Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sms_otvety.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.12.2016
Размер:
194.25 Кб
Скачать

Техникалық регламенттерді әзірлеу

      1. Техникалық регламенттер техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыру үшін Ведомствоаралық комиссия мақұлдаған тұжырымдама болған кезде әзірленеді.       Тұжырымдама:       1) техникалық регламенттің атауын;       2) техникалық регламенттің қолданылу саласы мен объектілерін;       3) жағымсыз әсерді барынша азайту үшін реттеу белгіленуі қажет проблемалар туралы ақпаратты;       4) қауіпті факторларды (қатерлерді);       5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасының болуы және оның жай-күйі туралы ақпаратты (техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңдар, қаулылар, санитарлық, құрылыс, өрт және басқа нормалар мен ережелер);       6) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы ақпаратты (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері және басқалар);       7) өндіріс, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйі туралы ақпаратты;       8) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпаратты;       9) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелерді қамтиды.

 Техникалық регламенттерді әзірлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:        1) техникалық регламенттермен белгіленген талаптар қолданылатын  өнімдер ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің толық тізбесі және болдырмаған жөн қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер), сондай-ақ техникалық регламенттерді қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады;        2) терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламенттерде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттарда және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдерге сәйкес келуі тиіс.        Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің баптарына сілтемелер жасауға рұқсат етіледі;        3) Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналымы өнімнің техникалық регламенттер белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиістігі және бұл туралы тұтынушыға дейін ақпаратты жеткізу тәсілдері (техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы ілеспе құжаттамада көрсету, сәйкестік сертификатының, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті алдын алуларды, жинақтау схемаларын және басқаларды қоса алғанда, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану жөнінде нұсқаулардың болуы) туралы ереже белгіленетін шарттар айқындалады;        4) өнімнің және оның тіршілік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді. Техникалық регламенттерде зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптарды қамтуы мүмкін.        Талаптар адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты тек өнімге және (немесе) оның тек тіршілік циклінің процестеріне белгіленеді.        Ең төменгі қажетті талаптар осы өнімге тән әлеуетті қауіптің (тәуекелдің) әр түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдісі осы мақсат көрсетілген әдісті ерекше қолдануға қол жеткізе алатын жағдайлардан басқа регламенттелмейді.        Өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері, егер олар: "аспайтын", "кемінде", "ұстауға жол берілмейді" деген тұрақты шамасы бар болған жағдайда, белгіленуі мүмкін.        Егер қауіпсіздік көрсеткіштерін техникалық регламенттер мәтінінде көрсету мүмкін болмаған жағдайда, онда осы көрсеткіштер техникалық регламенттерге қосымша түрінде ресімделуі мүмкін.        Егер ұзақ пайдалану зиян келтіруі мүмкін, зиян келтіру рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін емес жағдайда техникалық регламенттер өнімнің болуы мүмкін зияны мен оларға байланысты болатын факторлар туралы тұтынушыға хабарлауға қатысты талаптарды қамтуы тиіс;        5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау ережесі, сәйкестікті растау ережесі мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін;        7) техникалық регламенттерді, нормативтік немесе техникалық құжаттамаларды әзірлеу және/немесе түзетуді қолданысқа енгізуге, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілуі тиіс өтпелі кезеңнің уақытын белгілейтін техникалық регламенттерді қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары белгіленеді. 

 Техникалық регламентерді сараптау

Техникалық регламенттердің жобалары бойынша техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізіледі.        Сараптама:        1) техникалық регламенттер жобаларының сапасын, негізділігін, уақтылығын және оның техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкестігін бағалау;        2) техникалық регламенттердің мүмкін болатын тиімділігін анықтау;        3) жобаларды техникалық регламенттер ретінде қабылдаудың мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.        Сараптама жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.        Техникалық регламенттердің жобаларына сараптаманы қаралатын техникалық регламенттер жобаларының мазмұнына қарай тиісті бейіндегі ғалымдар мен мамандар арасынан сарапшыларды тарта отырып, өз қызметін техникалық реттеу және метрология саласында жүзеге асыратын ұйым конкурстық негізде жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сарапшылар комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.        Техникалық регламенттердің жобалары бойынша алуан түрлі мамандықтың сарапшылары кешенді сараптама немесе әр түрлі жеке сараптамалар, ал қажет болған кезде - қайта сараптама жүргізуі мүмкін.        Сарапшылар ретінде жобаларды дайындауға тікелей қатыспаған ұйымдар мен тұлғалар тартылады.        Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.        Жобалар сараптама жүргізу үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.

