
3. Түркілердің діни наным-сенімдері
Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тіңірг) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Құдай күштерінің бұл жұбында Көк (Тәңір) негізі болып саналады. Түркі қағандары тек Көк Tәңірісінің бұйрығымен билік етеді деп түсінілген. Мәселен, Білге қаған: «Түркі халқы жойылмасын, ел болсын Әкем Елтеріс қаганды, шешем Елбілге қатынды Tәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен, мені қаған етіп отырғызған екен»,- депті өзінің таққа отыруы туралы тасқа қашалған жазуда. Түркілер Tәңipi бұйырығымен жеңіске жетеді не жеңіліске ұшырайды. Tәңipi мен Жер-Су түркі халкын аласапыран жылдары құтқарды. Tүpкі хандары өз жазуларында Tәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады.
Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. XIX ғасырдың аяғында Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі тілді халықтар арасында түркілердің жоғарыдағы құдайлар үштігіне енді және олардың барлық істері оның құрметіне қойылған ескерткіштен анық көрінеді, онда сәтті жорықтарды суреттейтін тұста былай делінген: «Көк Tәңірі, Ұмай осылар бізге жеңіс сыйлаған». Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ Алтайда сақталған қacсиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызга ие болды. Ежелгі түркілер қаған тегінің жебеуші рухы саналған қасиетті Өткен сұлбасын (Хангай тауларын) ерекше пip тұтқан. Ондағы ата-баба үңгірінде Tүpкi аңызы бойынша бөрі (қасқыр) сол үңгірде түркілердің ата-бабаларын дүниеге әкелген, бұған қаған жылына бip рет құрбандық шалған. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартып, мейірлендіру қажет делінген. Ceнім бойынша өлгеннен кейін адамның жаны көшеді делінген. Жер асты патшалығын өлім құдайы және жер асты Эрклиг әлемінің әмipшici билейді десе, оның аты Енисей руна жазуларының бірінде аталады.
Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары, оның ішінде оғыз, қарлұқ, қимақ, қыпшақ тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түрілердің нанымдарына бершген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді. Мысалы, араб географы Әл-Мақдиси (X ғ.) Орта Азии түркілерінің діні туралы былай деп жазады: «Түркілер» бip «тәңірі» дейді, бұл «бip құдай» дегендері. Олардың кейбірі Tәңipi аспанның көгілдірі десе, ал кейбірі тәңірі - бұл - көк «аспан» дейді. Византия елилсі Земарх (VI ғ.) және қытай жазбалары мен жасырын парсы географы Худуд ол-Элам (X ғ.) отты пip тұту және отпен тазалау, аластау жөнінде хабарлайды. Көптеген араб авторлары шақпақ тастың магиялық күшімен жаңбыр шақыратын қабілеті бар түркі сиқыршылары туралы жазады. Өзіндік ежелгі наным-сеніммен қатар, VI-IX ғасырларда Орталық Азияның, одан кейінірек Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілді тайпалары арасында басқа өркениет дүниеге келтірген діни жүйе - буддизм, манихей, христиандық, иудаизм тарады. Иудаизмді өз қағанымен бipre хазар аристократтарының шектеулі тобы ғана қабылдады.
IX-X ғасырлардың аяғында Орта Азия мен Шығыс Түркістанның түркі тілді халықтарының бip бөлігінде ислам дінін қабылдау басталды, бірақ бұл процесс мейлінше кешірек кезеңде дамыды. Бұл Қарахан және Селжук мемлекеттерінің құрылуымен байланысты болды.