Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
40
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
350.72 Кб
Скачать

14Билет. Файлдық менеджерлер.

Ф.М. – дискідегі ф-дармен каталогтарды басқаруға арналған программалық жасақтама. Ол о.ж.жұмысын жеңілдету үшін құралған. Ф-дармен каталогтар жұмыс жасауы Win95 о.ж-де сілтеуіш көмегімен жүзеге асады. Ф.м. 2тақтадан тұрады. Ең алғ.ф.м-ді 1986ж. Питер Нортен негізін қалаған.Norton Commander прог-қ қабықшасы. Ол 2вертикаль тақтадан тұрады. Экранның жоғарғы жағында меню қатары, төменгі жағында функционалдық пернелермен атқаратын қызмет пен анықталады. Қазір жиі қолданылатын ф.м-лер: FAR, Total Commander, Frigate.

16-билет. Комп-дің программалық қамтамасыз етілуі.

Комп-де орындалатын барлық операциялар программалар көмегімен жүзеге асады. Программа – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әр адамның командасы бойынша комп.жадына жүктеліп орындауға арналған машина түріндегі нұсқаулар жиыны. Прог-қ жүктеу - прог-ны комп-дің сыртқы жадынан жедел жадына көшіру. Прог-қ пакет – комп-де қолдануға толық дайын прог-қ мәліметтер, құжаттар жиыны. Программаның түрлері: жүйелік прог, қолданбалы, мультимедиялық, мамандандырылған, ойын және оқыту программалары.

Жүйелік программа – о.ж-нің мүмкңндіктерін арттыратын және барлық компоненттерінің жұмысын басқаратын пргһограмма.

17-билет. Файлдық жүйе.

Ф.ж.- ф-дармен жұмыс істеуінің жалпы құрылымы. Ф.ж.файл бөліктерінің физикалық орналасуы туралы міліметтерді сақтауға арналған. Оның көмегімен ақпаратты сақтау, атау, өңдеу, операциялар орындалады. FAT-16 ф.ж-сі MS DOC о.ж-нен бастап қолданылған. Көлемі 128кбайт. Ерекшеліктері:

-MS DOC, Windows 98,95,2000,Unix о.ж-лері қолданылады.

-Бұл ф.ж-нің қателіктерін түзетіп қалпына келтіретін көп программалар бар.

-Жүктелу кезінде проблемалар туындаса жүйені жүйелік дискімен жүктеуге болады.

-Ф.ж-ні көлемі 250Мбайттан аз томдар үшін қолданған жөн.

FAT-32 ерекшеліктері:

-Түпкі каталогы кластердің қарапайым тізбегін береді және ол дискінің кез келген жерінде орналасуы мүмкін.

-өлшемі кіші кластерлерді пайдаланғандықтан дискілік кластерді пайдалану FAT-16 мен салыстырғанда 10 есе аз.

-Ол түпкі каталогтың орнын ауыстыру резервті көшірмені пайдалануға мүмкіндік беретін сенімді ф.ж.

NTFS ф.ж-нің ерекшеліктері:

-қалпына келтіру мүмкіндігі

-ақпаратты архив түрінде сақтауға болдаы

-ф-дар мен каталогтарды қорғайды

-дискінің жүктелу секторына резервтік көшірме томна сақталады

- NTFS ф,ж-сі Win 95,98 о.ж-сі жұмыс жасай алмайды.

18-билет. Файл ұғымы. Түрлері.

Файл – белгілі бір атаумен аталған дискідегі біртектес мәліметтер жиыны. Файл 3 параметр бойынша сипатталады: атауы, кеңейтпесі, көлемі.

Ф.атауы – о.ж-лер талаптарына сәйкес жазылады. Ф.көлемі әр түрлі болады. Ең аз көлем 0байт. Ол нөлдік рет .д.а. Ф.атауы латын әріптермен жазылған 8 символдан аспайды. Ф.кеңейтпесі 3 символдан тұрады. Ф.атауы мен кеңейтпесі нүкте арқылы ажыратылады.

Файл түрлері: программа, берілгендер файлы, құжат.

