Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Жасанды интеллект

Жасанды интеллект тарихы әріден басталады. Платон, Аристотель, Сократ, Р.Декарт, Г.Лейниц, Дж.Буль сияқты көптеген ғұлама зерттеушілер өз ойларын кейбір қарапайым операциялардың, ережелердің және процедуралардың жиынтығы ретінде беруге тырысқан.

Жасанды интеллекттің ғылыми мақсаты жасанды құрылғылар көмегімен ойлы талдаулар жасап, адам әрекеттерін қайталау.

Интеллект – бұл ойлай қабілеті.

Жасанды интеллект екі ғылыми бағытқа бөлінеді: нейрокибернетика (немесе жасанды ойлам) және кибернетика (машиналық интеллект).

Кибернетика – ақпаратты басқару, олардың байланысы және берілуі туралы ғылым. Кибернетика объектілерді олардың материалдық табиғатына (тірі және тірі емес жүйелер) тәуелсіз зерттейді.

Нейрокибернетиканың басты бағыты – адам миының жұмысын аппаратты модельдеуге негізделеді. Оның өзінің негізі байланысқан, өзара әрекеттесетін нерв клеткаларының үлкен саны (14 миллиардтай) – нейрондар болмақ.

Ми жұмысын модельдейтін жасанды интеллект жүйесін нейрондық торап (немесе нейроторап) деп атайды.

/* Алғашқы нейротораптарды 50 жылдардың соңында американ ғалымдары Г.Розенблат пен П.Мак-каллок жасаған.

Қолданушылар ЖИ-пен күнделікті өмірде жиі кездеседі:

  • мәтіндік редакторда тілге байланысты орфографиялық қателерді автоматты түрде тексеру;

  • электронды кестемен жұмыста аптаның алғашқы 1,2 күнін (айдың) енгізсе, қалғаны автоматты түрде толтырылады;

  • микрофонның немесе арнайы программаның көмегімен программа жұмысы дауыспен басқару;

  • браузердің электронды адресін теруде бастапқы мәтінді енгізсе, қалғаны автоматты түрде өзі толықтырылады;

  • глобальды тораптарда берілген кілт бойынша іздеу әрекеті;

  • сканерлеу кезінде әріптерді және цифрларды таны білу.

Әрине есептеу техникасының мүмкіндігін адамның ми қызметімен, оның ойлау қабілетімен салыстыруға болмайды.

  • ЖИ көмегімен сөзді танып білу, синтездеу тапсырмаларын орындауға болады. Символық математика (компьютерлік алгебра) – жасанды интеллекттің жемісі.

  • ЖИ көмегімен образдарды танып білуге болады (оптикалық және акустикалық);

  • ЖИ-тің жемісі – электрондлы аудармалаушылар және сөздіктер (STYLES – ПРОМТ фирмасы, SOCRAT – «Арсеналь» фирмасы).

Жасанды интеллект саласындағы негізгі программалау тілдері: PROLOG, LISP, Smalltalk.

Эксперттік жүйе

Эксперттік жүйе жұмысы жасанды интеллект алгоритміне негізделген. Маман-эксперттен алдын ала алынатын ақпаратты қолдануға негізделген.

Эксперттік жүйені электрондық кеңесші деп атауға да болады.

ЭЖ ерекшеліктері:

  • ЭЖ белгілі бір заттық, тақырыптық аумақпен шектелген;

  • Күдік туғызатын бастапқы деректерді талқылауға қабілетті;

  • Талқылау тізбегін түсіндіріп беруге мүмкіндігі бар;

  • Шешімдер қалыптастырудың фактылары мен механизмдері бір-бірінен анық ерекшеленген;

  • ЭЖ-ні келешекте ұлғайтып, модернизациялауға мүмкіндік бар;

  • ЭЖ жұмысының нәтижесінде нақты бір оқиғаға байланысты диагноз, кеңес, ұсыныстар қалыптасады.

Қолданыстағы ЭЖ-ге мысалдар:

MYCIN (Стэндфорд университеті) – 70 жылдардың ортасында пайда болған. Жұқпалы аурулар диагностикасын анықтауға арналған эксперттік жүйе.

РROSPECTOR – геология саласынан. Жаңа пайдалы қазбаларды іздеуге арналған эксперттік жүйе.

XCON жүйесі – сату кезінде компьютер конфигурациясын анықтауға арналған.

Бақылау сұрақтары.

  1. ДҚ-да сақталатын ақпараттар қалай ұйымдастырылған?

  2. ДҚ қолданушыларын қандай категорияларға жіктеуге болады?

  3. ДҚ графиктік интерфейсінің мүмкіндіктері?

  4. ДҚ тілдері дегенді қалай түсінесіз?

  5. ДҚБЖ-не мысалдар.

  6. SQL-сервер дегеніміз не (ДҚ-ға байланысты)?

  7. SQL-серверлерге мысалдар.

  8. Сараптық жүйелер не үшін қолданылады?

  9. Білімдер жүйесі деген не? Білімдер қорына анықтама?

  10. Білімдер қорын құру кезеңдері.

  11. Сараптық жүйе неден тұрады?

  12. Сараптық жүйелердің жетістіктері.

  13. Сараптық жүйелердің кемшіліктері.

  14. Сараптық жүйелерге мысалдар.

  15. Сараптық жүйелерді эксплуатациялауға арналған ЭЕМ.

Әдебиеттер.

  1. Симонович С. Информатика. Учебный курс. - Санкт-Петербург: Питер, 2001 г.

  2. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1999г.

  3. Алексеев В.А.. Информатика- 2002. – М.: Высшая школа, 2001 год

  4. Айтхожаева Е.Ж. Информатика. - Алматы: КазНТУ, 1998г.

Соседние файлы в папке 3.Информатика