды атаңыз:
A) ақиқат – объективті әлемді дәл бейнелетін білім
B) ақиқат – логикалық қайшылықсыз білім
C) ақиқат – ғылым қауымдастығындағы әйгілі ғұламалардың келісім нәтижесі
D) ақиқат – табысқа апаратын білім жиынтығы
E) ақиқат – тәжірибе деректері жинақталған логикалық схема
Табиғатпен әлеуметтік ортаны өзгертуге бағытталған адамның арнаулы іс-әрекеті:
A) бейнелеу
B) практика
C) таным
D) коммуникация
E) рефлексия
Ақиқаттың басты критерийі:
A) пайдалылық
B) танымалдылық
C) сұлулық
D) практика
E) анықтылық, дәйектілік
Диалектика туралы философиялық ілім:
A) күн жүйесінің пайда болуы
B) ғарыштың мәнгі өзгермеуі
C) дамудың жалпылама заңдылытары
D) болмыстың танымдылығы туралы
E) кеңістіктік пен уақыттың салыстырмалылығы
Даму туралы философиялық ілім қалай аталады:
A) метафизика;
B) релятивизм;
C) догматизм;
D) эклектика;
E) диалектика.
Дамудың негізгі түрлеріне не жатпайды?
A) сандық
B) прогрестік
C) бір жазықтық
D) циклдік
E) регресстік
Нақтылықты даму, біртұтастылық, объективтілік, байланыстар принципіне сай танитын философиялық әдіс:
A) анализ
B) дедукция
C) диалектика
D) моделдеу
E) синтез
Диалектикаға қарама-қарсы әдіс:
A) индукция
B) анализ
C) метафизика
D) дедукция
E) синтез
Әлемде бәрі қатынастылы және тек қатынастылы дейтін ұйғарым:
A) субъективизм
B) релятивизм
C) ангостицизм
D) скептицизм
E) редукционизм
Диалектиканың негізгі тарихи формалары:
A) стихиялық, идеалистік, материалистік
B) объективтік, субъективтік
C) сезімдік, логикалық, интуитивтік
D) ежелгіқытайлық, ежелгіүнділік, ежелгігректік
E) ғылымға дейін, ғылыми, ғылымнан кейінгі
Идеалистік диалектиканың негізін қалаушылар:
A) Бэкон, Гоббс, Локк;
B) Дидро, Гольбах, Гельвеций;
C) Кант, Гегель, Фейербах;
D) Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель;
E) Беркли, Юм, Фихте.
Материалистік диалектиканың негізін салғандар:
A) К. Маркс, Ф. Энгельс;
B) И. Кант, И. Фихте, Ф. Шеллинг, Г.В.Ф. Гегель;
C) Ф. Бэкон, Р. Декарт, Т. Гоббс;
D) А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф. Ницше;
E) Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж. Бодрийяр.
Таным мен объективті нақтылықтың ең жалпы және маңызды қасиеттерін, байланыстарын, қатынастарын бейнелетін ойлау формасы:
A) ғылыми терминдер
B) ғылыми таным принциптері
C) ақиқаттың субъективті критерийі
D) формалды логика заңдары
E) диалектика категориялары
Құбылыстардың өзара себепті байланысуынының жалпылама заңдылықтары туралы ілім:
A) индетерминизм;
B) фатализм;
C) детерминизм;
D) конвенционализм;
E) кондиционализм.
Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мәні:
A) даму механизмі
B) әлемді танудың көзі
C) тарихи процестердің бағыты
D) дамудың қайнар көзі
E) адамның өмір сүру мақсаты
Қарама-қарсылыктардың бірлігі мен күресі заңын айқындаушы категориялар:
A) субстанция, себептілік, өзара әрекет
B) айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық
C) терістеу, терістеуді терістеу, түсіру
D) сапа, сан, өлшем
E) мүмкіншілік, шындық, ықтималдық
Дамудың жалпылама механизмі қандай философиялық категориялардың өзара байланысымен айқындалады:
A) тепе-тенділік, айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық
B) терістеу, терістеуді терістеу
C) болмыс пен бейболмыс
D) сапалық, сандық, өлшем, секіріс
E) материя және форма
Сапалық, сандық, өлшем, секіріс категориялары нені анықтайды:
A) қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы
B) дәйекті негіздеу заңы
C) сапалық және сандық өзгерістердің өзара алмасу заңы
D) терістеуді терістеу
E) тепе-теңдік заңы
Сандық пен сапалықтың диалектикалық өзара байланысын айқындайтын категория:
A) мән
B) форма
C) нақтылық
D) құбылыс
E) өлшем
Дамудағы бағытталғандық, сабақтастық мына заңмен ашылады:
A) қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы;
B) сапалық және сандық өзгерістердің өзара өтпелілігі заңы;
C) өмір сүру үшін күрес заңы;
D) терістеуді терістеу заңы;
E) үшіншінің аластатылуы заңы;
Философияның адам мәселесін, оның болмысының іргелі негіздерін зерделейтін бөлімі:
A) гносеология;
B) эстетика;
C) философиялық антропология;
D) логика;
E) өнер философиясы.