4-билет.Қосалқы программа

Программада белгілі бір кайталанатын іс-әрекеттерді,атау бойынша бөлек жазып, атауы бойынша бөлек жазып , атауы аркылы бір немесе бірнеше рет іске қосуға болатын программаның бөлігін қосалқы программа деп атайды. Қосалқы программаларды қолдану арқылы программаларды ықшамдауға болады. Тур.Паск.прог-лау тілінде қосалқы программаның 2 түрі қолданылады: процедура және функци. Егер айнымалылар қосалқы программада сипатталса онда олар жергілікті айнымалылар д.а. Ал қосалқы прог-ң атауында берілген айнымалылар формальді айнымалылар д.а.

43-билет. Процедура.

Процедура – қайсы бір есептеу процессін аяқтауға көмектесетін операторлар тобы.Проц-лар синтаксистік д.а.арнайы ережелер бойынша жазылады. Проц-ға ақпараттарды енгізу үшін басты айнымалыларды емес проц-а ішінде көрсетілген параметрлерді қолдану керек.

Процедураның функциядан айырмашылығы – бағынышты программаның орындалу нәтижесінде бірнеше мән алынатын мүмкіншілігі болатындығы. Процедура негізгі программаның сипаттау бөлімінде орналасады. Процедураның жылпы құрылымы: procedure proc_name(a1,b1,…:type_1;a2,b2,…: type2);

Proc_name – проц.атауы. Проц.атауында бос орын белгісі қолданылмай символдар тізбегінен құралады.

A1,b1,a2,b2 – қосалқы программада қолданылатын айнымалылар тізбегі.

Type_1,type2 – айнымалылар типі.

47-билет.Функциялар.

Ф-ялар – мәнді қайтарушы қосалқы программа.Проц-а шақыру мәтінінде қайсы бір өрнекті есептеу кезінде қолданылатын өзінің орындалу барысында жалғыз скаляр мән беретін бөлігі ф-я д.а. Сипаттамасы:

Function аты (формальді параметр тізімі)

{локальді айнымалыларды сипаттау бөлімі}

begin {ф-я денесі}

end;

Берілгендерді ф-яға енгізу үшін тік параметрлер қолдану қажет ф-ядан тыс берілген ф-яларды қолдану ұсынылмайды.

37-билет. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнек. DIV MOD амалдары.

Станд.функ-лар – негізгі элемент функциялары. Стандрт.функц- лар математика тілінде қалай аталса паскаль тілінде солай аталады. Жазылу ережелері:

-ф-я аты латын әріппен жазылады.

-ф-я аты 6 әріптен аспау керек.

-ф-я аргументі ф-я атынан соң жақша ішіне жазылады.

-ф-я арг-ті тұрақты айнымалы немесе ариф.өрнек болуы мүмкін.

-ф-я арг-ті бірнеше болса араларына үтір белгісі қойылады

-триг-қ ф-яларды арг-т мәні радиан өлшемімен берілу қажет.

Ариф.өрнек – тұрақтылардан, айнымалылардан, ф-ялардан, амалдар белгісінен, өрнектің орындалу ретін өзгертетін жақшадан тұрады. Өрнектің нәтижесі бүтін, немесе нақты сан болады. Паскаль тілінде ариф. Өрнек сызықты түрде жазылады. Бөлшектің алымы мен бөлімінде дәрежелер көрсеткіші мен индекстері бір қатарда жазылады. DIV-бөліндінің тек бүтін бөлімі алынып бөлшек бөлімі қарастырылмайды. 11DIV5=2.

MOD-бүтін бөлігін табу амалы. -17MOD5=-2

36-билет.Программа ұғымы. Прог-ны құру кезеңдері. Ариф.өрнек. DIV MOD амалдары.

