Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
40
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
350.72 Кб
Скачать

7 Билет.Компьютерлік желі

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, компьютерлік желі деп байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығын айтады.

Желілер құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

7-билет.Компьютерлік желілердің түрлері

Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер жиынтығын жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Біррангілі желінің барлық тораптары тең құқықты, яғни ерекшеленген сервері жоқ. Мұнда әрбір жұмыс бекеті басқаларға өзінің ресурстарын ұсына отырып, әрі клиенттің, әрі сервердің ролін атқарады.

Бір желінің бірнеше сегменттерін біріктіруге арналған құралды хаб (шоғырлауыш) деп атайды. Хаб аралық жадта ақпарат жинайды, түзетеді және іріктейді, басқа арнаға тасымалдайды, жүйеде өңдеу үшін ақпарат дестелерін қарастырады. Ол жеткізу құрылғыларының қызметтік, сызба-құрылымдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы жүз метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Олар 8, 12 жән 16 портты болады. Сондықтан оған соншама компьютерлер қосыла алады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады

- құжаттарды ортақ пайдалану;

- мәліметтерді жеткізу жылдамдығы жоғары;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатқыл дискілерді және көлемді қолданбалы программаларды ортақ пайдалану және т.б

Аймақтық желілер (WAN) – алдын-ала анықталған әкімшілік-экономикалық (географиялық) аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі.

Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын ең ауқымды желі. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Қазіргі кезде интернет желісі компаниялар мен олардың тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқарып отыр. Мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары сияқты жұмыстар да осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез-келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы – желінің геометриялық нысаны немесе есептеу машиналарының бір-біріне қатысты орналасуы. Желінің сызба-құрылымы желілік жеткізу ортасының және қосылған құрылғылардың физикалық орналасуын сипаттайды.

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

21-билет.Желілік топологиялар

Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың түрлері: шиналық, жұлдыз тәрізді, сақиналық.

Шиналық топология – ең қарапайым, тиімді топология. Мұнда жұмыс бекеттері желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Тасымалданатын ақпарат жөнелтуші бекеттен жұмыс бекеттерінің барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс бекеті қабылдайды

Жұлдыз тәрізді топология - түйіндері орталық түйінмен байланыстырылған топология (15.2-сурет). Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін — желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс бекетінің істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топологияда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс бекеттерін аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез-келген бір жұмыс бекетінің істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

8 -билет. Microsoft Excel электрондық кестесі

Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.

Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.

Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.

Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен бірге енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол саннын барлық разрядтары толық сақталады).

Ехсеl-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол бос орынсыз жазылады және 240 символға дейін енгізе алады. ¥яшыққа С1+Ғ5 формуласы =С1+Ғ5 түрінде жазылады. Бұл С1 ұяшығындағы мәліметке Ғ5 ұяшығындағы мәліметтің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

9 -билет. Microsoft Word мәтіндік процессоры

Мәтіндік процессор – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Мұнда қатені тексеру, тезаурус (синоним сөздерді) табу, сөз тіркесін іздеп табу, оны басқаға өзгерту, қиып алу, бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу сияқты көптеген қосымша әрекеттер орындалады.

Қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі - Microsoft Word. Ол құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Онда құжаттар мен кестелерді безендіруге, дайын үлгілер мен стильдерді қолдануға, қарапайым суреттер салуға болады.

Мәтін – компьютердегі алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Әріптерден, цифрлардан, тыныс белгілері, арнайы симвлдардан және графиктік объектілерден құрастырылған, мәтінді пішімдеу (форматтау) туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды.

Информатикада мәтіннің үш түрі кеңінен қолданылады: кәдімгі, кестелік және программалық мәтін. Сонымен қатар, енгізілген объектілер деп аталатын сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер, гипермәтін болуы мүмкін.

Ең көп тараған мәтін - кәдімгі мәтін, оған кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бұйрық және т.б. жатады. Негізгі объектілері: бет, абзац, жол, сөз, символ. Символ (таңба) дегеніміз әріптер, сандар және арнайы символдар. Символдардан сөз, сөздер тізбегінен жол құралады. Жолдар абзац құрайды. Абзац – мәтіннің жаңа жолынан басталып, келесі Enter пернесін басқан аралықпен шектелген бөлігі. Егер мәтіндік құжат өте үлкен болса, онда ол нөмірленген беттерге бөлінеді.

Кестелік мәтіннің негізгі объектілері – ұяшық, бағана, жол. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысқан жері. Программалық мәтін алгоритмдік тілде жазылған программалар. Программалық мәтіннің объектілері – символдар, жолдар.

