
Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыз
Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын, сол кездегі ғылым, білім, өнер тілі - араб тілінде жазды. Солардың бipi Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби.
Орта Азия мен Қазақстан жеріне ислам діні таралуына байланысты екі мәдениет, екі алфавит тартысқа түсті. Бipi түркі мәдениеті мен түркі алфавиті, eкіншісі - араб - парсы мәдениеті мен араб алфавиті.
Түркі алфавитін бipтe-бipтe араб фабрикасы жеңе бастады. IX ғасырда өмір сүрген Әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде, араб әрпімен жазды. Ол түркі тілін білмеуі мүмкін емес, себебі түркі тілі оның ана тілі еді. Алайда сол заманда араб тілі ғылым тіліне айналғандықтан және туған жерден шет жүргендіктен, ол бірыңғай арабшаға ауысқан.
Әл-Фараби шығармалары бүкіл дүние жүзіне белгілі. Оның «Ғылымды жүйелеу», «Химия туралы толғаныс», «Физиканың негіздері туралы толғаныс», «Музыка туралы толғаныс» кітабы – ipгелі ғылымдар саласынан көшелі oй айтқан көрнекті еңбектер. Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасына», ежелгі заманның өзгеде ойшылдарының туындысына түсініктемелер жазып, оларды өз уақытының игілігіне айналдырған. Кемеңгер ғалымның «Қайырымды істер қаласының тұрғындары туралы толғаныс», «Мемлекет қайраткерлерінің мақал-мәтелдері» сияқты еңбектері қоғамдық-әлеуметтік ой тарихында елеулі із қалдырған туындылар. Ал оның өз кезінде дүниенің шартарабына жайылған «Даналық жауһарлары» атты философиялық толғанысы тұтас мыңжыл бойына Шығыс жоғары оқу орындарында қолдан түспейтін оқулық кітап болған.
Әлемнің оқымыстылар қауымы Әл-Фарабиді адамзат ой-сапасының теңдесі жоқ алыбы ретінде қастерлеп, қатты құрметтейді.
Фарабиден екі ғасыр кейін өмір сүрген ғұламалар -Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын араб әрпімен түркі тілінде жазған.
Махмуд Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» атты кітабы былай басталады: «Қайырымды, мейірімді алланың атымен бастаймын. Енді Мұхаммедтің ұлы Құсайынның перзенті Махмұдтың айтар әңгімесіне назар салыңыз: «Мен тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жаратқанын, өмір бірліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Tәңip оларды түркілерден атап, асқан салтанатқа ие қылды. Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қатарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстур болып қалыптасты. Қасіретті мұңын түсіндіріп, шегіну үшін түркілерге өз тілдерінде сөйлеуден басқа жақсы жол жоқ».
Махмуд Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты еңбегі 1072 жылы 25 қаңтарда басталып, 1074 жылы 10 ақпанда жазылып біткен. Еңбектің түпнұсқасы бізге жетпеген. Оның жалғыз көшірмесі 1266 жылы жазылған. Махмуд Қашқари Қашқарда туып, жігіттік шағын Баласағұнда өткізіпті. Ол араб тілі мен араб әдебиетін, парсы мәдениетін өте жақсы білген. Грамматикалық жазудың классикалық әдісін жете меңгерген. М.Қашкаридің еңбегі туралы алғашқы деректер XIV ғасырдан басталады. Еуропаға тараған М.Қашқари еңбегі туралы алғашқы хабарлардың бірі – 1904 жылы Венгер академиясы жариялаған лингвистикалық жинақтағы мәлімет. М.Қашқари еңбегінің шын мәнінде зерттеу обьектісіне айналуы оның үш томдық түпнұсқасы 1915-1917 жылдары Стамбулдағы Ахмет Фирхат баспасынан шығу кезінен басталады. Kөлeмi жағынан I том - 463 бет, II том - 294 бет, III том - 333 бет. Барлығы 1063 беттен тұрады. Осыдан кейін-ақ бұл аталған еңбек хақында бірқыдыру пiкip, хабарлар жарияланып, ол Батыс, Шығыс елдеріне түгелдей мәлiм болды. Өзбек тіліндегі аударманың I томы 1960 жылы, II томы 1963 жылы жарық көрді. Түріктің білімпазы Б. Аталаи "Дивани лұғат ат-түріктің" үш томдық аудармасын (1939-1941 ж.) 1914 жылы шыққан түпнұсқасындағы сөздердің біp томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбектің материаддары әрқилы зерттеу жұмыстарын жүргізуге кең жол ашып берді. Осыдан кейін оның ішкі сыры сарапқа түсе бастады. Әсipece "Дивани лұғат ат-түріктің" зерттелу тарихындағы екінші бip кезең оның түркі тіліне аударылып бітуі деп есептеуіміз керек. Эңгіме болып отырған енбек, негізінен алғанда, М.