Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Ms dos.Sys. Файлы dos – тың жоғарғы деңгейлі қызметін қамтамассыз етеді. Бұл ож- нің ядросы.

COMMAND.COM Файлы – бұл команда компьютер қолданушыларымен диалог ұйымдастыру үшін белгіленген.

CONFIG.SYS. MS DOS конфигурациясын анықтау үшін және драйверлер мен резидентті программаларды жүктеу үшін белгінген мәтіндік файл.

AUTOEXEC.BAT. Жүйені алғашқы жүктеу жән анықтауда (инициялизациялау) CONFIG. SYS. өңдеуінен кейін, ОЖ– де жүйелік дискінің түпкі каталогынан AUTOEXEC.BAT. файлын табуға тырысады да, оны автоматты түрде өңдей бастайды. AUTOEXEC.BAT. файлында жүйенің күйін келтіруге қажетті және қолданушының ыңғайына қарай түрлі командаларды енгізу қолайлы.

2 MS DOS КОМАНДАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

Қолданушының енгізген әрбір мәліметі файлда, ал файлдар директорияларда сақталады деп түсінсек, сол файлдармен және директориялармен түрлі жұмыстарды қалай атқаруға болады? Файлды, директорияны қалай құруға болады деген сұра еріксіз туындайды. Ол үшін жүйеде арнайы командалар қарастырылған. DOS командалық процессоры қолданушы енгізген командаларды өңдейді.

MS DOS командаларын өңдеу екі түрде жүргізіледі: ішкі және сыртқы командалар.

Файлдар және каталогтар

Дискідегі (қатты дискідегі, дискетадағы, магнитооптикалық дискідегі, компьютерінің компакт- дискідегі) мәліметтер файлда сақталады.

Файл д/з- ақпарат тасымалдағыштар белгілі атпен сақталған аумақ.

Файлда- программа мәтіні, құжаттар, басқа да орындауға дайын түрлі программалар мен ақпараттар сақталады.

Кез келген программа өзінің құрамында жүктеуші файлды сақтайды. Мұндай файлды орындалатын файл дейді.

Жүктеуші файлға мысал:

.СОМ

.ЕХЕ

қолданушы деректерімен жұмыс істейтін файл - құжаттар файлы деп аталады.

Көптеген мәтінді редакциялау электронды кестелерді редакциялау, графиктік редакциялау файлдары құжаттар файлына жатады.

Файл аты екі бөлімнен тұрады:

Аты кеңейтілуі

Command. Com

Кез келген символды файлдың аты ретінде қолдануға болғанмен де, кейбір символдарға қолдануға болмайтынын да ескерген жөн.

Мыс: PRN- принтер

LPT1-LPT2- параллель порттарға (әдетте бұл принтер болуы мүмкін).

СОМ1-СОМ4- тіз.порт. қосылу құрылғысы.

CON- енгізуде кілтжиынды, шығаруда экранды көрсететін символ.

NUL- бос құрылғы

Бұларды файл аттары ретінде қолдануға болмайды.

DOS пен Windows 3.1 ОЖ- де файлдар аттары қысқа болса.

Windows 95, OS/2, Windows NT ОЖ- де файлдар мен каталогтарға 254 символға дейінгі ұзындықты қамтитын ат беруге болады.

Бірін ұзын ат десек, алдынғы ОЖ- дейінгі қысқа ат деуге болады.

Ұзын аттарға мынадай сиволдарды қолдануға болады.

  1. DOS ,Windows 3.1 ОЖ- дегі барлық символдарды қолдануға болады:

(-_ @ # $ & % {} ‘’!)

2. Пробелдер

3. Символдар: +, ; =, []

4. Барлық символдар, орысша әріптер.

Файлдар дискідегі каталогтарда (директоряларда) тіркеледі.

Windows 95- те бұны папка деп атайды.

Каталог д/з- дискідегі файл атары сақталатын арнайы орын. (файлдар атрибуттарымен жазылады).

Каталогтар ішкі каталогтардан тұрады.