Программа-белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес нұсқаулау тізбегі .Паск тілінде программа жолдар тізбегінен турады . Жол узындығы 127 символға тең. Паск программасы прог такырыбы мен денесінен тұрады. Прог тақырыбы program қызметші сөзінен басталады.Содан прог денесіне еш қатысы жоқ.Прог барысында қолданылмайтын прог аты қолданылады.Прог атынан соң жақша ішінде пайдаланылатын файл аттары беріледі. Паск тіліндегі прог құрылымы:

Program аты;

Белгілерді бейнелеу бөлігі ;

Тұрақтылар бөлігі;

Типтер бөлігі;

Айнымалылар бөлігі;

Проц және ф-я бөлігі;

Begin

end

Ариф.өрнек – тұрақтылардан, айнымалылардан, ф-ялардан, амалдар белгісінен, өрнектің орындалу ретін өзгертетін жақшадан тұрады. Өрнектің нәтижесі бүтін, немесе нақты сан болады. Паскаль тілінде ариф. Өрнек сызықты түрде жазылады. Бөлшектің алымы мен бөлімінде дәрежелер көрсеткіші мен индекстері бір қатарда жазылады. DIV-бөліндінің тек бүтін бөлімі алынып бөлшек бөлімі қарастырылмайды. 11DIV5=2.

MOD-бүтін бөлігін табу амалы. -17MOD5=-2

62-билет. Берілгендердің типтері.

Прог-ның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып табылады. Прог құру барысында прог-лаушы олардың типтерін алдын-ала анықтауы қажет. Айнымалы мен тұрақтылардың типтері-олардың мәндерін және оларға қолданылатын әр турлі өңдеу амалдарын белгілейтін басты көрсеткіші. Турбо паск-да берілгендер типтерін 2 улкен топқа жіктеуге болады: қарапайым типтер(скалярлық)және құрылымдық типтер(стуктуралық). Қарапйым типтер өзі стандартты және пайдаланушылар типтері болады. Стандартты типтер: бутін,нақты,логикалық(бульевтік),символдық(литерлік). Ал құрылымдық типтер құрамына қарапайым типтер кіреді. Оларға жолдар,массивтер,жазбалар,файлдар жатады

40-билет. Тармақты құрылымды алгоритмдер.

Амалдардың орындалуының бірнеше тізбектерінің ішінен бір тізбегін берілген шарттың орындалуына байланысты таңдап алынатын болса, онда мұндай алгоритмді тармақталатын д.а.Тармақталатын алгоритмді ұйымдастыру үшін өту немесе таңдау операторын қолдануға болады.Өту операторы-ң 2түрі болады:шартты,шартсыз.Егер белгілі бір операторға өту үшін ешбір шарт қойлмайтын болса, онда GOTO N шартсыз өту операторы қолд.Егер алгоритмнің белгілі бір бұтағына өту берілген шарттың орындалуына байланысты болса,онда шартты өту IF операторы пайд.Бұл оператордың әртүрлі жазылу түрі бар:IF[шарт]THEN[оператор А]; IF[шарт]THEN[оператор -1]ELSE[оператор-2]; IF[шарт-1]THEN[оператор -1]ELSE IF[шарт-2]THEN[оператор-2] ELSE[оператор-3];

Бірінші жазылған операторда:егер шарт орындалса, онда [оператор А]орындалады,ал егер шарт орындалмаса,онда[оператор А]орындалмайды,осы оператордан кейн жазылған оператор орындалуы тиіс.Екінші операторда:егер[шарт]орындалса,онда[оператор-1]орындалады,ал керісінше жағдайда-[оператор 2]орындалады. Үшінші операторда:егер[шарт1]орындалса,онда[оператор-1]орындалады,ал орындалмаған жағдайда[шарт-2]тексеріледі,егер[шарт-2]орындалса,онда [оператор-2]орындалады,

керісінше жағдайда [оператор-3]орындалады.

Функцияның нақты параметрлері мәндер-параметрі,яғни енгізілетін мәндер болуы мүмкін.Функция нәтижесі оның аты арқылы беріледі.Сондықтан нәтиже меншіктелетін қосалқы бағдарламаның орындаущы бөлімінде функция аты айнымалы ретінде қолданылады.Функцияны шақырудың жазылуы:Айнымалы аты:=қосалқы бағдарлама аты (нақты параметрлер тізімі);мысал,Z:=Beta(5,6,S,D);

59-билет. Қайталанушы құрылымды алгоритмдер.

