Ежелгі түрік тайпалар бірлестіктері мен мемлекеттерінің тарихи әдебиеттерде бейнеленуі
Ежелгі
түрік тайпалар бірлестіктері мен
мемлекеттері кезінде түркі тілінде
біраз шығармалар жазылды. Олар – Жүсіп
Баласағұнидің «Құдатғу білік» (1069 ж.),
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік»
атты туындылары.
Түркі
тіліндегі мұсылман әдебиетін қалыптастыруға
неғұрлым қолайлы жағдай Қашқарда еді.
Қашқардағы хан сарайында қажы қызметінде
болған Баласағұн қаласынан шыққан Жүсіп
«Құдатғу білік» деп аталатын ханға
арналған дидактикалық поэманы түркі
тілінде жазады. Ол «Бақытт ететін -
білім» немесе «Патшаларға лайық білім»
деген мағына береді. Бұл шығарма хандардың
және оның уәкілдерінің міндеттері
жөнінде жазылған.
Құтты
ел. Құтты халық. Осы қос ұғым әлеуметтік,
философиялық түсінік үлгісінде айқын,
жүйелі қолданылған бірден-бір ежелгі
түркі мұрасы – «Құтты білік». Дана, ақыл
Жүсіп Баласағұн:
Құт дарыды, өсті
халық өрісі,
Бірге жусап, өрді
қозы, бөрісі
* * *
Заңды түзе, сұмдық
сонда сасады,
Құтың өсіп, абыройың
асады, -
деп түйіндейді.
Бұл сөзімді
білімдіге арнадым,
Білімсіздің тілін
алмадым.
Білімді,
құтты
мемлекст. Азаттықтың
да, тәуелсіздіктің
де,
береке
бірліктің
де тірегі - мемлекет, елдік,
білім, биік,
һәм
парасат. Елдіктің
өзегі
білік,
Елдіктің
кілті - тіл, Елдіктің қадір-қасиеті
- кісілік. Құтты
мемлекет жұлыны
берік елдік тәуелсіздікті,
азаттықты, бірлік-берекені
қорғап,
қоршайды.
Жүсіп
Баласағұнның
тарау-тарау өлең
толғауларын
өз
сөзімен тарқата
түйіндесек
осындай тұжырымдарға
саяр еді.