Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Когамдык саяси омир

.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
113.66 Кб
Скачать

Қаулыда оларға өздерімен бірге заттарын, дүние-мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді. Тіпті оларға шет елге кетуді қалайтындарға кедергі жасамау, шекарадан өтуді оңайлату тәртібіне жол беру қажеттілігің де көрсетті. Көшкенде қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние-мүліктің және егіс алқабының шығынын оларға қайтару шарасы да атап көрсетілді. Алайда айтылғандар тек сөз жүзінде қалды. Көшкен корейлер тек киім-кешек пен азық-түліктерін ғана алып шыға алды. Олар сонымен бірге шекара әскерлерінің және НКВД-нің тікелей бақылауында болды. Корейлер Қазақстанға келген соң да күдікті саналып, бақылауға алынды және қуғын-сүргінге ұшырады.

Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагер — Алжир деп аталды. Жаппай репресияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерізімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Большевиктік Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды.

Кеңес үкіметі осы жаппай репрессия саясатының тұтқындарын еңбекке тартып, оларды ақысыз еңбек күші ретінде пайдаланған. Мысалы: Жезқазған лагерь-комбинатының бастығы Чирков Берияға жазған хатында лагерь тұтқындарын тағы да 4 мыңға көбейтуді сұраған.

Қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдар болса сол лагерлерде өздерінің ғылыми жұмыстарын жалғастырған, тіпті ғылыми жаңалықтар ашып, мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылды, бірақ босатылмады. Мысалы: ғалым Лапина ірі қараның жаңа тұқымын шығарып, Берияның ұсынысымен Сталиндік сыйлық алды. Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе өзі бас бостаңдығынан айырған қоғам мүшелеріне өз атындағы сыйлықтар беруге намыстанбады.

ГУЛАГ жүйесіндегі лагерлерден кейінгі кезенде тіпті мерзімі біткеңдер де босатылмады. Соғыстың соңына қарай бұл лагерлер жүйесі соғыс тұтқындарымен толықтырылып отырды.

Сонымен, қорыта айтқанда 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезендерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргіңді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевикте басшылығымен халыққа қарсы жаппай "үлкен террор" ұйымдастырылды.

Қазақ халқы өзінің көпғасырлық тарихыңда басынан өткен ауыр кезендерді, әсіресе, жоңғарлармен болған қанды шайқасты және жоңғар жаулаушыларының қатыгездігін "ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама" деген ұғыммен сипаттайды. Осы XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ халқының басынан кешкен зардаптары да сондай бір бітлес жара іспеттес бүгінге дейін қазақ жадында сақтаулы.