В4

А- түпкі (корневой) каталог әрі қарай - бірінші деңгейлі және екінші деңгейлі болып, иерархиялық бұтақ бойынша жіктеледі. Қолданушы жұмыс жасап отырған каталог ағымды каталог.

Файл жолын көрсету.

Жол- бұл “ \ ” символы арқылы бөлінген каталогтар тізбегі. Осы маршрут арқылы файл орналасқан каталогқа дейінгі жолды анықтауға болады.

Файлдың толық аты.

[дискіорнатқыш:] [жолы ] файл аты.

Файл атрибуттары.

Әрбір файл үшін оның атрибуттары белгіленген.

DOS пен Windows 3.1 ОЖ- де 4 атрибуты бар:

  • тек қана оқу үшін (real only)

  • жасырын (hidden)

  • жүйелі (system)

  • архивтеу (archive)

Атрибуттарды қолдан орнатуға болады.

Бақылау сұрақтары.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Әр программа пакетті мультипрограммалық режимде қалай жұмыс жасайды?

  3. Уақытты бөлу режимі дегеніміз не? Нақты уақыт режимі деген не?

  4. Операциялық жүйенің атқаратын қызметі?

  5. Программаның резидентті және транзитті бөліктерінің бір-бірінен айырмашылығы?

  6. Операциялық жүйенің толық конфигурациясы қандай компоненттерді қамтиды?

  7. Файлдыңтолық аты, оны құраушылар.

  8. Файлдарды басқару жүйесі.

  9. Командалық процессордың атқаратын қызметі?

  10. MSDOS ОЖ-не сипаттама?

  11. MSDOS құрамдас бөліктері.

  12. CONFIG.SYS файлының мақсаты, қандай құрамға ие?

  13. AUTOEXEC.BAT файл қатарының белгіленуі.

  14. Операциялық жүйені жүктеу кезеңдері.

Бақылау сұрақтары.

  1. Подсистемы MSDOS ішкі жүйесі, атқаратын қызметтері.

  2. Файл аттарының шаблондары.

  3. Каталогтар түрлері.

  4. Файлдың толық аты, міндетті компоненттері, жасырын орнатылатын копоненттері.

  5. copy командасының түрлері.

  6. Файлдар мен каталогтарды жою.

  7. type командасының варианттары.

  8. Файлдармен жұмыстың қандай түрінде шаблондарды қолдануға болмайды?

  9. Файлдармен каталогтарды экранға шығару варианттары.

  10. Дискетаға жазу дұрыстығының қандай режимдерін білесіз?

Windows

Windows- тың анықтамалық жүйесі.

Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент- оның анықтамалық жүйесі. Онда әрбір қолданушыларға қасиетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы- оның анықтамалық жүйесі бар программаларға ортақ.

Сондықтан бір программаның анықтамалық жүйесімен таныссаңыз қалғандарының да құрылымы сондай болғандықтан керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.

Windows 3.х жүйесі үшін- Программа диспетчері терезенің жоғарғы жағындағы менюден анықтама (справка) пунктінің мазмұны (содержание) командасын таңдау керек.

Windows-98 жүйесі үшін іске қосу (Пуск) менюінің анықтама (справка) командасын маңдау қажет.

Кез келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар.

Windows ортасының және оның қосымшаларының анықтамалығы гипермәтіндік контекстке тәуелді анықтамалық жүйе болып саналады.

Windows 3.x

MS DOS ОЖ-і үшін қарапайым операциялық сұлба NC б.т. Бірақ NC – де меню түріндегі ыңғайлы интерфейс қамтылғанмен де, негізінде бұл сұлбаларда файлмен, файлдық жүктелерімен операцияларды орындау мүмкіндігі ғана қамтылған.

Microsoft Windows 3.x жүйесі MS DOS Windows үшін операциялық графиктік сұлба болып табылғанмен де NC- дан айрымашылығы ыңғайлы графиктік интерфейсті қамтамасыз етеді. MS DOS мүмкіндігін едәуір толықтыруына байланысты бумы ОЖ д.а.