Антикалық философиядағы адам бейнесі:
A) тағдырға бағынған микрокосм;
B) Өлмейтін жаны бар жаран;
C) иррационалдық жаран;
D) ойлайтын жаран;
E) «аралықты болмыс»
Адамды зерделі қоғами жануар дейтін көзқарасты ұйғарған кім?
A) Платон;
B) Ницше;
C) Аристотель;
D) Декарт;
E) Спиноза.
Христиандық антропологияға сай адам дегеніміз:
A) «ойлайтын тростник»;
B) саяси жандар;
C) Құдайға ұқсатылып жасалған әрі бейне іспеттес;
D) ойыншыл жаран;
E) мәңгілік абсолютті рух.
«Адам - бұл жандандырылған машина», - деген кім?
A) Ф. Вольтер
B) Аврелий Августин
C) Әл-Фараби
D) Ж. Ламетри
E) К. Маркс
Адам екі дүниеге - табиғи қажеттілік дүниесі мен адамгершіліктік еркіндік дүниесіне - тиесілі деп санаған неміс классикалық философиясының өкілі:
A) Г.В.Ф.Гегель
B) Л.Фейербах
C) Ф.Фихте
D) И.Кант
E) Ф.Шеллинг
Адам - рәміздеуші жаран, - мұндай анықтаманы берген:
A) И.Кант
B) К.Маркс
C) Аристотель
D) З.Фрейд
E) Э.Кассирер
Антропогенез идеясын ұсынған ғалым:
A) М.Шелер
B) К.Маркс
C) Ч.Дарвин
D) И.Кеплер
E) Г.Галилей
Адам мен қоғамның шығутегі үдерісін белгілейтін термин:
A) антропосоциогенез.
B) антропоцентризм.
C) евгеника.
D) генетика.
E) антропоморфизм.
Ф. Энгельстің пікірінше, антропосоциогенезде шешуші рөл атқарған әлеуметтік фактор:
A) отты пайдалану
B) еңбектік іс-әрекет
C) жер бетіндегі климаттық жағдайлар
D) космикалық әсерлер
E) құдайлардың жасампаздығы
Адам мәнінің марксистік түсінігі:
A) биологиялық
B) теологиялық
C) космостық-планетарлық
D) әлеуметтік-еңбектік
E) идеалдық-рухани
Адамның пайда болуының ойындық тұғырнамасының авторы?
A) Аристотель.
B) Ф. Ницше.
C) З. Фрейд.
D) Ф. Энгельс.
E) Й. Хейзинга.
Индивид - бұл:
A) жеке адам, «көптің бірі»
B) адамдағы әлеуметтік бастама
C) адамдағы биологиялық бастама
D) адамдағы шығармашылық бастама
E) бірегей жаран есебіндегі адам
Адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы (қоғам өкілі ретіндегі адам):
A) даралық
B) индивидуум
C) кісілік
D) тұлға
E) индивид
Тұлға ұғымы нені білдіреді?