Егер алгоритмнің белгілі бір бөлігі алдын-ала берілген шарт бойнша бірнеше рет қайталанатын болса,онда алгоритмнің ондай бөлігін қайталанатын алгоритм н/е цикл д.а.Компьютерді есептеу ісіне пайдаланғанда оның тиімділігі тек көп қайталанатын алгоритмдер үшін ғана жоғары болады.Сондықтан циклдық алгоритмдерді ж/е олардың программаларын құрастыру программалау үрдісінде өте жиі кездеседі. Цикл қарапайм ж/е күрделі деп 2-ге бөлінеді. Қарапайм цикл бір ғана шартқа байл-ты қайталанады,ал күрделі цикл 2 н/е одан да көп шарттардың орындалуынан пайда болады. Күрделі цикл құрамында ішкі ж/е сыртқы цмклдар болуы мүмкін.Ал циклдар қайталану саны бойнша да бөлінеді:қайталану саны белгілі ж/е белгісіз циклдар болып 2түрге бөлінеді. Егер қайталану саны алдын-ала белгілі болса,ондай циклды қайталану саны белгілі цикл д.а. ж/е оны ұйымдастыру үшін арнйы циклдық операторларды (FOR,WHILE,REPEAT),сонымен бірге шартты өту операторын (IF)пайдалануға болады.Егер циклдың қайталану саны белгісіз болса,онда жоғарыда аталынған операторлардың FOR операторынан басқасын пайдалануға болады.

35- билет. Паскаль программалау тілі. тілдің алфавиті

Паскаль тіліндегі программалар бірнеше бір-бірімен байланысып тұратын бөлімдерден тұрады. Мысалы: бір программа келесі бөлімдерден тұруы мүмк3н. 1.программа тақырыбы;2.айнымалылар мен типтер бөлімі;3.таңбалар (белгі) бөлімі;4.тұрақтылар бөлімі;5.процедуралар мен функциялар бөлімі.6.программа денесі бөлімі;Программа тақырыбы қызметші сөздерден, латын әріптерінен тұратын программа атынан тұрады. Программа тақырыбынан кейін әтірлі нүкте қойылады. Түсініктемелер жәй жақша ( * *) немесе фигуралық жақша { }Ішінде жазылады. Мысалы: PROGRAM SUMMA;{Y=2*X+5*X+8*X қатарының қосындысы}Айнымалылар мен типтер бөлімінде (VAR, TYPE) иденфикаторларсипатталады. Кез-келген иденфикатор өзіне тән бір типпен ғана сипатталады.Мысалы: TYPE MAS=ARRAY [1.. 5] of CHAR;VAR X: INTEGER; T: CHAR; D: ARRAY [1.. 10] of STRING B, C: REAL; S: SINGLE V: BOOLEAN; A: MAS;

Программалауда жиі кездесетін функцияларды стандартты функция д.а.Олардың мәндерін есептеу үшін интегралдық жүйеге арнайы дайын программа-р енгізілген.Ондай прог-ды іске қосу үшін оның көрсеткіші мен аргументінің мәнін жазса болғаны.П.т-дегі кейбір стандартты

ф/ялардың тізімі:

34-билет. Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар

Адамзат алгоритмдер және бағдарламалар әлемінде өмір сүреді. Мысалы, физиологиялық үрдістер – бұл адам денесінің жүріс-тұрысының бағдарламаларының күрделі құрамдасқан, мұқият қойылған «библиотекасы». Алгоритмдеу мен бағдарламалау негіздері фундаменталды боп табылады және оларды математиканың негізгі заңдарына жақындататын жалпы сипаттамасы бар.

Компьютерде есепті шығару үрдісі бірнеше қадамнан тұрады:

1) есептің сөзбен берілуі (концептуалды үлгі);

2) есептің математикалық қойылуы (математикалық үлгі);

3) есепті шешу алгоритмін дайындау (алгоритмдік үлгі);

4) алгоритмді бағдарламалау тілінде іске асыру (бағдарламалық үлгісі);

5) бағдарламаны тестілеу және жөндеу.

Бірінші қадамда есеп мазмұны тұжырымдалады, екінші қадамда енгізілетін және шығарылатын мәліметтермен олар арасындағы аналитикалық байланыс анықталады. Ең көп уақыт бағдарламаны тестілеу мен жөндеуге кетеді. Бұл қадамда есепті шығарудың алдыңғы барлық қадамдарында кеткен қателер жойылады. Есеп шығарудың алгоритмін дайындау мен іске асыруға толығырақ тоқтала кетейік.