Windows 3.X ОЖ- ң алғашқы сұлбасы б.т., Windows қосымшаларының жұмыс мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып сонымен қатар MS DOS –тың барлық қолданбалы программаларын қолдайды. Мысалы: мәтіндік процессор, деректор қоймасын басқару жүйесі (СУБД), электронды кесте, қолданушылар программалары жұмысатры толық қамтылған.

Windows көптасырмалы режимде жұмыс істейді, яғни бір мезгілде бірнеше программаны іске қосып, бір программалардан басқа программаларға жылдам ауысып олардың арасында мәліметтер алмасу процесін қамтамасыз етеді.

Windows – та ақпараттық және программалық қамтамалардың бірігушілігі жніндегі қажеттелік аз.

Windows – жұмысқа MS DOS программасы тәрізді қарапайым жолмен жүктеледі. MS DOS тәрізді жедел жадыны басқару, программаларды басқару, дисплей, кілтжиын, тышқан, баспа құрылысы, порттар жұмыстарын басқару мүмкіндігін жедел жадыға жүктелу барысында өз қолына алады.

Windows 3.X мына режимдердің біреуінде жұмыс істейді:

  • нақты

  • стандартты

  • кеңейтілген

Нақты режимде ЖЖ- мен Windows 3.X қолдамайтын апаттардың мүмкіндіктерді қолданбайды, қолданушы 640 кбайтты ЖЖ- мен шектелген.

Стандартты режимде Windows компьютердегі мүмкін болатын кеңейтілген жадын толығымен пайдаланады. Бұл жағдайда Windows- та жазылған қосымша кеңейтілген жадыға жүктеледі, ал DOS программасы жәй жадыға жүктеледі.

Кеңейтілген режимде Windows виртуальды машина режимін қолдайды, көптапсырмалылық ортаны жүзеге асырады. әрбір тапсырмаға барлық ресурстар қосылып отарыд. Бір мезгілде бірнеше программа орнатуға жіберіледі.

Программалардың жұмысы кезінде мынадай өзара әрекеььесу схемасы жүзеге асырылады.

Программа Windows- пен әрекеттеледі, Windows аппарттарға байланысты құратын құрылғылар драйверлерін шақырады.

Windows 3.х. қолданбалы программалар мен утилиттерден тұрады және мынадай басқару жабдықтарының жиынын көрсетеді;

Программалар диспечері (Program Manager) программаларды басқару үшін;

Файлдар диспечері (File Manager) – файлдарды басқару;

Принтер диспечері (Print Manager)- принтерді басқару;

Басқару панелі (Control Panel)- Windows кейбір қондырғыларын басқару,

Мәтіндік редактор Write

Графикті түрлі- түсті редактор- Paint brush;

Жазба кітапшасы (Note Pad) – шағы файлдармен жұмысқа арналған мәтіндік редактор.

Картотеки (Card File)- ақпаратты басқару және ұйымдастыруда қолданылады (аты, мекен- айы, телефон).

Календарь (Calendar)- әрбір күнге өзінің беті сәйкес келеді. Мерзімді, күнді, аптаны қамтиды.

Калькулятор (Calculator)

Сағат (Clock)

Коммуникациялық жабдықтар (Technical) – компьютерді басқа компьютерлерге қосуды қамтамасыз етеді.

Windows- ОЖ- сі.

Бұл ОЖ- е і 80386 – дан бастап Intel фирмасының 32 разрядты микропроцессорларын көптапсырмалы ОЖ.

Бірақ Windows 95- ті 32 разрядты деп толық анықтама беруге болмайды, себебі оның Windows 3.х. ядроларына сүйеніп құрылған.

Мұндағы әр тапсырма уақыт бойынша үлестіріп, приоритетті бойынша орындалып оытрады. Неғұрлым приоритеті жоғары болса, соғұрлым приоритеті жоғары тапсырмаға ерекше маңыз беріліп отырады.

Егер приоритеті төмен тапсырмаға процессорлық уақыт қажет болса, оның приоритеті көтерімді. Яғни приоритеті жоғары болған алдындағы тапсырмалар кезектен ығысырылады.

Мұндай ығыстырушы көптасырмалының тек қана Windows-95 те жазылған программаларға ғана тән.