Қашқари заманындағы түркі тілді халықтардың қоғамдық өмipi мен рухани дүниесінің алуан саласын қамтитын материалдарға толы. Онда тарихи, әлеуметтік жағдайларға, әдеби мұраларға, мәдениет пен тіл ерекшеліктеріне географиялық суреттеулер мен астрономиялық атауларға, тағы басқа толып жатқан мәселелерге байланысты аса бай мәліметтермен нақтылы мысал, фактілер келтірілген. Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, өлеңдер мен жырларды, толып жатқан тарихи құнды материалдарды кездестіреміз. Ал енді "Дивани лұғат ат-түрік" түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына, ортақ мүдде деп қараймыз, онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. М.Қашқаридың өз айтуы бойьшша ол бүкіл түркі халықтарын түгелдей аралап шыққан да, сол кезден Қарахандықтар мемлекетінің астанасы болған Қашқар қаласына барып, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматика оқулығын жазуға кіріскен. Оның еңбегінде өз заманының түркі тілдері сол тілде сөйлейтін халықтардың географиялық орналасу тәртібі бойынша Византиядан Шығысқа қарай реет-ретімен аталып өтіледі.
Тілдердің тазалығы мен қолданылу ерекшелігі жағынан М.Қашқари татар, ұйғыр тілін өз алдына жеке топ етіп, бөліп қарайды да, қырғыз, қыпшақ, оғыз, яруқ тілдерін таза түркі деген пікір айтады. М.Қашқаридің ойынша түркі тілдерінің ең жеңілі - оғыз тілі де, ең жақсысы, қолдануға қолайлы тіл - яғма, туғси тілдері мен қазіргі Қазақстан территориясын, яғни Іле, Epтic, Еділ өзендерінің бойын жайлаған халықтардың тілі. Күні бұрын қолданылып жүрген тілдер деп, бұл тілдердің ішінен башқұрт, татар, қырғыз, ұйғыр тілдерін айтуға болады дейді. Сонымен түркі тілдерінің М.Қашқари жасаған алғашкы классификациясы екі түрлі негізге: 1) түркі халықтарының орналасу ретіне, яғни географиялық мәліметтерге, 2) түркі тілінің әpбip тобының өзіне тән фонетикалық және морфологиялық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық касиеттерге сүйенген.
Жүсіп Баласағұнидың XI ғасырда түркі тілінде жазған педагогикалық трактаттары кең өpic алды. Ж. Баласағұнидің "Құдатғу білік" (1070 ж.) ("Құтты білік") атты кітабы - сол кезден түркі тілді халықтардың дүниетану тақырыбындағы алғашкы шығарма. Мұнда адамға білімнің тірліктегі мәні, адам іс-әрекетінің оңы мен тepici, тілден келетін пайда мен зиян, билеуші әкімдерге қажетті асыл қасиеттер, әр текті жұртшылық өкілдерінің тілін таба білу т.б. хақындағы ой-толғамдар, отбасы мен неке, ұл мен қыздың тәрбиелі өнегесі, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер жан-жақты сөз болған.
Грек ойшылдары сияқты дүниенің негізі болған төрт нәрсе: жер, су, ауа, от дейтін төрт принципті Ж. Баласағұни да ұстанған, Жүсіптің eciмін әлемдік әдебиет тарихында өшпестей қып жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы - тіліне емес, түркі тіліне, қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген, екіншіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес, философиялық терминдер дәрежесінде таралған "Құдатғу білік" дастаны, - қазіргі түркі тілді халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси өмipi, ғылыми әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы наным-ceнiмi жөнінде аса қызықты, әpi қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Бұл дастан мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтып энциклопсдиялық дәрежеде жазылған көркем туынды.
