Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / кашкари (2)

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
38.38 Кб
Скачать

Қорытынды

Махмуд Қашқари "Диуан луғат әт-турк" сөздігіне тек түркі әдеби тіліне және жиі қолданыстағы сөздерге арнаған, сондықтан сөздікте кірме сөздер жоқ. М.Қашқари түркі фонологиялық жүйесіндегі дауысты фонемаларды араб тіліндегі харакаттар және мад әріптері арқылы берген. Диуанда араб тіліне тән 28 әріптің барлығы бірдей қамтылмаған. Сондықтан түркі тілдеріне араб тілінен енген кірме сөздерде кездесетін жат әріптер Диуанда кездеспейді. М.Қашқари түркі тіліне тән фонемаларға арнайы таңба жасайды. Мысалы,"ң", "ж", "г", "п" және "в" әріптері.

Махмуд Қашқаридің "Диуан луғат әт-турк" сөздігін құрастырудағы ұстанымдары (принциптері) мынандай:

1. Махмуд Қашқари түркі сөздерін олардың құрамында келген әріптердің сипатына қарай алдымен үлкен сегіз тарауға бөлген.

Бұл тәсілді Исхақ әл-Фараби "Диуан әл-әдәб" сөздігінде де ұстанған. М.Қашқари сөздігінде "Диуан әл-әдәбта" жоқ "Ғунна" кітабы мен "әл-Жамъ бәйнә әс-сәкинәйн" кітаптары бар. Аталған екі тарау түркі тілінің морфологиялық ерекшеліктерін көрсететін сөздерге арналған. Араб тілінде ғунна (ң) әрпі болмағандықтан және екі түрлі дауыссыз фонема қатар келмейтіндіктен, Исхақ әл-Фараби сөздігінде мұндай тараулар жоқ. Ал М.Қашқари түркі тілінің фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Исхақ әл-Фараби ұстанымын өзіндік түзетулер мен толықтырулар негізінде жетілдірген. Бұны тек түркітануға ғана емес, сонымен қатар әлемдік тіл білімінің дамуына қосылған үлес деп бағалаймыз.

Махмуд Қашқари түркі сөздерін араб тілінің морфологиялық уазндары негізінде топтастырғанмен, түркі тілдерінің өзіндік грамматикалық заңдылықтарына сүйене отырып, оның ішінде түркі сөздерінің буынға бөліну ерекшелігін басшылыққа алған.

Ал, негізінен, М.Қашқаридің "Диуан луғат әт-турк" еңбегі түркі тілдері салыстырмалы грамматикасының, түркі тілдері лексикографиясының, түркі тілдері лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалаушы, тіл тарихы үшін баға жетпес құндылық болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. 1 Қазақ тілі: энциклопедия. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму иниституты, 1998. – 509 б.

  2. 2 Әл-Фаруз Әбәди. әл-Қамус әл-мухит. – Бейрут: Муассату әр-рисәлә, 1989.

  3. 4 Березин Ф.М. История лингвистических учений. – М.: Высшая школа, 1975.

  4. 6 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық / Құраст. Т.Жанұзақов, С.Омарбеков, Ә.Жүнісбек және т.б. – Алматы: Арыс, 2006.

  5. 10 Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктердің құрылымдық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002.

  6. 14 Егеубаев А. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі көркемдік жүйесі (Х-ХІІ ғасырлар: көркемдік-эстетикалық ізденістер мен түрленулер): филология ғылым. докторы ... диссер. – Алматы, 1999.

  7. 15 Халидов А.Б. Словари Исхака ал-Фараби и Махмуда ал-Кашгари (из истории лексикографии в Средней Азии Х-ХІ вв) // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов востока. Москва. 1987.

  8. 16 Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995.

15