Мәтiн пернетақта арқылы енгiзiледi. Бас әрiптер Shift пернесiмен әрiптi қатар басу немесе Caps Lock пернесiн қосу арқылы жазылады. Сөздер арасындағы аралық бос орын (пробел) пернесiн басу арқылы қойылады. Тыныс белгiлерi алдына бос орын қойылмайды, ал тыныс белгiсiнен кейiн мiндеттi түрде қойылады. Егер мәтiндi терген кезде қате жiберілсе, онда қате жiберген сөздiң алдына меңзерді қойып, Delete пернесiн басамыз. Егер меңзердің оң жағында орналасқан символды алып тастау қажет болса, онда Backspace (←) пернесiн басамыз.

Қазақша, орысша және латынша әрiптердi енгiзу Shift және Ctrl пернелерiн бiруақытта басу арқылы орындалады. Сандарды енгiзу сандар орналасқан пернелердi басу немесе пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақтадағы сандарды басу арқылы жүзеге асырылады. Пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақта NumLock пернесiн басу арқылы іске қосылады.

10- билет. Стандартты программалар

Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларына Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, блокнот, калькулятор және т.б. программалар жиыны кіреді. Стандартты программаларды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар командалар тізбегі орындалады

Paint графикалық редакторы – Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын программа.

«Paint» сөзі ағылшыннан аударғанда «сурет салу» деген мағынаны береді. Paint графикалық редакторын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Paint командалар тізбегі орындалады

Paint графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: негізгі және фондық. Негізгі түс деп қарындаш түсін, ал фондық түс деп фонның түсін айтады. Терезенің жоғары сол жағында сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет. Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі айқын түспен ерекшеленеді. Paint графикалық редакторының интерфейсі өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы суретші аспаптарының жиынына ұқсас.

Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш, эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір түспен бояуға болады

Жұмыс жасау барысында Paint графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл программамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды.

Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды редакциялауды жасақтайтын редактор. Оның мәтіндік процессорларға қарағанда мүмкіндіктері төмен. WordPad мәтіндік редакторы көлемі шағын мәтіндер мен құжаттарды ашу, өңдеу, түзету және қағазға басып шығару жұмыстарын атқарады. Бірақ, мұндағы қаріп түрлері және оларды пішімдеу мүмкіндіктері шектеулі

WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың үш түрі бар: оң жағынан, сол жағынан және ортасынан.

Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторларға қарағанда төмен. Оның басты ерекшелігі – қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадыда аз орын алады. Ол командалық файлдарды дайындау, түзету және модем арқылы жіберетін хатты дайындау кезінде қолданылады. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін пайдаланады.

Калькулятор – арифметикалық амалдарды орындауға арналған, қарапайым есептеулер жүргізетін Windows операциялық жүйесінің сервистік программасы

Стандартты калькуляторда жадымен жұмыс жасауға арналған төрт перне бар. Олар: MC – жадыны тазалау, MR – жадыда сақталған санды индикаторға шығару, M+ – жадыдағы санға индикатордағы санды қосу, MS – индикатордағы санды жадыға жазу.

11- билет Windows операциялық жүйесі

Windows операциялық жүйесі - графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық жүйе.

Windows операциялық жүйесін тышқан меңзері (курсор) көмегімен басқаруға болады. Меңзер (курсор) – экранда тиісті операциялар жүргізілетін активті орынды көрсету үшін пайдаланылатын, жанып-сөніп тұратын жылжымалы белгі. Экранда тышқан меңзері және жұмыс аймағында жол меңзері болады.

Жұмыс үстелі - әртүрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны.

Әртүрлі программалар орындайтын экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын терезе деп атайды. Терезені үлкейтуге, кішірейтуге, бүктеуге және бір мезетте экранға бірнеше терезені шығаруға болады. Олар үстелде әртүрлі орналасуы немесе бірін-бірі жауып тұруы, үстелде орындарын ауыстыруы, тіпті мөлшерін өзгертуі де мүмкін. Жұмыстың сипатына байланысты сіз жұмыс үстеліне жарасымды ретпен бірнеше терезе орналастыруыңызға немесе, керісінше, бірінің үстіне бірін орналастыруыңызға да болады. Стандартты терезе элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, сырғыту сызғышы, үлкейту-кішірейту пернесі және т.б.

Windows интерфейсін пайданушылар туралы мағлұматты компьютер қосылғаннан кейін монитор экранында пайда болатын жұмыс үстелі мен тапсырмалар тақтасы береді. Пайдаланушы бір түсті бетті немесе кейбір суреті бар графикалық объектілер орналасқан бетті көреді - осы бет жұмыс үстелі болып саналады.