  1. Өлшеу тұтастығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі, нормативті негізі.

Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.

ҚР-да өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету қызметтеріне:

1. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;

2. Стандартты үлгілердің мемлекеттік қызметі;

3. Физикалық тұрақтылар туралы анықтамалық мәліметтер стандартының мемлекеттік қызметі;

4. Заңды тұлғалар мен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтері;

5. Метрологиялық қызметтің ведомствалық бөлімдері мен Мемлекеттік ғылыми метрологиялық қызмет

жатады.

Метрологиялық қызметтің міндеттеріне:

1. Азаматтардың қызығушылықтарын қорғау және ҚР-дың экономикасын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінен қорғау;

2. Энергетикалық және материалдық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебімен қамтамасыз ету;

3. Алғашқы зерттеулерде өлшеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету.

4. Науқастарға диагноз қоюда және емдеуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

5. Отандық және сырттан әкелінетін өнім мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. Адамдардың еңбек және тұрмыстық шарттарының қауіпсіздігін бақылауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

7. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

8. Қоршаған ортаны қорғауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету кіреді.

Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету мақсаттары:

Өлшем тұтастығын қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар

Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.

2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.

3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

  1. Өлшеу құралдарының сапасын жақсарту үшін қандай құралдар қолданылады?

  2. Физикалық шама деген не?Физикалық шаманың сипаттамаларын жазыңыз.

 Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін физикалық шамалар деп аталатын айрықша терминдер колданылады. Мысалы, шапқан аттың, ұшқан құстың және тасбақаның қозғалыстарын салыстыра сипаттау үшін үш түрлі физикалық термин қолданылады. Олардың бірі - уақыт, екіншісі - журілген. жол, үшіншісі - жылдамдың. Бұларды физикалық шамалар деп атайды.

Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.

Физикалық шамалар құбылыстарды ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін қолданылады. Шыныны алмаспен кесуге болады. Шыныққан болатпен мысты өңдейді. Ал керісінше жұмсақ мыс пен болатты өңдеу мүмкін емес. Сондықтан денелердің беріктік қасиеттерін сипаттау үшін қаттылық деген шама енгізіледі. Ең қатты дене - алмас, одан кейінгісі - шыны (шынымен болаттың бетін тырнауға болады), ал болаттың қаттылығы мыстан жоғары.

2. Әрбір физикалық шаманың өлшем бірліктері (қысқаша бірліктері) болады. Мысалы, ұзындық бірлігі - метр, температура бірлігі - градус. Қысым, салмақ, масса, куіи, жылу өткізгіштік, электр өткізгіштік, жарық жылдамдыгы сияқты физикалық және астрономиялық шамалар бірліктерін оқу барысында біртебірте білетін боласыңдар.

Физикалық шамаларды колданғанда (жазғанда, айтқанда) олардың бірліктерін міндетті түрде атап отыру керек. Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады. Мысалы, дене 10 секунд қозғалған болса, оның козғалу уақытын £=10 секунд (қысқаша 10 с) деп жазамыз. Ал £=10 деп атаусыз жазсақ, онда мағынасыздық пайда болады. Физикалық шамалардың бірлігі үлкен де, кіші де бола алады.