A) адамның биологиялық ерекшеліктерін
B) адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның тұтастығының, дербестігінің өлшемін
C) адамның өзіндік санасын
D) адамның психикалық көңіл-күйін
E) адамның сыртқы көрінісін
Өмірдің мағынасы, адам өмір сүруінің құндылығы туралы сұрақтар:
A) экзистенциалдық сұрақтар
B) әлеуметтік сұрақтар
C) теологиялық сұрақтар
D) этологиялық сұрақтар
E) психологиялық сұрақтар
Өмірлік мағынасы бар (экзистенциалды) мәселе:
A) мидың құрылымы мәселесі
B) бейсаналық мәселесі
C) өмір мен өлім мәселесі
D) экологиялық мәселесі
E) адамның космосқа ұшуы мәселесі
ХХ ғ. философиясының ерекше бағыты ретіндегі философиялық антропологияның негізін қалаушылар:
A) М.Шелер, Г.Плесснер
B) С.Кьеркегор, А.Шопенгауэр
C) М.Хайдеггер, К.Ясперс
D) Т.Кун, И.Лакатос
E) Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский
«Адам - ғылымының объектісі емес, ал өзіндік сананың субъектісі» дейтін қағида қай филосоиялық ілімнің сипаттамасына жатады?
A) ағартушылық философиясына
B) марксизм философиясына
C) неміс классикалық философиясына
D) Жаңа уақыттың ағылшын эмпиризміне
E) ХХ ғ. философиялық антропологиясына
Болашақты болжаудың заңдылықтарын зерделейтін ғылым;
A) астрология.
B) евгеника.
C) космонавтика.
D) футурология.
E) магия.
Нәтижесі эксперимент жүзінде тексерілген шындық туралы теориялық жүйелер болып табылатын іс-әрекет саласы қалай аталады?
A) өнер
B) адамгершілік
C) саясат
D) ғылым
E) философия
Ғылым әлеуметтік институт ретінде қалыптасты:
A) антика заманында
B) жаңа уақытта
C) орта ғасырларда
D) Қайта Өрлеу заманында
E) ол әрқашанда осындай болған
Ғылымның тұтас феномен, шындықты жүйелі зерттеу ретінде пайда болуы:
A) б.д.д. VI ғ.
B) XIII ғ.
C) XV ғ.
D) XVII ғ.
E) XX ғ.
Парапсихология, астрология, эзотерика - бұл:
A) танымның ғылымнан тыс формалары
B) жаратылыстану ғылымдары
C) техникалық ғылымдар
D) әлеуметтік ғылымдар
E) математикалық ғылымдар
Ғылыми таным ұйымдасуының жоғары формасы:
A) мәселе
B) ғылыми факт
C) гипотеза
D) әдіс
E) теория
Ғылыми білімнің ақиқаттығы мен жалғандығы әлі айқындалмаған формасы:
A) теория
B) конструкт
C) гипотеза
D) мәселе
E) ғылыми факт
Ғылыми танымның негізгі деңгейлері:
A) нақты-ғылыми және философиялық
B) эмпириялық және теориялық
C) жаратылыстанулық және әлеуметтік-гуманитарлық
D) тарихи және логикалық
E) парағылыми және квазиғылыми
Ғылыми танымның деңгейлері:
A) абстрактылық және нақтылық
B) сезімдік және рационалдық
C) іргелі және қолданбалы
D) жаратылыстанулық және әлеуметтік
E) эмпириялық және теориялық
Рационалдық танымның формалары:
A) «Мен», «Ол», «Жоғарғы-Мен»
B) ұғым, пікір, ой-тұжырым
C) түйсік, қабылдау, түсінік
D) елес, фантазия, қиял
E) эмоциялар, ерік, жады
Эмпириялық зерттеу әдістері:
A) бақылау, өлшеу, эксперимент
B) анализ және синтез.
C) индукция және дедукция.
D) аксиоматикалық және гипотетикалық-дедуктивтік.
E) абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу.
Теориялық танымның әдістері:
A) формалдылау, аксиомалылау, эксперимент
B) анализ және синтез, бақылау, салыстыру
C) бақылау, өлшеу, эксперимент
D) модельдеу, жалпылау, тәжірибе
E) аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу.