Windows- те MS DOS пен байланысты, бірақ бұл байланыс жиі болып тұрады.

Windows 3.х- те файлға қатынас MS DOS файлдың жүйесін қолдану арқылы жүргізілетін болса, Windows-95 файлға тура қатынас құрады.

Windows-иерархиялық файлдың жүйесі какталог орнына папка деген түсінікті енгізуді файл аттары (254 символға) дейінгі ұзындықты қамтиды.

Windows- ОЖ- елокальды торап құруға болады, бұл торапта ол клиенттердің де, серверлердің де функциясын атқара алады.

Windows- графиктік интерфейсі ОЖ- де тіркелген және жұмыс үстелі деген түсінікті қамтиды жұмыс үстелі экран бетін толық бірнеше элементтерден тұрады.

Windows- жүйесінің негізгі функциялары.

Кез- келген операциялық жүйе сияқты Windows-95 мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал- жабдықтарын басқару;

  • файлдармен файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • қолданбалы программаларды іске қосу

  • бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қолдау;

  • әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуы ұйымдастыру;

  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалану.

Терезе.

Терезе- экранның төртбұрышты қоршаған аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады. Кез- келген мәсіметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса беред.

Барлық терезелер бірдей құрылымға ие бір айырмашылығы, барлық элементтер барлық терезелерде қайтала бермейді.

Жалпы түрде терезе мыналарды қамтиды:

  • меню қатары;

  • терезлік меню батырмасы;

  • тақырыпша қатары;

  • терезені бүктеу батырмасы;

  • экранды толық алып тұратын терезеге аудару батырмасы;

  • терезені жабу батырмасы;

  • ақпаратта енгізу батырмасы;

  • тышқан көрсетікіш (указатель)

  • вертикальді айналдыру сызығы;

  • вертикальды айналдыру маркері

  • горизонтальды айналдыру сызығы

  • горизонтальды маркері

  • стандартты құралдар пенелі

  • арнайы құралдар пенелі

  • күй қатары.

Белгіше (Ісоп)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне.

Ол дисплей экрандағы программаны терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелейді.

Жарлық (shortcut)- белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Windows- негізгі стандартты программалар:

«Менің компьютерім»- компьютер құрамындағыларды сақтайтын терезеге қатынас құруға мүмкіндік береді. Мұнда басқару панелі, магнитті дискідегі жинақтағыштар (иілгіш, қатты және CD- ROM) принтер және т.б. туралы ақпараттармен тапсыруға болады.

Корзина «қоқыс салатын жәшіктің» электронды баламасы, сонымен қатар өшірілетін файлдар мен папкаларды уақытша сақтау үшін белгіленген. Командалық қатардан немесе флоппи дискіден өшірілген файлдар корзинаға келіп түспейді.

Корзинаға орналасқан файлдар экранда көрінбегенімен де, ол корзинада өзіміз жойғанға дейін сақталады. Корзинадағы файлды сол корзина терезесінің жоғарғы жағында орналасқан меню тізбектері арқылы қалпына келтіру немесе жоюға болады.

Пуск батырмасы басты (жүйелік) менюмен жұмысты бастау үшін қолданылады.

Мынадай ішкі менюлерді қамтиды:

  • программа

  • құжаттар

  • күйін келтіру (настройки)

  • іздеу (поиск)

  • анықтама (справка)

  • орындау (выполнить)

  • жұмысты тоқтату

  • жұмысы аяқтау

Windows жүйесінде мәлімет алмасудың екі технологиясы бар:

  • алмасу, буфері арқылы:

  • құжат ішінде объектіні (файлды) тікелей кірістіріп қою.

Тораптың қоршау ұғымы- компьютер торапқа қосылған жағдайда қолданылады.

Word Pad – мәтіндік редакторы.

Paint, Power Point- графиктік радакторы, калькуляторлар- сияқты программалар да осы жүйелік менюдің стандартты программалары қатарынан орын алған.

Қызметтік программалар:

Bac Kup- файлды архивтеу.

Scan Disk- дискіні тексеру.

Drive Space- дискінің кеңістігін тығыздау программасы.