Физикалык шаманың бірлігі ірі болған сайын, оның сан мәні кішірейе береді. Мысалы, ұзындықтың километр (км) деген ірі бірлігі метр (м) деген кіші бірлігіне карағанда мың есе үлкен, яғни 1 км = 1000 м. Сондықтан 1,5 км = 1500 м; 0,5 км = 500 м, т. б. Сондай-ак уакыт бірліктерін алатын болсак: 1 мин = 60 с; 1,5 мин = 90 с деп жаза аламыз

Физикалық шаманың негізгі сипаттамасы оның өлшемдігі “dim Q” болып табылады – берілген шаманың негізгі физикалық шамалармен байланысын көрсететін, дәрежелі көпмүше түріндегі өрнек; ондағы пропорционалдылық коэффициенті бірге тең болып қабылданған.

мұнда L, M, T, I – берілген жүйенің негізгі шамаларының шартты белгілері;

- тұтас немесе бөлшек, оң немесе теріс заттық сандар.

Оған негізгі шаманың өлшемдігі шығарылған дәреженің көрсеткіші, өлшемділік көрсеткіші деп аталады. Егер барлық өлшемділік көрсеткіштері нөлге тең болса, онда мұндай шаманы мөлшерсіз деп атайды.

  1. Стандарт түрлерін білесіз бе? Стандарттар не үшін керек?

Стандарт– уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипатталарды белгілейтін құжат;

Стандарттау - „Стандарттау” деген термин ұзақ эволюция- лық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму салаларымен байланысты. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі экономикалық байланыстардың кеңеюуімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты тер- миндер анықталынды. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) 1952 жылы Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комите-тін (СТАКО) құрды. Бұл комитеттің алдына стандарттау термин- дерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды.

Сөйтіп, стандарттау, стандарт, үйлестіру (унификация), сим- плификаттау сияқты маңызды терминдердің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мем- лекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.

ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынадай анықтама берілді: „Стандарттау” – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған әрекет. Жалпы алғанда бұл әрекет стандарттарды жасау, жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады.

Стандарттың түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшклігіне байланысты стандарттар төмендегідей түрге бөлінеді (Сурет 1.1):

- негізге алатын стандарттар

- өнім стандарттары (техникалық және жалпы техникалық талап- тар, параметрлер және размерлер, маркалар және техникалық шарттар түрлерінің өнім стандарттары)

- қызмет және жұмыс стандарттары

- бақылау әдістерінің стандарттары (сынаулар, өлшеу, талдау)

Негізін қалаушы стандарттар. Стандарттың бұл түрі ғылым мен өндірістегі ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастыру принциптері мен ереже, норма, талаптарды белгілейді. Бұл стандарттар өнім немесе қызметті дайындау, құру, пайдалану негізінде қоршаған ортаны қорғау, өнім немесе процесстің адам өмірі мен денсаулығына және мүлкіне қауіпсіздігі, сондай-ақ қорларды үнемдеу, мемлекеттік стандарттарда көрсетілген жалпы техникалық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда негізін қалаушы стандарттар кешенді болуы тиіс, яғни ортақ бағыттағы стандарттарды біріктіріп, өзара байланысты объектілерге қойылатын ұйғарымды талаптарды белгілейді.

Бұл стандарттар шын мәнінде әдістемелік сипаттағы, өзара байланысты нормативті құжаттардың бірлігі болғандықтан, әртүрлі басқару деңгейінде қолданылатын стандарттарды бір-біріне және заңдарға қайшы болдырмау, ортақ мақсатқа жету, және де өнім, процесс, қызметке қойылатын міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерді қамтиды. Негізін қалаушы стандарттарға мысалы, ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау жүйесін құру жөніндегі нормативтік құжаттар, біріккен конструкторлық құжат жүйесі (БКҚЖ), біріккен техникалық құжат жүйесі (БТҚЖ) т.б. жатады.

Өнім (қызмет) стандарттарыбіртекті өнім (қызмет) тобына немесе нақтылы өнім (қызмет) тобына қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім (қызмет) стандартарына, мысалы, жалпы техникалық талаптар стандарты, көрсеткіштер мен мөлшерлер стандартты, конструкциялық үлгі, мөлшер, таңбалар, сорттар, қабылдау ережесі т.б. жатады.