«Алгоритм» деген сөз арифметикалық әрекеттерді орындаудың ережелерін тұжырымдаған IX ғ. математигі Аль Хорезми атынан шыққан. Бастапқы кезде алгоритмді деп тек қана сандарға қолданатын төрт арифметикалық әрекеттерді орындаудың ережелері деп түсінген. Соңынан бұл түсініктеме кез келген берілген есепті шешуге мүмкіндік беретін әрекеттер тізімі ретінде орындалатын болды.

Алгоритмнің негізгі құрамдары: анықталғандық, нәтижелік, жиымдық, дискреттік.

1-анықталғандық орындалатын нұсқаулар және осы нұсқаулардың саны шекті болу керек;

2-нәтижелік нақты бір қадамнан кейін есептің шешімі алыну керек;

3-жан-жақтылық алгоритм тек бір есепті шешуге емес, осыған ұқсас басқа есептерді шешуге де арналған болуы керек;

4-тиімділік есепті шешудің ең тиімді жолдары қарастырылу керек;

Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталушы, қайталанушу.

Алгоритмді жазудың бірнеше әдістері бар: сөзбен, сөзбен және формулалармен, сызбалық, операторлық сұлба тілімен, алгоритмдік тілмен.

55-билет. Алгоритмнің блок-схемасы

Алгоритмді жазудың бірнеше әдістері бар: сөзбен, сөзбен және формулалармен, сызбалық, операторлық сұлба тілімен, алгоритмдік тілмен. Өзінің көрнекілігіне байланысты ең көп тараған алгоритмді жазу түрі блок-сұлбаның көмегімен жасалатын графикалық түр боп саналады. Символдар тізімі, олардың атаулары, олармен көрсетілетін функциялар, түрлері мен өлшемдері мемлекеттік стандарттармен анықталады. Алгоритмді блок-сұлба ретінде көрсетудің екі кемшілігі бар: талдап тексерудің өте төмен деңгейін талап етеді, сондықтан күрделі алгоритмдердің мағынасы жасырын боп қалады және басқаруды берудің құрамды емес әдістерін (goto) қолдануға мүмкіндік береді, сонымен бірге алгоритмдік блок-сұлбада олар эквивалентті құрамды алгоритмдерге қарағанда қарапайым болып көрінеді.

Алгоритмді суреттеу үшін сұлбалардан басқа жанамшарттаңбалауды, Flow-формаларды және Насси-Шнейдерман диаграммаларын қолдануға болады. Барлық аталып кеткен әдістер бір жағынан негізгі құрамдарда негізделеді, ал екінші жағынан талдап тексерудің әртүрлі деңгейлерін жіберіп алады.

Flow-форманың әр символы басқару құрылымға сәйкес және төртбұрышпен көрсетіледі. Құрылымдардың бір бірінің ішіне енгізілуін көрсету үшін Flow-форма символы кез-келген басқа символ төртбұрышының сәйкес аймағына жазылады. Негізгі және қосымша басқарушы құрылымдарға сәйкес Flow-формалардың символдары Б1 суретте келтірілген.

Насси-Шнейдерман диаграммаларының Flow-формалардан негізгі ерекшелігі – шартты белгілеу мен бұтақтар нұсқасы үшбұрыш түрінде көрсетіледі (Б2 сурет). Осындай белгілеу алгоритмді көрсетудің көрнекілігін қамтиды.

Flow-формалар мен Насси-Шнейдерман диаграммаларының ортақ кемшілігі - символдарды бейнелеуді құрастырудың күрделілігі, сондықтан да үлкен алгоритмдерді сипаттағанда оларды практика жүзінде қолдану күрделенеді.

Блок-сұлбаларға қарағанда жанамашарттаңбалар операцияларды тұжырымдаудың дәрежесін шектемейді, бірақ сызбалық болмағандықтан көрнекілігі төмен.

Құрылымды емес алгоритмдерді жанамашарттаңбалау, Flow-формалар және Насси-Шнейдерман диаграммалар көмегімен бейнелеуге болмайды, себебі оларда құрамды емес басқаруды берудің келісілген белгілері жоқ. Оларды қолдану әуел бастан-ақ жобалаушыны басқаруды берудің тек қана құрылымды әдістерін пайдалануға бағыттайды, сондықтан алгоритмнің мұқият сараптамасын талап етеді.

