Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Казахстан аумагы.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер

Қазақ тарихының, қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениет, тол жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VIII ғасыр) мәңгі өлмес мұралар жасады. Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары аталатып, түркі тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бipi саналады. Орхон-Енисей жәдігерлерінің мазмұн байлығы, ой тереңдігі және таза керкемдік қасиеттері көне түркі тайпаларының арасында сөз өнері жоғары өреге жеткендігін айғақтайды. Құлпытастарға қашадған жазулардағы көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер, ұткыр тіркестер қазақ тілінде күні бугінге дейін қолданылады.

Түркі қағанаттары құлағаннан (VIII ғас.) соңғы кезеңдс сақарадағы әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне - Жетісу мен Сыр бойына ауысады. Өзіндік сипатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениеті де өркендейді. Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты, буған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын араб жазуы алмастыра бастайды. Өлкенің әкімшілік экономикалық және мәдени орталықтарына айналған ipi қалаларда мектептер, медреселер ашылады. Дәл осы кезеңде қазіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім әс-сани» - мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидың өciп шығуы кездейсоқ, емес-ті, және Отырардан қанағанттан ұлы ғалым жапанда онген жалғыз бәйтерек болып қалған жоқ. Сол көне күндерде тіршілік еткен, Шығыста кеңінен танылған астроном әpi математик Аббас Жауһари, филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ, әл-Қимақи сияқты оқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің билік өpeciн танытады.^

Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады, енді біразы уақыт шаңы астында із-түзсіз жоғалады. Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің ішіндегі ең көнесі әpi көлемдісі - 1069 жылы жазылған атақты дидактикалық шығарма – «Құдатғу билік» – ("Құтты билік»). Поэма авторы Юсуф Хас Хаджиб Шу алқабындағы Баласағун қаласының тұрғыны еді.

V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Ciбip, Орта және Орталық Азия жерлерінде жазу, сызу, eгiн егу, әдебиет, өнер, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің қалыптасқаны көпшшілікке аян, оған Eнисей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

«Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі дәуіріне сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон-Eнисей жазуын қолданып, осы тілде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

Taлac жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.

Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.

Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар, Талдықорған оңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір cүpіп, өзіне лайық жазуын, тілін, мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениеттің орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минсуевск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы – Қарпат тауларына, Оңтүстігі - Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі - Ленаға дейінгі Аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстурінен қалған барлық мұрала енеді. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түрік жазуымен тас бетше 240-тай, қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндср, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде кыруар мұралар қалдырған. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкок, Білге, Бумын қағандар әpi тарихи, әpi әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау ушін сол заманның данагой білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әpi әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ, мұраға айналды. Түркі даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні буінге жетіп отыр.

Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өciп жатыр.

Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әpi дәуірлік мәніне қарап Орхон, Енисей және Талас жазбалары Қазақстанның онтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын кұрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық, мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан.

Сан жылдар бойы іздестірудуің барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жуйесі өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Epтіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім.

Қaзipгi кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмip сурген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.

Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалык түркі жазбалары Орхон таңбаларынан озіндік epeкшеліктерімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендеpi аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптаскан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.

Ежелгі түркі туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып білу әлі кунге дейін кешеуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінің басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды: X ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің өздері) өздерінің ислама дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құрбан етіп құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі кезінде де толастамады. «Пантюркизм» деген желеумен түркі мәдениеті құғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналының (1990, № 12, 256-бет) бетінде жамбылдық А. Хмелей Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тіпті (қазақ тілін) қалаңыз, қаламаңыз, зорлап оқытады» деп жазды. «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, маған қазақ, тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу-сызу атымен болмаған» - деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйренудің не мәнісі бар»,- деп қорытады.

Көшпенділер өз тарихын VII ғасырда Орхон-Енисей бойындағы қабырға тасқа ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе, «көшпенді халықта әpiп деген қайдан болсын» деп ауа жайылмас еді.