Жалпы техникалық талаптар стандарттары біртекті өнім тобы үшін ортақ нормалар мен сапаның тиімділік деңгейін қамтамасыз ететін талаптарды белгілейді. Бұл сапалық деңгей топтағы өнімнің нақтылы түрлерін жобалау, дайындау кезінде анықталуы тиіс.

Өнімнің түрлері мен мақсаттың арналуына байланысты оның физикалық-механикалық қасиеттеріне (беріктігі, қаттылығы, жұмсақтығы, төзімділігі т.б.), сенімділігіне, ұзақ мерзімге пайдалануына, техникалық эстетикасына (бояуына, пайдалану қолайлығына, өңделуіне т.б.), осы өнімді дайындау кезінде пайдаланылған алғашқы материал, шикізат, жартылай өңделген өнімге т.б. қойылатын талаптар белгіленеді.

Жалпы техникалық талаптар стандарттары негізінен төмендегі бөлімдерді қамтиды:

  • Жіктеулер, негізгі параметрлер немесе мөлшерлер;

  • Сапа параметрлеріне қойылатын, тек қана міндетті болып табылатын және бақылауға жататын жалпы талаптар.

  • Буып-түю, таңбалау және қауіпсіздік талаптары;

  • Қоршаған ортаны қорғау талаптары;

  • Өнімді қабылдау ережелері;

  • Тасымалдау және сақтау ережелері;

  • Пайдалану, жөндеу, қайта өңдеу немесе жою ережелері;

Стандарт мазмұнында қайсыбір бөлімдердің болу болмауы стандарттау объектісінің ерекшелігі мен оған қойылатын талаптардың сипатына байланысты.

Параметр және (немесе) мөлшерлер стандарттары негізгі тұтыну (пайдалану) сипаты бойынша өнімнің параметрлік немесе мөлшерлік қатарларын белгілейді. Осыларға негізделе отырып өнімнің нақтылы үлгі, модель, марканың жобалары жасалуы тиіс.

Бұл стандарттар өнеркәсіп тиімділігін арттыру, техникалық прогресске ықпал ету, өнімдердің даму болашағын ескеруі тиіс. Мұндай стандарттарға, мысалы, «Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатарлары » ГОСТ 8032-84 «Негізгі өзара алмасымдылық нормалары. Қалыпты сызықтық мөлшерлер» ГОСТ 6636 жатады.

Құрылымдық (конструкциялық) және мөлшерлік үлгі стандарттары нақтылы үлгілік мөлшерлер мен модель т.б. әзірлеу кезінде детальдарды сәйкестендіру, өзара алмасуды қамтамасыз ету үшін бұйым топтарының құрылымдық атқарылуы мен негізгі мөлшерлерін анықтайды. Құрылымдық үлгі және мөлшерлер ст-ның талаптарын жүзеге асыру техникалық-экономикалық үлкен тиімділікке жеткізеді. Себебі сәйкестендіру және өзара алмаламдылығы қамтамасыз ету нәтижесінде бұйымды жобалау, жасау және игеру шығынын азайтатын мүмкіндік туады.

Маркалар стандартары материалдар (шикізат) түрлері мен олардың химиялық құрамын, кейбір жағдайда - негізгі тұтынушының сипаттарын белгілейді.

Сортамент стандарттары өнімнің геометриялық формалары мен мөлшерлерін белгілейді. Стандарттың мұндай түрлері әсіресе металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Қабылдау ережелерінің стандарттары өнімді сапасы мен саны бойынша қабылдау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді және белгілі өнім тобын немесе түрін қабылдау тәртібін реттейді.

Таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары өнімнің негізгі сипаттамасы туралы тұтынушыға ақпарат беру мақсатында, және буып-түюдің техникалық эстетикасын ескеру үшін және өнімді тұтынушылық таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Пайдалану, жөндеу және жою еределерінің стандарттары бұйымның жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін және оның пайдалануына кепілдік беретін жалпы ережелерді белгілейді.