"Құдатғу білік" дастанының бүгінге дейін сақталып жегкен үш нұсқасы бар: 1) Вена нұсқасы, 2) Каир нұсқасы, 3) Наманган нұсқасы. Бұл дастанның негізгі идеясы төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекет дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы, 2) бақ дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек, 3) ақыл-парасат мәселесі, 4) қанағат-ынсап мәселсі.
Ж.Баласағұнидан бip жарым ғасыр кейі өмір сүрген аса көрнекті ойшыл Ахмет Иасауи де өз шығармаларын түркі тілінде жазғанымен, араб алфавитін қолданған.
Кейбір мәліметтер бойынша Ахмет Иассауи 1166-1167 жылдары Сайрамда туыпты. Түркілерден Ахмет есімін алған ол "Иасауи Ата" атанып, түркшер арасында ислам дінін насихаттауға зор үлес қосты. Оның түркі тілінде жазған мистикалық рухтағы өлеңдері Құран сөзіндей құрметтелді.
Ахметтің өзі Хамаданнан Түркістанға келген үшшші халиф болды, бірінші халиф - 1140 жылы дүние салған Юсуф Хаммадани Мервада (Марыда) мистиктер мектебінің басында болған. Юсуфтің екінші халифі яғни Ахметтің тікелей тәлімгері 1157 жылы дуниеден өткен шейх Абу Мухаммед Хасан Хусейн әл-Андаки болды.
Сырдария аймағында Ахмет Иассауидің беделі өте жоғары болған. Оны XIV ғасырдың соңында Темірдің Ахметке арнап тұрғызған кесенесінен де аңғаруға болады.
Ахметтің оқушылары мен ізбасарлары арасында түркі тілінде жазатын бірқатар мистиктер болды және олар да "Ата" деген атқа ие болды. Соныц ішінде Қайым Ата және қазіргі Хорезммен байланысты аталатын Сүлеймен Бақырғани бар.
Ахмет секілді Хакім Ата да түркі тілінде проза үлгісімен жазылған бірқатар мистикалық мұра қалдырды. Хакім Ата да Ахмет сияқты шығармаларын бұқара қауымға арнап қарапайым тілмен жазды.
Қожа Ахмет Иассауидың бізге жеткен туындысы - "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы"). Бұл еңбек Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында өткен ғасырда әлденеше рет басылды. Оны қазақтарға арнап 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлы бастырып шығарды. А.Иассауи өлеңмен жазылған бұл туындысында өзінің бала күнінен бастап 63 жасқа дейінгі ғұмырын баян етеді.
IX ғасырдағы Орта Азияның математигі әрі астрономы Хорезми Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (туған, өлген жылы белгісіз) Хиуада туған, өмірінің ұзақ уақытын Бағдатта өткізген. Хорезмидің "Әлжабр уа әл-муқабала" атты еңбегі - математиканың бip саласы - алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап, сондықтан да Хорезмді кейде алгебраның атасы деп" те атайды. Хорезмидің "Үнділер есебі бойынша қосу және азайту кітабы" (арифметикалық, санаудың ондық позициялық жүйесін негізделген) Шығыс пен Батыс елдеріне үлкен ықпал eтті. Ал оның "Жер түрлері жайындағы кітабы" араб тілінде жазылған бірінші географиялық кітап болды (бұл кітап 1878 жылдан белгілі). Хорезми астрономия, күн сағаты туралы да еңбектер жазған. Тригонометриялық таблицалар жасаған. Хорезмидің еңбектері XII ғасырдан бастап латын тіліне аударылып, Еуропаға кеңінен мәлім болды, оның есіміне байланысты дүние жүзінде алгоритм термині қалыптасты.
Сонымен бірге Үргеніште әл-Бируни және Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) сияқты ірі ғалымдар жұмыс істеді.
Хорезми, әрине, парсы тілінде жазатын ғалымдар мен ақындар арасында парсы мәдениетінің ықпалында болды, олардың арасында хорезмдіктер де жоқ емес еді. Хорезм шахардың ішінде парсы тілі мемлекеттік тіл болып есептелді.
Хорезмде өмір cүpin, еңбек еткен ғалымдар Замах-шари мен Шахристани XII ғасырда әлемдік деңгейге көтерілді. Замахшари 1221 жылы Хорезмнен Индияға кетіп, 1231 жылы Батыс Парсы елінде ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Моңғолдармсн соғыс кезінде қаза тапты. Оның негізгі тақырыбы - түркі патриотизмі еді.