Жалпығылыми әдіс:
A) құрылымдық-функционалдық талдау
B) физикалық эксперимент
C) химиялық талдау
D) абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі
E) кванттылау әдісі
Дүние туралы ғылыми ұғымдар мен заңдарға сүйенетін тұтас жүйе:
A) ғылыми рационалдылық
B) ғылыми революция
C) дүниенің ғылыми суреттемесі
D) ғылыми методология
E) ғылыми теория
Т. Кунның ғылыми дамуы жөніндегі тұғырнамасының (концепциясының) басты ұғымы:
A) ғылымның аксиологиялануы
B) верификация
C) эйдос
D) парадигма
E) фальсификация
Постпозитивизмнің ғылым дамуының басты көзі ғылыми-зерттеу бағдарламаларының бәсекелесуі болып табылады деп есептейтін өкілі:
A) П.Фейерабенд
B) И.Лакатос
C) А.Камю
D) З.Фрейд
E) Н.Кузанский
Т.Кун бойынша, ғылыми революция:
A) диалектикалық терістеу
B) гносеологиялық оптимизм
C) эмпириялық заң
D) қоғамдық-экономикалық формациялардың алмасуы
E) ғылыми парадигмалардың алмасуы
Сциентизм - бұл:
A) қоғамның әлеуметтік және рухани өміріндегі ғылымның рөлін абсолюттендіретін философиялық тұғырнамасы
B) индивидтің ғылыми білімдерді игеруге ұмтылысы
C) ғылым тарихын зерделеумен айналысудың пайдасы туралы ұйғарымдардың жиынтығы
D) математиканың басқа ғылымдар алдындағы басымдылығы туралы ұйғарым
E) ғылым мен техника мүмкіндіктеріне деген скептикалық қатынас.
Антисциентизм – бұл:
A) ырымшылдыққа қарсы күрес
B) ғылыми-техникалық прогрестің болашағына сенім
C) ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы шеті ретінде космонавтиканы дамытудың басымдылығын ұйғару
D) адам денсаулығы үшін басы артық білімдердің зияндылығы туралы ұйғарым
E) ғылым мен техниканың антигуманистік мәні туралы философиялық тұғырнама
«Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналады» деген қағиданың авторы:
A) Фрейд.
B) Кьеркегор.
C) Маркс.
D) Рассел.
E) Витгенштейн.
Технологиялық детерминизмнің дұрыс тұжырымдамасы:
A) Қоғам дамуындағы техника мен технлогияның анықтаушы рөлін мойындау;
B) Қоғам өміріндегі теника мен технология рөлін төмендету;
C) Ғылым мен техниканың қазіргі дәрежедегі рөлін жоққа шығаруға ұрандау;
D) Ғылымның рөлін абсолюттендіру, оны қоғамдық прогресстің адам мен қоғамның жетілуінің бірден-бір негізі деп мойындау;
E) Космосты игеру облысындағы техника мен техноглогияны жетілдірудің қажеттілігі туралы ұйғарым;
Техника философиясының пәні:
A) Техника адамның табиғатты бағындырудың тәсілі ретінде;
B) Болмыстың ілкі қасиеттерін табыстаудың тәсілі ретіндегі өзінің мәнді сипаттамаларындағы техника финомені;
C) Технологиялық процестер мен өзара байланысындағы техника;
D) Адам ойлап тапқан техникалық құралдардың көптүрлілігі ретіндегі техника;
E) Олардың пайда болуы мен дамуының тарихы мағынасындағы техника мен технология;
Технацизм неге негізделген?
A) Космосты игерудің бірден-бір құралы ретіндегі техникаға деген сенімге;
B) Адам әуестігін қандыру туралы ретіндегі техниканың дамуына деген сенімге;
C) Адамзат үшін шартты ізгілік ретіндегі техниканың дамуына деген сенімге;
D) Ғылым мен техниканың үдере дамуының салдарынан сескенгендік пен қорқынышқа;
E) Ғылыми-техникалық дамудың жетістіктерін бейтарап қабылдауға;
Мәдениет философиясы философияның бір бөлігі ретінде мынаны зерттейді:
A) Шығыс пен Батыс өркениеттерінің ерекшеліктерін;
B) Құдай мен адамның қарым-қатынасы мәселесін;
C) Мәдениеттің мәні мен маңызын;
D) Адамгершіліктік мәдениетті;
E) Әр түрлі халықтар мәдениеттерінің ерекшеліктерін;
Мәдениет философиясының пәні:
A) Мәдени этностардың көптүрлілігі;
B) Әмбебап феномен ретіндегі мәдениеттің мәні мен маңызы;
C) Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің сұхбаты;
D) Мәдениеттердің қақтығысын, олардың бір-біріне қарсы тұруы;
E) Әлемдік мәдениет тарихы;
Мәдениеттің негізгі қызметтері:
A) Регулятивтік, коммуникативтік, әлеуметтендіру;
B) Танымдық, түсіндірмелік, миф туғызарлық;
C) Ойындық, көңіл көтерерлік, шоу-бизнес индустриясының;
D) Экономикалық, экологиялық, энергетикалық;
E) Білім беру, тәрбиелеу, спорттық, денсаулықты жөндеулік;
«Табиғат туралы ғылымдар» мен «Мәдениет туралы ғылымдарды» бір-бірінен айыру идеясы кімге жатады?