Жұмыс үстелінің терезесі (Окно рабочего стола) - Windows қолданбалы программаларының терезелері үшін негізгі болып саналатын, экран бетін толық жауып тұратын жүйелік терезе.

Windows операцялық жүйесінде жарлық, пиктограмма, таңбаша ұғымдары кеңінен қолданылады. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файлды жарлық (ярлык) деп атайды. Басқаша айтқанда, жарлық – файлға сілтеме. Ол өзі көрсетіп тұрған файлды іздемей-ақ жылдам іске қосып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Пиктограмма – программаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір функцияны көрсететін экрандық символ. Таңбаша – жұмыс үстелінде экрандағы белгілі бір құжаттың, программаның, жарлықтың графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Пайдаланушы өзінің талғамына қарай таңбашалардың қүрамын, олардың сыртқы түрін, орналасуын, мөлшерін, түсін өзгертуіне болады

Жұмыс үстелінің негізгі компоненттері: менің компьютерім, менің құжаттарым, желілік орта, қоржын(корзина), тапсырмалар тақтасы және т.б. Менің компьютерімWindows операциялық жүйесінің жүйелік бумасы. Ол дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асырады, компьютер құрылғыларын орнату және тағайындау қызметін атқарады. «Менің компьютерім» программасының терезесі арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумаларды көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Пайдаланушының барлық құжаттары әдетте «Менің құжаттарым» бумасында сақталады. Желілік орта компьютердің желіде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Қоржын (Корзина) дегеніміз компьютер дискілерінен өшірілген мәліметтерді уақытша сақтайтын арнайы бума. Қоржынды кейбір оқулықтарда себет деп атайды. Қоржын программасының терезесі арқылы ондағы файлдардың мазмұнын көруге және оларды қайтадан қалпына келтіруге болады. Егер қоржындағы мәліметтер қажет емес болса, онда қоржынды тазалап, мәліметтерді біржолата жоюға болады.

Тапсырмалар тақтасы - Windows операциялық жүйесінде жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан ұзынша жолақ тақша. Тапсырмалар тақтасы жұмыс үстелінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін немесе тышқанның меңзерін экранның сөйкес шекарасына жақындатқанда ғана пайда болуы мүмкін. Онда Іске қосу (Пуск) батырмасы, алфавит индикаторы, уақыт, жұмыс істеп тұрған программалар мен файлдар белгішелері орналасады.

Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі - оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау - жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.

13 -билет Компьютерлік вирустар

Басқа бағдарламаларды өзіне жазып алып, олардың көшірмесі түріне енетін көбею қабілетін сақтайтын, бағдарламаны залалдайтын бағдарламаны компьютерлік вирус деп атайды. Ол биологиялық вирус – сіркелер сияқты есептеу үрдісінің өздігінен көбейе алатын, түрленетін қабілетке ие компьютерлік вирусы. Вирустар жүйелік файлдарды залалдандырып, әркез компьютерді қосқанда жадыда іске қосылады немесе байқалмай қалу үшін орындалатын файлдар түріне енеді. Вирустардың негізгі типтері: бағдарламалық, салатын, макровирустар.

Құжаттарында бейнеленген әрекеттерімен бірге кейбір басқа, жүйенің қауыпсіздігін бұзатын әрекеттерді орындайтын бағдарлама «троянский конь» деп аталады. Осындай бағдарламалар көбінесе пайдалы утилитар болып жасырынады.

Ауқымды желімен таратылатын вирустің бір түрі «сетевой червь» болады. Алғашқыда олар таратылған есептеулерді орындауға мүмкіншілік алу үшін желіде бос ресурстары бар компьютерлерді іздеуге дайындалған болатын. Дұрыс қолданылса «червьтер» технологиялары өте пайдалы болуы мүмкін. Бірақ олар зиян бағдарламалар ішінде ең қауіпті бағдарлама, себебі олардың шабуылы ауқымды желінің кез-келген компьютеріне жасалынуы мүмкін.

Зиян бағдарламалардан сақтану үшін келесі шаралар қолданылады: орындалатын файлдарға рұқсатсыз қатынас құруды болдырмау, алынған бағдарламаларды тестілеу, орындалатын файлдар мен жүйелік аймақтардың бүтіндігін бақылау, бағдарламаларды орындаудң тұйықталған ортасын жасау.