WINDOWS NT

ОЖ ретінде 90 жылдары құрылды.

WINDOWS NT қолданушының WINDOWS –қа ұқсас графиктік интерфейсін және жаңа қосымшалар дайындау үшін WIN 32 API – 32- разрядты программалау интерфейсін қатиды.

WINDOWS NT мынадай қасиеттерге ие:

Кеңейтілімдік – WINDOWS NT кодының бүтіндігіне кепілдеме беру қажеттілігі. Бұл проблеманы шешу үшін WINDOWS NT-да артықшылықты орындамалық жүйесі және артықшылықсыз қорғалған ішкі жүйелер жиыны құрылған.

Артықшылықты режим – ядро режимі (жадының жүйелік аумақтарына қатынас құруға ыңғайлы барлық машиналық командаларды орындауға мүмкіндік бар).

Артықшылықсыз режим – қолданушы режим (қолданушы приоритетіне байланысты кейбір машиналық командаларды орындауға шектеу).

Модульділік – орындамалық жүйе жекелеген компоненттер жиынын қамтиды. Жүйелік ресурстарды пайдалану үшін объектілерді пайдалану. Объект – деректердің абстрактылы типі, қатынас сервисті объектілер арқылы ғана жүзеге асырылады, жүйелік ресурстарды бір типті басқаруға мүмкіндік береді.

Ауыспалылық – ОЖ-ні басқа процессорлы машинада қолдану немесе басқа конфигурациялы машинада қолдану. Ауыспалылықты қамтамасыз ету үшін WINDOWS NT –да қолданылады:

Ауыспалылық тіл - СС тілін бұл тұрғыда қолдану мынаған негізделген: кең көлемде ыңғайлы компиляторды және программаны әзірлеу жабдықтарын қамтиды. WINDOWS ортасының графиктік компоненттері және тораптық қолданушы интерфейстің фрагменттері осы С++ тілінде жазылған.

Процессордан оқшаулау. ЭЕМ-ң бір типтеріндегі түрлі модельді процессорлар (мысалы , IBM және IBM-біріккен) түрлі құрылымды қамтиды. Деректер құрылымы және регистрлері арқылы процессорға тәуелді жұмыс жасайтын ОЖ фрагменттері ауыстырылатын модульдерде қамтылады. Модельден модельге ауысқанда олар қайта жазылып отырады.

Платформадан оқшаулау. Түрлі өндірушілер шығарған бір типті процессорлар (түрлі платформаны қмтитын процессорлар) ішкі құрылымдары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Платформалық-тәуелді код қатаң оқщауланған. Модельден модельге ауысқанда олар қайта жазылып отырады.

Сенімділік– көлденең қолданушылар программалары (кездейсоқ және қасақана жазылған зиянды программалардан) тарапынан қолданушыларды және жүйені қорғау, қате туындаған жағдайда жылдам аңғару.

WINDOWS NT –да сенімділікке жету үшін қолданылады:

Қатені құрылымдық өңдеу.Қате жүйе программа жұмысын үзуге мәжбүр болған жағдайда туындайды. Қате туындаған жағдайда Қатені өңдеу коды автоматы түрде шақырылады.

Модульдік құрылым – орындамалық жүйе пакеттер топтарына (модульдерге) бөлінген – осы пакеттердің кез келгенін модернизациялаған кезде оны ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Модульдік құрылым WINDOWS NT версиясын инсталляцияламай-ақ модульдерді қосу арқылы өзгертуге мүмкіндік береді.

NT (NTFS) файлдық жүйесі – WINDOWS NT-де жаңа файлдық жүйе – NTFS қолданылған, дискілік қателердің барлық түрлерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау сәулеті: қолданушыларды өзіне тіркеуді, ресурстарға жеңілдіктерді, объектілерді қорғауды қамтиды.

Бірігушілік– басқа ОЖ-лер үшін немесе бұрынғы ескі ОЖ-лер үшін (алдыңғы версиялары үшін) жазылған программаларды орындай алу мүмкіндігі. Бірігушіліктің мынадай түрлері бар:

Екілік бірігушілік– екілік бірігушіліккее қол жеткізген жағдайда орындамалық файлды басқа ОЖ-ге жіберуге болады.