A) Кантқа және Гегельге;
B) Маркс пен Энгельске;
C) Виндельбандт пен Риккертке
D) Мах пен Авенаркуске
E) Расел мен Л.Витгенштейнге
Мәдениетті екі бастаманың – дионисийлік пен аполлонизмнің бірлігінде қарастыратын философ:
A) Л.Н. Гумилев.
B) З. Фрейд.
C) А. Шопенгауэр.
D) О. Шпенглер.
E) Ф. Ницше.
Әйгілі «Еуропаның батуы» атты кітаптың авторы:
A) Н.Я. Данилевский.
B) А. Тойнби.
C) М. Хайдеггер.
D) О. Шпенглер.
E) К. Поппер.
Мәдениеттің ойындық тұғырнамасын жасаған Нидерландық ғалым:
A) Б.Спиноза
B) П.Тиллих
C) Ф.Ницше
D) А.Швейцер
E) Й. Хейзинга
Мәдениет саласындағы постмодернизмнің міндеті:
A) Мәдени дәстүрлерге тым теріс қатынас;
B) Батыс мәдениетіндегі модалы ағымдарға бағдарлану;
C) Шығыс мәдениетіне деген сыни қатынас;
D) Жаһандану жағдайларындағы мәдениеттің оң рөлін терістеу;
E) Мәдениеттің тоталды монологизмін тайдыру.
«Мәдениет» және «қоғам» ұғымдарының ара қатынасы:
A) олар мазмұны бойынша тепе-тең
B) олардың мазмұны бойынша ортақтығы жоқ
C) мәдениет ұғымы қоғам өмірінің әлеуметтік маңызы зор бір жағын білдіреді
D) «қоғам» ұғымы кеңірек «мәдениет» ұғымының бір бөлігі ғана болып табылады
E) олар мазмұны бойынша қарама-қарсы
Философияның дін мәні мен табиғи негіздемелері, діни білім мен дүниетанымның ерекшеліктері, діни ілімдердің идеялық мазмұны зерделенетін бөлімі:
A) философиялық антропология
B) дін тарихы
C) әлеуметтік философия
D) діни философия
E) дін философиясы
Дінге әлеуметтік-философиялық келістің негізін қалаушы
A) Э.Тайлор
B) К.Маркс
C) Л.Фейербах
D) З.Фрейд
E) И.Кант
Дін - бұл:
A) «қасиеттіні» күйзелудің көрінісі
B) Құдай мен адамдар арасындағы байланыс
C) табиғаттан тыстыға сенуге негізделген көзқарастар мен әрекеттер жүйесі
D) «жабайы ғылым», зердені дұрыс қолданбаудың нәтижесі
E) психикалық аурудың бір түрі
Дүниетаным ретіндегі діннің негізі:
A) Құдай мен табиғаттың бірлігін мойындау
B) табиғаттан тыстыға сену
C) дүниенің материялылығын мойындау
D) рухтың біріншілігі, материяның екіншілігі туралы ілім
E) әлемнің тұмандық массадан пайда болғанының теориясы
Теология - бұл:
A) діннің синонимі
B) табиғаттағы мақсаттылық туралы ілім
C) діни дүниетаным
D) Құдай және оның көріністері туралы діни-теориялық ілім
E) философиялық дінтанудың синонимі
Материалдық нәрселердің табиғаттан тыс мүмкіндіктеріне сенім:
A) фетишизм
B) полидемонизм
C) тотемизм
D) динамизм
E) теизм
Тотемизм - бұл:
A) магияның бір түрі
B) жанның өлгеннен кейінгі өмір сүруіне сенім
C) қайтыс болған ата-бабаларға табыну
D) жандар мен рухтардың бар екендігіне сену
E) адамдар мен жануарлардың немесе өсімдіктердің арасында табиғаттан тыс туыстық байланыстың бар екендігіне сену
Анимизм - бұл:
A) материалдық нәрселердің табиғаттан тыс мүмкіндіктеріне сену
B) дүниені басқаратын табиғаттан тыс күшке сену
C) жандар мен рухтардың бар екендігіне сену
D) жануарларға табыну
E) бірегей Құдайға сенім
Пайғамбар деп аталатын, табиғаттан тыс білім қонған адам тұлғасына байланысты діндер:
A) зерде діндері
B) нақыл діндері
C) табиғи діндер
D) ашылғының діндері
E) жаңашыл діндер
Әлемдік діндер:
A) индуизм, иудаизм, брахманизм.