Ақпаратты қорғаудың бір құралы қажетті мәліметтерді резервті көшіру болыптабылады. Сонымен бірге ақпаратты қорғауға вирустарға қарсы бағдарламаларды қолдануға болады. Ең кең тараған вирустарға қарсы бағдарламалары: Касперский, AVP сканер, DrWeb және басқалар. Вирустардан қорғайтын бағдарламалық құралдар мүмкіншіліктері:

- қатты дискінің бейнесін сыртқы тасымалдаушыларда жасау (қатты дискінің жүйелік аймақтарында мәліметтер бұзылған жағдайда, бұл диск олардың көп бөлігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді);

- вирустарды іздеу мақсатымен қатты дискілерді тұрақты сканерлеу (сканерлеген кезде вирустарға қарсы бағдарлама бағдарлама шартаңбасын мәліметтер қорында сақталатын белгілі вирустардың шарттаңбаларымен салыстырып вирустарды іздейді) ;

- файлдардың өлшем өзегрісі мен басқа атрибуттарын бақылау (көбейу кезінде вирустар залалданған файлдардың параметрлерін өзгерткенде, вирустарға қарсы бағдарлама олардың жұмысын тауып пайдаланушыға хабар береді;

- қатты дискіге қатынасуды бақылау (вирустардың жұмысымен байланысты ең қауыпты операциялар қатты дискіде жазылған мәліметтерді өзгертуге негізделген, сондықтан вирустарға қарсы бағдарламалар оған қатынастарды бақылап, пайдаланушға сенімсіз белсенділік туралы хабар береді.

Компьютерлік желілерде қарапайым жергілікті бір жүйе ішінде орындалатын шабуылдардан басқа желілік ресурстар мен ақпараттың таратылуына байланысты алыстан шабуылдар жасалады. Коммерциялық мақсатпен ауқымды желілерді пайдалану, және де құпия ақпаратты тасымалдау ақпараттың тиімді қорғау жүйесін құруды талап етеді. Ішкі желілер үшін ең мұмкін болатын қауып-қатерлерден сақтауды желіаралық экрандар көмегімен орындауға болады. Желіаралық экрандардың компоненттерінің көбісін келесі үш категорияның біреуіне жатады деп есептеуге болады: сүзетін маршрутизаторлар, желілік деңгейдегі шлюздар, қолданбалы деңгейдегі шлюздар.

Ақпаратты сақтау және қорғауын қамтамсыздандыру үшін вирустарға қарсы қорларын тұрақты жаңартып тұру қажет, резервті көшіруді орындап, қауіпсіздік саясатын сауатты қолдану керек.

15 -билет Операциялық жүйелер

Пайдаланушы мен компьютер арасында диалог орнатуды қамтамасыз етуге әрі әртүрлі амалдарды орындауға арналған программалар жиынын жүйелік программалар деп атайды. Бұл программалар жиынының ішіндегі ең бастысы компьютердің операциялық жүйесі деп есептеледі.

Операциялық жүйе (operating sistem-операциялық система) дегеніміз-компьютердің барлық мүмкіншіліктерінбасқаруға арналған программалардың, деректердің және оларды пайдаланудың нұсқауларының жиыны. Ол компьютер мен адамның (пайдаланушы,программашы,оператор) арасындағы байланыстырушы (интерфейс). Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істей алмайды.

Операциялық жүйе үш негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Командалық интерпретатор немесе программалау тілінен машина кодына аударушы;

  2. Драйверлер- әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар; бұл топқа «жүйелік кітапханалар» деп аталынатын программалардың жиыны да енеді;

  3. Интерфейс- пайдаланушы қарымқатынас жасайтын ыңғайлы программалық қабықша.

Операциялық жүйенің программалары компьютермен мен оның құрылғыларын электр жүйесіне қосқан сәттен бастап, өшіргенге дейін басқарады.

Операциялық жүйелер бір есептік және көп есептік боп 2- ге бөлінеді. Бір есептік жүйелер(DOK-Disk Operating System) бір сәтке тек бір ғана тапсырманы орындайды,ал көп есептік операциялар жүйелер(мысалы,WINDOWS 98/ME) бір мезгілде бірнеше есептерді компьютердің мүмкіншіліктері мен қуатын бөлу арқылы орындайды. Бір мезгілде орындалатын есептердің саны процессордың қуаты мен оперативтік жадының көлеміне байланысты.

Операциялық жүйелер бір ғана пайдаланушы (мысалы, WINDOWS 98/ME) және көпшілік пайдалана алатындай (WINDOWS 2000/2003/XP) болады.

Соңғы кездерде көп пайдаланып жүрген операциялық жүйелердің барлық дерлік графикалық интерфейске негізделген. Солардың іішінде кең тарағаны WINDOWS XP жүйесі деп есептеледі.