Есептер шешудің алгоримтдері әр түрлері болғанымен, есептеу үрдісінің негізгі үш түрін бөліп алуға болады: сызықты, тармақталған және циклдік. Оларды іске асыру үшін бағдарламаларда сәйкес базалық басқару құрылымдары қолданылады: соңынан жүру, тармақталу, әзір-цикл.

Бағдарламалаудың жоғары деңгейіндегі процедуралық тілдер негізгі құрамдардан басқа олардың көмегімен жеңіл іске асырылатын тағы үш құрылымды қолданады: таңдау, оған-дейін-цикл, қайталану саны бар цикл.

Аталып кеткен алты құрылымдар құрылымдық бағдарламалаудың негізінде болады. Атаудағы «құрылымдық» деген сөз бағдарламалауда тек қана осы аталған құрылымдар қолданылғанын білдіреді. Осыдан «go to жоқ бағдарламалау» деген түсініктеме пайда болған. Тек қана басқаруды берудің құрылымды операторларын қолданған бағдарламаларды құрылымды деп атайды. Бұл атау олардың басқаруды берудің төменгі деңгейлі әдістерінен ерекшелігін көрсетеді.

Дайындалған алгоритм бағдарламалық тілдердің бірінде бағдарламалық шарттаңбалар ретінде (бағдарламаларға) іске асырылады. Бар болатын бағдарламалау тілдерін келесі топтарға бөлуге болады:

- жоғарғы деңгейдегі әмбебап тілдер;

- бағдарламалық қамтамасыздандыруды өңдеушінің арнайы тілдері;

- қолданушының арнайы тілдері;

төменгі деңгейдегі тілдер.

41-билет. Таңдау операторы.

Егер алгоритмде есептеудің бірнеше бағытта орындалу мүмкіндігі болса, мысалы, үш немесе одан да көп. Мұндай жағдайда кездесетін алгоритмдерді жүзеге асыру үшін таңдау CASE операторын пайдаланған жөн. Таңдау операторының құрамында бірнеше элементтердің тізімі болады. Әрбір элемент дегеніміз алдында константа орналасқан оператор. Әрбір осы оператор есептеудің бір бағытын көрсетеді. Олардың алдына жазылған константалар бір типке жататын болуы тиіс. Операторды таңдау үшін селектор деген өрнек қолданылады. Селектордың типі константалардың типімен бірдей болады. Егер селектордың мәні константаның мәніне тең болса, онда сол константаға сәйкес оператор орындалады. Таңдау операторының жалпы түрі мынадай:

Case c of N1: {оператор-1};

N2: {оператор-2} ;

N3: {оператор-3} ;

.............................

Nк: {оператор-к} else { оператор-к+1} END;

Мұндағы N1,N2,N3,.....Nk – константалар, c- селектор. Осындағы k+1 оператордың ішінен с өрнегінің мәніне тең константа таңдап алынып, соған сәйкес оператор орындалады.

38-билет. Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.

Массив- бұл бір типтегі элементтердің жиынтығын құрайтын берілгендер құрылымы.

Берілгендер массивтері бір типті қарапайым айнымалылар тізбегін береді.Басқаша айтқанда, массив бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген жиыны. Массив бір ғана атпен белгіленеді. Әрбір жеке алынған айнымалы массив элементі д.а. Массивтің әрбір элементіне бір сандық н/е символдық мән меншіктелуі мүмкін.Массивтер бір өлшемді және екі өлшемді болып бөлінеді.

Бір өлшемді массив элементтері Паскаль тілінде келесі түрде бейнеленеді:

А={ a[1], a[2], a[3],..,a[n]}. Индекс саны массивтің өлшемін білдіреді, ал элементтер саны оның көлемін көрсетеді. Массив элементитерінің барлығы бір типке жататын шамалар. Математикада бір өлшемді массивті вектор деп, ал оның элементтерін компоненттері деп атайды. Сондықтан кейде вектор деп аталынса, онда бірөлшемді массив туралы сөз болғаны. Егер программада массивтер қолданылатын болса, онда айнымалыларды сипаттау бөлімінде олар туралы информация болуы тиіс. Сипаттауда массивтің неше индексі болатындығы, ол индекстердің ең кіші және ең үлкен мәндері, элементтердің мәндерінің қандай типке жататындығы көрсетіледі.Бір өлшемді массивтің элементтерін компьютер жадына енгізу қажет болса, онда циклдық операторларды, оның ішінде For циклдық операторын пайдалануға болады.