B) шамандық, тәңіршілдік, зороастризм.
C) буддизм, христианшылдық, ислам.
D) даосизм, конфуцийшылдық, синтоизм.
E) католицизм, протестантизм, православие.
Жапондық ұлттық дін:
A) индуизм.
B) даосизм.
C) синтоизм.
D) иудаизм.
E) кришнаизм.
Исламның, иудаизмнің, христианшылдықтың ортақ діни қайнары:
A) синтоизм
B) православие
C) индуизм
D) даосизм
E) көне авраамшылды дін («інжілдік иудаизм»)
Барлық христиандардың қасиетті кітабы:
A) Ведалар.
B) Упанишадалар.
C) Кұран.
D) Інжіл
E) Өзгерістер кітабы
Көне түркі наным-сенімі:
A) манихейшілдік.
B) брахманизм.
C) джайнизм.
D) зороастризм.
E) тәңіршілдік.
Қоғамдық және өзіндік мәселелерді шешудегі адамның дін мен шіркеуден тәуелсіздігін ұйғаратын дүниетанымдық қағида:
A) индифферентизм
B) антиклерикализм
C) нигилизм
D) еркін ойлаушылық
E) құдаймен күресушілік
Адамның кез келген дінге мойынсұнуына және ешқандай да дінді уағыздамауға деген еркіндігіне құқығын мойындау:
A) ерік бостандығы
B) атеизм
C) сакрализация
D) секуляризация
E) ар-намыс бостандығы
Қоғамдық үдерістер туралы ғылым:
A) логика.
B) софистика.
C) археология.
D) әлеуметтану.
E) тарихнама.
Тарихты материалистік түсіну шын мәнінде мына позицияны білдіреді:
A) экономикалық детерминизм
B) географилық детерминизм
C) технологиялық детерминизм
D) мәдени-тарихи детерминизм
E) әлеуметтік мобильділік теориясы
Қоғамның басты құндылығы:
A) билік
B) табиғат
C) техника
D) демократия
E) адам
Қоғамдық сананың этика зерделейтін формасы
A) адамгершіліктік
B) құқықтық
C) саяси
D) діни
E) көркемдік
Зерделейтін пәні әдемілік болып табылатын қоғамдық сананың формасы
A) этика
B) ғылым
C) құқық
D) дін
E) эстетика
Марксизм бойынша қоғамдық дамудың негізінде жатқан не?
A) индивидтің еркі
B) Құдай еркі
C) тіл мен мәдениет
D) еңбектік іс-әрекет, материалдық игіліктерді өндіру
E) тарихи кездейсоқтық
Тарих - бұл уақиғалардың тізбегі:
A) кеңістіктегі
B) фантазиядағы
C) уақыттағы
D) идеялардағы
E) иллюзиядағы
Тарихи үдерісті мүшелеудің формациялық тұғырнамасының авторы:
A) К. Ясперс.
B) К. Маркс.
C) О. Шпенглер.
D) П.А. Сорокин.
E) Гегель.
К.Ясперстің белдеулік уақыт тұғырнамасы білдіреді:
A) тарихты материалдық іс-әрекеттік себептер негізінде түсінуді
B) тарихты психикалық құбылыстардан бастап түсіндіру
C) тарихи үдерісті табиғи-биологиялық феномендер негізінде түсіндірмелеуді
D) философия, әлемдік діндер және басқа рухани құрылымдар пайда болған б.д.д. VII-I ғғ. нақтылы-тарихи дәуірді
E) адамзат тарихының құдаи алдын ала анықталғандығын
Қазіргі өркениеттік өзгерістерді білдіретін тарих тұғырнамасы:
A) қоғамдық-экономикалық формациялар тұғырнамасы
B) локалдық мәдениеттер тұғырнамасы
C) дүниені идеялар билейді дейтін әлемдік тарихтың гегельдік тұғырнамасы
D) информациялық-техникалық қоғам тұғырнамасы
E) тарихтың түпкі себебі ретінде құдайға сілтейтін философиялық-діни тұғырнама.