Процесс стандарттарыөнімді жобалау, өндіру, тұтыну (пайдалану), сақтау, тасымалдау, жөндеу, қайта өңдеу сияқты әрқилы сатылырында атқарылатын нақтылы процесстерге қойылатын талаптарды белгілейді, және де төмендегі нормативтерді қамтиды:

  • Өнім құрылымын жобалау әдістеріне қойылатын талаптар;

  • Өнімді дайындаудың технологиялық схемасы;

  • Технологиялық режим, әсер етуші факторлар мен нормаларға қойылатын талаптар;

  • Тұтыну (пайдалану) ережесі;

  • Сақтау, тасымалдау, жөндеу және жоюға қойылатын жалпы талаптар;

  • Технологиялық процесстерді атқару кезіндегі адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптары. Бұлар белгілі құрал, сайман, жабдықтар мен көмекші материал т.б. ларды пайдалану барысында бақыланады.

Сонымен қатар экологиялық талаптар ерекше орын алады. Технологиялық операцияларды жүргізу кезінде технологияның табиғатқа әрқилы әсерінің ұйғарымды мөлшерін стандартпен нормалайды. Бұл әсерлер химиялық (зиянды химикаттарды табиғатқа тастау), физикалық (радиациялық сәуле),биологиялық (микроорганизмдермен зарардану) және механикалық (бүліну) сипатында және экологиялық тұрғыда қауіпті болуы мүмкін.

Экологиялық талаптар төмендегі мәселелерге қатысты болуы мүмкін:

  • Қоршаған орта үшін аса зиянды материал, шикізаттарды қолдану жағдайына;

  • Тазарту жабдықтарының жұмыс тиімділігінің параметрлеріне;

  • Апаттың жағдайлардың салдарын жою, ластау заттарының ұйғарымды мөлшерлік нормасына;

Сурет 1.1- Стандарт түрлері

Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттарысынақ үлгісін алу тәртбін, сапа көрсеткіштерін бағалаудың бірлігін қамтамасыз ету мақсатымен өнімнің белгілі бір тобының тұтыну (пайдалану) сипатын сынау (бақылау, талдау, өлшеу) әдістерін белгілейді. Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің негізгі шынайылық өлшемі-нәтижелердің жаңғырығу (қайталану) және салыстырылу қасиеті болып табылады. Бақылаудың (сынау,өлшеу, талдаудың) тек қана стандартталған тәсілдерін қолдану қажет. Себебі олар халықаралық тәжірибелер мен озық жетістіктерге негізделген. Бақылаудың нақты объектісіне байланысты әрбір ідістің өз ерекшеліктері бар. Әйтсе де стандарттауға болатын ортақ ережелерді де анықтауға болады. Олар төмендегідей:

- бақылау құралдары және көмекші жабдықтар;

- бақылауды дайындау және жүргізу тәртібі;

- нәтижелерді өңдеу жіне ресімдеу ережесі;

- әдістің ұйғарымды қателігі;

Стандарт әдетте өнім сапасының бір көрсеткішіне қолдануға болатын бақылаудың (сынау, өлшеу, талдаудың) бірнеше әдісін ұсынады. Себебі бұл әдістердің қайсы бірі қажетті жағдайда арбитраждық мақсатта таңдалып алынуы мүмкін. Шындығында әдістемелер ылғый да бір-бірін толықтай алмастыра бермейді. Осындай жағдайлар үшін стандарт қандай бір әдісті таңдау шарты жөнінен нақтылы ұсыныс келтіреді, немесе олардың айырмашылық сипаты жөнінен мәлімет береді.

Сынау әдістері өнім түріне қарай таңдалады. Стандартта сынаудың әрқилы түрлері қарастырылған: Мысалы, шығарылған өнімнің сапасын күнделікті бақылап отыру үшін жүргізілетін сынақ әдістері, жаңа бұйымдар өндірісін игеру кезінде қамтамасыз етуші кәсіпорын жүргізетін үлгілік сынақ әдісі шығарылған өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін дүркін дүркін жүргізілетін сынақтар т.б. болуы мүмкін.

53. Мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi

      Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:       1) техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;       2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;       3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;       4) техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;       5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;       6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;       7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және iске асыруды;       8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiмжөнiндегi зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;       9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;       10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;       11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.