Әрбір операциялық жүйеге сай келетін техника болуы міндетті. Мысалы, WINDOWS XP үшін компьютердің келесі көрсеткіштері болуы тиіс:

  1. Процессорға қойылатын талап, оның такт жиілігі 800 МГц-тен тқмен болмауы керек. Кейбір авторлар одан әлсіз процессормен (300 МГц) де жұмыс істеуге болады деп тұжырымдауға болады.

  2. Оперативтік жадының көлемі 192 Мбайттан кем болмауы керек; кейде 128 Мбайт болғанда да жұмыс істеуге болатынын, бірақ аса тиімді вариант 256 Мбайттан жоғары болғанда ғана операциялық жүйенің толық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға болады деп есептейді:

  3. Қатты дискіде(винчестерде) бос орын

  4. Гбайттан кем болмауы керек,себебі WINDOWS- тың өзі 2-2.5 Гбайт орын алады.

WINDOWS- көмпьютер құрылғыларымен байланыс жасау үшін арнайы программаларды пайдаланады; оларды драйверлер (drivers)деп атайды. Ағылшын тілінен аударғанда ол сөз «жүргізушілер» деген ұғымды береді.

Операциялық жүйенің- жұмысын басқаруға қажетті негізгі басқару элементтнрінің жүйесінін бірі- бас меню болып табылады. Оның көмегін операциялық жүйеде орналасқан немесе тіркелген барлық программаларды жіберуге, соңғы қолданылған құжаттарды ашуға, операциялық жүйені қалыптауға, анықтама жүйесін пайдалануға болады.

44-билет REPEAT ... UNTILциклдікоператоры(Дейін

Бұл оператор да WHILE операторы сияқты қайталану саны алдын - ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. REPEAT циклінің WHILE циклінен айырмашылығы циклді орындау шарты цикл денесінен кейін тексеріледі. Цикл денесі жай немесе құрама оператор болуы мүмкін. Ондағы операторлар REPEAT және UNTIL қызметші сөздерінің арасында орналасатындықтан, цикл денесі операторлық жақшаларға алынбай жазылады. Циклден шығу шарты орындалу үшін, цикл денесінде шартқа әсер ететін ең кемі бір оператор болуы тиіс, әйтпесе цикл денесінің орындалуы тоқтамай шексіз қайталана береді (бағдарлама "мәңгі циклденіп" қалады). Жалпы жазылу түрі төмендегідей:

REPEAT

Циклденесі;

UNTIL шарт;

UNTIL операторында жазылған шарт орындалғанға дейін цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер ондағы шарт орындалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы есептеуіш параметр мәні циклге дейін беріліп, оның жаңа мәнінің өсімі цикл денесінде беріледі.

REPEAT циклінің блок – схемасы

Барлық циклдік операторлармен бағдарламалар құрғанда, Do, While, Repeat операторларынан кейін нүктелі үтір қойылмайтынын ескеру қажет. Егер цикл денелерінде басқаруды циклдің сыртындағы таңбаға көшіретін оператор кездессе, онда циклдің қайталануы бірден тоқтайды. Егер циклдің орындалу шарты басынан орындалмаса, онда цикл жүрмейді. REPEAT циклінде бағдарлама орындалуы цикл соңындағы шартқа бармай тұрып, цикл денесі міндетті түрде бір рет орындалады. Цикл денесінде басқаруды цикл сыртына жіберетін шартсыз көшу операторы тұрса, онда басқару Goto операторындағы белгісі бар цикл сыртындағы операторға беріліп, цикл ерте аяқталуы мүмкін.

45-билет. WHILE операторы(Әзірше циклі)

Әдетте, WHILE операторы қайталану саны алдын-ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. Цикл денесінің әрбір орындалуының алдында, WHILE операторында циклдің орындалу шарты тексеріледі, шарттағы айнымалылар мәндерінің өзгеруіне әсер ететін операторлар цикл денесінде беріледі. Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тұрса, онда ол операторлық жақшаларға алынады, жалпы жазылу түрі:

WHILE шарт DO цикл денесі;

Әзірше WHILE операторында жазылған шарт орындалып тұрса, цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер шарт орындалмай қалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы салыстырылатын айнымалылар мәндері циклге дейін беріліп, олардың жаңа мәндерінің өсімі цикл денесінде беріледі. Егер WHILE операторындағы шарт бірде-бір рет орындалмаса, онда бағдарлама орындалуы циклді аттап өтеді. Егер шарттағы айнымалы мәндері ешқашан өзгермесе, онда бағдарлама мәңгі циклденіп қалады.

Соседние файлы в папке Экзамен