Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
40
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
350.72 Кб
Скачать

4Билет.Дербес комп-ң негізгі құрылғылары.

Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына жүйелік блок(жүйелік қорап), монитор, пернетақта, тышқан(тінтуір) жатады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок.

Жүйелік блок қорабын кейс (ағылшынша case) деп атайды және оны металл немесе пластмассадан жасайды. Жүйелік блок қорабының екі түрі бар: tower(тік) және desktop(жатық). Жүйелік блокта қоректендіру блогы, аналық тақша, желілік тақша, дыбыстық тақша, жедел жады, CD-DVD дискжетектері, иілгіш дискке арналған дискжетек, порттар, индикаторлар, желдеткіш және т.б. құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктағы Power батырмасы компьютерді іске қосуға және өшіруге арналса, Reset батырмасы компьютерді қайтадан жүктеуге арналған.

Қоректендіру блогында желдеткіш орналасады. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орналасқан барлық құрылғыларды салқындатады. Желдеткіштің екі түрі бар: айналу жылдамдығы тұрақты желдеткіштер және термореттеуші желдеткіштер.

Үзбей қоректендіру көзі(UPS) – компьютерге қосылған және қоректендіру кернеуі болмай қалған жағдайда қолданылатын қоректендіру көзі. Оның құрамында батареялар бар. Қоректендіру көзінің ақаулары кезінде аккумуляторлық батереялар энергиясы қолданылып, белгілі бір уақыт аралығында компьютердің жұмыс жасау қабілеті сақталады

Чипсет (Chipset) – ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиыны. Орталық процессордың шалғай құрылғылармен мәліметтер алмастыру жұмысын жасақтайтын, аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиынтығы чипсет деп аталады.

Процессор дегеніміз көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электрондық микросхема.

Жартылай өткізгішті кристалл өте таза кремнийден жасалады. Оны жасауда вакуумдық бүрку, қоспаларды иондық түрде енгізу, фотолитография және т.б. жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

Процессордың түрлері: Intel 8088, 80286, 80386, 80486, Pentium, Pentium Pro, Pentium MMX, Pentium II, Pentium III, Pentium IV, Pentium D, Celeron, Intel Core Duo, AMD және т.б. Процессорлардың айырмашылығы бір тактіде өңделетін және алмасатын мәліметтердің санымен сипатталады. Процессордың тактілік жиілігі неғұрлым үлкен болса, оның жылдамдығы да үлкен. Процессорларды бірядролы және екіядролы деп бөледі. Екіядролы құрылым процессордың өнімділігін арттырады. Pentium III, Pentium IV – бірядролы, ал Pentium D, Intel Core Duo – екіядролы процессорлар.

6 Билет. Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары

Сандардың атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиыны санақ жүйесі деп аталады. Санақ жүйесінің негізі(q) дегеніміз қолданылатын цифрлар саны.

Санақ жүйелері сандарды бейнелеу тәсіліне байланысты позициялық және позициялық емес болып екіге жіктеледі. Егер цифрдің мағыналы мәні оның позициясынан тәуелді болса, онда ол позициялық санақ жүйесі деп аталады. Мысалы, 111 саны позициясына байланысты бірлік, ондық және жүздік ұғымдарын береді. Позициялық емес санақ жүйесінде цифрдің мәні оның позициясынан тәуелсіз. Мысалы, римдік санақ жүйесіндегі ІІІ саны; мұнда үш «бір» бірігіп «үш» санын береді және олардың мағынасы позициясынан тәуелсіз.

Санақ жүйелерінің төрт түрі бар. Олар:

  1. екілік санақ жүйесі (0 мен 1)

  2. сегіздік санақ жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7)

  3. ондық санақ жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)

  4. оналтылық санақ жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F).

Барлық санақ жүйелерінің ішіндегі ең қарапайымы, әрі есептеуіш құрылғылар үшін маңыздысы - екілік санақ жүйесі, q=2.

Есептеуіш техника дамуының алғашқы кезеңінен бастап нақты сандармен жүргізілетін арифметикалық амалдар екілік санақ жүйесінде жүргізілді. Себебі, барлық сигналдар 0 мен 1 түрінде беріледі. Жедел жады транзисторлары (конденсаторлар) екі мәннің біреуін ғана қабылдайды: зарядталған немесе зарядталмаған. 1 саны «ақиқат», 0 саны «жалған» ұғымын береді.

Кез-келген санды 0 мен 1 көмегімен жазуға болады. Мысалы, 7 санын екілік санақ жүйесінде жазсақ, 111 саны шығады: . Екілік санақ жүйесінде жұмыс жасау үшін 8 ереже жеткілікті. Олар:

0+0=0

0+1=1

1+0=1

1+1=10

0*0=0

0*1=0

1*0=0

1*1=1

Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері

1-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бүтін санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) бөледі. Бөлуді негізден кіші сан шыққанға дейін жалғастырады. Алынған нәтижені соңынан бастап жазады.

2-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бүтін санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосады.

3-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бөлшек санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) көбейтеді. Көбейту нәтижесінде алынған бүтін сан үтірден кейінгі санды береді. Көбейту бөлшек бөлік нөлге айналғанға дейін жалғасады.

4-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бөлшек санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) теріс дәрежелеріне көбейтіп қосады.

Соседние файлы в папке Экзамен