Бастапқы мәтіндер деңгейіндегі бірігушілік– программаны басқа ОЖ-де орындау үшін программаны алдын ала қайта компиляциялауға тура келеді.

Файлдық жүйелердің бірігушілігі -WINDOWS NT мынадай файлдық жүйелердің бірігушілігін қамтамасыз етеді: MS DOS – FAT, жоғары өнімділікті файлдық жүйелер - HPFS/OS/2, CDFS, NTFS.

Өнімділік –WINDOWS NT-теде өнімділікті жоғарылату үшін жиі қолданылатын жүйелік шақырулар жылдам орындалады..

WINDOWS Millennium Edition (WINDOWS Me)

БұлWINDOWS 98-діңқолданушыларғаарналғанжалғасы.MS DOS–танбастартатынқадамжасалды:MS DOS-та Mode-ты жүктеуге болмайды, нақты режим қолдау таппайды, autoexec.batжәнеconfig.sys шеттетіледі, ескі утилиттердің қызметтері шектелген.

Нәтижесінде Windows Me алдыңғыверсияларғақарағандажылдамжүктеледі.

Windows Meқұрастырушыларымынадаймақсаттарғасүйенеді:

  • ҚолданушыОЖ-нітолықмәндімультимедиялықплатформағаайналдыру. Ол үшін мынала бар:

  • Movi Maker – компьютерге бейнематериалдарды цифрлау және жүктеу программасы.

  • Windows Image Acquisition -WIA – жаңа версия, біріккен құрылғыларды тауып, танып біледі (сканерлер, цифрлық камера) және көріністерді импорттайды.

  • Windows Media Player 7–дыбыс.

  • DirectX 7.1Direct PlayVoice –ты қоса отырып, ойын қызметін жақсарту, көпқолданушылық ойындар кезінде дауыстық қатынасты қамтамасыз етеді.

  • Жүйе қызметін максимальды қысқартады;

  • Үй торабын құру үшін ыңғайлы жабдықтарды қамтамасыз етеді;

  • Internet ресурстарына қатынасты қамтамасыз етеді.

Windows Me -де қызметтің нақтылықтары қолданушылардан жасырылған: көптеген жүйелік қызметтер автоматы түрде активтендіріліп, жұмыс істейді, жұмысқа икемдеулер терең жасырылған, оларды кездейсоқ тауып алу мүмкіндігі жоқ. Барлық конфигурациялық мүмкіндіктер Control Panel-де орналасқан.

Әрі қарайғы дамуы Windows Update-пен байланысты, мұнда жаңартылған программаларды өздігінен жүктеп, орнатады. Қолданушының қалауы бойынша бұл опцияны Control Panel арқылы алып тастауға болады.

Ең қызықты да, маңызды жаңалық ол – System Restore. Бұл компонент ОЖ-де интеграцияланған, сондықтан қолданушыға тегін таратылады. Ерекше драйвер файлдардың (жүйелік, қосымашалар файлдары, реестр және т.б.) белгілі бір категорияларымен орындалатын операцияларды бақылап отырады, оларды өзгертер алдында алдыңғы версияларын дискінің қордағы аумағында сақтап отырады. Қолданушылар құжаттарын қайта жазу бақыланбайды. Жинақталған ақпарат негізінде бақылау нүктелері құрылады. Қажетсіз жағдай туындағанда қолданушы System Restore –ді жүктеп, еркін бақылау нүктесіне орала алады, сонымен қатар процесс толық қайтарымды.

System Restore жұмысы үшін 10% -ға дейінгі дискілік кеңістік сақталады, бұл 200 МВ-тан кем емес.

Тораптық қоршауларды жұмысқа икемдеу тапсырмаларын шешу үшін жаңа Home Networking Wizard – пайда болды, бұл шебер компьютерді торапқа қосуға көмектеседі, Интернет-байланысты, баспа құрылғыларын бірігіп қолдануды жұмысқа икемдеуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в папке 3.Информатика