Массив элементтерін енгізу және шығару цикл арқылы жүзеге асырылады. Егер элементтерді ендіру үшін Read операторы қолданылса, онда элементтер бір қатарға жазылып енгізіледі. Ал Readln операторы қолданылса, онда әр элементті жаңа қатардан енгізу керек.

..................................................

Readln(N);

For K:=1 To N do Read(A[K]);

.................................................

Readln(N);K:=1;

Repeat Read(A[K]; K:=K+1

Until K>N;

..................................................

Radln(N); K:=1;

While K=<N Do Begin

Readln(A[K]); K:=K+1 End;

...............................................

Бағдарламаның орындалу нәтижесінде N элементтен тұратын массив элементтерін пернетақтадан енгізуді ұйымдастырады, бағдарламада циклді оқығанда Read операторын N рет оқып тоқтап, массив элементтері мәндерін қашан пернетақтадан енгізгенше күтіп тұрады, бұл жерде К айнымалысы цикл параметрі қызметімен қоса массив индексі ретінде де қолданылып тұр.

Кейде бағдарламаның әр орындалуында массив элементтерінің мәндерін қайта-қайта пернетақтадан енгізу керек болады, бұл әсіресе енгізілетін элементтер саны өте көп болған кездерде бағдарлама орындаушы кісіні жалықтырып жібереді, сондықтан бұндай жағдайларда оларды бірден тұрақтылар бөлімінде енгізіп қойса да болады:

CONST N=5;

A:ARRAY[1..N]OF REAL=(40.5, 48, 47.1, 52.3, 11.2);

B:ARRAY[1..9]OF REAL={31,25,40, 1.5,48,54.7, 12.3,54.5,21);

Массив элементтерін шығару процесі де енгізуге ұқсайды. Егер цикл денесінде элементтерді шығару үшін Write операторы қолданылса, онда массив элементтері экранға бір қатарға бір-біріне жабысып жазылып шығады. Бұл жағдайда нәтиженің көрнекілігін арттыру үшін Write операторында массивтен кейін бос орын жазылады. Ал Writeln операторы қолданылса, онда массивтің әрбір элементі жаңа қатарға жазылып шығады.

.....................................................................

For K:=1 To N Do Write(‘A[‘,K,’]=’, A[K], ’ ‘);

……………………………………

К: =1;

Repeat Writeln(A[K]); K:=K+1

Until K>N;

................................................................

K: =1;

While K=<N do

Begin Write(A[K], ' '); K:=K+1 End;

39-билет. Паскаль тілінің негізгі операторлары

Опетатор- программадағы нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Программа денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбігінен тұрады. Оператор арасына ; белгісі қойылады. Операторлар қарапайым және күрделі болып 2-ге бөлінеді.Қарапайым операторға меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу-GOTO, бос орын операторлары жатады. Күрделі оператор бірнеше қарапайым оператордан тұрады.

49,52 билет. Шартты және шатсыз көшу операторлары.

Turbo Pascal тіліндегі программада операторлар жазылған ретңмен орындалады. Осы реттілікті өзгерітіп отыратын, яғни программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету және кері қайту үшін шартсыз көшу операторы қолданылады. Шартсыз көшу операторының жалпы жазылуы GOTO белгі. Бір белгі мен бір оператор белгіленеді. Белгі мен оператор арасына : таңбасы қойылады. Белгі 0-9999 бүтін сандар мен идентификатормен қойылады. Бұл белгі программаның label бөлімінде хабарлануы керек.

Алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екі н/е екіден де көп тармақтары бар алгоритм тармақталған алгоритм д.а. Осындай тармақталған алгоритмді программалауға шарт ты көшу операторы колданылады.Жалпы жазылуы: IF <шарт>then<1-оператор> else<2-оператор>

Соседние файлы в папке Экзамен